Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2015 в 07:48, дипломная работа
Краткое описание
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықтық мемлекеттегі адам құқықтарының проблемалары мемлекет қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде қарастырылуға тиіс. Журналистік қызметтің жемісті болуы журналистің құқтық және этикалық қағидаларды жақсы білуіне тікелей байланысты. Заңды және журналистік әдеп пен тәртіптің қалтарыс-бұлтарыстарын жете білмеуі қалам қайраткерінің адымын аштырмайды, кейде өкінішті қателіктерге ұшыратады. Қазақстан Республикасының Конститутциясында кепілдік берілген сөз және баспасөз бостандығы журналистің бүкіл қызметінің іргетасы, ұстанар құбылысы болып табылады.
ΙΙ ТАРАУ. Құқықты журналистика және сот ісі 2.1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң және журналистің құқығы...................................................................................................... 36
Сондай-ақ, еліміздің журналистерінің
кәсіби этика Кодексінде демократиялық
қоғам құруға, БАҚ пен билікті әлеуметтік
бірлестік құруға шақыратын ұрандар көбірек.
«БАҚ көпшілік санасына үрей, қорқыныш
сезімін тудыратын, ұжымдық невроз әкелетін
феномен ретінде, жарияланатын ақпаратты
жіті таңдап, қажетінше мөлшерлеу керектігі»
айтылған екен. Ал, КСРО мемлекеттері журналистерінің
кәсіби этика Кодексінде керісінше, «Журналист
деректерді таңдау, баяндау мен бағалау,
өңдеу мен тарату кезінде қоғамдық маңыздылығына
сүйенеді. Ол БАҚ-тың пікірлер алуандығын,
яғни, плюрализмді объективті түрде жариялауына
атсалысуы керек. Журналистің қоғамдық
маңыздылығы бар ақпаратты жасырып қалуға,
деректерді өзгертуге, оларды жалған баяндауға
құқығы жоқ», - делінген. Яғни, біздің Кодекс
журналистерді қоғамның санасына кері
әсер ететін жайттарды жария етпей, адамға
үрей, қорқыныш әкелетін материалдардан
алшақ болуға шақырса, екіншісі, журналистерге
барынша шынайы болуды, деректерді тұмшаламай
жеткізуді бұйырып отыр.
Елімізде журналистік
әдепке қатысты тұңғыш құжат
«Қазақстан Республикасындағы Ұлтаралык
қатынастарды жазып көрсетудегі
этика кодексі» болып тбылады.
Оның түпкі мәні еліміздегі
ұлтаралық қатынастарды жазудағы
мақсаттарға келіп тіреледі. Өйткені,
оның өзіндік себептері бар. Қазақстанда
қазақтан басқа да ұлт өкілдері
тұрады. Осындай көп ұлтты мемлекеттің
ішкі бірлігін сақтауда бұқаралық
ақпарат құралдары елеулі рол
атқаратыны сөзсіз. Сондықтан да,
журналистердің ұлтаралық қатынастарды
жазуы барысында кәсіби этикаға
баса назар аударылуы бұқаралық
ақпарат құралдарында обьективті
көзқарас калыптастырады. Осы бағытта
журналист өзінің кәсіби этикасын
қаншалықты ұстанатындығын көрсетеді.
Қазақстан Журналистер одағы мен «Бас
редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі
қазақстандық журналистердің ортақ мойынсұнатын
этикалық кодексін жұртшылық талқысына
тастаған болатын. Кодекс біраз уақыт
қаралып, 2012 жылдың күзінде еліміздің
бірқатар жетекші БАҚ басшылары, республикалық
басылымның бас редакторлары қатысқан
алқалы жиында ақырғы талқылаудан өтіп,
соңғы нұсқасы арнайы хаттамаға қол қою
арқылы қабылданды. Осы ретте Қазақстан
Журналистер одағының төрағасы Сейітказы
Матаев: «Біз осыдан 10 жыл бұрын Түркістан
қаласында журналистерге арналған ортақ
кодексті қабылдау мәселесін көтерген
едік. Ол кезде де біреуі келісіп, біреуі
келіспеген болатын. Бірақ та биыл жазда
Елбасының осы жайлы арнайы тапсырмасы
болғандықтан, біз бұл кодексті қайта
қарауға бел шештік. Республиканың бірнеше
қалаларында жиналыс өткізіп, адамдармен
пікірлесіп осындай қадамға келдік. Бұл
тікелей ақпарат министрлігімен бірге
ұйымдастырылды. Айтар болсак, біз әр бапты
нақты талқыладық. Бұл кодекс жас журналистерге,
университеттің журналистика факультетінде
оқитын студенттерге қажет деп ойлаймын.
Алайда, бұл кодекстің заңды күші жоқ»,
- деп атап өтеді (Әділет. -2012.-7 қараша.
С. Асанов, Қабылданған этикалық кодекстің
заңды күші жоқ. Алайда ол жастарға аса
қажет!). Басқа мемлекеттерде журналиетердің
бағынатын этикалық мәні аса жоғары этикалық
кодекстері бар. Ал біздегі бұл кодекстің
заңды күшінің болмауы бәрімізді ойландыратын
жайт.
Журналистикада «БАҚ туралы Заң» бар.
«БАҚ туралы Заңмен» қатар, өзге де заң,
кодекстер қолданылады. Егер журналист
баспасөз арқылы біреуге тіл тигізсе,
«Қылмыстық кодекске» сай жазаланады,
азаматтардың абыройын төгіп, намысына
тисе іскерлік беделін нұқсан келтірсе,
«Азаматтық кодекс» арқылы айыпталады.
Қазіргі таңда журналистер сыбайлас жемқорлықты,
қоғамды жайлаған басқа да індеттер мен
келеңсіздіктерді батыл әшкерелей алады
және жамандық атаулының тамырына балта
шауып, еліміздің өркендеуіне елеулі үлес
қоса алады. Осы жағдайдың барлығы ескеріліп,
1991 жылдың 24 сәуірінде Кеңестер Одағы
ыдырамай тұрған уақытта КСРО- ның конфедерациялық
негіздегі журналистер Одағының I съезі
«Журналистің кәсіптік этикалық Кодексін»
қабылдады. Бұл Кодекстің негізгі мақсаты
- демократия мен жариялылық жағдайында
сөз бостандығын теріс пайдалануға жол
бермей, журналистиканың мәдениеттілігі
мен әдептілік дәрежесін сақтауды қамтамасыз
ету болып табылады. Құжат үш бөлімнен,
он үш баптан тұрады. Кодекстің «Журналистің
кәсіптік этикасының принңиптері» деп
аталатын бірінші бөлімінде журналистің
кәсіптік этикасының негізгі міндеттері
былай- ша көрсетілген: «1. Журналистің
әлеуметтік жауапкершілігі 2. Адамдардың
шынайы ақпарат алуға деген құқығы. 3. Журналистің
бъективті шындыққа адал болуы, ар-ұяттылық.
4. Журналистің кәсіби шынайылығы. 5. Адамның
жеке басының өмірі мен қадір-касиетін
құрметтеу. 6. Жалпыадамзаттық коғамдық
құндылықтарды қадірлеу. 7. Акпарат аймағындағы
жаңа халықаралық тәртіпке ықпалдасу».
Осы жеті
міндетті жеке-жеке алып қарастырсақ.
Журналистің әлеуметтік жауапкершілігі
Қазір журналист ең алдымен,
қоғам, оқырман, көрермен, тыңдарман алдында
жауапты, жұртшылыққа қызмет етіп, ақпаратпен
қамтамасыз етеді. «Азаматтардың ақпарат
алу құқығын камтамасыз ету - журналистің
ең бірінші парызы» (Журналист. - 1991. №6.
9-12 бб., Журналистің кәсіптік этикасының
Кодексі). Журналистикада ақпарат халықтың
игілігіне жұмсалатын зат ретінде пайдаланылады.
Ол дегеніңіз - журналист берген ақпараты
үшін жауапты. Демек, журналист мемлекеттік,
қоғамдық маңызы зор оқиғалар жөнінде
дер кезінде ақпарат беруі тиіс.
Журналист әлеумет мүддесін көздейді.
Халықтың мүддесіне жат, Конституцияға,
демократияға қайшы келетін нәрселер
журналист үшін де жат болу
керек. Журналист моральдық, этикалық
жанынан таза болуға тиіс, сонда
ол өз жұмысын жақсы атқарады.
Ол қоғам алдында ұсынып отырған
хабары үшін жауапты болады, демек
оның баспасөз, телевизия немесе
радио арқылы тартқан жаңалығы
шындыкқа сай болуға тиіс. Сонымен
қатар «БАҚ туралы» заңда және
Кодексте көрсетілгендей, баспасөз,
телевизия, радио арқылы қоғам
мүддесіне сай келмейтін, жеке
азаматтардың Конституцияда кепілдік
берілген құқықтарын бұзатын, соғыс
пен зорлық-зомбылықты мадақтайтын,
ұлттар арасына іріткі салатын,
әлеуметтік, нәсілдік, діни астамшылыкты
дәріптейтін, зұлымдық, порнография
сияқты зиянды құбылыстарды насихаттайтын
ақпарат жаңалықты жариялауға
жол берілмейді. Бұқаралық ақпарат
құралдарын жариялылыққа үстемдік орнату,
қоғамдық пікірді басқару үшін пайдалануға
болмайды (Қазақстан Республикасының
Бұқаралық ақпарат туралы Заңы. 2006. 66 б.).
Осыдан олар қалың бұқараға әдептен
аспаған ақпаратты жеткізуге міндетті
деген ой кылаң береді.
Өкінішке орай, еркіндік алған
Қазақстанның 1990 жылдардағы баспасөзінде
демократияны дұрыс түсінбей немесе берілген
бостандықтарды өз мақсаттарын жүзеге
асыру үщін журналистің кәсіптік этика
Кодексінің міндеттеріне қайшы келетін
материалдарды көптеп кездестіруімізге
болады. Мәселен, 1990 жылдардың орта тұсында
өздерінің шовинистік позициясын ашықтан-ашық
ұстанып отырған «Караван» газеті окырман
назарын бірден аударып үлгерді. Осы ретте
«Жас Алаш» газетінде доцент Төлеу Қарамендиннің
«Бұрмалау бұғауы немесе орыстар мен қазақтарды
араздастыруға жол бермейік» атты материалы
жарық көрді. Онда автор «Караван» газетінің
шовинистік бағытын сынап, көздеген мақсаттарын
ашып береді. Үзінді келтірейік: «...Караван»
газеті арқылы республиканың Конституциялык
құрылым негіздерін тексеруді үгіттеп
жүрген Гитлер, Шацких, Гуревичтерге келетін
болсақ, менің пікірім мынадай. «Караван»
газетін және институтты, акционерлік
қоғамды басқара отырып, Қазақстан халқының
басым көпшілігі сияқты материалдық тапшылық
көріп отырған жоқ. Сондықтан олар Қазақстаннан
кетуге асығып отырған да жоқ. Бұл - біріншіден.
Екіншіден, Ресейге кошіп кеткен жағдайда,
оларды жылы қабылдай қоймайды. Онда онсыз
да әккілері жетеді. Бұған қоса олардың
гүлденуі үшін ешқандай да қайнар жоқ.
АҚШ-қа келсе мемлекеттік ағылшын тілін
білуі тиіс. Израильге көшсе ивритті білуі
қажет. Ал мемлекеттік қазақ тілін олар
мойындағысы да, білгісі де келмейді. Сонда
олар үшін бір ғана жолдың болғаны: тексеру
жолымен Конституциялық кұрылымның негіздерін
жоққа шығару. Олар осы арқылы Қазақстандағы
екі ірі этнос қазақтар мен орыстарды
араздастырып қойғысы келеді...» (Жас Алаш.
- 1994. - 28 сәуір. Т. Қарамендин, Бұрмалау
бұғауы немесе орыстар мен қазақтарды
араздастыруға жол бермейік). Бұл мақала
бүгінде түрлі жанжалқұмар басылымдар
қаптап кеткен кезде, ақ пен қараны ажырата
білуге, кімнің не көздегенін көре білуге
мүмкіндік береді.
Журналист
бүкіл қоғам үшін қызмет жасайды, адамдардың
жаңалыққа деген сұранысын қанағаттандырады.
БАҚ-ның аудиториясы өте кең, олардың тарататын
хабарларының жетпейтін жері жоқ. Сондықтан
да, журналист озінің қызметін ойдағыдай
атқаруға тиіс. Бұл үшін ол өз мамандығын
терең меңгеріп, шеберлікпен жұмыс жасау
керек. Журналистикамен кәсіби біліктілігі
жоғары адамдардың айналысқаны жөн.
2. Адамдардың шынайы ақпарат
алуға деген құқығы
Журналистің ең алғашкы міндеті
- объективті шындықты шынайы бейнелеу
арқылы адамдарга дұрыс әрі анық акпарат
берудегі кепілі. Журналист дәйектердің
түпнұскалық мағынасын сақтап және маңызды
байланыстарды аша отырып, өзгертулер
енгізбей, адал баяндауы керек. Жаратылыс,
табиғат және болған окиғаның жайы мен
оның казіргі күйі барынша объективті
түрде түсінікті болуы үшін, сондай-ақ,
коғамның әлемге байланысты нақты түсінік
қалыптастыруы үшін жеткілікті ақпарат
беріп, өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін
толығымен пайдалануы керек.
1990 жылдардың басында біздің басылымдарда
тексерілмеген фактілердің жариялана
беруі жиі кездесіп отырды. Осыны «Ка-
захстанская правда» газетіне берген
сүхбатында журналист Камал Смайылов
былайша мойындады: «К сожалению, в некоторых
изданиях имели место публикации, где
использовались неточные, непроверенные
факты. Особенно опасны такие моменты,
когда речь идет о межнациональных отношениях...»
(Казахстанская правда. - 1994. - 7 май. К. Смайылов).
Журналист еңбегіне қойылатын
негізгі маңызды талаптардың бірі - ақпараттың
шыншыл, әділетті, әділ болуы. Бұқаралық
ақпарат құралдарының қызметкері өзі
жария еткен хабар-ошары арқылы омірдің
көрінісін жасайды, бұл шындыққа сай болу
үшін, журналист болған оқиғаны, фактіні
сол күйінде, өңін айналдырмай, өзгертпей,
еш нәрсе қоспай оқырман, көрермен, тыңдарманға
жеткізуге тиіс. Сонда ғана адамдар орын
алған өзгерістер, құбылыстар туралы нақты
түсінік ала алады. Әрине, фактілер, жағымды
да, жағымсыз да болады, сол себептен шыншыл,
әділ болу оңайға түспейді. Бірақ журналист
мамандығы осыны талап етеді, демек журналист
фактіні іріктеу, бағалау, өңдеу, тарату
кезінде объективтілік міндетін басшылыққа
алуы тиіс; БАҚ-та міндетті түрде пікір
алалығына жол берілуі керек.
«Тура биде туған жоқ» деғендей,
журналист болған жайға, фактіге әділ
көзбен, шыншылдықпен, ешқандай бөтен
ықпалсыз қарап, салқынқандылықпен таразылау
керек. Журналист бүкіл қоғам үшін қызмет
етеді, соған жауап береді, сондықтан ол
белгілі бір топтың, таптың мүддесін емес,
бүкіл қоғамның мүддесін көздеуге тиіс.
Журналистің қоғамдық маңызы бар ақпаратты
жасыруға, фактіні біреудің пайдасына
бүрмалауға қүқығы жоқ.
3.Журналистің объективті
шындыққа адал болуы, ар-ұяттылық.
Осы міндетке сәйкес журналист
арлы, ұятты болуға тиісті. Материалды
жарияламас бұрын ол фактіні мұқият тексеріп,
хабарларды өте дәл етіп, ыждаһаттылықпен
дайындау керек. құжаттардан және басқа
да ақпарат көздерінен алынған хабар,
жаналықты журналист қаз-қалпында жеткізуге
міндетті. Америка журналистеріне берген
кеңестерінде Лоуренс К. Бопре, «Уэстчестер
Роклэнд ньюспейперз» газетгер тобының
вице-президенті әрі атқарушы редакторы
былай деп жазады: «Кез келген ақпаратқа
сенімсіздікпен, күдікпен қараңыз. Оны
екі рет тексеріп алыңыз. Америка газеттерінің
редакцияларында мынадай мәтел бар: «Ақпаратты
туған анаңыз хабарласа да, тексеріп алыңыз...».
Немесе «Азаттық» радиостанциясының комментаторы
Вадим Белоцерковскийдің айтқанына коңіл
бөлейік, ол былай деген еді: «Бізде эфирге
берілетін фактілердің барлығы кем дегенде
екі түрлі ақпарат көздерімен дәлелдену,
расталу керек».
Сөйтіп, журналист, ең алдымен,
фактіні тәптіштеп тексеріп алуы керек.
Екіншіден, ол фактілерді бұрмалау, ешбір
дәлелі жоқ пікірлерді жария ету, ойдан
шығару, өтірік ақпаратты тарату сияқты
нәрселерден аулақ жүріп, арына кір келтірмей,
ұятқа қалмау керек. Үшіншіден, кемшілік,
қате жасалып қалған жағдайда журналист
міндетті түрде газет, журнал, телевизия
не радио арқылы кешірім сұрап, кемшілікті
мойындап, теріске шығаратын матери- алды
жариялауға тиіс. Бұл туралы Лоуренс К.
Бопре былай дейді: «Ең маңыздысы: егер
сіздікі дұрыс болмаса - мұны мойындаңыз,
газетте жедел және ашық түрде қателерді
түзеу тәжірибесініц болғаны абзал. Газеттердің
көп бөлігінде бұл үшін арнайы орын берілген»...».
Журналистика кәсібінің болмысы журналистен
ақпараттың жалпыға бірдей ашық болуына
ықпал етуі мен қоғамның журналист жұмысына
етене араласуын талап етеді. Бұл дегеніңіз
- Қателерді түзету міндеті мен жауап қайтаруға
деген құқық.
4. Журналистің кәсіби
шынайылығы.
Осы міндетті шын мәнінде орындайтын
журналист ешқашан да өзінің қызметі беретін
мүмкіндіктерді жеке басының немесе туған-туыстарының
мүддесі үшін пайдаланбайды. Қандай жағдай
болмасын, БАҚ-ты лайыксыз максаттарға
жету үшін пайдаланып, өзіне ұнамаған
азаматтарды қудалау, олардан кек алу
үшін колдануға жол берілмеуі тиіс.
Журналистиканың
беделін түсіретін нәрселердің бірі -
плагиат, яғни, сұхбат берген адамның,
белгілі материал авторының сөзінен, әдеби
шығармадан, тағы басқалардан үзінді келтіріп,
оны өз еңбегінің жемісі етіп көрсету.
Бұл туралы сонау 18 ғасырда ұлы ғалым М.В.
Ломоносов: «Ең алдымен, журналист өз әріптестері
айтқан пікір, ойларды ұрлап, өзінікі етіп
көрсету - ең ұят нәрсе екенін ұғып алуға
тиіс...», - деген орынды пікір айтқан.
Осы тұста жас ақын Маржан Ерушованың
«Қазақстан-2атап» газетіне берген (29 желтоқсан
2008) сұхбатынан мысал келтірсек: «2003 жылы
Махамбет Өтемісұлы бабамыздың 200 жылдық
мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды.
Ұлы той қарсаңында «Махамбет» атты поэмамды
жаздым. 2003 жылы «Арыс» баспасынан «Жыр
арқауы - Махамбет» деген жинақ шықты.
Осы жинақта Атыраулық бір ақынның өлеңін
беріп, авторы - Маржан Ершуова деп жазып
қойыпты. Мен бұл баспаға өлең тапсырған
жоқпын. Ал сол жылы шыккан «Жалын», «Сарыарқа»
журналдары менің «Махамбет» поэмамды
үзіп-жұлып, өңін өзгертіп жарияласа, сол
жылы шыққан «Атыраулық акын-жазушылардың
100 томдығының» 58-томында менің өлеңдерім
жарық көрді. Бұл кітаптың ішінде де бас-аяғы
бүтін бір өлеңім жоқ. Бұл жағдайлар мені
қатты мазалады. Авторлық құқығым туралы
жылы жауып қойдым да, шығармашылыққа
шындап кірістім», - дейді. Маржанның басындағы
жайт өзге шығармашылық иелерінде де кездесіп
жататыны жасырын емес. Ең бастысы, осындай
кателіктерге ұрынбай, жазылған дүниеге
сілтеме беріп отырғанымыз жөн сияқты.
Плагиатқа қатысты тағы бір мысал келтірсек,
2004 жылдары Парламенттің қарауына жеті
депутат «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң
жобасын ұсынған еді. Кейіннен аңғарғанымыздай,
дәл осындай Занды, сөзбе-сөз, үтірме-үтір,
нүктеме-нүкте Қырғыз Республикасы 2001
жылдың 14 қаңтарында қабылдап тастаған
екен. Бұл жөнінде «Ақ жол Қазақстан» газеті
«Жетеудің «Жеті жарғысы» атты мақалада
(25 маусым 2004) жан-жақты талдап көрсетті.
Адалдық міндетіне қайшы келетін
әрекеттердің бірі - оқырман, керермен,
тыңдарман атынан материал, хат
жариялап, кейіпкердің айткан сөзінен
бір үзіндіні ғана бөліп алып
жариялап, оның айтқан ой-пікірінің
өңін айналдырып, бұрмалау. Осының
бәрі БАҚ беделін түсіріп, журналистерге
деген сенімсіздік, сыйламаушылық туғызады.
5.Адамның жеке басының өмірі мен қадір-қсиетін
құрметтеу.
Журналист өз қызметін атқару
барысында адамдардың құқықтарын қорғап,
жеке басын құрметтеуі тиіс. Адамдардың
жеке құқықтарына Конституңияда кепілдік
берілген: «Қазақстан Республикасы адамды,
оның өмірін, бостандығы мен ажырамас
құқығын ең қымбат қазына деп таниды және
өз қызметін азамат пен қоғам мүдделері
үшін жүзеге асырады» немесе: «Адамның
және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне
қол сүғуға бол- майды» (Қазақстан Республикасының
Конституциясы, 1993. 5 б.).