Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2015 в 07:48, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықтық мемлекеттегі адам құқықтарының проблемалары мемлекет қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде қарастырылуға тиіс. Журналистік қызметтің жемісті болуы журналистің құқтық және этикалық қағидаларды жақсы білуіне тікелей байланысты. Заңды және журналистік әдеп пен тәртіптің қалтарыс-бұлтарыстарын жете білмеуі қалам қайраткерінің адымын аштырмайды, кейде өкінішті қателіктерге ұшыратады. Қазақстан Республикасының Конститутциясында кепілдік берілген сөз және баспасөз бостандығы журналистің бүкіл қызметінің іргетасы, ұстанар құбылысы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3

Ι ТАРАУ. Құқықты журналистика
Журналистикадағы құқықты журналистиканың қалыптасуы.................. 9
1.2 Журналистик этиканың құқтық негіздері....... 19


ΙΙ ТАРАУ. Құқықты журналистика және сот ісі
2.1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң және журналистің құқығы...................................................................................................... 36

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқықтық журналистика ДИПЛОМ.docx

— 125.50 Кб (Скачать документ)

         Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) үмбеттеріне қалдырған хадистері ислам дінін танытуға қоса, жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, ар-иман, обал-сауап, тағы басқа әдеп нор- малары жайындағы үлы өнеге болып табылады. Бірнеше мысал- дар келтірсек, Пайғамбарымыз (с.а.у) хадистерінде: «Нағыз таза жүрек адам ол - мінез-құлығы жақсы болған мүмін», - деген (Имам Нәуәуи, Хадистер жинағы (риядус-салихин). 2012. 271 б.). Әбу Дәрда (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.у): Қиямет күні мүміннің таразысында көркем мінезден де ауыр басатын ешнәрсе болмайды. Расында, Аллаһ тағала бейпілауыз дөрекіні жек көреді», - деп айтты», - деген. Сондай-ақ, «Кешірімді бол, жақсылыққа шақыр әрі надандардан теріс айнал (ягни, олардың қылығына жэне айтқан сөздеріне мән берме)», - дейді. Әдеп - адамдар арасындагы күрделі өзара карым-катынастарды жарасымдылық, сыйымдылық, қолайлылық, жағымдылык, ұнамдылық, бір сөзбен айтқанда, адамгершілік, имандылық тұрғыдан реттеудің шартты қағидалары болып табылады. Мысалы, «Төрт қасиет бар. Ол кімде болса, оған екі дүниенің де жақсылығы бұйырады. Ол: 1. Шүкіршілік еткен жүрек. 2. Зікір еткен тіл. 3. Бәлеге сабыр еткен жан. 4. Еріне, малына қиянат етпеген әйел» немесе «дәрежені көтеретін үш нәрсе: 1. Сәлемді ашык, дауыстап беру. 2. Аш адамға тамақ беру. 3. Түнде адамдар ұйықтап жатқанда намаз оку» деген хадистерде пайдалы ілімдер жүйесің байкауымызға болады.

          Мұсылман құқығында қатып қалған догма жоқ. Қандай да бір істі болмасын шариғат жолымен шешуге болады. Мұсылман құқығының тұтастығы мен икемділігі және күштілігі де осыдан айқын көрінеді.

       Кезінде қазақтың дала демократиясының өзіндік нормативті- құқықтық негіздері болды. Ол әдетке, ғұрыпқа, ережеге негізделді. Билер сотында қаралатын жер дауы, жесір дауы, ер дауы, мүлік дауы осындай заңдарға негізделіп шешілді. Тіпті билер ен жиі қолданатын жаза айып салудың өзі күрделі құқықтық институт болды. Осы тұста академик Салық Зиманов: «Ортағасырлық қазақ қоғамының бүкіл құқықтық әлемінде негізгі билік «дала заңынын» билігі болды. Ал оның қорының сақтаушысы, реформаторы және жүзеге асырушы күші - билер болды. Би, ең алдымен, сот (судья). Бидің озі де, билігі де түп-тамырымен халықтың тарихына байланысты болды. Сол себепті ол беделді, дәстүрлі билік қатарында болды Би халықтын сана-сезімінде акиқаттың ақ туын көтеруші ретінде сипатталады», - деп жазады. Би көшпелі қоғамда кашанда билік басынан ажырамаған тұлга, хан кеңесшісі қызметін атқарды. Бұл - «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деп аталатын замандарда өмір сүрген Майқы биден бері үзілмей келе жатқан көшпелі қоғамның көп өзгеріске ұшырамаған құқықтык дәстүрлі институты. Мөңке би өз болжамдарын жүйелеп, хатқа түсіре алған жоқ. Дегенмен, көшпелі тірліктің тіні бүзылмаған қоғамда өмір сүрген ол заман аңысын андап, оның кескін-кейпін дәл болжай білген. Мөңкенің ел арасында кеңінен тараған мына бір толғауы да бүгінгі заман келбетін дәл беріп тұрғандай:

                                   «Кұрамалы-қоғанды үйін болады,

                                     Айнымалы, төкпелі биің болады.

                                     Халыкка бір тиын пайдасы жок,

                                     Ай сайын басқан жиын болады.

                                    Домалақ-домалак түймедей дәрің болады,

                                    Жастарға билігі жүрмес кәрің болады.

                                   Алашұбар тілің болады,

                                   Дүдәмалдау дінің болады,

                                   Әйелің базаршы болады,

                                   Еркегің казаншы болады.

                                  Сарылып көлік тосасың,

                                 Құны жоқ қағазды судай шашасың...»

Қалалык жердегі құрамалы-қорғанды үйлер, айнымалы, төкпелі соттар, халыққа пайдасы жоқ жиындар, алашұбар тіл, дүдәмалдау дін, базаршы болған әйелдер, қазаншы болған еркектер, көлік тосқан жұрт, құны жоқ құнды қағаздар екі ғасыр бұрын Мөңке болжаған бүтінгі күннің шынайы шындығы екені даусыз. Демек, біз Мөңке би көкірегі ояу, болашақтың беталысын, бағытын болжай білген сұңғыла адам болғандығын аңғарамыз.

        Басты  этикалық міндеттер журналнстиканың  да құкықтық алаңынн айқын көрініс табады. Айталық, Ресей, Австралня, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Канада, Нидерланды, Норвегия, АҚШ, Франция, Швеция, т.б. елдердің қабылдаған бұқаралық ақпарат құралдарының нормаларын қарастырсақ.

          1.Елдің Конституциясы. Ұлыбританиядан басқа қалған елдерде сөз бостандығы бар.

           2.БАҚ туралы жалпыұлттық заң Ресейден басқа Австрия мен Швецияда қабылданған. Францияда БАҚ туралы тек түрлі кодекс- терде айтылып өткен. Ал, жеті елде (Австралия, Канада, Нидер- ланды, Норвегия, Испания, Ұлыбритания, АҚШ) баспасөз жөнінде бөлек заңы жоқ.

            3. Тіркеу міндеті барлык елдерден бірауыздан қабылданған болатын. Кейбір ерекшеліктер: Францияда декларация прокурор канцеляриясында тіркеледі, ал, Австралия мен Австрияда редакция әр нөмірінде баспа қызметкерлерінің аты-жөнін, мекенжайын көрсетіп отыруға міндетті.

           4. Жекеменшік кұқығы. Франция мен Германияда өте қатал заңдар қабылданған. Ал, Австралия, Канада, Норвегия, Үлыбритания, АҚШ-та БАҚ-ның әр түрімен бір уакытта иелік етуге біршама шектеулер бар. Сол Францияда шетелдіктерге БАҚ- ның 20% пайыздан астам акцияларын иемденуге тыйым салынған. Керісінше, бұл мәселе бойынша Ресейде ешқандай тыйымдар мен шектеулер жоктың қасы.

             5. Жауап күту құқығы. Австралия, Канада, Ұлыбританияда — жоққа шығару немесе түзетуге рұқсат жок, ал, АҚШ-тың Жоғарғы Соты жауап кайтару құқығын талап ететін заңдарды конституциялық  емес деп тапты. Ал, Ресейде жауап күту құқығы «БАҚ туралы Заңында» арнайы баппен көрсетілген.

           6. Жала жабудың жазасы Франция, Германия мен Швецияда жала жабу туралы істер азаматтық және кылмыстық заң бұзушылык негізінде қарастырылады. Мұнда айыппұл мемлекеттің пайдасына шешіледі, ал, азаматтық тұрғыда жапа шеккен адамның пайдасына шешілетін көрінеді. Австрия мен Ұлыбританияда - мәліметтердің жалғандығын жазалаушы дәлелдеуі керек болса, Норвегияда - жазаланушы, Швецияда жауапқа тек редактор тартылады екен.

         7. Парламент отырыстарына қатысу кұқығы Австрия, Германия, Швецияда жүзеге асады. Ресейде Мемлекеттік Дума жанынан көптеген журналистер жыл сайын аккредитация алып отырады.

         8. Саяси жарнаманы шектеу. Сайлау алдындағы науқан барысындағы жарнамаларды есептемегенде, саяси жарнамалар Германия мен Испанияда шектелген. Франция мен Ұлыбриинияда керісінше, сайлау алдындағы жарнамалар шектеледі. Ал, «Жарнама жөніндегі» ресейлік заңның саяси жарнамаға қатысы жоқ.

        Жалпы, барлық елдерде құқық жүйесінің  шығар тұғыры Конституция болып табылатыны белгілі. Ол - ой мен сөз бостандығының кепілі, цензураға тиым салушы, идеологиялық плюрализм, ақпараттың еркін таратылып жүруіне жол беруші.

          Қазақстандағы алғашқы Конституция  жобасының авторы Барлыбек Сыртанов  екендігін профессор Сәкен Өзбеков  жан-жақты зерттеп, қалың жұртшылыққа  мәлімет етті. Уставтың толық  мәтінін ол 1992 жылы «Түрік бірлігі»  газетіне (№1), 1994 жылы «Әділет министрлігінің  хабаршысы» журналына (№2) жариялауға  өз ықпалын тигізді.

          Белгілі заңгер Сәкен Өзбековтың жинастырған мәліметтеріне қарағанда, қазақ елінің түңғыш Конституциясы 1911 жылдың  маусымынан басталады. «Барлыбек Сыртанов өте құпия түрде Әлихан Бөкейхановпен бірге ақылдаса отырып, Ресей астанасындағы бай кітапхананың қорын пайдалану барысында Конституция жобасын жазып бітірген деп тұжырым жасауға әбден негіз бар», - деген пікір айтады ғалым.

           Барлыбек Сыртанов 1910-1913 жылдар аралығында  құпия түрде қазақ өлкесін  Ресейдің ішкі колониясынан шығарьп, оны тәуелсіз республика статусы  бар мемлекет қылып құру жөнінде  Устав жазды. Оның қаламынан туған  «Қазақ елінің Уставы» небәрі 28 баптан тұрады және соған  қарамастан, мазмұны осы күні  де білгір заңгер ғалымдарды  қайран қалдырады. Уставтың ең  негізгі идеясы - Қазақстанды Ресей  отарынан шығару және дербес  тәуелсіз мемлекет құру. Бұл идеяны  ол төңкеріс жасау немесе құрылу  күрес арқылы емес, керісінше, парламенттік  жолмен, съезд шақыру, халық сайлаған  депутаттардың шешім кабылдауы  арқылы іс жүзіне асыруды басты  мақсат етіп қояды. «Уставтың»  кіріспе сөзінде ол осы мақсаттағы  ойларын былайша қорытады: «Жаңа  заманда атыссыз, соғыссыз, қан токпей, бейбіт жолмен өз жерімізде  тәуелсіз ел болу мақсатында... жеке Қазақ елі республикасын құрамыз».

        Уставтың бірнеше баптарында Б. Сыртанов адам құқығының мемлекетте тиімді қорғалуының ең маңызды мәселелерінің сапына жатқызады. Оның ойынша, барлық демократиялық санаттағы қоғамда жеке адам дініне, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына, шыкқаң тегіне, атқаратын қызметі мен лауазымына қарамастан заң алдында тең болуы тиіс. Бұл талап - өркениеттіліктің, еркіндік пец бостандықтың іргетасы. Уставта ол: «Қазақ елінде адам баласыньщ бәрі тең құқылы. Дініне, қанына, тегіне, нәсіліне қарап адам- ды қорлауға жол жоқ. Адам тек закон мен кұдай алдында жауап береді», - деп атап корсетеді. Оның мұндай көрегендік саяси көзқарасы бүгінгі күннің талабына сай келетінін дүниежүзілік саяси-әлеуметтік тәжірибе өзінен-өзі дәлелдеп отыр.

     Демократиялық мемлекеттердегі жеке адамның еркін пікір айту, плюрализм идеясын қазақ заңгері жан-тәнімен қолдайды. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі құқықтық мемлекеттерде негізгі міндет ретінде іс жүзіне асырылып жатқан «тыйым салмағанның бәріне рұқсат етіледі деген» қағиданы іс жүзіне асыруды сол заманның өзінде-ақ жақтаған. Уставтың 13-бабында мынандай пікір бар: «Қазақ елінде адам баласының еркін сөйлеуге, ұйым қүруына һәм партияларға кіруіне ешбір тыйым жоқ». Оның пікірінше, мемлекетте тек қана: «нәсілдердің бір-біріне қарсы итеретін ұйымдардың, партиялардың, адам баласының істеріне тыйым салынады».

           Б. Сыртанов - «Қазақ елінің уставының»  ғана емес, сонымен қатар, «Ынтымақ  ережесінің» де авторы болғандығын  зерттеушілер Талдықорған қаласындағы  Ілияс Жансүгіров мұражайының  қолжазбалар қорындағы «Бұқабай  балаларының «Ынтымақ ережесі» (Барлыбек  Сыртанүлы 50 үй арасында мынадай  ұйым ашады) деп аталатын құжат  арқылы анықтап беріп отыр. Бар  болғаны 15 баптан тұратын «Ынтымақ  ережесі» тек құқықтық мәселелермен  ғана шектелмейді, кешегінің де, бүгінгінін әдеби-эстетикалық мәселелерін  де меңзеп, көксейді. «Ынтымақ ережесінің» 10, 14-баптарында былай делінеді: «10. Ұрлық, өтірік- боқтау, ойнас тіпті  болмасын. Болса, абақтыдан басқа  көпке атшапан болсын; 14. Карта, басқа  құмар ойнамасқа» 

Өркениетті елдерді былай қойғанда, дамыған, дамушы елдердің  көпшілігінде қағаз жүзіндегі мұндай моральдық ереже жоқ. Құжаттың қай уакытта, қандай жағдайда жазылғанын ескеріп оның сол кездегі һәм бүгінгі көнермеген ерекшеліктерін негізге алсақ, «Қазақ елінің Уставын» - тұңғыш Ата Заңымыз деп мақтануымызға тұрарлық дүние.

            Дүниежүзінің барлық елдерінде, оның ішінде сөз бостандығы дамыған мемлекеттерде журналистердің қызметін реттеп отыратын, журналистиканың халықтың сеніміне, құрметіне бөленуін қамтамасыз ететін этикалық талаптар бар. Олар журналистиканың беделін көтеруге, сайып келгенде, бүкіл қоғамға қызмет етеді. Озық елдерден біздің жаңадан қалыптасып келе жатқан еркін журналистиканың үйренері көп.

         Қазіргі басылымдар таралымы сұранысқа тікелей байланысты, сондықтан, әрбір мерзімді басылым оқырманды қызықтыратын, көңілінен шығатын неше түрлі материалдар жариялап жатады. Оқырман аудиториясы үшін қатаң бәсеке кезінде этикалық талаптардынң жолда қалу жағдайлары жоқ емес. Әрине, газет-журнал материалдары бойынша жүргізілетін сот істері шет елдерге қарағанда бізде сирек, бірақ әдептілікке жатпайтын материалдардың жарыққа шығуы кейде кездесіп жатады. Журналистің кәсіби этикасы түрлі жағдайлардағы шығармашылық деңгейіндегі біліктілігі мен адамдармен қарым-қатынасы нәтижесінде көрініс тауып отырады. Бүгінде еліміздің мәселелерін жасырмай, ашық айту - журналист әдебінің талабы. Журналист еңбегінің жемісті нәтижесі мен жеке басының қадір-қасиеттеріне байланысты. Зерттеуші А. Капто: «Ескі ағылшыи мақалында айтылғандай, егер дәрігердің қателіктерін жер, заңгердің қателіктерін түрме жасыратын болса, газетші, телерепортер, радиожурналистің жіберген кемшіліктері сол сәтте-ақ бәріне әйгілі болады», - деп жазады. Бұл өте дұрыс, дәл жазылған. БАҚ-тың қай түрін алсаңыз да, миллиондаған аудиториясы бар. Сондықтан журналистің этикалық талаптарды бұзуы, кемшіліктерге ұрынуының келтірер зияны зор.

          Қазақстан журналистері мен кеңестік КСРО мемлекеттері жур- налистерінің кәсіби этикалық Кодексін салыстыру барысында екі құжаттың арасындагы біршама өзгерістер барына көз жеткізуге болады. Атап айтсақ, кеңестік этикалық Кодекс қазіргі егемен еліміздің Кодексіне қарағанда әлдеқайда толық. Ондағы қағидалар баптар егжей-тегжейлі, тарқатылып жазылған, кішігірім жайттар тиянақты корсетілген. Мұндай ұсақ-түйек жайттар журналист жауапкершілікке тартылған жағдайда оның кінәлі немесе кінәсіз екендігін дәлелдеу үшін өте маңызды. Себебі, жауапты сәтте олардың маңыздылығы арта түседі. Мысалы, КСРО мемлекеттері журналистерінің кәсіби этикалық Кодексінің «Тұлғаның ар-намысы мен кадір-қасиетіне қарсы іс-әрекеттер» деген 10-бабында: «Егер де журналист сот шешімі шықпай тұрып, өз материалында күдіктіні қылмыскер етіп корсетсе немесе басқа да тәсілдермен сот шешімінің тәуелсіздігіне шек келтірсе, сотталушының құқығына нұқсан көрсетсе, тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қарсы іс-әрекет жасады деп айыпталады», - делінген. Яғни, құқық қор- ғаушылармен ұсталған азаматтың кінәсі сотта мойындалмай, журналист оны қылмыскер етіп жазуына болмайды. Ұсталған адам алдымен күдікті болады, сотта ісі қарала бастаған уақыттан бастап ол айыпталушы болады, сот айыпталушының кінәсін мойындап, оған жаза кескен уақыт аралығында ол сотталушы болады, ал темір торға тоғытылған сәттен бастап ол қылмыскер аталады. Міне, журналист дәл осындай өрескел қателіктерді жасамас үшін тарқатыла жазылған кішігірім жайттар өте маңызды. Бұл тек бір ғана мы- сал. Ал, Қазақстан журналистерінің кәсіби этика Кодексінде осы тәрізді жайттар толыққанды қарастырылмаған. Тек жалпылама түсініктер көп.

Информация о работе Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі