Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 14:54, курсовая работа

Краткое описание

Көптеген ғалымдар зерттеу нысандарына қарай оның ерекшеліктерін әр қырын қарастырған.Мәселен,лингвист-ғалымдар жазу әрекетінің тілдің ара қатысын сөз етсе,психолог жазу әрекетін жалпы ми арқылы өту үрдісін,жүру бағытын зерттейді.Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін,құралдарын,қызметін тексереді.Психолингвист жазу әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тұлғалардың санамен байланысын,сөйлеу мүшелерінің ойға қатысты қимыл-қозғалысын дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1.Орфографиялық дағды туралы жалпы түсінік.............................................
1.1.Орфографияны оқытудың дидактикалық және методикалық мәселелері....
1.2.Орфографияны оқытуда грамматикалық ереженің ролі...........................
2.Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық материалдар......
2.1.Орфографиялық жаттығуларды орындату....................................................
2.2.Жаттығу материалдарын іріктеу........................................................................
2.3.Орфографиялық талдау.......................................................................................
2.4.Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары..................................................
2.5.Оқушылардың жазба жұмыстарындағы емлелік қателерді түзету әдістері..
3.Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері......................
3.1.Фонема,дыбыс және әріп...............................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом дұрыс Бэлла апай.doc

— 352.50 Кб (Скачать документ)

    Фонема реңтерін  белгілеу - графика теориясы тұрғысынан  басы артық құбылыс. Ол белгілі  бір алфавиттегі әріптердің санын  көбейтеді. Алайда бір фонеманың  тепе-тең реңтерін белгіеудің тиімді жақтары бар екендігін жазу тжірибесінің өзі көрсетіп отыр. Әсіресе жүйесі басқа тілден ана тілімізге ғылыми — техникалық, қоғамдық-саяси терминдер мен атаулар еніп жатқан жағдайда, бұл графикалык тәсілдің артықшылығын айқын сезінуге болады. Мысалы, егер <к> фонемасының тепе-тең реңктерін жеке-жеке таңбаламаған жағдайда марка, лак, ток, бак т.б. толып жатқан сөзді екі Түрлі оқуға

[марқа] [лақ] (лақ]

Тура келеді: марка/ лак/ тоі/\ [марка] \ [лак] \[ток]\[бак]бак т.б. Сөзді бұлайша екі түрлі оқу графикадағы негізгі [бак] принципке — сөздің әртүрлі оқылмауы дегенге қайшы келеді. [35,138 б].

    Қазақ графикасындағы  тағы бір шарттылық - белгілі бір  әріптің негізгі қызметіи мен  қатар қосалқы қызметінің болуы. Мысалы, ә әрпінің негізгі қызметі ә фонемасын таңбалау болса, кей позицияда а фонемасын біілдіруі — оның қосалқы қызметі. Мысалы, күнә, мәрмәр, куә т.б. Бұл сөздердің соңғы буынындағы дауысты а бірінші буынындағы тіл алды дауыстыларының әсерінен палатализацияланған. Бұлар - сөзге әртүрлі қосымшалар жалғау арқылы «тексеруге» болатын дауыстылар (проверяемые гласные). Бұл жағдайда олар өзінің негізгі реңкі а-ға жуықтайды. Мысалы: күнаға -күнәға, мәрмарға -мәрмәрға т.б. 
    Тіл жұмсау дағдымызда кейбір әріптің қосымша функцияға ие бола бастауы ықтимал. Мысалы, кейінгі жылдарда араб, жанаб (кітаби сөз), баб (кітаби сөз), сөздері осы Түрінде жазыла бастады. Шындығында, мұндай позицияда қазак тілінің дыбыс за-ңдылығы бойынша б дыбысы п түрінде игерілуге тиіс. Бірақ бұл п-ны б әрпімен таңбалау омографтарды көбейтпеу мақсатына байланысты деуге болады. Баб, жанап тәрізді сөздерді б түрінде таңбалау — оларды баб, жанап т.б. төл тума сөздерден өзгешелеп тұрады. Осылайша б әрпі өзінің негізгі қызметі — б фонемасын білдіруімен катар қосымша қызмтке ие болып, п фонемасын білдіруі бертінде пайда болған. Бүған қарағанда қазақ графикасының әлі де пайдаланылмаған мүмкіндіктері бар деуге болады. Мысалы, стиль, декабрь, модель тәрізді жіңішкелік белгіге аяқталған сөздерге дауыссыздан басталатын қосымша жалғанғанеда, жіңішкелік белгі жазылып жүр: Стильге, декабрьге, мождельге т.б. осындағы л-дің жіңішкелігін арнайы таңбамен көрсету басы артық информақия (избыточность). Өйткені л-дің жіңішкелігін қосымшалардың жіңішке вариантта жалғануы «хабарлап» Тұрады. Бұл жерде стилге, декабрге, моделгесөздеріндегі жіңішке л, р дыбыстарын л, р Түрінде жуандатып оқу каупі жоқ. Мұндай орындарда жіңішкелік белгіні қолдану информақияның артықтығын көрсетеді.

      Қазақ тіліндегі  гемината дыбыстардың арнайы  графикалық таңдбасы жоқ. Мысалы: махаббат, жаббар, әдді, мүдде, ләззат, жаннат, оппа, күллі, әмме, ыссы т.б. Мұндай жүйеге қарағанда, небары үш түбір сөзде ғана ашшы ащы, кешше кеще, тұшшы түщы айтылатын геминатаны арнайы щ әрпімен таңбалау да басы артық информация.

       Қосар  дыбыстарға аяқталған сөздерге (орыс тілінен енген сөздерге) қосымша  жалғанғанда, соңы дауыссызды таңбалайтын әріпті түсіріп жазу -қазақ графиткасындағы шарттылықтың бірі. Мысалы: класс-класқа, прогресс-прогреске, металл-металға т.б. Бірақ баспасөз беттерінде бұлай жазудың дұрыстығына күмәнмен қарайтын пікірлер де бар. Алайда қосар дауыссыздың бірін түсірмей жазудың дұрыстығына күмәнмен қарайтын пікірлер де бар. Алайда қосар дауыссыздың бірін түсірмей жазудың қолайсыздығы бар. Атап айтқанда, грамм, класс, ватт, т.б. сөөздерді, олар кейбір қосымшалармен Тұрленгенде, бірдей 3 әріппен қатарынан таңблауға тура келер еді. Мысалы: гарммен, классыз, ваттты т.б. Грамм, ватт, прогресс тәрізді сөздердің ғылыми тексте жиі қолданылатындығын, тіпті екі сөөйлекмнің бірінде дерлік қайталанып отыратындығын еске алсақ, оқырман тек әріптер «шоғыырнан» көз жаза алмайтындай (психологиялық) қолайсыз күй кешер еді. 
    Жазудағы фонемалық принцип бойынша әр фонеманың дербес таңбасы болуға тиіс. Қазақ графиткасында негізінен әр фонеманың дербес таңбасы бар, яғни бір әріп бір фонеманы білдіреді деуге болады. Бірақ бұл - жазуда белгілі бір сөздің фонемалық құрамын түгерлдей дербес әріптермен таңбалау шарт деген сөз емес. Сөздің фонемалық құрамынанн әріптердің Түрлі комбинациясы арқылы да беруге болады. Мұндай бір әріп бірнеше фонеманың тіркесін білдіреді. Ондай әріптерді көп кызметті (полифункқиялы) әріптер депи айтуға болады. Қазақ графикасында и әрпінің дыбыстық Тұрығдан қарағанда 8 қызметі бар. Кейбір әрітердің көп қызметтілігі нәтижесінде қазақ текстеріндегі жазу бір немесе екі таңбадан үнемделіп отырады. Салыстырыңыз: диқан-5 таңба; дыйқан- 6 таңба; себу-4 таңба, себүу - 5 таңба; лақ-3 таңба, ылақ-4 таңба; Тая - 3 таңба, тайа-4 таңба. әрине бұл тәсілдің осындай жетістігімен қатар кемшін жақтары бар. 
1. Мектептегі оқыту ісінде сиыр, суат тәрізді сөздердің буын жігі немесе ою, қою, жаяды т.б. сөздердің морфологиялық құрылымы «бүркемелініп» қалады. Мектеп оқушылары бастапқыда сөздің түбірі о-, ал -ю қосымша деп түсінеді. Мұндай кемшіліктің орыс графикасында да кездесетіндігі айтылып жүр. «Так, слоговые написания ослажняют морфологический анализ слов, проводимый в школе. Особого внимания и изучения требуют случай, когда буквы я, ю, е, ё, и обозначают сочетение звуков йа, йу, йә, и.т.д., и при әтом йот входит в иную морфему, чем соответсвующий гласный. Например, в формах сарая, сараю и т.д. оказываются затемненным корен сарай, так как на письме окончаниями оказываются -я, -ю, и.т.д. между тем в буквах я, ю «прячется» и корневой звук йот; окончаниями, т.е. изменяемой конечной частьюю слова, здесь являются лишь звуки -а, -у и.т.д., например: саай-а, сарай-у . 
2. Мына тәрізді үш-төрт сөзді екі түрлі оқуға болатындығы графикадағы буындық принциптің кемшіндеу  [жетісүу] / [шұу] /і/

жері деуге болады: жетісу<^шу/ту/ 
[жетісүу][шүу]ЧТҮУ] 
Сондай-ақ жиду деген сөзді «суретіне» қарап, жійдүу және жыйдүу деп оқуға болады. Бірақ бұл жерде пәлендей қиындықө жоқ. Өйткені жыйдүу -дыбысатарының мағынасыз тіркесі болғандықтан қабылдауда ескерілмейді. 
3. Мектеп оқушылары сирақ, тиын тәрізді сөздердегі и әрпін функқиясына карай емес, суретіне қарап, жіңішке оқиды да, орфоәпиялық нормадан ауытқиды. Мұндайда бірінші буынның жуан немесе жіңішке оқылуын соңғы буынындағы дауыстының «хабарлап» тұратындығына назар аудару керек. Әрине, «ереже ескертусіз болмайды» дегендей, бұл тқағидадан тыс тұратын бірнеше сөз бар. Олардың соңғы буыны жуан болғанмен, бірінші буыны, біздің байқауымызша, жіңішке оқылуға тиіс. 
Графикалық тәсілдегі бұл аталғанг кемшіліктер оның мәнін еш төмендете алмайды. Тіркесу жиілігі аса жоғары фонемаларды бір ғана таңбамен беру (1*-қосымшаға назар аударыңыз) информақияны неғүрлым ықшамдап жеткізу деген талапқа сай кееді. Қазіргі кезең - ғылыми-техникалық прогрестің дәуірі. Информақия «тассқыны» мен информақиялық «қопарылыстың» күшейген кезі. Мұндай кезеңде қандай информақияны болса да «сығымдап» беруге тенденқиясы өмірдің аса бір қажеттілііне айналып отыр. 
   Ондаған газет-журнал, жүздеген кітап жүз мыңдаған триажбен тарап жатқан қазіргі кезде графикадағы «үнемділіктің» тиімділігі айқын кезілсе керек. Қазіргі кез, жылына бір-екі кітап, бірер ғана газет-жірнал жарық көретін байырғы заман емес. Ондай кезде әріп таңба үнемділігі жөнінде сөз де болмас еді. 
    Фонемалық принцип бойынша сөз бешшылдық, жұмүшшү, башшы, мүжжарғыщ т.б. Түрінде, айтылуынша жазылмай, фонеманың реңкі бойынша жазылады (бесжылдық, басшы, мүзжарғш), сөйтіп, сөздің сағыналы бөліктеріне нүқан келмейді. [36,36 б].

     Мүжжарғыш, күшшүгөр, өшшү сөздеріндегі з, ж, с фонемалары  іргелес дыбыстардың әсерінен комбинаторлық өзгеріске үшырап ж, ш, ш түрінде айтылып тұр. Бұлар з, ж, с фонемаларының көрінісі, өткені фонетикалық өзге ситуақияда олар өзінің негіөзі реңкіне көшеді: мүзға, жігер, өсші. 
   Фонемалардың неғізгі мәні (реңкі) ғана сөздің мағыналық «жамылғышы» бола алады. Сондықтан сөзді фонемалардың негізгі мәні арқылы танимыз. Фонемалардың қосалқы мәнін физикалық Тұрғыда түйсінгенімізбен, психикамыз функқионалдық мәні жоқ дыбыстарды автоматты Тұрде назардан тыс қалдырады.  
     Психикамызда сөз өзінің «жамылғышында» (өшші емес, өсші түрінде) бейнеленеді.Сонымен, жазуда фонемалардыңң позициялық, комбинаторлық өзгеріспен пайда қосымша мәндері ескерілмейді. Өйткені дыбыстардың позициялық, комбинаторлық игерілуі, әртүрлі қосалқы мәні елене берсе, орфография тым күрделеніп, қолдануға өте қолайсыз болып шығар еді. Бірақ басты себеп ол емес. Фонемалардың қосалқы мәнінінң (позициялық, комбиаторлық өзгерістердің) еленбеуінің негізгі себебі — олардың функқионалдық ролі болмағандықтан. Дыбыстардың позициялық игерілуінен пайда болған өзгерістер, сонымен, жазуда елене бермейді. Бірақ бұндай принципке мынадай құбылыс қайшы келетін тәрізді. Мысалы: а) қап-қабы, кітап-кітабы, сеп-сеуіп, теп-теуіп, кеп-кеуіп, жап-жауып т.б. ә) ақ-ағар, көк-көгер, үк-үгер, бүк-бүгер, жақ-жағын, тақ-тағын т.б. б) тарақ-тарағы, құрақ-құрағы, шырақ-шырағы, сырық-сырығы, жарық-жарығы т.б. Бұндағы п/б, қ/ғ, к/г, п/у дыбыстарының өзгерісі де белгілі бір позицияға (дауыстылардың аралығы) тәуелді тәрізді. Олай болса дыбыстардың мұндай алмасуы жазуда неге еленіп жүр? Басшы, жұмысшы, түнгі, күнгі т.б. деп дбыстардың позициялық игерілуін елемей жазған соң, ақар, көк-ер, сеп-тепіп, кеп-кепіп, тарақ-тарақы, тақ-тақын деп неге жазбаймыз? Бұл сауалдың жауабын бермес бұрын, алдымен мынадай бір ерекшелікке назар аударайық. 
Мысалы, с-ның ш реңкіне көшуі үшін нақты бір фонетикалық жағдайдың болуы, с мен ш дыбыстарының іргелес тұруы шарт: ашша ашса, ташша тасша, жұмүшшү жұмысшы т.б. Егер бұл шарттылық (с ш, ш с дыбыстарының іргенестігі) бұзылса, аталған фонемалар өзгеше реңкте жұмсалады. Бұл заңдылықтан с мен ш немесе ш мен с фонемалары іргелес келген ешбір сөз, ешбір морфема тысқары қалмайды. Бсқаша айтьқанда дыбыстардың комбинаторлық игерілуінде талғампаздық болмйды. Дыбыстардың позициялық, комбинаторлық игерілуі үшін морфемалардың мәні жоқ. з фонемасының с реңкі туралы да осыны айтуға болады: бессе безсе, біссіз бізсіз, ассың азсың т.б. з фонемасының с реңкі пайда болуы үшін мейлі ол шартты рай тұлғасы болсын, жоқтықты білдіретін аффикс болсын, немесе жіктік жалғауы болсын, бәрі бір. Міне, осы екі ерекшелік -дыбыстардың комбинаторлық, позициялық игерілуіне, реңктерінің пайда болуына тән басты қасиет. 
    Ал жоғарыда айтылған қ-ғ, к-г, п-б -у дыбыс өзгерістерінің де (ақ-ағар, тарақ-тарағы, терек-терегі, жүрек-жүрегі, кітап-кітабы, жауап-жауабы, кеп-кеуіп, сеп-сеуіп) белгілі бір фонетикалық ортаға байланысты екендігі байқалады. Бұл өзгерістер интервокал позицияға тәуелді сияқты. Яғни ғ қ-ның, г к-нің, б п-ның комбинаторлық, позициялық реңкі тәрізді көрінеді. Бірақ олай емес. Өйткені бұл тәуелдік - белгілі бір морфемалар жігінде ғана болатын дыбыс өзгерістері. Алайда мұндағы өзгерістерді қ, к, п фонемаларының позициялық, комбинаторлық реңкі деп тануға, басқаша айтқанда с - ш з- с құбылыстарымен бірдей деп қарауға болмайды. Олай болған жағдайда интервокал позицияда қ — ғ ға, к - г-ге, п-б-ға кез-келген морфемалар жігінде талғаусыз түрде өзгеріп отыруға тиіс. Бірақ қ, п фонемалары кез келген морфемалар жігінде талғаусыз түрде ғ, г,б дыбыстарына өзгеріп отырмайды:

 

Күп күпін тық тықыл,тығыл 
Топ  тобыр,топыр бақ,бағыл бақыла,бағыл                                                                                                                               Осымен байланысты қазақ графикасының ерекшелігі бойынша бірінші жағдайдағы дыбыс кұбылыстары фонемаларының тюзиқиялық, комбинаторлық, қосалқы мәні болғандықтан жазуда еленбейді де, екінші жағдайдағы дыбыс құбылыстары (ақ-ағар, қап-қабы) фонемалардың негізгі мәнін сақтап жазу принципіне сәйкес орфографияда ескеріліп отырады. 
Бұл айтылғандар фонемалар реңкінің, фонема алмасуларының жазуға қатысты жалпы мәселері деуге болады. Енді осы мәселелердің жеке жақтары да, жеке сөздерге қатысты тұстары да бар. Кейбір дауыссыз дыбыстардың орфографиясы 
3. қ®ғ, к@г, п®б (у) алмасулары екі мморфеманың жігінде жүзеге 
асады да, сөздердің белгілі бір тобын қамтиды. Фонетикалық бұл жанды құбылысты синхрониялық сипаттағы алмасу деуге болады: құрық-құрығы, балық-балығы, себеп-себебі, жауап-жауабы, шап-шауып, тап-тауып т.б. Осы аталған дыбыстардың моорфема жігіндегі алмасуынан өзге диахрониялық сипаттағы түрі бар. Соңғы типтегі дыбыс алмасу морфемалар жігінде емес, морфемалардың өз ішінде кездескеді. Мысалы: айкай-айғай, тақат-тағат, садақа-садаға т.б.

қ/ғ, к/г, п/б дбыстарының белгілі бір морфемалардағы ішкі алмасуынан әртүрлі варианттар пайда болды. Олардың кейбір жарыспалы сыңарларының ішінара мағынаық сипат алып, жеке сөз ретінде қалыптасқандығы байқалады: бықы-бығы, шақа (қызыл шақа), шаға әтимологиялық байланыстағы сөздерді де жатқызуға болады: бүк-бүгіл-бүкір; теп-теперіш-тебер, төпе-төпеле-төбелес т.б. Алайда қ/ғ, к/г, п/б алмасуын кез келген жағдйда мағына айырымдық, сөзтанымдық функқияда жұмсалып, вариантртардың барлығы бірдей сеантикалык филиақияға үшырады деуге болмайды. Орфографияда қиындық тудырып, әркелкі жазылып жүрген сөздердің бір алуаны осы құбылыспен байланысты. Мысалы: айқай, садақа-садаға, қым-қуыт-қым-ғуыт, кереқар-кереғар, ала-көбе-ала-гөбе, алакеуім-алагеуім, алакүлік-алагүлік, алақаншық-алағаншық, сайкүлік-сайгүлік, аракідік-арагідік, миғұла, тым-тырақай - тым-тырағай, байқұс-байғұс, тұқым-тұқиян-тұкым-тұғиян, тұқжыңда — тұғжыңда, қылқындыру — қылғындыру, қыз-қырқын-қыз-ғырқын, ада-күде - ада-гүде, адың-күдің-адың-гүдің, апыл-құпыл - апыл-ғұпыл, кіші-кірім - кіші-гірім, желқабыз-желғабыз, жедеқабыл-жедеғабыл т.б.

     Диахрониялық  тұрғыдан алғанда сөз құрамы  екі (үш) түрлі морфемадан құрылуы  ықтимал. Бірақ синхрониялық тұрғыдан  оларды екі (үш) морфемадан құрылған  деуге болмайды. Өйткені синхрониялык  тұрғыдан алагеуш сөзін «ала» және «кеуш»; алағаншық сөзш «ала» және «қаншық»; алагөбе сөзін «ала» және «гөбе» тәрізді морфемалардан құрылған деп үзілді -кесілді айту қиын. Морфемалық құрамы көмескі, жазылуы бірізге түспеген бұл тәрізді сөздерді үяңдаған вариант бойынша бірыңғай жазу бағытын үстану бірізділікке саяр еді. П-б (немесе б-п) дыбыстарының алмасуына байланысты әркелкі жазылып жүрген сөздер бар: қақбас-қақпас, көнбіс-көнпіс, төртбақ- тқртпақ, дегбір-кегпір, ақбар-ақпар, етбетінен-етпетінен, бетбақ-бетпақ, шүберек-шүперек, кебе-кепе, ебтейлі-ептейлі т.б. Бұл тәрізді морфема құрамы көмескі сөздердегі [к], [п] қатаңдарын көршілес дыбыстардың ықпалына бағындыра жазу бағытын ұстануға болатын тәрізді. Мысалы: қақпас (қақбас емес), тәбділ (тәптіл емес), көнбіс (көнпіс емес), төртпақ (төртбақ емес), ақпар (акбар емес), дақпырт (дақбырт емес), етпетінен (етбетінен емес), бетпақ (бетбақ емес), шүберек (шүперек емес), кебе қозы (кепе қозы емес), ептейлі (ебтейлі емес). 
Бұл жүйеден тек -дан, дар морфемаларымен келген бірер сөздің ғана жазылуы тысқары тұрады. Мысалы: есепдан (есебдан), қасапдан (қасабдан емес), есепдар (есебдар емес).

    Сонымен фонемалардың  қосалқы мәнін негізгі мәнінен  ажырата білу белгілі бір жүйемен  жазуға, бірізді жазуға таяныш  болады. Мысалы, бүрыңғы, алдыңғы деп жазамыз ба, әлде бұрынғы, алдынғы деп жазған дұрыс па? Неге соңғы, таңғы деп жазамыз, неге күңгей, түңкі деп бінр сарынмен жазбаймыз? 
Қазақ тілінде <н> және <г> фонемалары іргелес келген тұста комбинаторлық әсерден <н> фонемасының қосалқы мәні [ң] пайда болады: [түңгү] түнгң, [бүрұнғұ] бұрынғы, [күңгей] күнгей т.б. Егер осы фонетикалық ситуақияны өзгертсек, бұл фонема өзінің негізгі мәнінде жұмсалады: тү[н]-де, бұры[-н]-нан, кү[н]-мен т.б. Со[ң]ғы, та[ң]ғы сөздеріндегі [ң] өзінің негізгі мәнінде жұмсалып тұр. Алайда орфографиялық сөздікте (1978 ж) фонемалардың негізгі мәні ескерілмегендіктен, асты [ң]ғы, алды[ң]ғы, үсті[ң]гі түрінде жазылса, ал осы типтес сөздердің кейбірі бұры[-н]ғы делініп берілген. Белгілі бір жуйеге бағынатын бір типтес сөздерді эркелкі жазу орфографияны қиындата түседі. Дүрысы - бүл типтес сөздерді фонемалық негізгі мэні бойынша жазу. Егер үстіңгі, алдыңғы т.б. сөздердегі ң-ге өзгеше фонетикалык жағдай тудырсак, бұл дыбыс озшің негЬгі


мътне көшеді: алдын ала (алдың ала емес), астын-үстін (астың-үстің емес), астынан (астыңан емес), үстінде (үстіңде) т.б. Ал қараң қалу сөзіндегі [ң] фонемасы өзінің негізгі мнінде жұмсалып тұрғандығын көреміз. Салыстырыңыз: каран болды. Сонымен қатар бү_л сөздің қараңдау, қараңғы тэрізді сөздермен этимологиялық байланысы бар екндігі байқалады. 
    Сондай-ақ қайран қалу - қайраң қалу, қаран қалу-қараң қалу, жиһангер-жиьаңгер, жиһангез-жиьаңгез, тыңғылықты- тынғылықты, түңғиық-түнғиық, тебінгі-тебіңгі трізді сөздерді дүрыс жазудывң өз қиындығы бар. Сондықтан да мүндай сөздер тэжірибеде эркелкі жазылып жүр. Осы сөздердегі [ң] комбинаторлық өзгерістің нэтижесінде пайда болған. Бүл өзгеріс жазуда ескерілмей, н түрінде жазылуға тиіс [37,98 б].

       Сөз  тіркесінен өзгерту, сөзге эр  түрлі қосымшалар жалғау, қосымшаларды түбірден бөліп қарау тэрізді тэсілдер арқылы морфемалар жігіндегі фонема реңкінің фонетикалық ортаға неғұрлым тэуелсіз түрін табуға болады. Мысалы: [қайраңғалу] қайран қалу - қайрансың; [тыңғылықты] — тындыр, тындырымды; [тұңғұйүқ] түғғиық-тү_н, түндыр; [жиьаңгез]-жиһан, жер-жиьан. Осылардың ішінде басқаларымен салыстырғанда қайрансың, тындыр, түн, жиьан морфемаларындағы <н> фонемасының реңкі фонетикалық қоршауға анағүрлым тэуелсіз. Сондықтан бүл сөздер фонематикалық принцип бойынша (фонемалардың мэнін сақтап жазу) <н>~ның қосалқы реңкі <ң> арқылы емес, негізгі рекі <н> бойынша таңбалануға тиіс. 
    Қазақ орфографиясында -нг-немесе-ңг-арқылы таңбаланатынын ажырату киынға соғатын бір алуан сөз бар: інген-іңген, кемеңгер — кемеңнгер, жауынгер-жауыңгер, эменгер-эмеңгер, шенгел-шеңгел, жынғыл-жыңғыл т.б. Бүл типтес сөздердегі фонеманың (<н> ба, <ң> ба?) негізгі реңкін жоғарыда айтқандай тэсілдермен тексеру мүмкін емес. «Тексеруге» 
болмайтын бұл типтес сөздерді жазуда қазақ емлесі, жауынгер, дүнген, монғол тэрізді бірер сөзді еске алмағанда, ң варианты түрінде таңбалау бағытын ұстанған. Мысалы: іңген, шеңгел, шеңбер, эмеңгер, жыңғыл, бастаңғы, жеңге т.б. 
    Жалпы алғанда, морфемалар жігіндегі фонеманың негізгі реңкін сақтап жазудың пәлендей қиындығы жоқ тәрізді көрінеді. Шындығында, негізгі реңк пен қосымша реңкке байланысты жазылуы қиын бірсыпыра сөз морфемаішілік дыбыс құбылыстарына қатысты. Мысалы, жамбас дегендегі [м] негізгі реңкте (<м>) қолданылып тұр ма, элде <н> фонемасының қосымша реңкі түрінде жұмсалып түр ма? Орфографияда бүл типтес сөздер жамбас, шамба, сэмбі тәрізді м аркылы таңбаланғанмен, бірақ жазу тәжірибесінде бүл сөздерді н арқылы жазып қою дағдысы да үшырайды. Қазіргі қазақ емлесінде күн аттарының -нб арқылы жазылуы дэстүрге айналды. Бірақ осы дәстүрге күмән келтіріп, тіл мамандарының «жаздырып» жібергені деп түсінетіндер де бар. 

                                                     Қорытынды 
 
         Қоғамдық қатынас ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл 
- тілдің өмір сүруінің, қызмет етуінің ерекше формасы. Ол белгілі бір халық тілінің нормаға түскен, өңдеуден өтіп, сүрыпталған ең үлгілі формасы. Әдеби тіл - дәстүрге берік, сол тілде сөйлеуші қоғам мүшелерінің бэріне бірдей міндетті, қызмет аясы, элеуметтік ауқымы кең тіл. Осындай қасиетке қоса әдеби тіл эр түрлі ауытқулардан арылып отыруы қажет. Қандай да болсын күрделі ойды, мағынаның небір нэзік реңктерін тап басып, дэл, ешбір қиындықсыз, емін, еркін жеткізуі оның коммуникациялық сапаларының қандай екендігін көрсетеді. 
     Қазақ әдеби тілінің «ауызша» жэне «жазбаша» деп аталатын бір-бірімен тығыз байланысты екі формасы бар. Әдеби тілдің «ауызша» формасы өз кезегінде маңызы артып отырса, қоғамның элеуметтік, мәдени дамуы тэрізді қолайлы жағдай «жазба» тілдің ролін өлшеусіз өсіре түсті. 
    Орфография эдеби тілдің («жазбаша» түрінің) «киімі» ғана емес. Ол, алдымен, сауатты жазудың, ана тілін мэдени меңгерудің маңызды қүралы. Ондай құрал тілдің қүрылымдық жүйесіне (системаға) лайық, пайдалануға неғүрлым жеңіл, қолайлы да тиімді болуға тиіс.

      Қандай  да болсын тілдің коғамдық  құбылыс ретінде өзгеріп, дамып  отыратындығы белгілі. Тілдің құрылымдық  жүйесінің де дамып, өзгеріп отыруына  сэйкес оның «киімі» де «жаңаланады». Олай болмаса, орфография тілдің  системасына лайық болмай, оның қүрылымдық жүйесіндегі заңдылықтарды дүрыс бейнелей алмас еді. Ондай орфография пайдалануға ауыр тиіп, сауатты жазуға «түсау» болар еді.

      К. Маркске  жазған хатында Ф. Энгельс араб  графикасының күрделігігі болмаса, парсы грамматикасын 48 сағатта біліп алар едім деген болатын. 
   Ағылшын балалары күн құрғатпай, үздіксіз тоғыз жыл оқығанның өзінде кеңес қағаздарына қатысты жүмыстарды ойдағыдай жаза алмайды екен. Әйгілі жазушы Бернард Шоудың есептеуінше жазу жұмысымен шұғылданған ағылшындар эрбір минуттың 12 секундын «басы артық» эріптерді жазуға жұмсайды екен. Ондай басы артық эріптерді жазуға бір жылда 73 күн кетеді. Англия мен АҚШ-та жазу жүмысы, кеңсе қызметі, 
52 ғылыми зерттеулермен 2,7 миллион адам шұғылданады. Олар бір жылда 540 мың жыл жоғалтады екен.

          Жазу сызуда мүндай қиындықтар  болмас үшін орфографияны тілдің  құрылым жүйесіне лайықтап, ондағы  өзгерістерді бейнелейтіндей етіп, жазу нормаларына эволюциялық  өзгерістер енгізіп отыру қажеттілігі  тіл құрылысы тәжірибесінде де  айқындала түсіп отыр.

     Қазіргі қазақ  орфографиясы әдеби тілдің жазбаша  түрінің нормалану процесіне  зор ықпалын тигізді. Оның 40 жылдан  астам тәжірибесі жазу нормаларының  түрақталып, ала -қүлалықтар арыла, жетіле түскендігін байқатады. Бүл  процесте 1957 жылғы «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері», «Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері», «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш» тәрізді т.б. практикалық қүралдардың, ғылыми зерттеулердің орны айрықша. Әрине, бүл нэтижелер қазақ орфографиясының барлық мэселелері зерттеліп болды, жазу мәдениетіміз ешбір мүлтіксіз дегенді аңғартпайды.

Информация о работе Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері