Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 14:54, курсовая работа
Көптеген ғалымдар зерттеу нысандарына қарай оның ерекшеліктерін әр қырын қарастырған.Мәселен,лингвист-ғалымдар жазу әрекетінің тілдің ара қатысын сөз етсе,психолог жазу әрекетін жалпы ми арқылы өту үрдісін,жүру бағытын зерттейді.Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін,құралдарын,қызметін тексереді.Психолингвист жазу әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тұлғалардың санамен байланысын,сөйлеу мүшелерінің ойға қатысты қимыл-қозғалысын дәлелдейді.
Кіріспе................................................................................................................3
1.Орфографиялық дағды туралы жалпы түсінік.............................................
1.1.Орфографияны оқытудың дидактикалық және методикалық мәселелері....
1.2.Орфографияны оқытуда грамматикалық ереженің ролі...........................
2.Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық материалдар......
2.1.Орфографиялық жаттығуларды орындату....................................................
2.2.Жаттығу материалдарын іріктеу........................................................................
2.3.Орфографиялық талдау.......................................................................................
2.4.Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары..................................................
2.5.Оқушылардың жазба жұмыстарындағы емлелік қателерді түзету әдістері..
3.Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері......................
3.1.Фонема,дыбыс және әріп...............................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет - сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады. Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері (әріп таңбаларын қолдану тәртібі, әріпті таңдау, бірге және бөлек жазу т.б.с.с.), оны дұрыс қолдану жатады. Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдыра береді. Бір орфографиялық амал автоматталғаннан кейін екіншісі үйретіледі. Осылайша, орфографиялық құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды. [4,196б].
Сөйлеу тілі мен жазба тіл арасындағы
айырмашылық әріп пен дыбыс катысында
ғана емес, сөз құрылысына да тән. Бала
сөйлеп тұрған кезде сөздің морфологиялық
құрылысына, олардың жіктелуіне (қосымша)
назар аудармайды да, өзінің ойын түсінікті
етіп айта береді. Ал жазуда грамматикалық
ерекшелік белгілі дәрежеде ойғңа оралып
отырады. Жаңадан жазуға үйрене бастаған
бала жеке әріптерден сөз құрағанда сөздің
грамматикалық құрылысының элементтерін
сақтайды. Осыдан барып қатесіз жазу дағдысы
көрініс береді.
Орфографиялық дағдыны жетілдіру
және оны дамыту әр алуан психологиялық
процестер негізінде жүргізіледі. Оқушы
қандай да бір жеке орфограмманы тақтадағы
я таблицадағы, немесе кітаптағы жазылуы
бойынша танысады, яғни орфограмманы алғаш
тану, көру сезімінен басталады.
Оқушы назарын белгілі бір орфограммаға
аудару үшін, оның сол орфограмманы дара
түрде танып қана қоюы жеткіліксіз, сонымен
бірге оған анализ жасату, салыстыру т.б.
тәсілдер қолданту керек. Өйткені орфограмманы
қабылдау баланың саналы да белсенді әрекеттеріне
негізделуі тиіс. Бұл мақсатта оқушы зейінін
жалпы сөзге аударып, олардың жазу тәжірибесін
байыта түсу керек. Баланың тілі неғүрлым
жақсы жетілсе, орфограмманы да соғүрлым
жақсы қабылдайтын болады.
Орфограмманы қабылдау кезінен
бастап орфографиялық түсінік пайда болады.
Алайда қаншалық зейін қойын қабылдау
орфограмманы толық түсіну болып табылдмайды.
Мектеп программасының негізгі міндеті
тілдік заңдылықтарды орфографиялдык
ерекшеліктермен ұштастыра түсіндіру
болып отыр.
Демек, мектеп оқушысына грамматика
мен орфографияны оқыта отырып, белгілі
бір сөзді неліктен осылайша жазамыз деген
талап қоя аламыз. Мұндай талапқа сай білімдік
ждағды алған оқушы өтіліп отырған орфограмманы
есіту, айту, көру және жазумен ғана шектелмейді,
грамматикалық көптеген әрекеттерді орындайды:
сөздерді бөліктерге бөледі, ұқсас формадағы
сөздерді тізеді, белгілі жұрнақтар арқылы
жаңа сөздер жасайды, сөздегіә өзгерісті
байқайды, жеке сөздер арасындағы ұқсастық
пен айырмашылықтарды анықтайды, өтіліп
отырған форфограмманың өзіне тән ерекшеліктерімен
танысады, өз білімін жүйеге келтіреді.
Осылардың негізінде құбылысмтарды танудың
жолдарын көрсетеді, ережені пайдалану
тәсілдері мен бақылау жасау тәсілдерін
белгілейді, қандай жағдайда қалай жазу
керектігін саралайды, қажетті үлгілерді
алдын ала жасап қояды. Оқушы грамматикалық
ережені игере отырып, ойлау процесіне
тән операцияларды орындайды. Құбылыс
кұүрделі болған сайын, оқушының ойлау
жұмысы күрделене түседі. Бұл — орфограммаларды
саналы түрде түсінуге көмектеседі[5,169б].
Грамматикалық әрбір ереже
белгілі тұжырым, қорытынды болып табылады.
Орфографиялық ережелерді үйрену нәтижесінде
оқушы жеке жағдақларды қорытындылап,
оған ережені қалай пайдадлануға болатындығын
аңғартып отырса, онда оның орфограмма
мен ережені дұрыс түсінеьтіндігі. Ол
үшін мұғалім ережені түсіндіріп, оған
қоыртынды жасағннан кейін, бірден өтіліп
отырған ережеге байланысты сөздер мен
тұлғаларды тексттен табуды ұсынады, сол
ережеге байланысты мысалдар ойлап айтқызады,
сөздің жазылуын тексеруді ұсынады т.б.осы
сияқты жаттығу - пысықтау жұмыстарын
жүргізеді.
Орфография тілдік ерекшеліктердің
көрінісі болғандықтан, оның грамматикалық
құрылысы, яғни ережені білу грамматиканың
өзін жақсы білуді көздейді. Оқушы тілдік
құбылыстарды, сөздердің грамматикалык
топтарын, сөздің дыбыстық құрылымдарын,
сөздердің өзара байланысын неғұрлым
жақсы білген сайын,соғұрлым орфограмманы
да жете танып, оған лайықты жеке ережелерді
де жақсы білетін болады.
Орфографиялық
дағдыға төселуіне қарай, ереженің оқушы
үшін мәні өзгереді. Мысалы, алғашқы кезде
бала ережеге мұқтаж болса, бірте-бірте сауатты жазуға
жаттыққан сайын оның мәнділігі жойыла
бастайды. Оқушы жазуға дағдыланға кезде
оған ереженің мүлде қажеті бола қоймайды. Орфографиялық
дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға
да қатысты. Бірақ пунктуацияға үйрену
жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар.Тыныс
белгілерін қою да ережелерге бағынады.
Міне, сондықтан да орфография
грамматикаға негізделіп оқытылады, өйткені
грамматиканы білу дегеніміздің өзі -
сауатты жазу[6,469б].
Грамматикалық ережені игерту жолында үзбестен жаттықтыру нәтижесінде оқушы қатесіз жазатын болады. Алайда, қатесіз жазу көп еңбекті талап етеді, зейіннің шоғырландырылуы, ақыл-ой еңбегі жұмсалуы қажет болады. Жазып келе жатып оқушы кідіріс жасайды, ойналады, ережені еске түсіреді, сонан соң барып жазуын жалғастырады. Бұл - оқушының дағды қалыптастыру алдындағы табалдырық икемділік. Оқушыда орфографиялық дағды қалыптаса қоймағанымен, жазуда көптеген табысқа жеткендігі байқалады. Өйткені ол ереже мен нақты фактінің бір-біріне қаншалық сәйкестігін саналы түрде бағдарлай үғына бастаған. Оқушы өзінің икемділігін жетілдіре түсуі үшін тағы да жаттыға түсуі қажет. Мұндай жаттығу кезінде оқушының ойлау процесі де, жазу дағдысы да шапшаңдай ттүседі. Белгілі мысалға лайық ереже, сондай-ақ белгілі ережеге лайық ойға оралып отырады. Міне, дағды осылайша пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, дағды - ұзақ уақыт, үнемі қайта-қайта жаттығудың нәтижесінде қалыптасады.
Ережені практикада пайдалана білу дәрежесіне қарай окушының өздігінен жұмыс істеу ауқымы және оның творчестволық сипаты да кеңейе түседі.Көшіріп жазу, диктант, мазмұндама, шығарма сияқты жұмыстардың әрқайсысынң өзөі бірнеше амалдармен орындалады. Мәселен, текстті көшіріп жазу бар, көп нүктенің орынан әріп жазып көшіру бар, сөзді өзгерте жазып көшіру бар. Осы сияқты жұмыстардың әрқайсысына лайық творчестволық жұмыс тәсілдері де өзгеріп отырады. Айталық, көшіріп жазу мен шығарма жазу мазмұны жағынан да, күрделілігі жағынан да, қиындығы жағынан да бірдей емес. Ендеше көшіріп жазу мен шығарма жазуға даярлау үшін жүргізілетін жаттығулар сипаты да өзгеше болады. Көшіріп жазу жаттығуларын жақсы орындаған оқушы диктант кезінде қате жіберуі мүмкін. Бұлай болмас үшін аралық жаттығулар жүргізіледі. Көшіре жаздырудың күрделенген кезінде диктант әлементтері көрініс беріп отарады. Осындай тәсілдер қолдану арқылы оқушы әр тарапты болуына қамқорлық жасалады[7,214б].
Оқушы орфографияның белгілі бір тақырыбын орындауы қажет болса, онда оның бар зейіні осы бір тақарыпқа шоғырланғанады. Егер әртүрлі емлелік ерекшеліктер қамтылған диктант жаздырылса, онда оқушы зейіні әр тарапқа бөлінеді. Ал шығарма жазу үстінде оқушының ойлау қызметі мүлде күрделенеді. Өйткені шығарма орфографиялық қатесіз жазылуы керек, сөйлем дұрыс құрылуы керек, стильдік байланыс сақталу керек, мазмұнды жазылуы керек. Шығарма жаздыруда орфография тілдің лексика, сөйлем құрау, пунктуация, стиль т.б. сияқты жақтарымен қоян-қолтық келеді. Мұндай әлементтермен оқушылар бұрыннан таныс. Бірақ өте тар көлемде өтілген. Егер бұрын сұраққа жауап қайтару Түрінде, жеке сөйлемдер кұрау түрінде, орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрау түрінде оқытылған болса, енді жұмыс көлемі үлғайып, орфография жүйелі баяндау процесіне айналып отырады [8,236б].
Сауатты
жазу дағдысын қалыптастырудың маңызды
шарттарының бірі –орфографиялық қате,
сөйлеу қателерін болдырмау үшін алдын
ала синтездеу, талдау жұмысы. . Белгілі
бір жағдайға дағдылану біраз уақыт жаттығуды
қажет ететіні сияқты, сауатты жазуға жаттығу
дағдысы да көп қайталауды, жаттығуды
талап етеді. Сондықтан өтілгеніне біраз
уақыт болған материалдарды жүйелі түрде
еске түсіріп отыру пайдалы. Жазуға үйренуде
уақытша нерв байланыстарын шартты рефлекс
арқылы емес, операнттық рефлекс арқылы
қалыптастырудың мәні ерекше болып табылады.
Мұның мәнісі балаға дайын жұмысты орындату
арқылы дағдыландырудан гөрі, өздеріне
тапқызу, оларды ізденіп, қиналуға мәжбүр
ететіндей тапсырмалардың тиімді нәтиже
беретіні мәлім. Мұның барлығының да мақсаты
қалыптасқан уақытша нерв байланыстарын
(дағдыны) сақтау (сауатты жазу дағдысын)
екенін жақсы түсініп, білімін жетілдіріп, педагогикалық
1.1 Орфографияны
оқытудың дидактикалық және методикалық мәселелері
Бүгінгі таңда дидактика
- педагогика ғылымының білім беру және
оқыту теорияларын белгілейтін бір саласы
және маңызда саласы.
Чех елінің ұлы педагогы Ян Амос Коменский «дидактика» терминін кең ұғымда қолданып, өзінің әлемге тараған шығармасын «¥лы дидактика» деп атады. «¥лы дидактикада» тек оқыту мәселесін ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік, дене, эстетикалық сияқты тәрбие түрлерін де әңгімеледі. Сөйтіп, өз еңбегінде педагогикалық жүйені әрі терең, әрі ғылыми тұрғыдан негіздеуді мақсат етті.
Дидактика - грек
тілінің didaktikos - "өсиет" деген мағынадағы
сөзі бойынша жасалған.
Дидактика: 1) оқытудағы таным процесін анализдеу, 2) дидактикалық принциптер, 3) білім берудің мазмұны, 4) оқыту жұмыстарын үйымдастыру формалары (сабақ туралы ғылым), 5) оқыту әдістері, 6) оқушы білімін бағалау және есепке алу мәселелерін зерттейді. Дидактика білім берудің мазмұнын ұйымдастыру мәселелерін,талаптары мен тәсілдерін қарастырып,мектепте оқытылатын пәндердің жалпы заңдылықтарын белгілейді.
Методика -метод ,гректің metodos деген сөзінен шыққан,қазақшы зерттеу жолы деген мағынаны білдіреді[9,158б].
Тілді ұғыну-ана тілінің фонологиялық,грамматикалық,
Мұғалім бұл міндетті методикалық құралдарды дұрыс іріктей алғанда ғана ойдағыдай іске асыра алады.
"Жазбаша сөйлеу бала үшін сөйлеуді меңгерудің жалпы екінші кезеңі болып табылады-дейді профессор Н.С.Рождественский.Ауызекі сөйлеудің өзі шындықтағы заттар мен қатынастардың таңбалары болып табылады.Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеудің дыбыстары мен сөздерін шартты түрде белгілейтін таңбалардан тұрады".
Баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған таныс емес әріптің бұрыннан таныс,естіп жүрген дыбысы айтылады.Мұнда тағы бір маңызды мәселе-ауызекі сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылып тұруы.Мысалы,тыныс белгілерін қоюда дауыс ырғағының ролі. [10,49б].
Жазбаша сөйлеудің
ауызшамен салыстырылуы
1) ауызекі сөздегі дыбыстар мен жазғандағы әріптерді салыстырып отыру; 2) дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру; 3) ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастыру.
Россияда ең алғашқы методикалық туынды Ф.И. Буслаевтың 1844 жылы жарыққа шыққан «Отандық тілді оқыту туралы» деген еңбегінен басталады. Федор Иванович Буслаев ХIХ ғасырдағы көрнекті орыс филологтарының бірінен саналады. Ф.И. Буслаев салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін қалады.
Оның осы жоғарыда аталған методикалық жұмысы және онан кейінгі уақыттарда жазған орыс грамматикасы оқулықтары отандық тілді оқытуды жолға қою жөніндегі елеулі еңбек болды. Жазған зерттеулерінде сол кезде үстем болып келген догматизмге қарсы тұрып, орыс тілін оқыту принциптері мен әдістерін жаңаша белгіледі. «Отандық тілді оқыту туралы» методикалық еңбекте оқытудың принциптері орыс филология ғылымының теориялық мәселелерімен ұштастырылады. Бұл – Буслаев методикасының ең бір құндылық жағы еді.
Буслаев өзінің методикалық көмекші құралында баланы тәрбиелеу және оған білім беруде ана тілінің алатын орны мен ролін белгіледі. Оның пікірінше, отандық тіл адамға білім беруде ерекше орын алуы тиіс, өйткені оқушының барлық рухани жан дүниесінің өсуі ана тілін қалай және қандай көлемде білуімен тікелей байланысты. Сондықтан да отандық тіл мектепте оқылатын барлық пәндер ішінде басты орын алуға тиіс деп есептеледі.
Буслаев орыс тілі грамматикасындағы кемшіліктерді де орынды көрсетті: «Осы уақытқа дейін бізде отандық тіл латынша және грекше үлгіде жасалған грамматикалар бойынша оқытылып келеді; демек, оларда, біріншіден, лингвистикалық элементтер жеткіліксіз, екінші жағынан, көп нәрсе артық, әсіресе септеу, жіктеу, меңгеру, байланысу жайлы ұсақ ережелер көп берілген» [ 11, 24 бет ].
Ана тілін оқытудағы догматизм мен схоластиканы жою үшін Буслаев тілді көрнекті жазушылардың шығармаларына негіздеп оқытуды жөн көрді.
Буслаевтың орыс тілін оқыту жөніндегі методикалық жүйесінде грамматика жетекші орын алады. Бірақ оны бұрынғысынша септеулер мен жіктеулердің жалаң схемасы түрінде емес, оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға көмектесетіндей етіп оқытуды көздейді. Бұл үшін грамматиканы салыстырмалы-тарихи жолмен жүйелі оқыту қажет деген қорытындыға келеді.
Буслаев сөз таптары мен сөйлем мүшелерін оқушылар адамдардың қатынас жасаудағы негізгі бірлігі ретіндегі сөйлеммен таныстырылғаннан кейін оқыту тиімді деп есептейді: «Жеке бөліктер бүтінсіз түсініксіз болатындығы сияқты, бүтінді де жеке бөліксіз түсіну мүмкін емес, сөз таптары түсінікті болу үшін, сөздер белгілі болу керек, ал сөйлеудің ең қысқа және ең қарапайым түрі – сөйлем. Балалар сөз арқылы сөйлеседі, оған сөзден гөрі сөйлемді түсіну оңай, ал сөйлеу әдетте белгіліден басталып, кейде белгісіздерді де араластырып отырады. Ана тілі әркімнің қажеті болғандықтан, оны үйрету оқушының рухани қабілеттілігін арттыру болып табылады. Міне, сондықтан да отандық тіл пәнін оқыту үшін педагогикалық әдістер қажет екендігін аңғартамыз». Өзінің барлық методикалық пікірлерін мектептегі оқу жұмысы практикасында жүзеге асыру үшін, ол – жалпы дидактикалық принциптерді де, сондай-ақ, оқушылардың жас ерекшелік мүмкіндіктерін де ескере отырып, отандық тілді оқыту әдістерін мұқият белгіледі.
Орфаграфияны оқыту жөніндегі Буслаев пікірі еске тұтарлық пайдалы методикалық кеңес: «...Емлені грамматикалық жолмен оқыту қалай сөйлесең, қалай естісең солай жаз деген қағидамен шектелмейді, қайта, грамматика бойынша, сөздердің өзгеруі мен түрленуін және сөйлемдердің байланысу заңдылықтарын ескере отырып жазуды талап етеді...емлені үйретуде өзінше жаңалық енгізуге болмайды, тіпті емлені жетілдіруде айтарлықтай көмектесерлік жаңалық болғанның өзінде де жалпы пайдаланудағы ізбен жүру керек».
Буслаевтың орфаграфиялық дағдыны игеруде бір ізділікті сақтау жөніндегі талабы да құптарлық: «Оқушылар көрсеткенді әбден берік меңгергенше, жаңаны бастамау керек». Сондай-ақ, оқу сабақтарын оқушылар материалды басынан аяғына дейін саналы игеретіндей етіп ұйымдастыруды ұсынады да, мазмұны және орындау сипатына қарай бірте-бірте күрделеніп отыратын әр жақты жаттығулар пайдалануға кеңес береді.
Информация о работе Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері