Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2015 в 07:48, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықтық мемлекеттегі адам құқықтарының проблемалары мемлекет қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде қарастырылуға тиіс. Журналистік қызметтің жемісті болуы журналистің құқтық және этикалық қағидаларды жақсы білуіне тікелей байланысты. Заңды және журналистік әдеп пен тәртіптің қалтарыс-бұлтарыстарын жете білмеуі қалам қайраткерінің адымын аштырмайды, кейде өкінішті қателіктерге ұшыратады. Қазақстан Республикасының Конститутциясында кепілдік берілген сөз және баспасөз бостандығы журналистің бүкіл қызметінің іргетасы, ұстанар құбылысы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3

Ι ТАРАУ. Құқықты журналистика
Журналистикадағы құқықты журналистиканың қалыптасуы.................. 9
1.2 Журналистик этиканың құқтық негіздері....... 19


ΙΙ ТАРАУ. Құқықты журналистика және сот ісі
2.1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң және журналистің құқығы...................................................................................................... 36

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқықтық журналистика ДИПЛОМ.docx

— 125.50 Кб (Скачать документ)

Даулы мәселелер туралы жазғанда журналист өте сақ, әдепті болуға тиіс, кінәсі анықталған азаматтар жөнінде ақпарат жариялаған кезде де сөздерді таңдап, неғұрлым сыпайы болғаны дұрыс. Баспасөз зерттеушісі В.М. Теплюк бұл туралы былай жазады: «Журналист ең алдымен, өзінің материалдарымен соттың шешімін ауыстырмауға, одан озып кетпеуге, кінәсі анықталмаған адамға кір жұқтырмауға тырысу керек» (Теплюк В.М. Этика жур- налистского творчества. 1980. С. 22.).

Кейде журналистер жеке адамның өміріне қол сұғып, оның келісімінсіз мұндай ақпаратты жария етеді. Бұл да әдепке жатпайды, бірақ кейбір аса маңызды жағдайларда мұндай әрекетке жол беріледі. Мұны дәлелдеу үшін журналистің кәсіптік этикасының Кодексінен үзінді келтірген жөн: «Ол жеке омірге араласудан аулақ жүріп, осы сияқты мәліметтерді жария етуге тек мынадай жағдайда жол береді: егер бүл қоғам мүддесін қорғау үшін қажет болса».

          Дәл қазіргі кезде Ресейде  адамның жеке өміріне араласудан  қорғау туралы заң жоқ, тек  кейбір мәселелерге қатысты ғана  бақылаулар орнатқан. Мәселен, жеке  және отбасы құпиясын күзету (24-бап). Констнтуция тұлғанын жеке өмірі  туралы оның рұксатынсыз акпаратты  жинауға, сактауға және таратуға  тыйым салады.

         Бұл ережелерден тыс, арнайы журналистер  үшін (және қалған азаматтардың  әрекетімен жүзеге аспайтын), «БАҚ  туралы Заңның)) 49-бап, 5-тармағына  сәйкес, егер ақпарат қогамдық  мүдде тұрғысында болған жағдайда, мұндай ақпаратты таратуға рұқсат  етіледі делінген. Тұлғаның құқыққа қарама-қайшылық және моральды емес әрекет жасағаны туралы хабарламалар дәл осы ережеге сәйкес келіп жатуы мүмкін.

          Кәсіби моральдың шарттары журналистен адамның қадір- қасиеті мен адам құқықтарын қадірлеуді талап етеді. Яғни, адам құқығын қорғайтын халықаралық құқық мен талаптарға сай тұлғаның жеке өмір сүруге деген бостандығы мен абыройына нұқсан келтірмей, оның атына жалған жала жабумен айналыспай, айыптаудан аулақ болуды талап етеді.

6. Жалпыадамзаттық қоғамдық  құндылықтарды қадірлеу.

Кәсіби талаптар журналистен қоғамның құндылықтарын, демократиялық көзкарастары мен адамгершілік қасиеттерін сыйлауды талап етеді. Осы міндетті басшылыққа алған журналист адамгершілік, бейбітшілік, демократия, әлеуметтік даму, адам құқықтарын бірінші орынға қояды, соны дәріптейді. Журналист мамандығының мақсат-мұраты туралы В.М. Теплюк мынадай пікір білдіреді: «Журналист үшін ең маңыздысы - азаматтылық, адамдардың өмірін жаксартуға тырысу» (Теплюк В.М. Этика журналистского творчества. 1980. 29 б.). БАҚ аркылы журналист ядролық соғысты, ұлттар арасындагы араздықты болдырмауға, адамзат үшін маңызы зор экологиялык мәселелердің шешімін іздестіруге, дамудың төменгі сатысында қалған елдерде етек алған кедейлік пен түрлі ауруларға қарсы күресуге, тарих және мәдени ескерткіштерін талан-таражга салмай, қорғауга атсалысуға тиіс.

7.Ақпарат аймағындағы  жаңа халықралық тәртіпке ықпалдасу.

Журналист әрдайым өз мамандығының беделін көтеруге ұмтылу керек. Бұган жету үшін журналистерге моральдық, материалдық жағынан жағдай жасалуға тиіс. Материалдық жағынан тәуелсіз кызметкер шын мәнінде ерікті болады. Журналистика қауіпті жұмыстардың бірі болып табылады. Көптеген елдерде журналистер қуғын-сүргінге ұшырап, мерт болып та жатады. Сондықтан да, БАҚ-тың өкілдері бірін-бірі қолдап, көмек көрсетіп, қамқорлық жасап, ынтымақтас болуы керек. Журналистер өз мамандығына кір келтірмей, оған деген сенімсіздік туғызбау үшін бір-бірімен акылдасып. тәжірибе бөлісіп отырса жөн болады. Егер де журналист әдепсіздік немесе тағы баска тәртіпсіздік жасаса, әріптестері оны жазалауға, айыптауға, жөнге салуға тиіс, өйткені дана халық айткандай, «Бірдің кесірі мыңға тиеді».

1948 жылы Біріккен Ұлттар  Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған  «Адам құқықтарының жалпыға бірдей  декларациясы» дүниежүзінде жоғары  бағаланды. Бізде бұл Декларация  тек тоталитарлык жүйе жойылған  соң ғана мойындалып, баспасөз  беттерінде жарияланды. Өкінішке  орай, ұлттар арасында іріткі  салатын, соғысқа шақыратын материалдар  жоқ емес. Ресейдің «Неделя» апталығы  өзінің бір нөмірінде Виктор  Зуевтың «Куда вы теперь, казаки?»  атты арандатушы мақаласын жариялады. Онда автор Қазақстанда тұратын  орыстарға үндеу салып, олардың  жағдайын ойлағандай болып, көтерілуге  шақырады. Ол былай жазған: «Станут  ли русские мириться со складывающимся  сегодня положением граждан второго  сорта? А если не станут, то  такой путь выберут? Похоже, сегодня  об этом никто особенно не  думает. Как всегда, ждем, пока об  этом никто особенно не думает. Как всегда, ждем, пока грохнет». Қазақтардың ұлттық намысына  тимекші болып: «Казахстан назывался  Автономной Киргизской Республикой, казахи — киргизами, киргизы —  каракиргизами», — деп жазады. (Неделя. - 1994. - № 14. Зуев В. Куда вы теперь, казаки?).

         Осы шовинистік бағыттағы мақалаға  қарсы «Түркістан» газетінде  ақын Аманхан Әлімовтың «Бұл  ашықтан-ашық соғыска шақыру емес  пе екен...» атты материалы жарияланды. Автор: «Бұл майға от құиып, елді  ашықтан-ашық қан төгуге шақыру  емей не?», - деп ашына пікір  білдіре келіп, бұл арандатушы  жарияланымды талдап, сынап, Ипатьев  жылнамасын, Л.Гумилев еңбегінен  үзінділер келтіріп тас-талқанын шығарады (Түркістан. - 1994. - 9 мамыр А.Әлімов, Бұл ашықтан-ашық соғысқа шақыру емес пе екен)

Журналист этикасы белгілі бір ережелердің қосындысын құрайды. Осындай кәсіби мораль журналистік кодекстен көрініс табады. Батыс елдердің баспасөз кодекстерінде - шынайылык пен әілеттілік, жарыққа шығар алдындағы материал бойынша, әрбір адамның пікірін білу міндеті ақпаратты заңсыз жолмен ашпау, т.б. секілді түсініктер қаралған. Жалпы, кодексте орын алған міндеттер мен нормаларды бұзушылық істері журналистік ұйымдарда қаралуы мүмкін. Олар заң бұзушыларға сөгіс, ескертулер жариялайтындары белгілі. Ең бастысы, журналист - өзі сенімді ақпараттарды ғана таратуына құқылы. Екіншіден, құпия ақпаратты жеке басының мәселесін шешуіне пайдаланбауы керек. Үшіншіден, журналист өз жұмысын атқару барысында өзінің қызметтестерінен басқа, жоғарыдағылардың қысым жасап ара- ласуларына жол бермеуі керек. Төртіншіден, журналистің кәсіби статусы мемлекеттік басқару мекемелеріндегі қызметтермен қоса атқарылуына мүмкін еместігін көрсетеді.

     Журналист - кәсіп иесі. Сондықтан, оның әрбір қимылы белгілі бір адами, кәсіби заңдармен шектелуі тиіс. Кейбір журналистер еш нәрсеге жіті мән бермей, кәсіби әдептілік сатының биігіне «өзінің өмір сүру қағидасы» арқылы көтеріліп, кемшіліктер жіберген тұста этикалық кодекс немесе канондар арқылы ақталып жатады. Кейде шектен шығу салдарынан тіпті арсыз атанып та жатады. Бұл жағдайда өз қатесін дер кезінде түзетуге шешім қабылдамаса, оның алда әлі де талай қиындықтарға тап болары сөзсіз. Журналистер арасындағы мұндай өрескел жайттар көбінесе өзін-өзі жоғары бағалаудан келіп туындайды. Көп ретте олар өз бойындағы Қабілеттің жоқтығын есепке алмай жатып, барлық кінәні тек кәсібіне арта салады. Сондықтан да, ең алдымен, журналистика мамандығын таңдау үшін оның маңыздылығы мен кажеттілігін терең сезіну қажет.

      Құқықтық мемлекетте бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет етуінің негізгі ақпарат бостандығымен тікелей байланысты. Бірақ ешбір бостандық шектеусіз болмайды, ол құкықтық  және этикалық жауапкершілікпен шектелуі тиіс. Журналистнканың қоғамдық өмірге әсерінің мүмкіндіктері мен іс-әрекеттерінің бостандығы көбірек болған  сайын, оның жауапкершілігі де арта түседі. Әрбір журналист кәсіби парызын ақтағанда, журналистикаға тиісті талаптарға өзінің шығармашылығымен, шыншыл әрі объективті жарияланымдарымен жауап қайтаруы тиіс. Ең бастысы, журналистің жоғары мәдениеті болып, этика кодексін жіті сақтауы керек. Сонымен бірге, әр елдің өзінің «Бұкаралық ақпарат құралдары» туралы Заңы болады. Бұл әрбір елдің журналистикасының басты нормативті құжаты болып табылады.  Онда журналистердің құқықтарымен міндеттерінің сипаты, редакция мен құрылтайшылар ара-қатынасын айқындайтын мәселелер, сондай-ақ, баспагерлер, бұқара, азаматтар ақпарат коздерімен арада болатын жайлар қарастырылады.

         

 

 

  1.2 Журналистик этиканың құқтық негіздері

           Елімізде бұкаралық ақпарат құралдары бостандық алды. Бұл 1991 жылы қабылданған «Баспасөз және басқа бұкаралық хабарлама құралдары туралы» Заңның I бабында көрсетілген: «Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары ерікті. Азаматтарға Қазақ ССР Конституниясы кепілдік берген сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы баспасөзді және басқа бұқаралык хабарлама құралдарын қоса кез келген формада пікірілер мен нанымдар айту, хабарлама, идеялар іздестіру, таңдау, алу және тарату правосын білдіреді. Бұқаралық хабарламаға цензура жасауға жол берілмейді» (Егемен Қазақстан. -1991.-21 қазан. «Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары туралы» Заң).

Енді бұқаралык ақпарат құралдарының еріктілігі жағдайында журналистерге қойылатын талаптар да өзгерді. Бұрын журналист үгітші, насихатшы және ұйымдастырушы  деп аталып келді, енді оның негізгі қызметі қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету; қазіргі журналист, ең алдымен, информатор болып табылады. Әрбір журналист өзі үшін жауап беруге міндетті, жария етілген әрбір сөзі, мақаласы үшін жауапты болады. Журналистиканың даму деңгейі, қоғамдағы беделі әрбір басылымның, жеке журналистің қызметіне, баспасөз бостандыгынын қандай дәрежеде пайдаланылып жүргеніне тікелей байланысты. Демек, біздің елде демократия орнады деп сөз бостандығын теріс пайдаланып, кез келген ақпаратты жария етуге болмайды.

Бұл туралы «Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама кұралдары туралы» Заңның I тарауының 5-бабында жазылған: «Бұқаралық хабарлама құралдарын мемлекет немесе заңмен арнайы қорғалатын, өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету, қолданылып жүрген мемлекеттік және қоғамдық құрылысты күштеп құлатуга немесе өзгертуге, республиканың егемендігі мен территориялық тұтастығын бұзуға шақыру, соғысты, зорлық- зомбылық пен қатігездікті, нәсілдік, ұлттық, таптық, діни астамшылықты немесе төзімсіздікті насихаттау, порнография тарату ұшін, қылмыстық жолмен жазаланатын өзге де іс-әрекеттер жасау мақсатында пайдалануга жол берілмейді. Бұқаралық хабарлама құралдарын азаматтардың жеке өміріне араласу, олардың ар- ожданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу үшін пайдалануға тыйым салынады және ол қолданылып жұрген зандарга сәйкес қудаланады» (Егемен Қазақстан. - 1991. - 21 қазан. «Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары туралы» Заң).

         Құқық нормаларын біліп, сақтаған  журналист өзінің жоғары кұқықтық  мәдениетін көрсетпес бұрын, БАҚ-ның  сапалы жұмыс істеуіне зор  септігін тигізетіні хақ. Бұл орайда, редакцияны ақпарат жинау мен тарату кезінде жіберіп алуы мүмкін заңдық қателерден аман алып шығуы сөзімізге дәлел бола алады. Тағы да адам құқықтары жөніндегі Еуропа соты, бұқаралық ақпарат құралдары мен баспасөз бостандығын қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет, Президент жанындағы ақпараттық келіспеушіліктер жөніндегі сот палатасы, жариялылықты қорғау қоры, этика жөніндегі журналистер одағының комиссиясы, т.б. толып жатқан құрылымдар журналистің кызмет бабындағы азаматтық, кәсіби кұқықтарын қорғауға арналған. Ал, кейінгілер заң бұзса немесе цензура енгізілсе, редакция жумысына араласса, бұқаралыкқ акпарат құралдарының жұмысын біреулер соттың шешімінсіз тоқтатса таралымды алып жойып жіберген, т.б. жағдайларда қылмыстық  әкімшілік, с.с. жауапкершілікке тартылатын болады.

        Баршамызға белгілі XX ғасырда журналистика өз бағытын жоғалтып, тоталитарлық тәртіптің қаруына айналды. Мұндағы  мақсат - БАҚ арқылы қоғам санасын басқару. Нәтижесінде, қоғам  көп уақытқа әлеуметтік-тарихи құбылыстарды дұрыс түсінбей, сананың бағыты адаса бастады. Бұл жағдайда журналистер арасынан кәсіби міндет пен кәсіби жауапкершілік деген ұғымды түсінбейтіндер көптеп кездесуде. Олардың кейбіреуі бұл ұгымды білсе де білмегенсіп, тіпті жоққа шығарды. Соның салдарынан өте қауіпті қақтығыстар редакция мен журналистер арасында өрши түсті.

        Елдерде  болып жатқан драматизмге толы  әлеуметтік-экономикалық және саяси  жағдайлар, бірегей идеологияның  жоқтығы, бұқаралық ақпарат құралдарының  бәсекелестігі, журналистердің «төртінші  билікпіз» деп шалқуы, жіберген  қателерге жауапсыздықпен қарауы  соңында көптеген құқықтық әрі  этикалық нормалардың бұзылуына  әкеліп соғады.

          Президенттің 2003 жылғы 4 сәуірдегі Қазақстан  халқына Жолдауында: «БАҚ туралы  жаңа заң қабылдау қажеттігі  пісіп-жетілді, онда сөз бостандығын  қамтамасыз етудің, сондай-ақ, журналистерді  меншіктенушілердің қысымынан қорғаудың  осы заманғы нақты жағдайы  ескерілуге, сондай-ақ, шенеуніктердің  еркін баспасөздің қызметіне  араласқаны үшін жауапкершілігі  күшейтілуге тиіс», - деп атап  көрсетті. Осыған байланысты өз  қызметін бұқаралық ақпарат құралдары  саласында жүзеге асыратын коммерциялық  емес ұйымдар «Бұқаралық ақпарат  құралдары» және «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне  бұқаралық ақпарат құралдары  мәселелері бойынша өзгерістер  мен толықтырулар енгізу туралы»  екі заң жобасын әзірлеп, 2005 жылғы 18 сәуірінде Қазақстан Журналистерінің IV Конгресінде жұртшылыққа ұсынған болатын. Бұлар еркін баспасөздің мүддесін сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өздеріне берілген бостандықты асыра пайдалануын болғызбау жөніндегі мемлекеттің міндетін де толық көрсетеді.

         Қоғамдық дамудың қай кезеңіне  көз салсаңыз, азат күштердің  жеңіліске ұшырап, әділетсіздіктің  үстемдік құрған шақтарын тапарағы  айғақтап бере алады. Қазіргі  таңда журналистер тарихи ақиқатты  тануда, қоғамдық ұстанымын таңдауда  айтарлықтай көп ілгері басты. Кәсіби қабілеттері артып, білім, таным көкжиектері кенейді. Нәтижесінде, масс-медиа жүйесіндегі еркін  іс қызметке данғыл жол ашылды. Демократиялык саяси биік мәдениетке  жету үшін онын басты мінбері  болып табылатын масс-медиа кызметіне «Қоғамдық  жауапкершілікке негізделген журналистика» атты жаңа саяси мэдениеттің үлгісі талап етіліп отыр. Президент Н.Ә. Назарбаев 2005 жылғы кезекті Жолдауында: «Сөз бостандығын, ақпарат алу мен таратуды қамтамасыз ететін барлық қажетті құқықтық және басқа да шарттар алдағы уақытта да дәйекті түрде жасалады әрі қорғалатын болады. Сонымен қатар, сөз бостандығын пайдаланудағы шектен шығушылыққа қатар тосқауыл қойылуы шарт», - деді. Бұл жерде Президент сөз бостандығын, ақпарат алу және тарату бостандығын қамтамасыз ететін барлық қажетті құқықтық және басқа да жағдайларды одан әрі дәйектілікпен жасау және қорғау қажеттігін атап корсетіп отыр.

        Бұқаралық  ақпарат құралдары саласындағы  заңнаманы жетілдіретін заң жобасын  әзірлеу Азаматтық және саяси  құқықтар туралы халықаралық  пактіні тану тұрғысынан аса  өзекті болып отыр. Азаматтық  және саяси құқықтар туралы  халықаралық пакт 1966 жылдың 16 желтоқсанында  БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданды. Пактыны 35 мемлекет бекіткеннен кейін, 1976 жылдың 23 наурызында күшіне енді. Қазіргі кезде Пактінің қатысушылары 130-дан астам мемлекет болып табылады. 2009 жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіге Факультативті хаттаманы бекіту туралы» Заңға қол койды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып, дүниежүзілік адамзат көшіне жеке мемлекет ретінде қосылған бүгінгі күні халқымыздың әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени өмірінде бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны, атқарар қызметі өте салмақты болып отыр. 
Бұқаралық ақпарат құралдары адамдардың сана-сезіміне, іс-әрекетіне, олардың көзқарастары мен мақсаттарының қалыптасуына әсер етеді. Сөйтіп, ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен қоғамдық пікірге зор қозғау салады. Әсіресе, ол қоғамдық-әлеуметтік қатынастар, саясат, экономика, құқық, тағы басқа салаларда шешім жасап, жүзеге асыруға ықпалды. Соның ішінде адам құқығы әлемнің кез-келген мемлекетінде, оның саяси құрылымына қарамастан тартыс нысанына айналады. Құқық қорғаушының билікпен ымыраласа алмайтыны сияқты, билік орындары да оны жақсы көре қоймайды. Өйткені, құқық қорғаушының міндеті – кемшіліктерді тауып, оларды жария ету болып табылады. 
Мемлекет бұл олқылықтың орнын толтыруы тиіс. Көптеген елдердің журналистері құқық қорғау ұйымдары мен оппозицияны бір-біріне теңеп жатады. Құқық қорғаушылар билікті сынайды, ол бірде қатты, бірде жәй сын болуы мүмкін. Адам құқықтары жөнінде жазатын журналистерді көп жағдайда құқық қорғаушылар деуге де болады. Өйткені, олар зерттеу жүргізеді, құқығы аяққа тапталған жандармен әңгімелесіп, оларға қолдан келгенше көмектесуге тырысады.Қазақстанда құқық конвенцияларының қыр-сырына қанық және үнемі құқық қорғаушылармен байланыс орнатып жүрген журналистер жоқтың қасы. Бұл машақаты көп, жағымсыз жұмыс, бірақ ол өте маңызды және халыққа қажетті дүние. Құқық қорғаушы журналист жан түршіктірерлік болып көрінетін оқиғалармен бетпе-бет келуге дайын болуы тиіс. Ол оқиғаны егжей-тегжейлі зерттеп, жауапты шенеуніктерді құқығы бұзылған адамдарға көмектесуге итермелеуі тиіс. Ондай журналист оқиға мен фактілерді ғана қоятындар емес, зәру жандарға қолұшын беруге талпынатындар. 
         Журналистің құқығы жөнінде әр түрлі заңдарда айтылып жатады. Журналист – өз саласындағы толық құқығы бар кәсіби маман болып есептеледі. Оның құқығына ешкімнің қол сұғуға хақысы жоқ. Журналист өз елінің басқа да азаматтары немесе мамандары секілді, мемлекеттік тәртіп бойынша, заңдылықтар аясында өмір сүрмек, еңбек етпек. Ол өзінің кәсіптік жұмысы мен шығармашылық қызмет жасап, іс-әрекет етеді. Әрі еркін еңбек етуге, демалуға, қоғамдық өмірге араласуға құқылы. Журналистің заңға, адамгершілікке қайшы келмейтіндей жұмыс жасауына ешқандай кедергі болмауы тиіс. Ол өзінің арына сеніп және өзі жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының жарғысына, бағдарламасына сай еңбек етеді. 
Сондай-ақ журналистік мамандық, басқа да кейбір мамандықтар секілді, қадірлі мамандықтардың бірі екеніне сөз жоқ. Журналиспен заң орындары, үкімет және басқа органдар тығыз байланыста жұмыс істеп, есептесіп отырады. Бұл – журналистиканың қоғам, мемлекет алдындағы үлкен рөліне, қажеттілігіне өте байланысты. Қандай ұйым, мекеме болмасын өздерінің қызметін халыққа паш ету үшін де журналистикаға жүгінеді. 
Журналист өзі еңбек ететін редакцияның мүшесі болады, ұжыммен қоян-қолтық жұмыс істейді. Ол үнемі біліктілігін көтеріп отырады. Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен елдің қамы үшін жұмыс істейтіндіктен, оны заң орындары да, үкімет те қорғауға, қолдауға тиісті. 
Халық өмірінде қандай жаңалықтар, өзгерістер, бастамалар болып жатыр, соны журналистер ең бірінші көре біліп, ізін суытпай жариялап отыруы тиіс. Оның бәрі бұқаралық ақпарат құралдарында айнадағыдай көрініп отыруы керек. Сондай-ақ, халықтың пікіріне, ойы мен мақсатына ерекше назар аударып отырған жөн. Ал өмірде жақсылықтар болып жатса, оны кең насихаттап, қолдап, таратып отыруы жөн. Қажет болған жағдайда оны тез жүзеге асыру үшін күресіп отырудың да мәні зор. Яғни БАҚ халықтың шынайы қалауын қанағаттандыратын болуы керек. Сол үшін де халықты біріктіріп, оның жетімсіз жағын жеткізуге ұмтылу үлкен жауапкершілік. 
Журналистер қате идеяларды немесе астарында жалған мақсат жатқан істерді халық алдында әшкерелеп, кемшілігін ашып айтып, оны толықтыруға, түзетуге тырысуы керек. Халық өміріне кедергі келтіретін нәрсенің бәрін дер кезінде көріп біліп, ескертіп отыруы, қоғамдық пікір туғызуы парыз екені айтпаса да түсінікті.

Информация о работе Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі