Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 14:54, курсовая работа

Краткое описание

Көптеген ғалымдар зерттеу нысандарына қарай оның ерекшеліктерін әр қырын қарастырған.Мәселен,лингвист-ғалымдар жазу әрекетінің тілдің ара қатысын сөз етсе,психолог жазу әрекетін жалпы ми арқылы өту үрдісін,жүру бағытын зерттейді.Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін,құралдарын,қызметін тексереді.Психолингвист жазу әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тұлғалардың санамен байланысын,сөйлеу мүшелерінің ойға қатысты қимыл-қозғалысын дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3
1.Орфографиялық дағды туралы жалпы түсінік.............................................
1.1.Орфографияны оқытудың дидактикалық және методикалық мәселелері....
1.2.Орфографияны оқытуда грамматикалық ереженің ролі...........................
2.Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық материалдар......
2.1.Орфографиялық жаттығуларды орындату....................................................
2.2.Жаттығу материалдарын іріктеу........................................................................
2.3.Орфографиялық талдау.......................................................................................
2.4.Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары..................................................
2.5.Оқушылардың жазба жұмыстарындағы емлелік қателерді түзету әдістері..
3.Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері......................
3.1.Фонема,дыбыс және әріп...............................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом дұрыс Бэлла апай.doc

— 352.50 Кб (Скачать документ)

1. пк, бг дыбыс тіркестері кп, гб болып жұмсалады: өкпе- өпке, әпкел- әкпел;

2. алтай, хакас, тува, т.б. түркі  тілдерінде гм дыбыс тіркесінің орнына мг, ңм, ңб тіркестері қолданылады: йағмыр- йамғыр;

3. лт- тл дыбыстарының алмасуы: мылтық- мытлық;

4. ғл- лғ дыбыс тіркесінің ауысуы: оғлан- олған;

5. рб (рп) дыбыс тіркесінің бр ретінде қолданыс табуы: арба- абра, топырақ- торпақ, торбоқ [30,254б].

   Әдеби тіл мүддесі мұндай дублет сыңарының біріне артықшылық беріп отыруды қажет етеді. Бұл жерде кейбір жарыспалы қолданыстың бірін доминанта вариант деп айқындауда сөздің түбір тұлғасын таяныш етіп алуға болады. Нормалаушы сөздіктерде, олардың ішінде орфографиялық сөздікте, негізінен, түбір нұсқасын беру тиімді. Мысалы: түпкір (түкпір емес), шапқы (шақпы емес), тапқыр (тақпыр емес), әкпел емес< т.б. Мұндай екі үдай қолданыстардың түбір тұлғасына сүйене отырып, негізгі вариантын анықтаудың тиімді жағы мынадан да байқалады: түп-, теп-, шап- т.б. түбір сөздерге әртүрлі қосымшалар жалғанып, жаңа сөз жасауға үйтқы болады (түпсіз, теперіш, шабуыл т.б.). Ал метатеза үшыраған варианттарда (түк-, шақ-, т.б.) мұндай қасиет жоқ. Сондықтан дыбыстардың нақтылы бір фонетикалық жағдайындағы транспозициялануы жазуда ескерілмеуге тиіс. 
      Жарыспалы сөздердің біріне артықшылық беруде, яғни жазуда ескеріп отыруға, ек түбір сөзге сүйену кейбір параллельдер үшін жеткіліксіз. Мұндайда дыбыстардьщ транспозициялану бағытына сүйену тиіді деуге болады. А.А. Пальмбах пен Ф.Г. Исхаков өздерінің «Тува тіліндегі және кейбір Тұркі тілдеріндегі метатеза құбылысы» деген макалалаарында В.В. Радловтың «Тілдің артқы бөлшектерінің түйісуінен кейін іле-шала ерінді түйістіру, еріннің түйісуінен кейін іле-шала тілдің артқы бөлшектерін түйістіруден жеңілдеу» деген пікіріне аназар аударады. Сепкіл, тепкі, әпке, түпкі сөздерінің секпіл, текпі, әпке, түкпі түрінде (пк>кп) айтылуын В.В. Радловтың осы пікірне байланысты қарастыруға блады.

       Яғни  еріннің түйісуі арқылы жасалатын дыбыстарға (п, б) қарағнда, тілдің артқы бөлшегінің түйісуі арқылы жасалатын дыбыстардың (қ, к) бұрынырақ айтылуы физиологиялық тұрғыдан анағүрлым жеңілдеу болуға тиіс. Сөз шенінде (п,к) дыбыстары тіркесіп келгенде, сөйлеу кезіндегі физилологиялық қолайлыққа байланысты [к] дыбысы [].п -дан бұрын келуге тырысады, ягни дыбыстардың орын алмасуы [п]-дан [к] дыбысна қарай бағытталған деуге болады. Сөйлеу кезіндегі (в речи) мұндай спонтандық өзгерістердің түп-түгел жазуда еленуі шарт емес. Секпіл, өрекпі, жықпыл тәрізділер - сепкіл, өрекпі, жыпқыл сөздерінің спонтандық варианты. Бұларды мағыналық жүк, стильдік реңк алған айнал-айлан, деме-меде параллельдерімен бір деңгейде қарауға болмайды. Дыбыстардың транспозициялану бағытына сүйене отырып, жоғарыда айтылған жарыспалы сөздердің жазу-сызуда еленетін нұсқасын былайша көрсетуге болады: өрекпі (өрекпі емес), жыпқыл (жықпыл емес), шыпқырт (шықпырт емес), әпке (әкпе емес). Іргелес келген жағдайда жасалу орны ілері дыбыстар жасалу орны кейінгі дыбыстардан соң айтылуға тырысуы біздің жорамалдауымызша тек [к] мен [п] ғана емес, өзге де дыбыстарға қатысты тәрізді. Мысалы: қүптан — қүтпан, бопса-боспа, күбжеңде-күжбеңде, шыбжалақта-шыжбалақта т.б. Мұндағы [п] дыбысы [т]-ға [6] дыбысының [ж]-ға қарағанда жасалу орны ілгері. Дыбыстардың осындай транспозициялану бағытына сүйене отырып, бұлардың жазылуда ескерілетін варианты қүптан, бопса, күбжеңде, шыжбалақта деуге болады[31,99 б].

    Герминацияланған дауыссыздармен келетін түбір сөздердің саны тілімізде біршама шектеулі. Оларға мына тәрізді сөздер жатады: мүдде, күллі, махаббат, әккі, ләззәт, жаппа, ыссы, әдді, гәкку, ләббай (ләппай), жаннат (жер жаннаты), лоққы, жаббар (жаппар), әттең, ыссы, мұттайым, қисса, әлқисса, оппа, құттықтау, құдды әккі, тәкаппар т.б. гемината дауыссыздардың тіліміздегі бір алуыан сөздердің құрамынан орын тебуі бір сөзбен екінші сөзді ажырату қызметінде жұмсалатындығына байланысты мысалы: оппа (оппа қар) - опа (опа бермеу), жаннат (жер жаннаты) - жанат (жанат ішік), жаппа (баспана мағынасында) - жапа (жапа шегу), қисса (қисса дастан) — қиса (етістік) т.б. 
    Кейбір дауыссыздардың геминациямен айтылуынан «қашықтауға» байланысты молла, әмме, кәззап, алла тәрізді сөздер молда, әмбе, кезеп, алда түрінде игерілгендігі байқалады. Сондай-ақ [ашшы] ащы - ашты, ыссы -ыстық параллельдерінің әуелде жарыса жұмсалуы да осы ерекшелікке байланысты деуге болады.

       Бірсыпыра  сөздердің геминаталар арқылы  қолданылуы дыбыстардың созылыңқы  айтылуында болатын әкспрессилық  мүмкіндікті пайдалануға қатысты. Мысалы, махаббат, ләззат, мәссаған (модаль сөз), жаннат (жер жаннаты), құдды, әуппай (одағай) т.б. сөздер дауыссыздардың әмфатикалық созылыңқылығына байланысты әкспрессияға ие болып тұрғандығын аңғарамыз. Бұларды "жалған" геминаталар деп атауға да болады. Қазақ орфографиясында шш геминатасының арнайы щ әрпімен таңбаланатын орындары бар. Бірақ бұлардың саны текащы, тұщы кеще, шщ-ай (одағай) тәрізді үш-төрт сөзбен шектеледі. 
     Кейбір сөздердің геминаталарға қатысты әліптемесі жазу тәжірибесінде әртүрлі беріліп жүр: жаппар-жаббар, тәкаппар-тәкаббар, ләббай-ләппай; тұлтығу - түтығу, түттықпа-түтықпа, қүттықтау - қүтықтау; молла-модлда; алла-алда т.б. 
     Тіпті Орфографиялық сөздікте (1978 ж) ләббай- ләппай, жаппар -жаббар варианттарының жаббар, ләббай нүсқасы берілген. Бірақ дәл осы іәрізді тәкаппар - тәкаббар вариантының осы сөздікте тәкаппар нүсқасы негізге алынған. Осы сөздердің орфографиялық сөздікте бұлай берілуі негізсіз емес. Бір жағынан, үяң вариант Түріндегі ләббай, жаббар сөздері, олардың қатаң Тұріне қарағанда, Тұрақты колданылатын орны, әрі жиірек жүқмсалатын жері көне, кітаби контекст деуге болады. Екінші жағынан, олар пассив лексикаға жататын көне реңкке ие сөздер. Ал тәкаппар-реңкі жағынан бейтарап актив лексикаға жатады. Тәкаппар - тәкаббар варианттарының реңктерін бейтараптық, әкспрессия, көнелік т.б. Тұрғыдан қарағанда, біріне-бірі қарама-қарсы сипатта деуге болмайды. Ал молла-молда, біссімілла-біссімілда варианттары бұл жағынан қарама-қарсы сипатта: молда-бейтарап реңкте, молла-кітаби, көне реңкте, керісінше , алла, біссімілла, кітаби реңкте, ал біссімілда, алда -сөйлеу тіліне тән реңкте. [т] дауыссызының бірде геминақияланып, бірде жалаң айтылуына байланысты сөздердің жазылуы да әртүрлі. Мысалы: құттықтау (орфографиялық сөздікте) - құтықтау (орфографиялық сөздікте берілмеген), түтығу (орфографиялық сөздікте) - түттығу (орфографиялық сөздікте берілмеген). Мұндағы күттықтау - қүтықтау вариантын кейде саралап қолдану фактісін кездестіруге болады: қүттықтау «приветствие» (приветственная речь - құттықтау сөз), қүлықтау «поздравление». Ал тұттығу түтығу, түттықпа-түтықпа вариантының геминақиямен айтылатын нұсқасын (әкспрессиялық өң, көне реңк т.б. мақсатта жұмсауды қажетсінбеуге байланысты) сөз қолданыстан бірте-бірте ығыса бастаған деуге болоады. Сондықтан орфографиялық сөздікте бұл сөз жалаң т нұсқасында берілген.

 
 
                                        3.1 Фонема, дыбыс және әріп

 
    Қазақ тілі бітім-тұлғасы жағынан өзге де түркі тілдері тәрізді жалғамалы тілдердің қатарына жатады. Сондықтан да түрлі-түрлі лексика-грамматикалық амалдардың барлығы дерлік сөз тудырушы , сөз түрлендіруші қосымшалары арқылы жасалады. Сөздің түрлі қосымшалармен түрлену барысында түбір мен қосымшаның жігінде әртүрлі дыбыстық құбылыстар (ассимиляқия, аккомодақия, абсорбқия, лабиалды аттракқия, палаталды аттракқия, диссимиляқия, метатеза, диәреза, протеза, редукқия т.б.) пайда болады. Неліктен бұлай жазылады, неге басқаша жазылмайды? Дыбыс өзгерістерінің орфографиясындағы көрінісі қандай? Түбірдің қосымшалардағы дыбысқа, керісінше, қосымшалардың дыбыстардың түбірге тигізер әсер-ықпалы болады. Жазу тәжірибесінде мұндай құбылыстардың бәрін бірдей ескеру қажет пе? Бұлардың қайсысы есенеді, қайсысы еленбейді? Алайда, сырт қарағанда, [башшы], [жұмүшшү], [сеңсейсің], [сембісің], [ылашшыз] деп жазбай, басшы, жұмысшы, сенгейсің, сенбісің, лажсыз деп таңбалауымыздың себебі өзінен-өзі түсінікті де тәрізді. Бұлай жазудағы мақсат - сөздің «түбірін» сақтау. Мұндай дәстүрлі түсінік, тіпті ектеп оқушыларына да белгілі. Бірақ сөздердің барлығы бірдей осы қағида бойынша жазыла ма? Бірқыдыру сөздерді басшы, жұмысшы, сөзшең, ақ алма деп «түбір» сақтап жазып, [ш]-ның [с], [з]-ға, <а>-ның <қ>-ға тигізер әсерін ескермейміз, ал бірсыпыра сөздердің жазылуына келгенде ақ-ағар, жок-жоғал, теп-теуіп, тебін, тарақ-тарағы деп жазып, дауыстылардың дауыссызға тигізер әсерін ескеруіміз неліктен? Сөздің түбірі ағ,- жоғ-, теу-,теб-, тарағ-, емес қой? Бірде олай, бірде бұлай жазуымыз, бәлкім, қосымшалардың сөз мағынасын өзгерту қабілетіне байланысты болар? Бірақ бұлай деуімізге негіз жоқ. Өйткені бұл арада қосымшалармен түрленген сөздердің қай-қайсысының да лексика-грамматикалық мағынасы өзгермей қалған жоқ. Міне, бұл тәрізді сауалдардың жауабын іздесек, мәселе әлдеқайда күрделене түседі. Сонымен, қазақ орфографиясының бұл тәрізді принципті мәселелері, жекелеген жайттары арнайы зерттелмесе, бірсыпыра сөздердің жазылуы тиянақты шешімін таппай, жазу тәжірибесінде ала-қүлалық тудыруы ықтимал. Мұндай кемшілік жалпы жазу мәдениетін төмендетері сөзсіз. Жазу мәдениеті төмен болса, әдеби тілдің коммуникақиялық қызметі де айтарлықтай болмайды [32,234 б].

     А.Байтұрсынов өзінің "Тіл- құрал" деп аталатын еңбегінде мынаны айрықша қадағалап айтқан: "Дыбыс таңбасын қарып деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қарып бар дейміз. Айтқан сөз ішінде пәлен дыбыс бар дейміз. Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатыстырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қарып көрінетін, естілмейтін нәрсе" [ 33,10 б].

    Тілдік системаға, оның құрылымдық жүйесіне орфографияның сәйкес болуы қажет. Сонда ғана тілдің жазбаша және ауызша түрлері бір-бірінен алшақ, кереғар кетпейді. Алайда мұндай талап тілдің жазбаша және ауызша түрінің айырмасын мүлдем жойып, ерекшелігін елемеу деген сөз емес. Жазба тіл ауызша тілдің хатқа түскен жай ғана көшірмесі емес. Ауызша сөйлеуде интонақия, сөздердің ерекше мәнермен айтылуы, ой екпіні, әмфазалык құбылыс т.б. толып жатқан дыбыс заңдылықтары болады. Олардың бәрін бірдей жазуда таңбалау мүмкін емес. Тіл тарихында ондай жазу болған да емес. Бернард Шоудың «иә» деп айтудың елу түрлі, «жоқ» деп айтудың бес жүз түрлі тәсілі бар, ал оларды жазудың амалы біреу-ақ деген сөзі осы орайда айтылған. Қой, түн, жаз тәрізді сөздердің айтылуы мен жазылуында айырма жоққа тән. Бірақ тілімізде көптеген сөздің айтылуы мен жазылуы бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Мысалы, [қоралат]; [төрөгөрсең, тоналарсың] (мақал) деп айтылғанмен, өзгеше жазамыз.

     Қарым-қатынасқа  түскенде сөздер белгілі бір  орфоэпиялық заңдылыққа орай бір-бірімен ұласа айтылып, бір-біріне ықпал жасап, әртүрлі фонетикалық өзгеріске ұшырайды. Ал осындай жүйені елдемей, тілдік дыбыстарды нақпа-нақ айтсақ, сөздің дыбысталудагы тұтастығы бүзылып, дыбыстау мүшелеріне айрықша күш түседі. Сөйлеуде дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, ықпалын тигізіп, ұласа айтылуы - мәнді фонетикалық құбылыс. Бірақ аса маңызды бола тұра бұл құбылысты бәрі бірдей жазуда еленбейді.

        Сөздің  айтылуы бар да, жазылуы бар. Әдетте  мынадай көзқарас кездеседі: шын  тіл- жазылған (көзбен көріп отырған) тіл, яғни сөзді қатесіз етіп жазу. Жазу — «жүгіртіп» оқуға жеңіл, қабылдауға қолайлы болуы қажет. Жазудың (письмо) мақсаты сөздің айтылуы мен дыбысталуын дәлме-дәл көшіру емес, қандайда болсын белгілі бір ойды хабарлау. Егер қоралы ат, төреге ерсең, тоналарсың дегендерді айтылуынша жазсақ (қоралат па, қоралы ат па, «төреге ерсең, тоналарсың әлде төре көрсең, тон аларсың» ба?), информақияны қабылдауды күрделендіре түсер еді де, артық әнергия жұмсауға тура келер еді. Сондай-ақ (бірқанатты гөрдү) дегенді )бір ғана атты көрді), «бір қанатты көрді» деп әртүрлі үғынуы мүмкін. Сөз ішіндегі, тіркес шеніндегі дыбыстардың бір-біріне тигізер позициялық, комбинаторлық әсер-ықпалын ескермей, дыбыстарджың фонематикалық мәнін сақтап жазу тексті қиындықсыз, кедергісіз оқуға мүмкіндік береді. Бұл - жазудағы (графикадағы) фонематикалық принцип. 
   Бірақ фонемалардың «мәнін» сақтап жазу дегенді қалай түсінуге болады? 
Фонемалардың әртүрлі позициялық, комбинаторлық реңктері болатын белгілі.

Фонема (гр. phonema- дыбыс)- сөздер мен морфемаларды бір- бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функционалды единицасы [34,8 б].

Ол реңтер (оттенок, аллафон) белгілі бір фонетикалық қоршауда көрінеді. Мысалы, [н]-ның сөз басында, сонорлармен іргелес келгенде, жуан, жіңішке, еріндік, езулік дауыстылармен қатар айтылғанда т.б. фонетикалық жағдайларда тәуелді әр қилы реңктері болады. Қысқасы, фонетикалық жағдай қанша болса, фонеманың соншама реңкі болады. Бірак солардың ішінде фонемалық неғұрлым тәуелсіздері негізгі реңк те, қалғандары қосымша реңк болады. 
    Мысалы, бүгін, бүгінгі сөздеріндегі [н]-ның фонетикалық жағдайға тәуелділігі бірдей емес. ^ Бүгін сөзіндегі [н]-ға қарағанда бүгінгі сөзіндегі [н]-ның дыбыстық қоршауға тәуелділігі әлдеқайда басым [бүгүңгү]. Әрине, дыбыстардың барлық реңктерін ғылыми зертеулерде болмаса, жазуда көрсетудің мәні жоқ. Жазуда фонеманың сөзтанымдық қызмет атқаратын негізгі реңкі ғана белгіленеді. Морфеманың фонемалық мәнін сақтап жазу дегенді осылайша түсінуге болады. 
    Сонымен фонема - дыбыс - жазу бір-бірімен тығыз байланысты. 
Алайда фонемалардың негізгі реңктері мен қосымша реңкін ажыратудың өз қиындығы бар. Мысалы, тон, төн, таң, тән дегендегі <т> бІрде жуан, бірде жіңішке реңкте жұмсалып тұр. Бұл екі реңктің де фонетикалық ортаға тәуелдігі бірдеу. Сондықтан <т> -ның негізгі реңкі жуан <т> немесе жіңішке <т> деу қиын. Осыған байланысты алфавиттегі Т әрпі жуан <Т>-ның немесе жіңішке <Т>-нің өкілі деп үзілді — кесілді айту тағы қиын. Сырт қарағанда мұндағы жуан, жіңішке реңк тепе-тең сияқты. Дегенмен бұл екі реңктің бірін негізгі, бірін қосалқы деуге болады. Оны қарапайым мынадай тәжірибеден байқауға болады. Мысалы, филоло. Емес әртүрлі аудиторида түн, түн тәрізді сөздерді тақтаға жазып, «бұл сөздерде қандай дыбыстар бар?» деген сүрауға [т], [ұ], [н], [ү] дыбыстары бар деп, аудитория бірауыздан жауап береді. Бұдан азақ тілінде сөйлеушінің психикасында фонеманың негізгі реңкі жуан [т], [н] екендігін байқаймыз. Олай болса, қазақ алфавитіндегі Т әрпі - жуан [т]-ның өкілі. Сондай -ақ негізгі реңк айтуға «оңай» болса, қосымша реңк, мысалы [т], аздап болса да «күш» салып, сүйемелдеп айтуды қажет етеді.

        Бұл  жерде алфавиттегі әріптер фонемалардың  негізгі реңкін белгілейді деген  принципке қайшы келетін мынандай құбылысты байқауға болады. Мысалы, [қ] мен [к]-бір ғана фонеманың - татап айтқанда <к> фонемасының — жуан, жіңішке реңктері. Олай болса бұлар неге бір ғана әріппен таңбаланбайды деген заңды сұрау қоюға болады. Әрине [к] де, [қ] да бір фонеманың әртүрлі реңкі екені даусыз. Бірақ бұл реңктердің бірі негізгі, екіншісі қосалқы деуге болмайды. <к> фонемасының [к], [қ] реңктерінің, <г> фонемасының [ғ], [г] реңтерінің, тепе-тең болуы өзге дауыссыздардан олардың өзіндік ерекшелігі деуге болады. Жоғарыда аталғандай тәжірибені қайталап, «қүн»күн деген екі сөзде қандай дыбыстар бар?» десек, [қ], [к], [ұ], [н], [ү] деген бес дыбыс бар дейді. Сонымен, қазақ графикасында бір фонеманың тепе-тең реңкі арнайы әріптермен таңбаланады: [к]-к Ал қырғыз графикасында мұндай тепе-тең реңктер арнайы белгіленбейді:[4] / [Ү]                        <к> к <г> / г

Информация о работе Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері