ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Нуралиева Аяулым
Бүгінгі қазақ журналистикасындағы
құқықты журналистика және сот ісі
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Мамандығы 050400 – Журналистика
Алматы, 2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Журналистика факультеті
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
_____________________
с.ғ.д., профессор Г.Сұлтанбаева
(қолы, күні)
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Бүгінгі қазақ
журналистикасындағы құқықты журналистика
және сот ісі
Орындаған:
____________________ Нуралиева
А.
(қолы, күні)
Ғылыми жетекшісі:
____________________ Жұмабекұлы С.
(қолы,күні)
Норма бақылаушы:
____________________ Майкотова
Ғ.
(қолы,күні)
Алматы, 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..........................................................................................................
3
Ι ТАРАУ. Құқықты журналистика
Журналистикадағы құқықты журналистиканың қалыптасуы.................. 9
1.2 Журналистик этиканың құқтық
негіздері....... 19
ΙΙ ТАРАУ. Құқықты журналистика
және сот ісі
2.1 «Бұқаралық ақпарат
құралдары туралы» Заң және журналистің
құқығы......................................................................................................
36
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
51
СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ.......................................................................
53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................
55
ҚОСЫМШАЛАР...........................................................................................
57
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықтық мемлекеттегі адам
құқықтарының проблемалары мемлекет қызметінің
басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде
қарастырылуға тиіс. Журналистік қызметтің
жемісті болуы журналистің құқтық және
этикалық қағидаларды жақсы білуіне тікелей
байланысты. Заңды және журналистік әдеп
пен тәртіптің қалтарыс-бұлтарыстарын
жете білмеуі қалам қайраткерінің адымын
аштырмайды, кейде өкінішті қателіктерге
ұшыратады. Қазақстан Республикасының
Конститутциясында кепілдік берілген
сөз және баспасөз бостандығы журналистің
бүкіл қызметінің іргетасы, ұстанар құбылысы
болып табылады. Заң жүзінде берілген
бостандықты дұрыс және толық пайдалана
білу, журналистік құқық пен жауапкершілікті
бірдей түсіну әрбір саналы азаматтың
борышы болуға тиіс.
Тақырыптың өзектілігі. Құқықтық журналистика және
журналист құқықтарының проблемалары
туралы диплом да, дицертацияда қорғалмаған
тек кітаптарда қосымша ретінде мәліметтер
берілгені болмаса. Өзін өркениетті санайтын
ірбір мемлекет сияқты Қазақстанда да
БАҚ саласындағы мемлекеттік реттеу үдерісі
бар. Бізде бұл мәселе мемлекеттің
ақпараттық қауіпсіздігі ретінде,
ұлттық қауіпсіздік саясатынан ажырағысыз
білікте қарастырылады. Мұнда Қазақстан
Республикасы Конституциясының сөз және
баспасөз бостандығы туралы қағидалары
түсіндіріліп берілді. Қазақстан Республикасындағы
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң
және оған кейін енгізілген қосымшалар,
Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық
актілері, журналистік қызмет тәжірибесі,
сот тәжірибесінен мысалдар ұсынылып
отыр. Диплом жұмысында журналистік құқық
мәселесі кеңірек қамтылып, оның көпке
түсініксіздеу жағдайлары талданды. Қазақстан
Республикасының Әкімшілік, Азаматтық,
Қылмыстық Кодекстерінің баспасөз қызметкерлерінің
кәсіби мендеттерін атқаруғ байланысты
жағдайлары біраз түсіндірілді.
Тақырыптың зерттелу
деңгейі. Журналистиканы, құқықты журналистиканы,
журналистің құқығын зерттеген ғалымдардың
еңбектеріндегі негізгі теорияға сүйеніп,
ҚР құқық туралы Заңдарын қарастыра отырып
құқықты журналистика туралы барлық жазылған
мақалаларды, отандық арналарды мысалға
ала отыра жаздым. Сонымен қатар, басылым
беттеріндегі, интернет сайттарымыздағы
мақалаларды пайдаландым.
Зерттеудің мақсаты
мен міндеттері. Дипломдық жұмысымның мақсаты
бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты
журналистика және сот ісі туралы жазылған
мақалалармен, материалдарды талдап, баға
беру болатын.
Зерттеу жұмысының
ғылыми жаңалығы. Бітіру жұмысында қазақ журналистикасында
орны бөлек, қазіргі кезге дейін дұрыс,
толық түрде зерттеліп бітпеген «Бүгінгі
қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика
және сот ісі» жайлы толыққанды талдау
жасалған. Зерттеу барысында танымдық
телетуындылар, мақалалар және жарнама
саласындағы журналистің құқықтық кодекстері
қаралып, ұлттық көзқарас тұрғысынан сарапталады.
Зерттеу тәсілдері. Жұмыста баяндау, шолу, салыстырмалы
талдау, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды.
Бітіру жұмысының негізгі бағыты – зерттеу,
ғылыми, журналистік сипатта өрбіді.
Зерттеу жұмысының
нысаны. Қазақ тілді БАҚ тармен телеарналар. Жұмыстың теориялық
және әдіснамалық негізі. Отандық
және шетелдік телевизия саласына маманданған
ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып,
құқықты журналистиканың қалыптасу, даму
ерекшеліктері зерттелді.
Бітіру жұмысының
құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
мен сілтемелерден тұрады.
Құқықтық мемлекетте бұқаралық
ақпарат құралдарының қызмет етуінің
негізгі ақпарат бостандығымен тікелей
байланысты. Бірақ ешбір бостандық шектеусіз
болмайды, ол құқықтық және этикалық жауапкершілікпен
шектелуі тиіс. Журналистиканың қоғамдық
өмірге әсерінің мүмкіндіктері мен іс-әрекет–ернің
бостандығы көбірек болған сайын, оның
жауапкершілігі де арта түседі. Әрбір
журналист кәсіби парызын ақтағанда, журналистикаға
тиісті талаптарға өзінің шығармашылығымен,
шыншыл әрі объективті жарияланымдарымен
жауап қайтаруы тиіс. Ең бастысы журналистің
жоғары мәдениеті болып, этика кодексін
жіті сақтауы қажет. Сонымен бірге, әр
елдің өзінің «Бұқаралық ақпарат құралдары»
туралы Заңы болады. Бұл әрбір елдің журналистикасының
басты нормативті құжаты болып табылады.
Онда журналистердің құқықтары мен міндеттерінің
сипаты, редакция мен құрылтайшылар арақатынасын
айқындайтын мәселелер, сондай-ақ, баспагерлер,
бұқара, азаматтар ақпарат көздерімен
арада болатын жайлар қарастырылады.
І ТАРАУ.
ҚҰҚЫҚТЫ ЖУРНАЛИСТИКА
1.1 Журналистикадағы құқықты
журналистиканың қалыптасуы
Алғашкы
кезде құқықтық ілімдер адамдардың мифтік
көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың
қоғаммен табиғаттағы орны туралы мәселе
ежелгі Шығыс және Батыс халықтарында,
египеттіктерде, үн- дістерде, вавилондықтарда,
гректерде, қытайларда, римдіктерде және
т.б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс
табады. Хаммурапи бірінші - Вавилон әулетінің
алтыншы патшасы (б.з.д. 1792-1750 жж.). Хаммурапи
заңдары жазылған биік базалы бағана 1901-1902
жылдары франңуздың археологиялық экспедициясының
Сузы қаласын қазу кезінде табылды Әділдіктің
қорғаушысы ретінде баяндалған бұл заң
еркін адамдар мен құлдардың құқықтық
жағдайын заң жүзінде бекітеді.
Ежелгі Үндістандағы құқықтық
ілім мифтік және діни көзқарастар
түрінде қалыптасты. Брахманизм
идеяларының алғашқы көріністері
б.э.д. екі мыңдаған жылдықтағы
«Веда» ескерткіштерінде кездеседі.
«Веда» - «білім, кіріспе» (санскрит
тілінде) деген үғымды білдіреді.
Қытай тарихында конфуцизм ілімі
маңызды рөл атқарады. Оның негізін
қалаған б.э.д. 551-479 жылдары өмір
сүрген Қытай ойшылы Конфуций
болды. Конфуцийдің этикалық-құқықтық
және мінез-құлық нормалары мен
міндеттері адам өмірінің барлық
жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері
(ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет
(сяо), адамдық қасиет (жэнь), адамдар қамқорлығы
(шу), билеушіге адалдық (чжун), парыз (и)
және т.б. жатады. Конфуций ілімінде: «Қайырымды
адамның» негізгі сипаттары деп мына қағидаларды
көрсетеді: «Жэнь» (адамгершілік)- адамдар
арасындағы өзара қарым-қатынаста этикалық
мінез-құлық нормаларын сактау: «Өзіңе
тілемегенді өзгелерге жасама»; «Сяо»
(баланың кұрметі) - үлкен және кішінің
арасындагы карым-катынас: ата-анага жэне
үлкенге күрмет.Конфуций басқару ісіне
байланысты Ли қагидасын қолданады. Ли
(этикет) - сүйіспеншілік және рәсімдік
әрекет. Сол уақытта «Ли» сөзі ата-бабалардың
әруағына құрмет дегенді білдіретін. Ата-бабалар
аруағы өте маңызды болды: әркім өздерінің
ата-бабаларының әруағына құрбандық шалып,
құрмет көрсету керек болатын. Ал, Конфуций
осы рәсімді өзгертуге емес, қолдануға
тырысты. Оның ойынша, әркім озінің ата-бабаларын
қалай құрметтесе, адамдардыда солай құрметтеу
керек.
Конфуций
ілімін жалғастырушы Сянь-цзы: «Адамдардың
табиғаттан өз үлесін алуы немесе бай
және кедей болып өмір сүруі олардың өздеріне
байланысты. Адам баласы тумысынан қызғаншақ,
дүниеқұмар, алакөз болып келеді, сондықтан
да, олардың мінезіне жақсы тәрбие беріп
қана табиғи қалыптан өзгертуге болады.
Ол үшін адамдардың өзі де өзін-өзі тәрбиелеуге
және бір-бірінің қателігін бетке батыл
айтуы тиіс», - дей келіп: «Менің қателігімді
дұрыс көрсеткен адам - менің ұстазым,
менің игі ісімді дұрыс байқаған кісі
- менің досым, ал, маған жағынғыш, жарамсақтанушылар
- менің жауым», - деген тұжырым қалдырды.
Ал, ежелгі гректерде б.з.д. IX-VIII ғасырларда
ежелгі мифтік көзқарастар архаистік
поэзияда, одан кейін Гомердің «Илиада»
және «Одиссея» поэмаларындағы оқиғалар
(б.з.д. VII ғ.) гректердін әскери және қоғамдық
өмірінен көптеген құнды мәліметтер береді.
Мәселен, «Одиссея» поэмасында халық жиналысыныц
рөлі мен маңызы анық суреттелген. Поэмада
Гомер қолданған «дикс» (әділдік) және
«темис» (әдет, әдет-ғұрыптық құқық) ұғымдары
Гомер дәуіріндегі саяси-құқықтық жағдайды
түсінуге жәрдемін тигізеді. Гомердің
әдеп (дикс) қалыптасқан дәстүр мен әдет
- ғұрыптың құқықтық (темис) негізі мен
міндетін, өмірлік әдептін, оның адамдар
арасындағы қарым-қатынастарда сақталуының
нақты көрінісін білдіреді.Гомер мен Гесиод
поэмаларына тән адамдар әрекеті мен олардың
өзара қарым-қатынастарындағы адамгершілік-құққықтық,
тәртіптер туралы көзкарастар Ежелгі
Грециядағы «Жен данышпан» деп аталғандардың
шығармашылығында одан әрі жалғасын табады.
Оларға әдетте Фалес, Питгак, Периандр,
Биант, Со- лон, Клеобул және Хилон енген.
Олар полистік өмірде әділетті зандардын
үстем болуын батыл жақтады. Мемлекеттік
басқаруда халық билігі демократияны
жақтаған гректің ұлы ойшылы Демокрит
аристократияның пайдалы жақтары бар
екендігін айтады. Оның пайымдауынша:
«Ақымақтардың ел баскарғанынан бағынғаны
артық. Табиғатты да үздіктер мен саналылардың
басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары
ақыл мен адамгершілік қасиеттері бар
адамдардың билігі дұрыс болып табылады.
Заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты
өмірін қамтамасыз етуге және сондай нәтижеге
жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс».
Эпикур
философиясының басты міндеті
мақсатқа ұмтылған адамның мінез-құлқы
туралы ілімге талдау жасау
болды. Ол мемлекеттік биліктің
басты мақсаты адамдардың өзара
қауіпсіздігін сақтау, бір-бірінен
қорқу сезімін жою және зиян
келтіруіне жол бермеу. Эпикурдың
түсіндіруінше: «Заңдар ақылдылардың
зұлымдық жасауы үшін емес, шараға
қаталдық жасалмауы үшін шығарылған».
Ежелгі Римнің атақты шешені әрі ойшылы
Цицерон «Құдайлардың табиғаты туралы»,
«Міндеттілік туралы», «Жамандық пен
жақсылықтың шегі туралы» және «Заңдар
туралы» еңбектерінде ақиқатты, әділеттілікті,
білімділікті жэне сабырлылықты кең ауқымда
қарастыра отырып, азаматтар басқаға зиянын
тигізбеуге, басқаның меншігіне қол сұқпауға,
әділетсіздікке жол бермеуге, әділетсіздіктен
жапа шеккендерге көмек беруге және жалпы
игілікпен еңбек етуге тиіс екендігін
атап өтеді. Цицеронның ойынша: «Адамды
жан-жакты жетілуге итермелейтін төрт
ізгі нәрсе бар, олар: ақыл, әділетті болу,
ерлік және сабырлылық. Адам неғұрлым
ақ, әділ болған сайын, соғұрлым басқадан
арамдық күтпейді». Арамдық пен әділетсіздіктің
аз ғана жұғыны бар дамдардың өзі де өзгелерді
сондай көреді.
Мұсылман құқығы рулық-тайпалық
құрылыстың ыдырау және Араб
халифатында VІІ-Х ғасырларда феодалдық
қоғамның қалыптасу кезеңінде
пайда болды. Мұсылмандық құқықтың
дінмен байланысы өзінің түбегейлі
тұжырымдамасы мен теориялық
қайнар көзі негізінде басқа
құқықтық нормалардан өзгешелігімен
ерекшеленеді. Мұсылман құқығы заң
ғылымының жеке саласы емес, ол
- ислам ілімінің бір ғана саласы.
Мұнда ислам дінінін қағидалары
шариғат адамдардың мүддесі үшін
жүзеге асуы тиіс міндетті
идея ретінде көрсетілген. Шариғатты
орындамаған жағдайда адам заң
бұзушы болып табылады. Демек, «Этиканың
барлық міндеттері христандық-еуропалык
әдептен гөрі, мұсылман әдебінен нақты
көрініс табады».
632 жылы Мұхаммед
пайғамбар қайтыс болғаннан кейін VIII ғасырдың
басына дейін мұсылман құқығының дамуы
жүйеленбеген жолмен жүрді. Мұхаммедтен
кейінгі онын ізбасарлары: Әбубәкір, Омар,
Оспан және Әли нақты дауларды щешкенде
Құран мен суннаға сүйенеді. Егер кандай
да бір сұракка жауап табылмаған кезде
олар жаңа діни қағидалар мен нормаларды
қалыптастырды. Франңуз ғалымы Морис Букель:
«Құранның барлык сүрелерін үғыну үшін,
менің пайымдауымша, қыруар ғылымдармен
шұғылданып, игерген, жетілген энциклопедиялық
білімдар, жаужүрек адам болу керек», -
десе, академик В.В. Бартольд: «Исламның
басты артықшылығы, мұсылман әлемінің
сол дәуірдегі білімді халықтардың алдында
болуы, әрине, материалдык һәм рухани мәдениет
жағынан бірдей мәдени біріншілікті ұстауында
жатады. Исламият ғылымды қолдайды, әлпештейді.
Ислам ғылымының ешқандай қағидаларына
кереғарлық танытпайды, қайшылық жасамайды.
Ислам ғылымының нағыз бұлағы болып табылады»,
- деп атап өтеді. Шынында да, мұсылмандық
теория бойынша мұсылмандық құқықтың
барлық нормалары Құраннан және суннадан
алынған. Сондықтан да, этика ғылымының
нағыз энциклопедиясы - Құран Кәрім, хадистер
мен сүрелер.