Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2014 в 17:19, курсовая работа
Қазақстандық сүт өнімін өндірушілер үшін нарық жағдайындағы қызмет маңызды проблемалармен және көптеген тәуекелдермен қатарлас келді. Аграрлық секторға дәстүрлі түрде ұлттық экономиканы дамытуда, яғни сүт өнімдері индустриясын дамытуда маңызды рөл берілгеніне қарамастан, бірінші кезекте кем дегенде сенімді шикізат базасы болуы тиіс, өндірушілердің өздері және талдаушылар саланың өсу қарқынының төмендегенін мойындап отыр және импорттың басымдық алуына алаңдаушылық білдіруде
Кіріспе...............................................................................................................
1. Технологиялық процесс...............................................................................
2. Өнімнің(қызмет) тағайындалу аймағы және сипаттамасы......................
3. Өнімнің сапа деңгейін анықтау...................................................................
4. Өнім сапасын басқару кезеңдері.................................................................
5. Сапа менеджмент жүйесі элементтері........................................................
6. Міндетті талаптардың сақталынуы үшін мемлекеттік бақылау және
қадағалау...........................................................................................................
7. Өнімді сынау.................................................................................................
8. Өнімді сертификаттау..................................................................................
9. СӨОЖ бойынша тапсырма..........................................................................
10.Экономика және менеджмент....................................................................
11.Өндірістік экология.....................................................................................
12.Тіршілік қауіпсіздігі....................................................................................
13.Өндірістік экскурсия...................................................................................
Қорытынды......................................................................................................... Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................
«Шымкент сүт» ЖШС-де сапа менеджмент жүйесін ендіру тұтынушылардың талаптарын, күтулерін қанағаттандыруына септігін тигізе алады. Тұтынушыларға олардың қажеттіктері мен күтулерін қанағаттандыратын өнімдер керек. Бұл қажеттіктер мен күтулер өнімге дайындалған техникалық шарттарда, стандарттарда беріледі және тұтынушылар талаптары болып есептелінеді. Талаптар түтынушылар мен шарттар бекітілінуі немесе ұйымның өзімен анықталынуы мүмкін. Қай жағдайда болмасын өнімнің қолайлылығын түтынушы бекітеді. Тұтынушылардың қажеттіктері мен күтулері ауысып отыратындықтан, ал ұйымдар техникалық прогреске негізделген қысым көретіндіктен олар өздерінің өнімдерімен өздерінің процестерін үнемі жетілдіріп отырулары керек.
Сапа менеджмент жүйесі түтынушылардың басқа да қызығушы тараптарының қанағаттандырылуын арттыратын ықтималдықты көтеру мақсатында үнемі жақсартылған неғіз бола алады. Ол ұйымның өзіне талаптарға толық сәйкес келетін өнімді тұтынушыларға жеткізу мүмкінділігіне сенімділік береді.
Сапа менеджментінің жүйесі қандай да бір жаңа технологияны енгізбей-ақ, арзан шикізат, материал пайдаланбай-ақ тек қана ұйымдастыру шараларын оңтайлы жүргізу арқылы өнімнің (қызметтің) өзіндік құнын азайтумен қатар, сапаны арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бәсекелестік қабілетті арттырып, нарықтағы жағдайды бекемдейді. Нәтижесінде, «Шымкент сүт» ЖШС экономикалық күш-қуаты артып, жұмыскерлердің еңбекақысын өсіруге, жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік туады.
5 Сапа менеджмент жүйесі элементтері
Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапасын және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.
«Шымкент сүт» ЖШС халықаралық менеджмент жүйелерінің ИСО 9001:2009 халықаралық стандарттарының талаптарына жауап беретінін сапа менеджменті жүйелерін енгізу, біздің өміріміздің сапасын жақсартуға және алдыңғы қатарлы дамыған елдердің деңгейіне жеткізуге және сонымен қатар Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену жөніндегі мемлекеттік тапсырманы шешуге мүмкіндік береді деген ойдамын.
«Шымкент сүт» ЖШС-нің сапа саласындағы саясаты келтірілген.
Сапа саласындағы мақсатқа жету үшін өнім сапасына жұмыс тиімділігіне және қаржылық көрсеткіштерін оң әсер ете алу және соның арқасында қызығушы тараптардың қанағаттануына игі әсерін тигізеді.
«Шымкент сүт» ЖШС-нің сапа саласындағы мақсаты келтірілген.
Сапаны басқару жүйесінің маңызды құжаттарының қатарына бөлімше құрылымы туралы ережені және қызметтік нұсқаулықты жатқызуға болады.«Шымкент сүт» ЖШС-нің айран өндіру бөлімшесіне сапа менеджмент жүйесін дайындау мен ендіру бағдарламасы келтірілген.
Бекітемін:
«Шымкент сүт»
ЖШС-нің директоры
_______ Нурашова Г.З
«____» _____________2013 ж.
«Шымкент сүт» ЖШС-нің сапа саласындағы
САЯСАТЫ
«Шымкент сүт» ЖШС-нің сапа саласындағы саясаты кәсіпорынның барлық жұмысшылары мен жетекшіліктің жалпы саясатының ажырамас бөлігі болып табылады, стратегиялық маңызы бәсекеге қабілеттілігі мен өндірісті кеңейту мақсатымен барлық шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын бақылау, жоғарылату және ұстап тұруды үнемі жақсартуға негізделген.
Сүт өнімдері өндірісіне қатысты және «Шымкент сүт» ЖШС-де қолданылуы мүмкін ИСО 9000 бөлімдерін ескере отырып, тұтынушы талаптары мен қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алу үшін сапа концепциясын бекіту және кеңейту жоспарлануда.
Сонымен, «Шымкент сүт» ЖШС өзінің негізгі мақсаты ретінде өз өнімі мен қызмет көрсетулер сапасын кәсіпорынның барлық персоналын бұл процеске ынталандыру арқылы үнемі жақсартуды көрсетеді.
Қазір біз ГОСТ және басқа да нормативті-техникалық құжаттар талабына сәйкес өнім шығарамыз. Сапа менеджмент жүйесін ендіру, біздің кәсіпорында оны функцияналдау біздің тұтынушыларымыздың жеткізілетін өнім орнатылған талаптарға сәйкес болатындығына үлкен сенімділігін тудырады.
Біздің сапа
саласындағы саясат біздің тұтынушылардың
күтулерін толық
Кәсіпорында сапа менеджмент жүйесін ендірудің қортынды мақсаты шығарылатын өнімге халықаралық сапа сертификатын алу және басқару моделдерін жақсарту болып табылады, өйткені орнатылған басқару жүйесін барлық деңгейде тиімдендіру кәсіпорында көптеген проблемаларды шешуен жаға сапалы деңгейге шығруға мүмкіндік береді: өнім сапасы, персонал жұмысының сапасы, соңында халықаралық деңгейде біздің өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2012-2014 ж.ж.
Бекітемін:
«Шымкент сүт»
ЖШС-нің директоры
_______ Нурашова Г.З
«____» _____________2013 ж.
«Шымкент сүт» ЖШС-нің сапа саласындағы
МАҚСАТЫ
Біздің кәсіпорын әрекетінің негізгі принципі: сапа барлығынан да жоғары.
Бұл мақсатқа жету үшін біздің кәсіпорында 9000 сериялы халықаралық ИСО стандарттар талаптарына сәйкес шығарылатын барлық өнімге сапаны қамтамасыз ету жүйесі дайындалады.
Сапа менеджмент жүйесі саясат және мақсаттар ұйым үшін бағдар болу үшін бекітеді. Олар керекті нәтижелерді анықтайды және осы нәтижелерге жету үшін ұйымдар қорлардың қолдануына септігін тигізеді. Сапа саласындағы саясат сапа саласында мақсаттарды әзірлеу және талдау үшін негізді қамтамасыз етеді. Сапа саласындағы мақсаттарды сапа саласындағы саясат және үнемі жақсартуға қажеттілікпен келістіру қажет. Ал, нәтижелер өлшенетін болу керек. Сапа саласындағы мақсатқа жету өнім сапасына жұмыс тиімділігіне және қаржылық көрсеткіштерін оң әсер ете алу және соның арқасында қызығушы тараптардың қанағаттануына игі әсерін тигізеді.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2012-2014 ж.ж.
Бекітемін:
Шымкент сүт»
ЖШС-нің директоры
_______ Нурашова Г.З
«____» _____________2013 ж.
«Шымкент сүт» ЖШС-нің айран өндіру бөлімшесіне сапа
менеджмент жүйесін дайындау мен ендіру
БАҒДАРЛАМАСЫ
№ |
Шаралардың аталуы және кезеңдері |
Орындауға жауап беруші |
Енгізу жайында бұйрық (немесе басқа растайтын құжат) |
1-кезең.
СМЖ құжаттарын жасауға | |||
1 |
«Шымкент сүт» ЖШС басқаруды персоналды ИСО 9001:2009 бойынша оқытуды жүргізу |
«Шымкент сүт» ЖШС директоры |
Оқыту бағдарламасы |
2 |
«Шымкент сүт» ЖШС жоғары басшылығына СМЖ құжаттарын енгізу және жасау |
«Шымкент сүт» ЖШС директоры |
Тағайындау туралы бұйрық |
3 |
Сұрау парағы бойынша ұсыныстарды тарату және жинауды ұйымдастыруға жауапты |
«Шымкент сүт» ЖШС директоры |
Басшылық персоналының сұрау парағы |
4 |
«Шымкент сүт» ЖШС бөлімдердің сапасы бойынша жауап берушілермен жиналыс ұйымдастыру және жүргізу |
«Шымкент сүт» ЖШС СМЖ-сі бойынша басшылықтың өкілі |
Хаттама |
2-кезең.
Сапа менеджмент жүйесінің | |||
1 |
«Шымкент сүт» ЖШС СМЖ-н басқарудың ұйымдастыру құрылымын жасау |
СМЖ-сі бойынша басшылықтың өкілі |
Құрылымдық сұлба |
2 |
«Шымкент сүт» ЖШС сапа бойынша басшылықты әзірлеу |
«Шымкент сүт» ЖШС бөлімдерінің басшылықтары |
Сапа саласындағы мақсаттар |
3 |
«Шымкент сүт» ЖШС сұрау парағында ұсыныс негізінде сапа бағдарламасын жасау |
«Шымкент сүт» ЖШС СМЖ-сі бойынша басшылықтың өкілі |
Сапа бағдарламасы |
4 |
Бөлімдер жайында ережелерді жасау |
Бөлімдердің басшылықтары |
Бөлімдер жайында ереже |
5 |
Бөлімдер бойынша қызметтік нұсқауды жасау |
Бөлімдердің басшылықтары |
Қызметтік нұсқаулар |
3-кезең. СМЖ-н енгізу және функциялар тиімділігін бағалау | |||
1 |
«Шымкент сүт» ЖШС қызметкерлеріне сапа бойынша басшылық талаптарын түсіндіру |
«Шымкент сүт» ЖШС СМЖ-сі бойынша басшылықтың өкілі |
Хаттама |
4-кезең.
Жоспарлық ішкі аудиттерді | |||
1 |
Ішкі аудиттерді өткізу үшін мамандарды дайындау |
СМЖ-сі бойынша басшылықтың өкілі. |
Бағдарлама |
2 |
Ішкі аудиттерді өткізу жоспарын жасау |
СМЖ-сі бойынша басшылықтың өкілі |
Жоспар |
5-кезең.
СМЖ-н халықаралық дәрежеде | |||
1 |
«Шымкент сүт» ЖШС сапа жүйесінің сертификаттауға дайындығын бағалау |
«Шымкент сүт» ЖШС директоры, СМЖ-сі бойынша басшылықтың өкілі |
Акт, қорытынды сертификат |
Жобаны іске асыру мерзімі: 2012-2014 ж.ж.
Кәсіпорындарға сапа жүйесін ендірудің типтік алгоритмі.
6 Міндетті талаптардың сақталынуы үшін мемлекеттік бақылау және қадағалау
«Шымкент сүт» ЖШС мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызмет етеді.
Mемлекеттік бақылау стандарттау саласында сәйкестікті растауда, өнім сапасы мен қауіпсіздігінде, қызмет көрсетуде міндетті талаптардың орындалмауына жол бермеу, себептерін табу және жою мақсаттарында жүргізіледі.
Бақылау объектілері ретінде өнім, процестер, сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханалар болып табылады.
Бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган, оның аумақтың органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүргізеді.
Уәкілетті орган мен оның аумақтык бөлімшелері, олардың лауазымды адамдары бақылауды өнімді өткізу сатысында жүзеге асырады.
«Шымкент сүт» ЖШС бақылаудың қағидаттары мен мiндеттерi
1. Бақылау:
1) заңдылық
2) бәрiнiң заң және сот алдындағы теңдiгi;
3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық
презумпциясы;
4) жариялылық
5) бақылаудыңдың жоспарлылығы мен жүйелiлiгi;
6) мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының
кәсiптiк бiлiктiлiгi мен құзыреттiлiгi;
7) бақылау органдары лауазымды адамдарының
өз лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны
не тиiсiнше орындамағаны және олардың
өз өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн
жауаптылығы;
8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың
алдын алудың басымдығы;
9) қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк;
10) мемлекеттiк органдар арасындағы бақылау
өкiлеттiктерiнiң аражiгiн ажырату;
11) адал тексерiлетiн субъектiлердi көтермелеу,
құқық бұзушыларға бақылау мен қадағалауды
шоғырландыру;
12) тексерiлетiн субъектiлер мен тұтынушылардың
өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабiлеттiлiгiн
арттыру;
13) мемлекеттiк бақылау және қадағалау
жүйесiнiң есептiлiгi мен ашықтығы;
14) тәуелсiздiк;
15) объективтiлiк және турашылдық
16) дәйектiлiк қағидаттарына негiзделедi.
2. Бақылаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi,
алдау практикасының алдын алуды, табиғи
және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi,
ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн
арттыруды әрi жеке және заңды тұлғалардың
конституциялық құқықтарын, бостандықтарын
және заңды мүдделерiн қорғауды қоса алғанда,
тексерiлетiн субъект өндiретiн және сататын
өнiмдердiң, технологиялық процестердiң
адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн,
олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның
қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының
ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып
табылады.
3. Мемлекеттiк органдарға «Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Заңның 13-бабының 3-тармағында, 14-бабының 1-тармағында,
15-бабының 1-тармағында көзделген нормативтiк
құқықтық актiлердi қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiне тексеру жүргiзу тәртiбi
мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк
құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады.
4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн
бақылау және қадағалау мәселелерiн реттейтiн
нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын
әзiрлейтiн мемлекеттiк органдар оларды
кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органмен
келiседi.
5. Жеке кәсiпкерлiктi бақылау Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы Қазақстан Республикасының Заңның қосымшасында
көрсетiлген қызмет салаларында жүзеге
асырылады.