Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2015 в 07:48, дипломная работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықтық мемлекеттегі адам құқықтарының проблемалары мемлекет қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде қарастырылуға тиіс. Журналистік қызметтің жемісті болуы журналистің құқтық және этикалық қағидаларды жақсы білуіне тікелей байланысты. Заңды және журналистік әдеп пен тәртіптің қалтарыс-бұлтарыстарын жете білмеуі қалам қайраткерінің адымын аштырмайды, кейде өкінішті қателіктерге ұшыратады. Қазақстан Республикасының Конститутциясында кепілдік берілген сөз және баспасөз бостандығы журналистің бүкіл қызметінің іргетасы, ұстанар құбылысы болып табылады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3
Ι ТАРАУ. Құқықты журналистика
Журналистикадағы құқықты журналистиканың қалыптасуы.................. 9
1.2 Журналистик этиканың құқтық негіздері....... 19
ΙΙ ТАРАУ. Құқықты журналистика және сот ісі
2.1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң және журналистің құқығы...................................................................................................... 36
Тәуелсіз елдің осы заманғы үрдістерге сай болуы кезек күттірмейтін проблема. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, өркениетті атанып отырған елдер осы демократияны негізгі бағыт-бағдарына алған. Демек, бізге де демократияны басты құндылық ретінде әрі оны реальды өмірде орнықтыруға күш салуымыз – жаңаша дамудың кепілі екеніне сөз жоқ. Бұл солай болып отырғанын көріп те жүрміз.
Демократия жер жүзіндегі барша жұрттың
прогресшіл арман-тілегі ғана емес, бірден-бір
таңдауы да болып отыр. Тек бұған кейбір
кертартпа қоғам болмаса ғана, жалпы алғанда
ұлттар мен халықтар оң ниет танытып келеді.
Бұл орайда Ұлыбританияның премьер-министрі
болған әйгілі Уинстон Черчилльдің мына
сөзін де еске алсақ артық болмас: «Мен
демократияны ұнатпаймын, алайда адамзат
өз тарихында осы уақытқа дейін қоғамдық
құрылыста демократиядан артық дұрыс
жолды ойлап тапқан жоқ, сондықтан бәрімізге
де осы жолмен жүруге тура келеді», – деген
екен.
Авраам Линкольн: «Демократия дегеніміз
халықтың мүддесінен туындап, халықтың
араласуымен жүзеге асатын басқару. Яғни
мемлекеттік басқаруға халыктың қатысуы.
Халық сайлаулар арқылы өкімет билігіне
араласып, мемлекеттік органдар арқылы
билікке ат салысады. (Депутат сайлау,
референдумға қатысу т.б.). Міне, осындай
жолдармен халықтық демократия пайда
болады, халықтық басқару жүзеге асады.
Халық өздері сайлаған депутаттар арқылы
Парламенттің өкілеттігін пайдаланады.
Сол арқылы ұсыныс-пікірлерін өткізеді,
мәселелер шешуге ықпал етеді. Өз кезегінде
депутаттар халық, яғни сайлаушылар алдында
есеп береді.
Осындай жағдайлар секілді, журналистика
да демократиялық бағытта дамыса нұр үстіне
нұр! Қазіргі заманда журналистиканы
демократиядан бөліп қарау мүмкін емес.
Себебі журналистика көтерер жүк аз емес.
Қоғамды да, билікті де журналистика үнемі
замана ауқымында айнадағыдай көрсетіп
отырады. Мұның өзі бұқаралық ақпарат
құралдарының күнделікті жұмысы, іс-әрекеті.
Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде
әсіресе баспасөздің орны бөлек. Өйткені
электронды ақпарат құралдарына қарағанда
баспасөздің өзіндік ерекшеліктері бар.
Айталық, радио, телевидениедегі эфирден
айтылған сөз кейде сол сәттің, сол мезеттің
ақпараты ретінде қалып жатады, ал газет-журналда
басылған сөз – мәңгілік. Оны бірнеше
жылдан кейін де, тіпті ғасырлар өткенде
де тасқа басылған сөз ретінде пайдалануға
болады.
Әрине, бұл орайда әрбір бұқаралық ақпарат
құралдары түрлерінің өзіндік орны барын
жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, радио,
телевидениенің жеделдігін, дыбысы мен
бейнекөрінісін атап айтуымыз керек.
Қазақстанда баспасөз даму және ізденіс
үстінде. Мемлекеттік және мемлекеттік
емес баспасөз болып жіктеледі. Кешегі
кеңестік кезеңде тек қана бір идеологияға
бағынған баспасөз шығарылса, бүгінде
әр алуан позициядағы баспасөз түрлері
пайда болды. Плюрализм мықтап орнығып
келеді. Бір тектес мазмұндағы газеттерді
таппайсыз. Тақырыбы, стилі, концепциясы
да түрлі-түрлі. Мұндай жағдайға еліміз
Конституциясының да ұстанымы ерік береді.
Әсіресе мына жайды айтсақ та мүмкіндіктің
бар екенін анық аңғарамыз. 18-бапта: «Мемлекеттік
органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды
адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары
әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне
қатысты құжаттармен, шешімдермен және
ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін
қамтамасыз етуге міндетті» [2], – деп жазылған.
Бұл газет-журналдардың
беттерінде жарияланатын мақалалардың
сенімді фактілерге сүйену арқылы жазылуын
қамтамасыз ететін фактор екенінде дау
жоқ. Рас, журналистердің мәлімет, деректерге
кайсыбір кездерде тап осы лауазым иелерінен
керегін алуға қолдары жете бермейтіні
жасырын емес. Ондайда әрнені сылтаулатып,
оқиғаның себеп-салдарын немесе ішінара
сыр бүгіп қалу да болмай қалмайды. Тіпті
кемшілікті жасыру, оның бүгешігесін айтпау
жайлары кездесетінін білу керек. Қай
лауазым иесі жұмыстағы, қызметтегі олқылықтарын
ашып берер дейсіз? Әрине, ашпайды. Сол
үшін де Конституциядағы жоғарыда келтірілген
бап көмекке келері айқын.
Сондай-ақ
қоғамда пікірталасқа ұласып келе жатқан
мәселенің бірі – тіл проблемасы. Тағы
да Конституцияға назар аударайық. 19-бап:
«Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін
пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу
және шығармашылық тілін еркін таңдап
алуға құқығы бар».
Міне, бұл да баспасөзге қажетті зәру тұжырым
екені айтпаса да түсінікті. Баспасөз
мұны ескеріп отыруы тиіс. Өйткені Конституция
баптарында айтылған заңдылықтар мүлтіксіз
қолданылуы керек.
Баспасөз үшін аса қажетті болып табылатын
20-бапты сөз етпей болмайды. Неге десеңіз,
мұнда бұрынғы заңдарда жазыла бермеген
жәйттер бар:
«1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік
беріледі. Цензураға тыйым салынады.
2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған
кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға
және таратуға құқы бар. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құпиясы болып табылатын
мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.
3. Республиканың конституциялық құрылысын
күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды,
мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді,
соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық,
діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты,
сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа
бас ұруды насихаттауға немесе үйретуге
жол берілмейді» .
Иә, осынау бапта келтірілген мәселелердің
қай-қайсысы болса да өзекті екені тайға
таңба басқандай болып шыққан. Шығармашылық
еркіндігі баспасөз, тіпті басқа бұқаралық
ақпарат құралдарына ауадай қажет екені
екібастан белгілі. Әсіресе қазіргідей
демократия заманында. Сондай-ақ «Цензураға
тыйым салынады» деген сөздер де журналистердің
көкейінде жүрген түйін. Бұған қоса цензура
мен демократия бір қазанда басы піспейтін
ахуал. Осылайша мәселенің мәнін ашып
беру керек-ақ еді, сол миссия орындалған
секілді. Айта кету керек, кеңестік кезде
де «цензура жоқ» делінгенмен, ол орындалмай
қалған арман еді. Айтылуын айтылғанмен,
іс жүзінде бәрі де керісінше болғанын
журналистер қауымы жақсы біледі. Енді
ғана баспасөз қызметкерлерінің жолы
ашылып отыр.
Қазір әлемде мазасыздық та барын қай
ел болса да көріп-біліп отыр. Бұл жайында
Президент Н.Назарбаев Алматыда өткен
үшінші Еуразиялық медиа-форумда былай
деген еді: «Бірақ аймақтағы қауіп-қатер
жағдайында ымырашылдықтың киын екенін
де көре білу керек. Біз түгілі, көп ғасырлық
демократиялық дәстүрлері бар мемлекеттер
де халықтардың қауіпсіздігін сақтау
үшін миграциялық бақылаудан қосымша
әлеуетті құрылымдар жасауға дейін, оқу
орындарында діни киімдер киюден банк
жүйесіндегі қатаң бақылауға дейін, қару
күшін қолданудан ақпараттық цензураға
дейінгі шектеулер қоюға мәжбүр болып
отыр. Осының бәрі, өкінішке қарай, өмір
шындығы, ал бұлар ымырашылдық соқпағынан
алыс жатыр».
Елбасының осы сөзі Конституцияның аталмыш
бабындағы «соғысты насихаттауға жол
берілмейтінімен» үндесіп жатыр. Сайып
келгенде, мұның өзі журналистердің және
баспасөздің бұлжымас міндеті екенін
айғақтайды.
2009 жылдың қазан айынан бастап қазақстандықтар
адам құқықтары бойынша БҰҰ Комитетіне
жүгінуге мүмкіндігін алды. Бірақ бұл
факт қазақстандықтар тарапынан өтініштер
дауылын тудырған емес. Мысалы, әйелдерді
кемсіту бойынша Комитетке қазақстандықтардың
жүгіне алатындарына 8 жыл болды, нәсілдік
кемсіту бойынша Комитетке және азаптауға
қарсы Комитетке – 1,5 жыл, бірақ осы мерзім
ішінде бірде бір өтініш тіркелмеген.
Мәселенің негізі, осы тақырып бойынша
ақпараттың жоқтығы және халықтың құқықтық
сауаттылығының әлсіз болуында.
Сонымен бірге, дәл қазіргі кезде, Қазақстанда
азаматтық қоғам дамып жатқанда, демократиялық
өзгерістер басталған кезде Қазақстан
ЕҚЫҰ-да төрағалық болған уақытта және
түрлі халықаралық пактілер мен конвенцияларға
қосылып жатқан кезде, халықтың азаматтық
белсенділігін ынталандыру, адамдарды
халықаралық деңгейде олардың қорғаныс
алу мүмкіндігі мен олардың құқықтары
туралы ақпараттандыру мүмкін болады.
Оның үстіне, осы аяда ресейлік тәжірибені
қолданудың тамаша мүмкіндігі болады,
өйткені ресейліктер өтініштерді тек
БҰҰ Комитеттеріне емес, сонымен бірге
адам құқығы бойынша Еуропалық сотқа да
жолдайды.
Бүгінгі күні халықаралық заңнама, адам
құқығы бойынша Комитетке жүгіну туралы
толық ақпарат, сондай-ақ осы тақырып бойынша
сілтемелер мен әдістемелік әдебиет орналасатындай
бірде бір қол жетімді деректер базасы
жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік тілдегі қажетті
ақпарат та жоқ. Жоғарғы оқу орындарындағы
журналистика мамандығының оқытушылары
мен студенттері халықаралық актілер
және халықаралық инстанциялардағы сөз
еркіндігі қорғанысының механизмдері
туралы жеткілікті түрде ақпараттандырылмаған.
Осы олқылықтың
орнын толтыру мақсатында Астана қаласында
орналасқан «Солтүстік-Қазақстан құқықтық
медиа-орталығы» бірнеше іс-шаралар өткізіп
келеді. Мәселен, 2010 жылдың қараша айында
«Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың
халықаралық механизмдерінің имплемтациясы»
тақырыбында өткен семинар-тренингіне
қатыстым. Бұл жобаның негізгі мақсаты
– Қазақстан жоғары оқу орындарындағы
журналистика мамандығы бойынша халықаралық
құқықты оқыту сапасын жақсарту, студенттер
және халықаралық құқық саласында қызығушылық
танытқан азаматтардың білімдерін кеңейту.
Төрт күнге созылған семинарға Тәжікстаннан
тәжірибелі заңгер, құқық қорғаушы Нигина
Бахриева, Украинадан «Медиа-құқық институтының»
директоры, заңгер Тарас Шевченко шақырылған.
Олар өз елдеріндегі адам құқықтарын қорғау
бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, нақты
түсініктемелер берді. Қостанайға оралғаннан
кейін осы семинардан алған ақпаратпен
бөлісу мақсатында мен қазақ және орыс
топтары студенттеріне арналған ашық
сабақтарын өткіздім. Одан кейін желтоқсан
айында «Қазақстанда адам құқықтарын
қорғау бойынша негізгі ережелер» тақырыбында
заң және гуманитарлы-әлеуметтік факультеттерінің
оқытушылары мен студенттеріне арналған
әдістемелік-семинар өткіздім. Сонымен
қатар, алғашқы семинардың жалғасы ретінде,
Астана қаласында 2011 жылдың 14 ақпанында
«Адам құқығына кіріспе» тақырыбында
өткен тренингке тағы шақыру алдым. Бұл
жолы тренер ретінде Тәжікстаннан «Адам
құқығын қорғау бойынша тәуелсіз орталығының»
төрағасы Сергей Романов болды. Ұйымдастырушылар
қатысушылардың санын кеңейту мақсатында
Астана, Ақтөбе және Павлодар қалаларында
өткізуді жоспарлаған. Тренинг аяқталған
соң өткен тақырып бойынша материал жазуға
тапсырыс берілді. Ең үздік материал иелері
келесі семинарға шақырылатын болады.
Өкінішке қарай, журналистердің олардың кәсіби қызметін реттейтін заңнамалық нормалар туралы білімі мәз емес екендігін тәжірибе жүзінде көруге болады. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бұқаралық ақпарат құралдары саласында қоғамдық қарым-қатынасты реттеу үшін арналған, ол Қазақстан Республикасы Ата Заңына сәйкес олардың бостандықтарының мемлекеттік кепілдктерін орнықтырады. Осыған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет аясы тек «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңымен ғана шектелмейді. Оған, сондай-ақ, «Авторлық құқық пен аралас құқық туралы», «Байланыс туралы», «Жарнама туралы», «Сайлау туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдары және басқалар кіреді. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары туралы қазақстандық заңнаманың халықаралық құқық норамалары мен талаптарына сәйкес болуы үшін қосымша БАҚ саласындағы халықаралық құқық нормаларын да білу қажет. Өзінің кәсіби қызметі барысында журналист ақпаратқа қол жеткізу мен оны таратуға байланысты сан алуан құқықтық қарым-қатынасқа түсуге мәжбүр болады. Өз құқығы мен міндеттерін білмеу, оларды пайдалана алмау журналистке кері әсерін тигізеді, журналистің өзіне де, ол қызмет істеп жүрген бұқаралық ақпарат құралына да көптеген қиыншылықтар туғызады. Міне, сондықтан да журналистерге жақсы құқықтық білім алу соншалықты маңызды болып есептеледі.
Журналист өзінің шығармашылық еңбегін жұмсап, туындысын (шығарма) объективті материалды формада дүниеге әкелген сәттен бастап, ол оған авторлық құқыққа ие. Шығарманың объективті (материалды) формасы деп – шығарманың мазмұнын емес, оның көзге көрінетін жеке меншік құқымен қорғалатын (бірақ авторлық құқықпен емес) материалдық келбетін айтады. Шығарма қағаз бетіне түскеннен кейін оның түпнұсқасы ғана емес, көшірме күйіндегі кез келген данасы да материалдық форма болып саналады. Ал журналға өз мақаласын шығарған тілшінің оған заң бойынша толық авторлық құқы бар. Автор өз авторлық құқын қорғау үшін шығармасының әр данасына өзінің шын аты-жөнін немесе бүркеншік атын қоюына болады. Осылайша, шығарманың барлық санында (данасында, көшірмесінде) автордың есімі қойылып, оның авторлық құқы кімге қарайтыны көрсетіледі.
Автор ретінде мақала шығарған журналиске мүліктік емес құқықтар қарайды – авторлық тану, жариялау құқы, қорғау құқығы. Жеке мүліктік емес авторлық құқықта материалдық мазмұн болмайды. Журналисте авторлық құқықпен бірге өз есіміне де құқығы бар, бірақ ол құқық адамға туған кезден бастап берілетін жалпыазаматтық құқықпен сәйкес келмейді. Автор өз шығармасын қалауына қарай, бүркеншек атпен де және аты-жөнін көрсетпей де шығаруына болады. Автор өз шығармасына кең қауымға таныстыру үшін өз аты-жөнін қоя алады және оны кері шақырып алуға құқы бар. Сонымен, жеке мүліктік емес құқықтарды автордан бөлек қарауға болмайды. Сонымен қатар, «Авторлық құқықты пайдалану принципі» де бар. Бұл дегеніңіз, автордың шығармасы өзінің келісімімен азаматтық таралымға жіберіледі, содан кейін оның көшірмелері қаламақы төлемей-ақ, автордың келісімінсіз еркін таратыла береді. Бірақ міндетті түрде автордың аты-жөні мен қай жерден алынғандығын көрсету керек.
Бас редактор авторлық шартты ұсына отырып, болашақ шығарманы мүліктік құқық ретінде заңдастыруды ұсынады. Себебі, авторлық құқық арқылы басқа адамға автордың мүліктік құқықтары беріле алады. Авторлық құқықты беруді авторлық құқықтың басқа біреуге өтуімен (заң бойынша мұраға қалдырылу, өсиет) шатастырып жүрмеңіз. Кез келген авторлық шарттың мазмұны – мүліктік құқық беру, ал шарттың нысаны – мүліктік авторлық құқықтар болып табылады.
Авторлық шартта шығарманы пайдалану (нақты құқықтар), пайдалану мерзімі және оған төленетін қаламақының көлемі мен төлеу тәртібі көрсетілуі керек. «Нақты» деген сөз заңда екі жақ шарт бойынша берілетін құқықтың көлемін нақты көрсету үшін қолданылады. Ал шарт бойынша авторлықтың құқықтық берілетін уақыты елеулі өзгеріп тұруы мүмкін. Сонымен бірге шартта қаламақының көлемі табысқа шаққандағы пайызбен немесе белгіленген сомада көрсетілуі мүмкін. Авторлық шарт жазбаша түрде жасалады, алайда шығармаларды мерзімді баспасөзде пайдалану туралы шарт ауызша да жасала береді. Егер шарт ауызша жасалса, онда автор өз шығармасын бір рет қана пайдалануға құқық берді деп санау керек. Жазбаша шартта болашақ шығармаға төленетін сыйақының көлемі, аванс және олар қашан төленеді, т.б. кіргізген жөн. Сондай-ақ, автор тапсырыс берушінің алдында өз міндеттемесін бұзған жағдайда қандай жауапкершілік болатынын да қарастырғаны дұрыс.
Бірлескен авторлық шығарма - екі не одан да көп адамның бірлесіп дайындауы. Алайда бірлескен авторлықты процеске емес, нәтижеге қарап бағалайды. Маңыздысы – қанша адам жазғанында емес, шығармашылық еңбекке қайсысы және қаншалықты көп қатынасқанында. Егер адам шығармадағы идеяларды, айғақтар мен әдістемелерді өңдеумен ғана айналысса, онда ол адам шығарманың авторы немесе бірлескен авторы бола алмайды. Себебі ҚР «Авторлық және аралас құқықтар туралы» заңының 6-бабы 4-тармағында: авторлық құқық идеяға, концепцияға, принциптер мен әдістемелерге, жүйеге, процеске, айғақтар мен жаңалықтардың өздеріне тарамайды деп көрсетілген. Әдетте, бірлескен авторлар бір жерде және бір мезгілде жұмыс істейді, алайда олар әр жерде жұмыс істеуі де мүмкін, бірақ бәрібір олардың бірлесіп жасаған шығармалары бірлескен авторлық дүние болып танылады. Бірлескен авторлықтың екі түрі бар: ол бүтін бір шығарма болуы да мүмкін және әр автордың бөлек бөлімдерінен тұратын шығарма болуы да ықтимал. Бірінші жағдайда бірлескен авторлық бөлінбейді, ал екіншісінде бөлек қаралады. Бөлінетін бірлескен авторлық – келісіммен жүзеге асады. Бұл жағдайда әр автор шығарманың өз бөлігін өз қарауынша пайдалана алады. Бірлескен шығарманы бірлескен авторлар өз қалауларынша пайдаланады. Ондай келісім ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін. Келісім жоқ болса, онда оған сіңірген еңбек тең саналады. Дау туған жағдайды, сот бір автордың қарсылығына қарамастан, оны пайдалануға рұқсат бере алады. Шығарма жарияланғанда авторлар өз аттарын қалай қоюды өз ара келіседі, егер ондай келісімге қол жеткізе алмаса, онда авторлардың есімдері алфавит бойынша қойылады.
Информация о работе Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі