Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2015 в 14:54, курсовая работа
Көптеген ғалымдар зерттеу нысандарына қарай оның ерекшеліктерін әр қырын қарастырған.Мәселен,лингвист-ғалымдар жазу әрекетінің тілдің ара қатысын сөз етсе,психолог жазу әрекетін жалпы ми арқылы өту үрдісін,жүру бағытын зерттейді.Физиолог оның жұмыс істеу механизмдерін,құралдарын,қызметін тексереді.Психолингвист жазу әрекеті іске асу үшін жұмсалатын тұлғалардың санамен байланысын,сөйлеу мүшелерінің ойға қатысты қимыл-қозғалысын дәлелдейді.
Кіріспе................................................................................................................3
1.Орфографиялық дағды туралы жалпы түсінік.............................................
1.1.Орфографияны оқытудың дидактикалық және методикалық мәселелері....
1.2.Орфографияны оқытуда грамматикалық ереженің ролі...........................
2.Сөздердің дұрыс жазылуына байланысты орфографиялық материалдар......
2.1.Орфографиялық жаттығуларды орындату....................................................
2.2.Жаттығу материалдарын іріктеу........................................................................
2.3.Орфографиялық талдау.......................................................................................
2.4.Оқушының өздігінен жүргізетін жұмыстары..................................................
2.5.Оқушылардың жазба жұмыстарындағы емлелік қателерді түзету әдістері..
3.Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері......................
3.1.Фонема,дыбыс және әріп...............................................................................
Қорытынды...........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................
в) сөздердің морфологиялық
бөліктерінің ұқсастықтары мен
айырмашылықтары салыстырылады;
г) грамматикалық категориялар
мен олардың тұлғалары
салыстырылады[17, 112 б].
1.2 Орфографияны оқытуда грамматикалық ереженің ролі
Грамматикалық ереже қолдану тәртібі Я. А. Коменскийге дейін былайша жүйеленген еді. Алдымен ереже айтылып, одан кейін мысал келтіріп, ең соңында жаттығу жүргізілетін. Коменский бул схемаға өзгеріс енгізіп, бірінші орынға мысалдарды, екінші орынға ережені қойды.
Жаңа материалды түсіндіру алдында оған әзірлік жұмыстарын ұйымдастырған тиімді. Өтілетін материалдың тақырыбын тақтаға жазу әзірлік жұмысының бір түрі болып табылады. Алайда бұл істі барлық мұғалім әр уақытта орындап отырмайды. Өтілетін материал тақырыбын тек ауызша айтып қою оқушылар зейінін аудара алмайды. Ал егер «Біз бүгін ү әрпінің жазылу емлесін оқимыз. Сендер ү әрпі і әрпімен ауысып жазылатындығына назар аударыңдар» деген түрде алдын ала ескерту жасалып отырырылса, оқушы сабақ мақсатын түсінетін болады. Сабақты өтпей тұрғанда, оқушы ү мен і әрпінің алмасып жазылатындығына күмән келтіруі мүмкін. Алайда ү мен і үнемі алмаса бермейтіндігін оқушылар есте үстаулары керек. Санаулы сөздерде ғана сөйлемнің соңғы буынында ү әрпі жазылатындығы жөнінде орфографиялық ережені мұғалім түсіндіріп, сөздер көрнекі құрал арқылы немесе тақүтаға жазылып көрсетіледі[18, 32б.].
Мұғалімнің мақсаты
- белгілі грамматикалық категорияға байланысты
оқулықта берілген ережені ғана білгізіп
қою емес, сол ережеге сүйене отырып, тілдік
материалды таныту, соның төңірегінде
оқушыны ойланту, ақыл-ойын дамыту. Оқылған
грамматикалык каптегорияны оқушы тани
білуге, оны түрлендіруге, емлесін жазу
практикасында мұлтіксіз колданып отыруға
тиіс. Бұл үшін материалды жақсы түсініп,
берік меңгеруі керек. Мұғалім түсіндіру
үстінде оқушылар назарын өзіне аудартады.
Жалықтырмас үшін сұрақ-жауап арқылы оларға
әңгімелетеді, сөйтіп сабаққа оқушылардың
белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай
жағдайда оқушылардың оқулықпен өздігінен
жұмыс жүргізуі материалды пысықтау немесе
қайталау түрінде жүзеге асырылады.
Ереже, әдетте, жазуды
орфографиялық нормаға түсірудің құралы
болып табылады. Тіпті кейде жеке бір сөзді
жазудың өзіндік ережесі болады.
Ережелерді меңгерту
нәтижесінде қалыптасатын орфографиялық
белгілі ереже бойынша өздері таныс сөздерді
ғана дұрыс жазумен шектелмейді, сол орфограммамен
жазылатын өздеріне таныс емес сөздерді
де қатесіз жазатын болады.
Жинақтық дағды қалыптастыру
үшін әртүрлі лексикалық, синтаксистік
материалдарға негізделген жаттыгу жұмыстары
жүргізілуі тиіс. Нақтылы материалдарға
жаттыға отырып, абстракқиялау процесі
жүзеге асырылады. Жинақтық дағды қалыптастыруда
сөздік материалдарды вариантқа бөлу
де шешуші роль атқарады. Бір вариантты
ереже белгілі фнетикалық немесе грамматикалық
құрылымдардың жазылуын бір түрде ғана
сипаттаса, көп вариантты ереже олардың
жазылуын кемінде екі жолмен көрсетеді.
3. Фонетикаға байланысты
орфографиялық материалдар. Фонетиканы
оқи отырып оқушылар әдеби тілдің орфоәпиялық
нормаларымен танысады. Бұған дауысты
мен дауыссыз дыбыстар, олардың жуан, жіңішке,
үнді, үяң, қатаң түрлері негіз болады.
Орфоэпиялық кемшілік
сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алмаушылықтан,
өте шапшаң немесе өте баяу сөйлеуден,
белгілі бір дыбысты айта алмағандықтан
болады. Бала көбінесе р, л, ш, ч, щ, с, қ,
ә дыбыстарын дұрыс айта алмайды. Соның
әсері жазуға да тиіп, бар сөзін бал, жоқ
сөзін соқ деп те жазады.
Кейбір диалектілік
сөйлеу ерекшелігі бар оқушылармен орфоәпиялық
жұмысты байыпты жүргізуді есте үстау
керек. Оқушылардың сөзіндегі диалектілік
қателерді түзету үшін мына сияқты жұмыстар
жүргізуге болар еді:
1. Оқушылардың неғұрлым көбірек қате жіберетін
сөздерін таблица
ретінде жазып, класқа іліп қою қажет.
Таблицадағы сөздермен танысып,
дұрыс айтуға төселу керектігі оқушыларға
алдын ала ескертіледі.
2. Дыбыстық алмасу кездесетін сөздерді
оқушыларға жаздырып,
алмасып естілетін дыбыстардың асты сыздырылады.
3. Таблицаға я тақтаға диалектілік варианттары
бар сөз жазып, қайсысы
әдеби нұсқаға жатаныны айтқызылып және
дәптерлеріне жаздырылады.
4.Көркем әдебиет шығармаларынан
арнаулы текстер оқып, қажетті
дегендерін жаттатады.
5.Көркем сөз шеберлерінен жазылып
алынған грампластинкалар мен
магнитофон тыңдалады.
Фонетиканы оқыту барысында
орфографияны үйрету елеулі орын алады.
Орфографияны берік меңгеру оқушылардың
ережені пайдалана отырып, дыбыс пен әріп
ара қатынастарын аша білуіне негізделеді.
Тілде әр турлі фонетикалық құбылыстар
болады. Тілдік қызметті атқару барысында
фонемалар өзінің ерекшелік сипатын сақтауы
да, түрлі өзгерістерге ұшырауы да мүмкін.
Фонетиканың «үндестік заңы»
деп аталатын тақырыбы бастан — аяқ орфографиялық
мақсатты көздейді. Мұнда орфоәпиялық
та ерекшеліктер қамтылады. Буын үндестігі
заңы бойынша, түбір сөздің соңғы буынның
жуан я жіңішке блып келуіне қарай қосымшүа
да жуан я жіңішке болып үйлесуі шарт.
Бұл ережені окушылар жеңіл меңгере алады.
Алайда тіліміздегі барлық сөздерге қосымша
осы сияқты тәртіппен жалғана бермейді.
Міне, осығңан байланеысты ереже де, жаттығу
да мол жүргізіліп, оқушылардың игеруіне
тиімді жағдайлар жасалу керек. —мен (-бен, -пен),
паз —қор, -қой, -кеш, -гей, -гер, -хана,
-тал, -дар, -нікі (-дікі) қосымшалары
сөздің соңғы буынының жуан я жіңішкелігіне
қарамастан осы күйлерінде ғана жалғанады
(қолмен, өнерпаз, өсімқор, әзілқой, күлекеш,
сәуегей, саудагер, шілдехана, өсімтал,
білімдар, колхоздікі т.б.) деген ережемен
шектелуі жеткіліксіз. Бұлардан басқа
да бірсыпыра ерекшеліктерді қамти кетуге
тура келеді. Дыбыс үндестігі, негізінен
мынадай ережеге бағынуы тиіс: а) түбір
сөздің соңғы дыбысы, дауысты, үнді я ұяң
дауыссыз болса, дауыссыздан басталатын
қосымшаның басты дыбысы үнді я үяң дыбыс
болады; ә) түбір сөздің соңғы дыбысы қатаң
дауыссыз болса, дауыссыздан басталатын
қосымшаның басты дыбысы қатаң болады[19,
85 б].
Фонетиканы оқытуды оқушылардың тілі мен ойлауын дамытуға көмектесетіндей етіп жүргізу үшін мұғалім: а) оқушылар білімінің жалпы дәрежесін ескеруі тиіс; ә) оқу материалдарының логикалық жағынан дұрыс және балалардың шама-шарқына, жас ерекшеліктеріне лайықтап дайындауы керек; б) класта жүргізілетін жұмыстар мен үй жұмыстарында творчестволық пен әрекет етуін ұйымдастыра олтырып, балалардың белсенді түрде ойлай білуін дамыту қажет; в) оқулықпен қоса орфографиялық сөздік, көрнекі құралдар пайдаланып отыруы керек.
2.Сөздердің дұрыс
жазылуына байланысты
Тұлға жағынан
алып қарағанда, қазақ тіліндегі сөздер
бес түрлі тұлғада қолданылады (негізгі
түбір, туынды түбір, қос сөз, біріккен
сөз, қысқарған сөз), олардың әрқайсысының
өзіндік тұлғалық ерекшелігі болғаны
сияқты, әр қайсысына тән орфографиялық
ерекшеліктер де бар. Сөздердің жазылуындағы
морфологиялық өлшем негізгі түбір болмақ.
Негізгі түбірге қосымша жалғануы арқылы
сөз түрленеді, өзгереді немесе грамматикалық
қарым-қатынасқа түседі.
Түбір сөздің жазылуының да
өзіндік заңдылығы бар. Қазақ ітіліндегі
түбір сөздерге тән қасиет олардың кілең
жуан дауыстыдан немесе жіңішке дыбыстардан
тұратындығы (жұмысшы, мемлекет т.б.). Бұл
ерекшелікті негізгі сипат ретінде үйретуі
керек. Ескерту ретінде кейбір санаулы
сөздерге жуан және жіңішке дыбыстар араласа
келетіндігі айтылдады (қызмет, кітап
т.б.).
Туынды түбір жасайтын қосымша да (жұрнақ), сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқаратын қосымша да (жалғау) түбір сөздің жуан я жіңішкелігіне қарай үйлесе қосылады (оқы+ған, өнер+лі, бала+ға, іні+ден т.б.). Бұл ережеге бағынбай қосылатын қосымшалар фонетикаға байланысты айтылған. Сонымен бірге қосымшаның басты дыбысы түбір сөздің соңғы дыбысына үндесе ыңғайласады. Орфографиялық бұл ерекшеліктерді үйрету барысында грамматикалық ережелер мен жаттығу жұмыстарын араластыра жүргізу тиімді. Арагідік оқушылардың өздеріне мысал ойлантып отырған да жақсы нәтижеге жеткізетін тәсіл[20, 123 б.].
Қос сөздер дефис арқылы жазылады деп қана өте шығу жетімсіз. Алдымен қос сөздердің мағыналық ерекшлеіктерін түсіндіріп алу керек. Қосарланып тұрған сөзге мағынасымен қоса тұлғалық та талдау жасалуы жөн. Өйткені қосымшалар қосарланған сөздердің соңғысына ғана қосылмайды, алғашқы сыңарына да қосыла береді {қолма-қол, көзбе-көз, үйді-үйіне, жылдан-жылга, бірде-бір т.б.).
Қос сөздер күрделі сөзге жатады.
Сөздер қосарланған жағдайда мағыналық
өзгерістер болады. Кейбір қос сөзде мүлде
жаңа мағына туса, кейбір қос сөзде мағына
түрленеді я үстемеленеді. Тілімізде қос
сөздер сияқты дефис арқылы жазылатын,
сырт қарағанда қос сөзге үқсас, бірақ
тең мағыналас күрделі сөздер де бар: орысша-қазақша (сөздік),
Біріккен сөздерді оқыту барысында жаттығулармен қоса класта 10-15, 15-20 минуттық диктанттар жаздырып, сондағы біріккен сөздерді тапқызу және олардың қандай-қандай түбірден бірігіп тұрғанын айтқызу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Оқушылардың сөздік дәптерлеріне жазылуы қиын деген сөздер жаздырылады.
Қысқарған сөздерді
оқытуда бас әріппен және кіші әріппен
жазылатын түрлерінің ара жігі ашылады
да, олардың нендей сөздерден қалайша
қысқарып тұрғандығы айтқызылады. Белгілі
бір күрделі атауларды жаздырып, сол күрделі
атауларды қысқарту тапсырылады. Бас әріптері
алыныгт қысқарған күрделі атауларға
қосымша қосылу ретінде молырак жаттығу
жүргізілуі керек. Әріптерден қысқарған
сөздерге қосымша соңғы әріптің айтылу
әуеніне қарай қосылады және қосымшалар
қысқарған әріптерден дефис арқөылы бөлек
жазылады.Мысалы:СССР-дың(әс-
2.1 Орфографиялық жаттығулар орындату
Грамматикалық материал
түсіндірілгеннен кейін, жаттығу жұмыстары
жүргізіледі. Жаттығу жұмысының мақсаты
- грамматикадан алған білімді жазу практикасында
пайдалана білуге икемделу.
Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай,материалды таңдауғ қойылатын талаптар туады.Жаттығуларды жүргізу үшін алынатын материалдар да бірден-біге лексикалық,синтаксистік жағынан күрделене түсуге тиіс.Материал таңдауда әсіресе мына жағдайлар ескеріледі:
1.Грамматикалық немесе
орфографиялық құбылыстарды
2.Жаттығуға арнап материал таңдағанда тіл дамыту мен жазу жан-жақты ескертілуге және бұрын өтілгендерді үздіксіз қайталау есте болуға тиіс.
3.Жұмыстың әр түрлі кезеңдерінде бір тексте (сөздік,фразалар немесе текст) материалдарды қайталап отыру дұрыс болмайды.Мысалы,алғашқыда "қала" сөзіне түбірлес сөз тапқанда "қалалар" десе,кейінгіде "қалалы,қалашық,қалашыл т.с.с" сөздер айтқызылады.
Грамматикалық ережені меңгеру оны практикада әске асыра білу процесінде жүзеге асады. Анықтама ережені оқушылардың түсінуі материалды игерудің алғашқы бастамасы ғана. Орфограммалардың жазылуын есте сақтап қалу үшін қайталама қабылдау қажет болады. Орфограммаларады кайталай түсу оқушыларды анализ және синтез операцияларын орындауға дағдыландырады. Жаттығу неғұрлым мол орындалса, оқушылардың материалды меңгеруі де соғүрлым жеңілдейді. Грамматикалық форманы тану оны қабылдаумен бір мезгілде жүзеге асады. Сөйтіп, орфографиялық жаттығулар орындау кезіндегі оқушылардың күрделі аналитика-синтетикалық қызметі, біріншіден, ережені түсінуге, екіншіден, орфографиялық дағдылардың қалыптасуына негіз жасайды.
Жаттығулар орындалу сипатына қарай: 1) көру сезімі арқылы; 2) есту сезімі арқылы орындалатын жаттығулар деп бөлінеді.
Мұғалім қандай
да болмасын,бір сезім
Көру сезімі мен есту арқылы орындалатын жаттығу ішінде сөзді дұрыс айту және оны дұрыс жазу сияқты кинеәстетикалық әлементтерге қоса, сезімдік қабылдаулар ойлау қызметімен үштасып отырады. Көру сезімі арқылы көьшіріп жазу жұмысында мынаны ескеруге тура келеді: егер әріп немесе сөз жазылмаған тексті көшіріп жазу керек болса, онда өтіліп отырған орфограмма көру сезімі арқылы қабылданбайды, оны оқушы ережені ескере отырып, ойлау арқылы табады, ал сөйлемдердегі басқа сөздерді көру сезімі арқылы көшіріп жазады.
Ойлау проқестерін дамыту сипаттарына қарай орфографиялық жаттығуларды былайша топтастыруға болады: 1) аналитикалық немесе граммаматика-орфографиялық талдау түріндегі жаттығу, 2) синтетикалық немесе текст құрау үшін сөйлемді қайта құру я өздігінен құру жаттығулары, 3) грамматикалық ерекшеліктерді топтастыру сипатындағы жаттығу немесе орфограммалардың грамматикалық жіктер мен формаларына қарай, мысалы, жұрнақұтар мен жалғаулар т.б. бөлу, 4) ұқсас немесе қарама-қарсы формалар бойынша жұмыс. Жаттығудың бұл түрлері бір-бірлерімен тығыз байланысты, сондықтан да оларды белгілі-бір сабақта үштастыра отырып, жаттығу орындату тәсілі жан-жақты түрлендіріп отыруға да болады. Алайда, грамматикалық немесе орфографиялық сабақтарының бәрінде бірдей бұл жұмыстарды түгелдей жүргізудің кажеттігі болмайтын жағдайлары бар. Тіпті, кейде өтіліп отырған материал сипатының өзі көрсетілген іс-әрекеттерді бір гана түрмен шектеуді қажет етеді [21, 332б.].Сондай-ақ, тілдік жаттығулар - өзара қарым- қатынас жасауға жаттықтыратын, тілдік нормаларға сәйкес орфографиялық, орфоэпиялық дағды қалыптастыратын жаттығулар болып саналады. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда тілдік жаттығулардың төмендегідей түрлері анықталды: орфографиялық жаттығулар, орфоэпиялық жаттығулар, грамматикалық жаттығулар, трансформациялық жаттығулар. Мұнда орфографиялық заңдылықтарды меңгерту, сөздерден сөз тіркестерін жасауға үйрету, орфографиялық нормаға сәйкес дұрыс жаза білуге дағдыландыру мәселелері қарастырылады. Оқушылар мәтіндегі сөздердің орфографиялық норма бойынша жазылуын меңгеруіне септігін тигізеді. Орфографиялық қысқаша сөздікпен жұмыс жүргізіп, сауатты, қатесіз жазуға бағыттайды. Оқушыларды көптік жалғауларды, болымсыз етістіктің жұрнақтарын дыбыс үндестігі заңдылығы бойынша жалғай білуге дағдыландырады. Оқушыларда орфографиялық дағды қалыптасып, тілдік нормаға сәйкес сөйлесім әрекетінің дұрыс болуын қалыптастырады.
Информация о работе Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері