Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2015 в 07:48, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықтық мемлекеттегі адам құқықтарының проблемалары мемлекет қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде қарастырылуға тиіс. Журналистік қызметтің жемісті болуы журналистің құқтық және этикалық қағидаларды жақсы білуіне тікелей байланысты. Заңды және журналистік әдеп пен тәртіптің қалтарыс-бұлтарыстарын жете білмеуі қалам қайраткерінің адымын аштырмайды, кейде өкінішті қателіктерге ұшыратады. Қазақстан Республикасының Конститутциясында кепілдік берілген сөз және баспасөз бостандығы журналистің бүкіл қызметінің іргетасы, ұстанар құбылысы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3

Ι ТАРАУ. Құқықты журналистика
Журналистикадағы құқықты журналистиканың қалыптасуы.................. 9
1.2 Журналистик этиканың құқтық негіздері....... 19


ΙΙ ТАРАУ. Құқықты журналистика және сот ісі
2.1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң және журналистің құқығы...................................................................................................... 36

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқықтық журналистика ДИПЛОМ.docx

— 125.50 Кб (Скачать документ)

        

 

 

 

 

ΙΙ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ СОТ ІСІ

2.1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң және журналистің құқығы

 

          Еліміздің негізгі заңы – ҚР Конститутциясы сөз бостандығына кепілдік беріп, әркімге заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқы бар екенін айтып отыр. Ал БАҚ-тардың қызметін реттейін «БАҚ туралы» заңда: «Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенімдерін баспа арқылы және де өзге нысанда білдіруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдіспен алуға және таратуға құқық беріледі» деп айтылған.

          Ал ақпарат сұрауға келетін болсақ, ҚР заңдарында ақпаратты тек жазбаша түрде сұрау керек деп еш жерде айтылмаған. «БАҚ туралы» заңның 18-бабы 2-1 тармағында: «Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар сұралып отырған ақпаратты (жазбаша немесе ауызша) өтініш түскен күннен бастап үш күннен кешіктірмей беруге не беру мерзімін немесе беруден бас тарту себебін көрсете отырып жауабын беруге міндетті. Қосымша зерделеуді және тексеруді қажет ететін өтінішке жауап ол келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей берілуге тиіс» деп жазылған. Ең бастысы, журналист ақпарат алған не ала алмаған кезде (ауызша немесе жазбаша), сол адамға сұрақпен шыққанын көрсететін дәлелдер тауып қоюы керек, себебі кейін сотқа шағымданатын болсаңыз, сол дәлеліңіздің маңызы зор болмақ.

        Журналистің міндеттері мен құқықтары ҚР «БАҚ туралы» заңында көрсетілген. Оның 21-бабында журналистің міндеттері толық аталады, ал 4-1 тармақта «Азаматтармен сұхбат жүргізген кезде дыбыс немесе бейнежазбаны пайдалануға келісім алуға міндетті» делінген. Сонымен қатар, БАҚ туралы заңның 16-бабы 2-тармағы: БАҚ-тардың (теледидар, радио хабарларын тарату) редакциялары эфирге шығарған өз хабарларының жазбаларын бір ай бойы сақтауға міндетті деп көрсеткен.

         ҚР Конститутциясының 20-бабы әркімге заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқық береді. Қандай мәліметтер мемлекеттік құпия болып саналатын заңмен белгіленген. Сонымен  заңның 2-бабы жол бермейтін «жабық ақпараттар»:

- Мемлекеттік құпиялар болып  табылатын мәліметтерді, заңмен  қорғалатын өзге де құпияларды;

- Экстремизм мен терроризмді  насихаттап, ақтауға;

- Антитеррористік операциялар  жүргізілген кезде, олардың техникалық  тәсілдері мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға;

- Есірткі, психотроптық заттарды, перекурсорларды, сондай-ақ порнографияны насихаттауға;

- Сондай-ақ, банк құпиясы ҚР «Банк және банк қызметі туралы» заңмен қорғалады, адвокаттық құпия ҚР «Адвокат қызметі туралы» заңмен қорғалады және т.б.

1999 жылы 15 наурызда қабылданған  ҚР «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңының 17-бабында құпиялауға жатпайтын мәліметтер тізімі берілген:

1) Азаматтардың қауіпсіздігі мен  денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және зардаптары туралы, сондай-ақ табиғи зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен зардаптары туралы;

2) Экологияның, денсаулық сақтаудың, санитарияның, демографияның, білім берудің, мәдениеттің, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы, сондай-ақ қылмыстың жай-күйі туралы;

3) Мемлекет азаматтарға, лауазымды  адамдарға және ұйымдарға беретін артықшылықтар, өтемақылар және жеңілдіктер туралы;

4) Азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарының бұзылу фактілері  туралы;

5) ҚР Ұлттық банкі алтын-валюта активтерінің және бағалы металдар мен асыл тастардың үкіметтік резервінің мөлшері туралы;

6)  Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының заңдарды бұзу фактілері туралы;

7) Осы заңның 14-бабында көрсетілген  мәліметтерді қоспағанда, саяси, әлеуметтік  және басқа себептер бойынша  жаппай қуғын-сүргіндер туралы, соның  ішінде мұрағаттарда жатқан мәліметтер  құпияландырылмауға тиіс.

      ҚР заңдары мемлекеттік емес кәсіпорындарды ақпарат беру міндетінен босатпайды, әрине, жабық және шектеулі ақпараттан басқаларына. ҚР «БАҚ туралы» заңының 20-бабында: «Журналиске мемлекеттік органдарға, барлық меншік нысандарындағы ұйымдарға баруға және өзінің қызмет бабындағы міндеттерін жүзеге асыруға байланысты ондағы лауазымды адамдардың қабылдауында болуға құқығы бар» делінген.

       ҚР «БАҚ туралы» заңның 21-бабы 4-бөлім 4-1 тармағы журналиске аудио-бейне жазбалар жүргізу үшін алдымен олардан келісім сұрауға міндеттейді. Бұдан тыс, азаматтың өзін көрсетпеу-көрсету құқығын ҚР Азаматтық кодексінің 145-бабы да қорғайды. Оның бірінші бөлімінде: «Ешкім адамның түрін оның келісімінсіз көрсетуге құқы жоқ, ал егер ол өлген жағдайда – рұқсатты оның туыстарынан сұрау қажет» деп айтылған. Сол баптың 2-бөлімінде: «Басқа адамның бейнесі салынған көркем сурет шығармаларын да (картина, фотосурет, кинофильм, т.б) сол суретте көрсетілген адамның өзінің рұқсатынсыз көрсетуге болмайды, ал ол өлген жағдайда, оның көзі тірі әйелінің не күйеуінің, я болмаса балаларының келісімін алу керек. Егер заңдармен келісім сұрау көрсетілмесе және ақысы төленіп түскен жағдайда, рұқсат сұрауды қажет етпейді. Сондықтан біреудің суретін келісімсіз БАҚ-қа шығарғанда, өте сақ болыңыз, әйтпесе, сізді сотқа тартып, үлкен көлемде моральдық шығын өтетіп алуы мүмкін.

         ҚР заңдары әр азаматқа телефон әңгімелерінің, жеке телеграф, т.б. хабарламаларының құпияда сақталатындығына кепілдік береді. Ол құпиялар тек заңда көрсетілген шеңберде ғана жариялана алады. Мысалы, кейбір жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру керек болғанда, онда да прокурордың санкциясымен. Сондықтан бұл жерде журналистің біреулердің жеке өміріне қатысты телефон әңгімесін олардың келісімінсіз жариялауы, әрине, заңсыз. Және ол үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Жеке мүліктік емес құқықтар тек адамдарда ғана бар. Оларға ар-намыс, абырой және іскерлік (кәсіби) бедел, сондай-ақ өз атыңа, өз суретіңе жүретін құқық және басқа да мүліктік емес құқықтар кіреді. Ал жануарларда ондай құқықтар жоқ және заңдар олардың сурет-бейнесі қорғамайды.

         Конституцияда бұл туралы жазылмаса да, қоғамда журналистика – төртінші билік деген ұғым қалыптасқан. Журналистер қаламның ұшымен, сөздің күшімен қоғамдық сананы қалыптастырады, қоғамдық ой тудырады. Сондықтан оларға жүктелер жүк ауыр, міндет мәртебелі. Нақ осындай міндет біздерге, үшінші мемлекеттік билік – сот жүйесіне де тән. Біз қоғамды заңсыздықтан, қиянаттан қорғауға, заң әділдігін сақтауға жауаптымыз. Олай болса, судьялар мен журналистердің ойлары орайлас, мақсаттары мазмұндас. Ал енді осы ортақ мақсатты іске асыру жолдары қалай? Бұл жерде басы ашық мәселе – сот қызметінің ашықтығын, жариялылығын жүзеге асыруға, халық пен сот арасын жалғастыруға ықпал ету тетігі бұқаралық ақпарат құралдарының қолында. Ал журналистерді жатырқамай жақын тарту, оларға қажетті ақпарат беру, заңды қолдану, сот төрелігін жүзеге асыру мәселелерінің қыр-сырын түсіндіру соттың еншісінде. Өзгеден құрмет күту үшін өзі де өзгені сыйлауы қажеттігін әрбір тәрбиелі, мәдениетті адам түсінеді деп ойлаймын. Осы қарапайым қағида сот пен бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы өркениетті, мәдениетті қарым-қатынастың қалыптасуына тікелей қатысты. Өзгенің пікірін сыйлаудың үлгісін сот пен бұқаралық ақпарат құралдары өздері көрсетуі керек деп ойлаймын.

Журналистиканың негізі шынайы өмірді барлық жағынан объективті көрсету болып табылатын шығармашылық қызмет екеніне тоқталып өткен Жоғарғы сот төрағасы журналистік қызметті мемлекет пен қоғамның арасын жалғастыратын мықты көпір ретінде бейнеледі. Бұл жерде ол Ричард Никсонның «Қаруға он доллар салғанша, баспасөзге бір доллар салған анағұрлым пайдалы: қарудың үні мүлде шықпауы мүмкін, ал баспасөз болса ертеден кешке дейін аузын жаппайды» деген сөзін келтіріп кетті. Бас судья жиында сот жүйесінің қызметі туралы ойларын, қандай өзгерістер енгізіліп жатқанынан да хабардар етті. Сот жүйесінің халық алдындағы сенім деңгейін аттыру туралы Елбасының тапсырмасын басшылыққа алып жұмыс істеп жатқандарын айтты. Сот органдарына деген халық сенімін арттыруға қол жеткізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше маңызы бар деп атап айтты. Бүгінгі күнде судьялар тарапынан да, журналистер жағынан да ынтымақтасып қызмет етуге құлықсыздық сезіледі. Сонымен бірге сот, құқық қорғау және бұқаралық ақпарат құралдары бір әлеуметтік ортада қызмет етеді. Табиғаты, қызметтері әртүрлі болғанмен, қоғамның мүддесіне еңбек етеді. Сондықтан сот органдарының қызметі туралы ақпараттар қоғамның санасына соттың рөлін арттыруға ықпал етуі тиіс. Кейде судьялар баспасөз өкілдерін сот залына кіргізгісі келмейді немесе аудио- бейне құралдарды қосуға рұқсат етпеген жағдайда БАҚ қызметкерлері судьяларға реніш білдіріп жатады. Мұндайда кейбіреулері өрескел қателіктер жіберіп, сот процесіне кедергі болуы мүмкін. Америка Құрама Штаттарындағы сот тәжірибесінде аудио-бейне жазбалар жасауға тыйым салынған, тек ұсақ қылмыстарды қараған кезде ғана рұқсат берілуі мүмкін. Сот процесіне бейнекамераны кіргізу немесе кіргізбеу судьяның қалауымен ғана болады. Сондықтан оған қарсы болмау керек.

          Сондай-ақ, кейбір БАҚ қызметкерлері сот процесі туралы жазғанда білімі жетіңкіремейді, сондықтан ақпарат халыққа бұрмаланып немесе теріс жеткізілуі мүмкін. Сондықтан бұдан былай журналистика факультетінің студенттері сот органдарына барып тәжірибеден өтетін болып келіскендей болды екі жақ. Бұл жағынан құқықтық салада хабар тарататын журналистерді жеке дайындау керек.

         Бәрімізге мәлім, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар қоғамдағы маңызды мәселелер деп қабылданады. Ал жалпы өмірде кейбір журналистер криминалды және тағы басқа оқиғаларға қатысты адамдарды кінәлі ретінде көрсетеді. Менің ойымша, бұл дұрыс пікір емес, істің мән-жайын және құқықтық жағдайларын анықтамай, біржақты үстіртін немесе алдын ала ол адамды қылмыскер ретінде қоғамдық пікір туғызу дұрыс емес деп есептеймін. Құқықтық журналистика баяу дамып келеді. Бұған бірнеше себептер бар, біріншіден, бүкіл Қазақстанда құқықтық журналистика туралы арнайы әдебиеттер жоқ, ал олар өзіндік мамандық ерекшеліктері бойынша жазылуы қажет. Екіншіден, осы дәрістерді оқуға машықтанған ғалым-педагогтар жоқтың қасы. Демек, ұзақ жылдар бойы бұл мәселелер немқұрайды қаралып келген. Осыдан туындайтын мәселе – журналистерді құқықтық сала бойынша дайындағанда оларды ерекше мамандық ретінде қастерлеу қажет. Сот шешендігі, құқықтық мәдениет, құқықтық сауат, т.б. осындай пәндерге ерекше көңіл бөлінуі қажет. Санкт-Петербург, Мәскеу университеттерінде арнайы оқулықтар жазылған және олар көпшілікке кеңінен таралған. Өкінішке қарай, бізде бұл әдебиеттердің табылуы қиын. Ал енді құқықтық мәдениетке келетін болсақ, біздегі кейбір басылымдар адам тағдырына мән бермейтіндігі былай тұрсын, тапсырыстар бойынша адамның ар-намысына тиетін материалдар жариялайды. Ал ол материалдар ешқандай дәлелсіз болып шығады. Бұның себебі кейбір редакциялардың сенсация немесе тағы да басқа бас пайдасы үшін журналистік этикаға, құқықтық мәдениетке теріс қылықтар жасауында. Келешекте журналистка факультетінде, Елбасы жолдауында айтылғандай, «БАҚ кадрларының кәсіби біліктілігін жетілдіру және сертификациялау ұлттық орталығының» ашылғаны да белгілі.

          Қазақстанда  тілшілер құқықтық жағынан қорғалмаған. Заңдар журналисті қорғауға емес айыптауға құрылған. Құқықтан гөрі жауаптылыққа тарту жағы басым. Қазақстандағы әр түрлі заңдар арқылы журналистерге шектеу қойылған. Мәселен, Монғолияның заңдарында БАҚ-ға қатысты екі-ақ бап бар. Бірінші бапта сөз бостандығына кепілдік беріледі, ал екінші бапта цензурға тыйым салынады деп жазылған. Өте қарапайым. Монғолияның ерікті мемлекет атануына осы заң баптары жеткілікті. Ал бізде заң да, бап та жетіп артылады. Бірақ, журналистке көмектеспейді. Көбінесе журналисті жазған мақаласы үшін соттап жатады, ал сол ақпаратты берген адам, ақпарат көзі жауапқа тартылмайды. Мәселен, мемлекеттік құпияны ашқан тұлға заңға тарталмайды, ал оны жариялаған журналист жауапқа тартылады. Бұл әділдік емес. Ал, халықаралық құқық бойынша мемлекеттік құпияны біліп, оны таратқан адам жауапкершілікке тартылуы тиіс, ал адамның айтқанын жазып алып, таратқан журналист қандай да бір жауапкершіліктен босатылуы тиіс. Бізде мемлекеттік құпияны таратты деген айыппен Рамазан Есіркепов әлі күнге тергеу изоляторында отыр. Үкімет заңдарды жетілдірейік, өзгертулер енгізейік деген журналистер мен құқық қорғаушылардың сөзіне құлақ асатын уақыт жетті.

          «БАҚ туралы» Заңда сұраған ақпаратты үш күнде беру туралы 18-бап бар. Осыны желеу еткен мекемелер: «Біз журналисті қабылдамаймыз, хат әкел», — деп отырғаны. Сөйтіп, қажетті ақпаратты кешіктіріп алатын кездерде болады. Тура сол баптың «шенеунік үш күндік мерзімді 30 күнге дейін ұзарта алады» деген жалғасы бар. Шенеуніктер осы 18-бапты өздеріне тиімді етіп пайдалана алады. Олардан тездетіп жауап ала алмайсың. Сондықтан да бұл бапты қатаңдату керек. Сонымен бірге шенеунікті журналистке ақпарат беруге заң жүзінде міндеттеу керек. Біздің қоғамда шенеуніктер журналистің билік пен халық арасындағы байланыс екенін түсінбейді. Журналист ақпаратты еріккеннен сұратпайды, ол қоғам үшін қажет. Қазақстандық шенеуніктер кім үшін жұмыс істеп жатқанын түсінген кезде ғана қоғамда түсіністік орнайтын шығар. Шенеуніктер өзінің қарақан басы мен отбасының мүддесі үшін емес, халық мүддесі үшін жұмыс істеулері тиіс екенін ұғынулары қажет. Шенеунік халықтың арқасында, көпшіліктің таңдауымен сол орнында отыр. Бірақ біздің шенеуніктер ол мансапты заң бойынша өмірбақилыққа алдым деп есептейді. Олар бұл орында халықтың әл-ауқатын, жағдайын жақсарту үшін отырғандығын түсінбейді. Бұл жерде екі мәселе туындайды: бірі — заңды өзгерту керек, екіншісі — шенеуніктердің басын, яғни түйсігін өзгерту керек. Елімізде «Ақпаратты алу туралы» Заңды қабылдайтын уақыт жетті. Бұл заң журналистерге ғана емес кез келген қарапайым адамның ақпарат алуына жол ашар еді. Өйткені, азаматтар өздерінің жазған арыз-шағымына кейде жылдар бойы жауап ала алмайды.

           Қазақстан заңнамаларында БАҚ-қа қарсы талап арыз берудің нақты мерзімі жоқ. Бұл билікке және шенеунікке тиімді. Мысалға, бір басылым белгілі бір министрді сынауын тоқтатпайды. Министр көпке дейін сынға шыдап баққанмен, бір күні заңгері келіп: «Мына мақаладағы мына бір сөз үшін басылымды жауапқа тартуға болады», — деген кеңес береді. Ал, мақала 1-2 жыл бұрын басылған. Міне, осындай кезде БАҚ-ты жауапқа тарту үшін шағым беру мерзімі қолбайлау болмауы тиіс. Мысалы, «Тас жарған» газетін 1 жыл бұрын, 8 ай бұрын жазылған мақаласы үшін сотқа берді. Мақала шыққан кезде бұл адамдар қайда болды, не үшін соншама уақыт күтті? Депутат Ромин Мадинов сәуірден желтоқсан айына дейін шағым бермей не күтті? Билік үшін журналистердің қармаққа ілінгені жақсы. Сонда қажет кезде қармақты тарта қояды. Ал енді шенеуніктер журналистерді сотқа беріп, бірнеше миллион доллар сұрауы дұрыс емес. Жеке басының беделін ойлаған ондай шенеунікке келесі жолы бір де бір журналист жоламайды. Оған керегі де сол. Лауазымды тұлға демократияның, сөз бостандығының не екенін түсінсе, журналисті сотқа сүйрелемес еді, одан ұшан теңіз ақша сұрап, газетті жауып тастауға ұмтылмас еді. Ал сондай әрекетке барған депутатқа, билік өкіліне мен ешқашан сенбеймін. Беделіне нұқсан келген күннің өзінде басылым одан жариялы түрде кешірім сұраса, сол жетіп жатыр. Мәселен, бұрынғы АБК тобы «Караван газетін» сотқа беріп, одан 1 теңге өндіріп алды. АБК әншілерінің осы әрекетінен олар ар-намысы мен беделін қорғауды ғана мақсат еткенін түсінесің. Қазақстан аумағы шегінде және оның құқықтық өкілеттігі астындағы барлық тұлғаларға нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, ұлттық  немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына, тууы немесе басқа да жағдайларға қатысты кемсітусіз пен бостандықты қамтамасыз етуі тиіс.  Қоғамдық жауапкершілік дегеніміз - белгілі дәрежеде құқық  иеленетін, тағы сол мөлшерде өзіне жүктелген міндетті атқаратын және екеуінің де салмағы тең өлшенетін ұғым. Демек қоғамдық жауапкершілікті сезінетін журналистика демократиясны мінсіз, кіршіксіз таза ұстауды БАҚ жүйесі өз мойнына алады өз қызметтерін осы өлшем бойынша бағалатады дегенге саяды.  Зандық, құқықтық актілер жүйесіне негіздеп, іс қызмет жүргізетін мемлекет бар кезде қоғамдағы барлық  әрекет заңмен реттелетіні белгілі. Одан қоғамдық-шығармашылық және экономикалық бостандықтың барлық пішіндері, критерийі, сипаттарыда тыс қалмайды. Ағылшын саясаткері Ж. Мильтон Парламентте сөйлеген сөзінде: «Мүмкіндігі бар күллі көзқарастардың самалы еркін ессін. Көзқарастар еркін рыногы пайда болған кезде ғана шындық жалғанды жеңе алады. Шындық бәрінен де күшті. Сондықтан адамдарга өтірікке, алдауға, қарсы еркін және ашу күресулеріне мүмкіндік беру керек. Әділетсіздікке қарсы күресудің ең сенімді жалғыз дұрыс жолы осы», - деген екен. Конституциялық жауапкершілік заңдық, саяси және моральдық жауапкершілік нысанасында көріне алады. Дегенмен, «абсолютті бостандық» деген болмайды. Сондықтан, кейбір керек деген шектеулер міндетті түрде орын алады. Мәселен, тулғаның ар-ожданы мемлекет тарапынан қорғалады. Жеке өмірге қол сүқпаушылық; жеке және отбасылық құпиялар; жақсы атын қорғау; кісінің рұқсатынсыз ол туралы ақпарат жинау; сақтау және таратуға тиым салатын заң; жаугершілік, наразылықты насихаттауға да тиым салатын заңдардың болуы. Елдің рухын көтеру, ұлттың мақтаныш сезімін оята білу, отансүйгіштік, ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерді қалыптастыру тәуелсіз мемлекетіміздің өтпелі кезеңі үшін айрықша мәселе еді. Бұл тұрғыда бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны ерекше. Еліміздің Конституциясының 18-бабында: «Бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің қүқықтары мен мүдделеріне қатысты қүжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге деп атап көрсетілсе (Қазақстан Республикасының  Конституциясы  30 тамыз.

Информация о работе Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі