Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 14:54, курсовая работа
Көптеген ғалымдар зерттеу нысандарына қарай оның ерекшеліктерін әр қырын қарастырған.Мәселен,лингвист-ғалымдар жазу әрекетінің тілдің ара қатысын сөз етсе,психолог жазу әрекетін жалпы ми арқылы өту үрдісін,жүру бағытын зерттейді.Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін,құралдарын,қызметін тексереді.Психолингвист жазу әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тұлғалардың санамен байланысын,сөйлеу мүшелерінің ойға қатысты қимыл-қозғалысын дәлелдейді.
Кіріспе................................................................................................................3
1.Орфографиялық дағды туралы жалпы түсінік.............................................
1.1.Орфографияны оқытудың дидактикалық және методикалық мәселелері....
1.2.Орфографияны оқытуда грамматикалық ереженің ролі...........................
2.Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық материалдар......
2.1.Орфографиялық жаттығуларды орындату....................................................
2.2.Жаттығу материалдарын іріктеу........................................................................
2.3.Орфографиялық талдау.......................................................................................
2.4.Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары..................................................
2.5.Оқушылардың жазба жұмыстарындағы емлелік қателерді түзету әдістері..
3.Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері......................
3.1.Фонема,дыбыс және әріп...............................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................
Орфографиялық жаттығу грамматикалық және орфографиялық түсінік бойынша, сондай-ақ талдаулар жасау арқылы орындалып отырады. Жаттығу орындатудың бір түрі басқа түрлерімен алма-кезек ауыстырылып отырады. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жаттығу кезінде көшіріп жазу және диктант әлементтері, тіпті творчестволық диктант немесе шығарма араласа жүргізіліп отырылуы мүмкін. Мұндай жаттығулар берік орфографиялық дағды қалыптастыруға көмектеседі. Алайда, орындауға үсынылатын жаттығулар дұрыс іріктеліп, оны орындату жолдары дұрыс белгіленуі және жұмыс шебер ұйымдастырылуы қажет.
Жаттығу іріктеуде және оны оны орындату тәсілдерін белгілеуде шамамен мына сияқты талаптар ескерілуі тиіс:
Жаттығуға байланысты қандай жұмыс түрлерін жүргізу оқушылар алған орфографиялық дағды дәрежесімен дәл сол кезде қойылып отырған мақсатқа негізделеді. Егер жаңа өтілген ережеге қорытынды жасалып, ол ережеге байланысты әлде де жаттыға түсу, еске берік сақтау қажет болса, онда грамматикалық және орфографиялық талдау жасай отырып, көшіртіп жазғызу керек. Егер оқушыларға емлелік қиындықтарды тапқызып, орфограммаларды жете таныту мақсат етіп қойылса, онда мына сияқты жұмыстар жүргізуді ұсынуға болады:
Жаттығу жүргізуде мынадай
дидактикалық талаптар қойылады: жаттығудың
әржақтылығы және қайталай жаттығу. Тақырыпты
өту кезіндегі жаттығумен шектеліп қалуға
болмайды. Келесі сабақтарда немесе келесі
тақырыптарды өту кезінде де қайталана
жаттықтырылу керек. Сондай-ақ кластағы
оқушылардың белгілі орфограмманы меңгреу
дәрежесіне қарай және оқушыларға арнайы
тапсырма беру жолымен жаттығу орындату
оқу процесіндегі тиімді тәсіл болып табылады.
Орфографияны үйрету - біртұтас
қиын процесс. Бұл процестің біртұтастығы
оқытылатын баланың психикалық қызметінің
бірлігімен, қабылдау бірлігімен, тіл
мен ойлаудың бірлігімен, ауызша және
жазбаша тіл бірлігімен жүзеге асырылады.
Әртүрлі сөздік материалдарға
енгізілген белгілі бір орфограмманы
жазу көптеген оқушыларға едәуір қиындық
туғызады, сонымен бірге бір ережеге байланысты
емленің өзінен де түрлі қиындық ұшырасады.
Мұндай қателердің көпшілігі орфограммалардың
грамматикалық табиғатын ажырата алмағандықтан
жәберіледі. Жаттығуларға симантикалық,
грамматикалық формасы т.б. жағынан әртүрлі
ерекшеліктердің көбінесе аз қамтылуы
себепші болады. Соның салдарынан оқушылар
неғүрлым жеңіл жұмыстарды орындауға
әдеттенеді де грамматикалық категорияларды
неғұрлым қиын жағынан тануға, месте сақтауға,
ақылға тоқуға әзірлігі жетпейді. Белгілі
грамматикалық категорияларды оқушылардың
неліктен нашар меңгеретінс себебін мұғалімнің
зерттеп, ол себептерді оқушыларға саналы
түрде жеткізіп отыру керек.
Жаттығудың тағы бір түрі оқушылардың
жұмысты өздігінен орындауы болып табылады.
Жаттығулардың мұндай түріне орфограмма
жазылмай берілген тексті көшіріп жазу
жатады. Оқушыларға сөздің жеке бөліктері
немесе тұтас сөз жазылмаған тексті көшіріп,
жазу тапсырылады да, орфографиялық ережелерді
басшылыққа ала отырып, жазылмай қалған
орфограммаларды немесе сөзді өздігінен
ойлап жазу талап етіледі (текстің басқа
жағына көңіл қоймауына болады). Мұндай
жаттығудың ерекшелігі мынада: тексті
жеке әлемент бөлініп көрсетілгендіктен,
ереже объектісі сол бөлініп көрсетілғен
әлементтен іздестіріледі, бірақ оны дәл
табу оққшының міндеті. Бұл жолмен жаттығуда
да аралас (үқсас) орфограммалар үсынылып
отыруы керек. Олай болмаған жағдайда
берілген ережеге байланысты бірінші
сөйлемді ойлана отырып, орындағанымен,
қалғандарын сол жолмен механикалық түрде
толтыра салуы мүмкін. Жеке орфограмма
немесе тұтас сөз жазылмай берілген тексті
көшіріп жазу жаттығудың басқа түрлеріне
қарағанда, оқушыдан жұмысты өздігінен
орындауды көбірек талап етеді. Өйткені
мұндай жаттығуды орындау кезінде оқушылар
орфограмманың жалпы сипатын және оның
графикалық формасын анықтап отырады.
Диктант жазу кезінде мұғалімнің
орфоэпиялық нормада оқуы мен оқушының
орфографиялық нормада жазылу белгілі
бір дәрежеде бір-біріне қайшылық туғызады.
Мәселен, тоқсанға келген жасым бар (тоқсанға
келген), көпті көрген басым бар (көпті
көрген) деген сөйлемдегі айтылу және
жазылу ережесін түсіну диктант жазу кезіндегі
оқушылардың бірден бір міндеті болмақ
[23, 132 б].
Диктанттың бақылау диктанты
деп аталатын түрі де ескерту диктанты
сияқты есту сезімі арқылы жазылады. Алайда
бұлардың арасында едәуір айырмашылық
бар. Егер ескерту диктантында текстке
талдау жасалып,оқушылардың есте берік
сақталуына жағдай жасалатын болса, бақылау
диктантында ешбір жеңілдік берілмейді.
Бақылау диктантында оқушылар өзінің
орфографиялық біліміне сүйеніп, жұмысты
тек өздігінен орындайтын болады. Алайда
бақылау диктанты оқушылардың білімін
сынаумен бірге, оларды үйрету мақсатында
көздейді. Жіберілген қателер бойынша
жаттығу жұмыстары кеңінен жүргізіліп,
кімнің қандай ережеге ерекше көңіл бөлуі
керектігі көрсетіліп отырады.
Творчестволық жазу - күрделі процесс. Оған дағдылану үшін көптеп жаттығу керек. Творчестволық жазуда орфографиялық жағынан сауатты жазу және жүйелі түрде жазбаша баяндай білу талап етіледі. Сол үшін таза орфографиялық жаттығу кезінің өзінде ақ оқушының сөйлемді дұрыс құрап, ойын дұрыс баяндай білуіне назар аударып отыру керек. Бұлай болмаған жағдайда, оқушылардың творчестволық жазуы ( мазмұндама мен шығарма) кезінде орфографиялық қате көптеп жіберілетін болады.
Талдау оқушыларды орфографиялық құбылыстардың ара-қатынасын түсінуге,оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады.Бұл талдау өз алына жаттығу ретінде немесе басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі.
Жазылуы қиын сөздер жаттығуларға
кірістіріледі және бұл сөздер бірнеше
мәтіндерде қайталанып отырылады,бұл
материалды тыңғылықты игеру септігін тигізеді.Жаттығулардың
ішінде әсіресе сөздік жасауға байланысты
жүргізілетін жұмыстар қиын сөздердің
орфограммасын есте қалдыруға жақсы жәрдемдеседі. Грамматикалық талдау ауызша
да, жазбаша да жүргізіледі. Жазбаша жүргізілетін
талдаудың қай түрінде (фонетикалық, морфологиялық,синтаксистік)
болмасын орфографиялық сипат болады.
Өйткені жазбаша грамматикалық талдау
қазақ тілінде жүргізілетін жазбаша жұмыстардың
маңызды бір түрі болып саналады.
Жазбаша грамматикалық талдау
жүргізуді ұйымдастырылуда мыналар ескерілуі
керек.
Орфографиялық талдауға да, негізінен, грамматикалық талдауға қойылатын талаптар қойылады. Көлем жағынан да, мақсаты, орындалу тәсілі жағынан да орфографиялық талдау грамматикалық талдауға ұқсас және фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар кейде орфографиялық мақсатты да шешуге көмектеседі. Фонетика мектепте өзінше курс болмай, грамматикаға қосыла оқытылатыны сияқты орфографиялық талдау да фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктермен өтіліп отырады[24, 69 б].
Сөз тұлғасын талдау кезінде лексикалық жұмыстың мынадай түрлері ескеріліп отыруы тиіс:
А) оқушылар талдап отырған сөздің мағынасын анықтап отыруы;
ә) оқушылардың сөздік қорын толықтыру;
б) өздері білетін сөздік қорын тиімді пайдалануға дағдыландыру;
Сөздерді тұлғасына қарай морфлогиялық талдау да мыналарға басты назар аударылады:
А) әуелі сөздің қай табына жататындығы айтылады;
ә) сөздің қандай мағына беріп тұрғандығы ашылады;
б) формалық белгілері көрсетіледі;
в) сөз таптарының түрленуі
кезіндегі формалық құбылыскд қарай
орфографиялық ерекшеліктердің
дұрыс сақталуына назар аударылады.
Грамматикалық (морфологиялық)
талдау талданып отырған сөздің қай сөз
табына жататындығын табумен шектелмейді,
сонымен бірге синтаксистік қызметі де
ашылады. Мәселен, сөйлемдегі сөздер сөйлем
мүшелеріне синтаксистік талдау кезінде
қай сөз табынан жасалып тұрғандығын айту
талап етіледі.
Грамматикалық-орфографиялық
талдау сауатты жазуды қамтамасыз ететін
бірден-бір жұмыс түрі емес. Ол - білім
мен дағды аралығындағы жұмыс түрлерінің
бірі ғана. Жазбаша орфографиялық жаттығулар
ретінде талдау — көшіріп жазу, диктант
және басқа жұмыстарда қолданылады. Грамматикалық-орфографиялық
талдау жүргізудің мынадай түрі де озат
мұғалімдер тәжірибесінен орын алып жүр.
Мұғалім сөйлемді оқиды, ал оқушылар сол
сөйлемді талдайды. Мұнда талданған текст
оқушылар алдында әзір тұрған жоқ. Талдаудың
мұндай түрі оқушылардың есту қабілетін
арттыруға көмектеседі,сөздің айтылуы
мен жазылуы арасындағы ерекшеліктерді
аңғартады. Талдаудың тағы бір жолыдайын
карточкабойынша талдауболып табылады.
2.4 Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары
Оқушылардың өздік жұмысы — арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс. Оқушы тапсырмада қойылған мәселеге, ақыл-ой мен күш-жігерін саналы түрде жұмсай отырып шешеді, әр өз жұмысының нәтижесін көрсетеді.
Оқыту процесінде жүргізілетін өздік жұмыстың мазмұны мына талаптарға сай болуы шарт:
Өздік жұмыстарды төмендегідей мақсаттарға байланысты жүргізуге болады.
Білімді меңгеру — тек қана оқу материалын,
ережелерді, заңдылықтарды, грамматикалық ұғымдарды
есте сақтау арқылы емес, оны оқушылардың өзі
логикалық талдау жасай отырып, орынды
пайдалана білу арқылы жүзеге асырады. Қазақ тілі
сабағында оқушыларға өздігінен орындалуына
берілетін жұмыстар ойлау қабілетін арттыруға,
берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен
шешім қабылдаануға
Өздігінен жүргізетін жұмыстар:
1) үлгі бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыс,
2)реконструкциялана (қайта құрыла) жүргізілетін
өздігінен жұмыс,
3) әр түрлі нұсқаулар
бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыс,
4) творчестволықпен жүргізілетін өздігінен жұмыс
5) Қайта жаңғырту
жолымен де, творчестволық жолмен
де аралас жүргізілетін
Үлгі бойынша жүргізілетін өздігінен жұмыс нұсқау іспетті берілгенүлгі негізінде орындалады.оқушыларға бірнеше сөйлем беріп, олар ол сөйлемдердің тыныс белтілерін өздігінен қойып шығады немесе белгілі бір ғрамматикалық ережеге негізделген бірнеше сөз тақтаға жазылады да, оқушылар дұрыс жазылғанын я қате екендігін айтады, немесе белгілі бір грамматикалық ережеге байланысты мысалдар айту талап етіледі[27,56 б].
Информация о работе Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері