Қолданбалы қолөнер туралы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 20:17, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң талабына лайық жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбiп, жапырақтың бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани ата-бабадан қалған мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де, туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмiрi ұзақ болуы мүмкiн емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың баршасының қасиеттi борышы болса керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе.doc

— 654.50 Кб (Скачать документ)

 «Күн» ою-өрнегі  Күнді меңзейді.  Күн, Ай, аспан  бейнеленген тұмарлар қасиетті деп саналған, себебі, діни  ұғымда бұлардың магиялық  күші бар деп  сенген. «Күн», «күн-көзі», «күнсәулесі», «шыққанкүн» оюлары кілемнің, тұскиіздің дәл ортасына салынады, сол сияқты бұл өрнек кесте тоқуда немесе ағаштан, сүйектен ойылған заттарды бедерлеуде, ат-әбзелдерін әрлеуде қолданылады. 

 Қазақ ою-өрнектерінде  кейде түзу, қисық, кейде доға сызықтар көптеп кездеседі. Бұл топқа жататын оюлар мен өрнектер киім безендіруде молынан кездеседі. Кейде өзен, аққан су сияқты ирек кестелер кездеседі. Оны қазақтар тоқтаусыз, қозғалыстағы үзілмес өмір белгісіндей қабылдайды. Мұндай өрнектер көрнекі жерге-киім өңірлеріне түсіріледі. Толқын тәріздес таусылмас өрнектер күрделі жануарлар немесе аспан әлемінен алынған өрнектердің екі шетін қаусырып тұру үшін таптырмайды.  Сондай-ақ “сүйір”, “ирек”, “балдақ”, “қармақ”, “тұмарша” тәрізді атаулар оюларды киім безендіруге пайдаланбаған. Олар алаша, ши, басқұр, текемет және басқа тұрмыстық заттар үшін таптырмас безендіру үлгілері.

Ою-өрнектің  төртінші үлкен тобы - өсімдік тектес оюлар. Қазақ ежелден     табиғатты аялаған. Табиғаттан өзіне пана тапқан.  Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Ою- өрнек өнері – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Олардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.  

 Ою-өрнектерде,  бояу түсі мен мәнерінің тепе-теңдік принципінің берік сақталып келуі негізгі ерекшелік болып саналады. Қазақтың ою-өрнектеріндегі бояу композициясының тереңдігі, көркемдігі мен оның белгілі бір идея  әуенінен туындайтындығы - бұл өнердің эстетикалық әсерлілігін байыта түседі. Бояу түсінің құнарлығы, қайталануы, назар аударарлығы көп жағдайда қазақ ән-күйіне бір сарындас болып келеді. Сайып келгенде бояу үндестігі, бояу шешімі ою-өрнек өнерінде адамға идеялық және эмоциялық жағынан мықты әсер ететін негізгі арқау болып табылады.  

 Әр халықтың өнерінде  бояу түсі әр қалай бағаланады. Қазақ ою-өрнек өнерінде ақ түс көбірек қолданылады. “Ақ” түс– шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Сол сияқты қазақтардың ұғымында басқа бояу түстерінің де орны айрықша. Мысалы,  “көк” - аспанның, аспанға табынудың, “қызыл”- оттың,  “сары” - айырылысудың, “қара” - жердің,  “жасыл” - көктемнің, жастықтың, символы. Бұдан, түр-түс ою-өрнек өнеріңде күрделі рол атқаратын, ондағы ойды бейнелеу арқылы болмыс пен шындықты көрсетуде өзіндік шешім табатынын байқаймыз.  

 Көне түркілердің  түсінігі бойынша, құс - көктің, балық -судың, ағаш-жердің белгісі. Сол қазақ ою-өрнегінің мақұлық аты, нәубет аты, ғарыш аты,  тіке сызықты нышандық, танымдық т.б. сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғысырлар бойы мұра болып келе жатқан мәліметтерге сүйенсек, шеберлер өздерінің қолөнер туындыларына табиғаттан алынған бейнені дәлме-дәл түсіруге ұмтылған.  

 Өнер шығармаларында  түрлі түс жағынан  болсын, бейнелеу жағынан болсын екі нәрсе қатар, яғни қарама-қарсы келгенде арасындағы  айырмашылық көзге көбірек түседі. Мысалы, биік пен аласа, көрікті мен көріксіз,  жарық пен  көлеңке т.б. қатар келгенде, араларындағы  айырмасын  анық байқаймыз. Мұндай көріністі бейнелеу   қарама-қарсылық деп те атайды.  Кейде композициямызда түстерде бір-біріне бірігіп қарама- қарсылық үйлесімін тауып тұрады. 

 Түрлі түстердің  байлығы,  сөздің  ою-өрнегі ғана емес, халықтың  бүкіл  тарих бойына, санасына ұялаған дүниетаным түйсігі, ұғым нанымы жатыр.  Түстердің терең тылсымын, оның құпия сырларын түсінуге, бағдарлауға талаптану қажет. Көркем шығармада түрлі түстерді қолдану  тәсілдері мен түстердің арақатынасын  анықтап алу керек. Көркем шығарманың  құрылымына енген кезде,  шығарманың  бейнелейтін ойдың мазмұнына сай,  көркем-образдық мазмұнына сай, көркем  өзгерістерге ұшырау заңдылықтарын  анықтау  мен көркем түстердің  өзара  үйлесімділігіне байланысты, белгілі бір стильдік  жүйеге  тән ерекшеліктерін аша  білу керек.

Ел әдетін,  этнографиясын білген  адамға мұндай өрнектердің  бұйымдық ұғымын және  олардың  неліктен  бұлай аталатындығын  пайымдау қиын емес.  Халқымыздың  шиге,  алашаға,  кілемге  салатын «омыртқа»  өрнегі  Ғ.Иляевтің кілем,  түскиіз, терме-алашаға арнап  жасаған өрнегі.  Өрнек  кілең «сынық мүйіз»  өрнегінің  элементтерінен құрылған.  Сонымен қатар, өрнекте ұлы жүз қазақтардың рулық  белгісі болған «тарақтаңба»  да көрініп тұрады. «Омыртқа»  өрнегін  малдың кепкен жалпақ омыртқасының сүресін есіне  түсіре алмаған  кісінің  түсінуі қиын. Сол сияқты  жалпы  атауы мүйіз (қойдың, арқардың, бұғының)  ұғымынан  алынған  әр түрлі  және  көп тармақты өрнектер  де неше  иіріліп, әр түрлі  тармақталып, бір сюжетті  тұспалдап  тұрады.  Мысалы,  «қошқар мүйіз» өрнегі   ерте заманда бір түрде жасалып, бара-бара әдеміленіп келіп, екінші түрге  ауысқан.  Бірақ оның  бастапқы  затқа  ұқсастығынан  гөрі  әдемілігі, әшекейлігі басымдана  түскен. Мысал ретінде көне заманның айбалталарын  алайық. Айбалтадағы екі мүйіз тек әдемілік үшін  ғана  жасалған өрнек.  Ал балта жүзінің өзі де жарты ай бейнесін меңзеп  тұр. Айта кетерлік бір жай осы сияқты мүйіздеп әшекейлеу арқылы  жасалатын  өрнектер қазақтан  басқа  елдерде де көп  кездесе  береді.  Қырғыз, өзбек, армян, әзербайжан, түрікмен, украин, молдавандарда  және  тағы басқа елдерде кездеседі.  Әрине әр елдің  салттық ұғымдарына, дәстүрлеріне байланысты олар әр алуан болып келеді.  Демек, халықтар арасында бірінен бірі  үлгі  алу, өнеге  ауысу ертеден –ақ  жақсы дәстүр  болған деген  ойымызды бұл жайлар тағы да  дәлелдей түседі.  Ал шырмауық, шытырман, гүл, жапырақ және геометриялық фигуралар тектес  өрнектер  барлық  халықтарға ортақ. Мүйіз ою-мүйіз тәрізді өрнектелгендіктен  мүйіз аталуы сөзсіз. Түскиіздің шетіне көбнесе қолтықшасына өрнектеледі. Жерге төселетін текеметке ұдайы осы ою салынып қолтық деп аталады. Мұнысы, хош келдіңіз, өз үйіңіздей көріп, жантая отырып дем алыңыз деген қонақжайлық белгісі. Омыртқа- мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою-қайраттылықтың ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады.

Тау оюы- қолөнер бұйымдарының жиектеріне салынады, мәңгіліктің, күш құдіреттің символы. Қариялардың деп бата беруіде тектен тек емес.

Гүл оюларының өзінде де халықтың дана ойы жататынын мынадын байқаймыз: гүл мен гүл түйнегінің айқаса бірігіп салынуы-бірлікті, елдің ынтымақты болуын мегзейді.

“Тасбақа оюы”-мәңгіліктің символы. Бейіт басындағы сынтастар көбнесе тасбақа бейнесіндегі тасқа қашап орнатылады. Бұл оюбатырдың, ханның киіміне, жауырынына, қалқанына салынатын болған.

Халықтың рухани өмірі: ұлттық салт-дәстүрлер, наным-сенімдерге байланысты  оюлар-Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергіәдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылатын қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберу дәстүрі болған. Сәлемдемеге жас келіншек өзінің күйеугешыққаннанкейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай жарғақ, оның бетіне бойы сорайған ұзын және өте жіңішке, әрі арық адам бейнесі кестеленіп салынған және оның  жанында тұрған дөп-дөңгелек адам тұрпаты бейнеленген. Бұл сәлемдемеде қыздың ата-анасы жат-жұртқа ұзатылған баласының “отырса опақ, тұрса сопақ” болған мүшкіл халін түсінген.Ал басқа ретте күйеуге ұзатылған қыздан “құсмұрын” бейнесі салынған сәлемдеме келсе, ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы  бостандықта, жағдайы жақсы екенін ұғатын болған.

Итқұйрық- иттің құйрығы тәрізді ою. Бұл өрнек ауыларалық белгісі (символы). Кебеже, қоржын бетіне, тақыр кілемге салынады.

Түйетабан оюы- алыс сапар нышаны(символы). Көштегі түие жабуына, жібек жол сауда заманында саудагерлердің шапанына салынған.

Қазақ халқының  қолөнер шебері ою-өрнек өнерінде  нағыз сынға түседі, яғни қолөнер шеберінің таразысы-ою-өрнек өнері.

Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Жәнеде оған Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезкңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.

 Археологиялқ қазбалар  мен жазба ескерткіштерге арқа  сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген  тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар: Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, Кригельді өзені аңғарынан табылған керамикалық қазындылар. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады. Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы М.А.Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды.

 

 

3.3 Күнтізбелік  жоспар

 

Р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

 

1.

 

2.

 

 

3.

 

 

4.

 

 

 

5.

 

 

1.

 

 

2.

 

3.

 

 

4.

 

 

 

6.

 

 

7.

 

8.

 

І Бөлім Бейнелеу өнері  және оның түрлері.

 

Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру.

 

 

Сәндік қолданбалы өнер жайында мәлімет беру және оның түрлері

 

Құстар туралы мәлімет Құстарды қағаз бетіне стилизациялап түсіру.

 

Матадан құстардың композиция құрастыру

 

 

ІІ Бөлім Бейнелеу өнерінің саласы Сәндік қолданбалы өнерінің түрі аппликация жасау

 

Аппликация өнерінің шығу даму тарихы.

 

Аппликация жасауға арналған құрал-жабдықтар

 

Аппликация жасауға композиция дайындау. Графикалық тәсілді және түрлі-түсте (акварель, гуашь).

 

Дайындалған нобайды  мата бетіне түсіру.

 

 

Оқушыларға құрал-жабдықтарды  дұрыс пайдалануды үйрету, техника  қауіпсіздігі

 

Аппликация жасауға жолдары

 

Жұмысты аяқтап безендіру. (моншақтар қадау безендіру.)

 

 

 

 

2

 

 

 

2

 

 

 

 

6

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

2

 

 

2


 

 

3.4 Сабақ жоспары

 Сабақтың мақсаты: аппликация тарихымен таныстыру

  Білімділік: аппликация және оны орындау технологиясы туралы.

  Қажетті  негізгі білім беру: қолмен көктеу және тігу көмегімен қазақтың ою-өрнегін орындауға машықтандыру.

   Дамытушылық: қосып тігу машықтарын дамыту,матаның түсіне үйлесімді жіп түсін таңдауға үйрету.

  Тәрбиелік: эстетикалық қабылдауларын, талғамдарын қалыптастыру; жұмыста ұқыптылыұқ пен нақтылыққа тәрбиелеу.

  Сабақтың  түрі: сұхбат және зертханалық жұмыс.

Сабақтың дидактикалық жағынан қамтылуы

а) қолмен және машинамен орындалған тігістердің кестелері және олардың графикалық кескіні;

ә) «түстер шеңбері  түстер үйлесімдігі» кестесі;

б)  маталар мен жіптердің  үлгілері

в)   «Пэчворк» стилінде орындалғн бұйым суреттері мен  фотосуреттері;

г)  жұмыс орындауға  арналған қима үлгілер.

     Сабақтың барысы:

  Сабақтың тақырыбын дәптерге жазу.

  Сабақтың мақсатын  қою.

      Оқушылармен  сұхбаттаса отырып, Қазақстан халқының  ою-өрнек өнерінің тарихы мен  маңызын түсіндіріп, түстер мен  фактура үйлесімділігін ескере  отырып, матаны таңдау ережелерімен таныстырамын.

     Әр отбасында   сәннен  шыққан ескі киімдерді:  блузкаларды, көйлектерді, пальтоны  таспалар мен шілтерлер қалдығын  қайда жіберу керек деген мәселелер  туындайды.  Егер бос уақытымызда  бүкіл осы үйінділерді алып, кішкене  қиялға ерік беріп және шыдамды болсақ, онда «түк жоқтан» қызықты, қайталанбас және тұрмысқа қажетті нәрселер жасауға болады.

    Қиықтардан  жасалған құрақтардың көпғасырлық  тарихы бар және өзіндік дәстүрге  бай. Қиындылардан құрақ құрап  бұйым жасау мүмкіндігі таңғаларлықтай көп қырлы және қызықты.  Қолда бар қиындыларды пайдаланып, негізгі фонда ою-өрнек түрінде суреттер жасауға немесе белгілі бір түстік гаммаларды басшылыққа ала отырып, бұйымды геометриялық элементтермен безендіруге болады.

     Құрақ құрау-бұл сөзсіз қолөнердің әдемі түрі, себебі оған шикізат ретінде әр түрлі қиындыларды қолдануға болады. Мұндай мата қиындыларын табу ересектер үшін де, балалар үшін де қиындықтар туғызбайды.

        Мата қиындыларынан тігілген  бұйымдар ерекше сәнді көрінеді: бұл- перделер,пледтер сөмкелер және т.б.

         Жаңа түсініктерді қалыптастыру.

Құрақтық техника стилінде орындалған бұйымдарды немесе фотосуреттерді көрсету.

            Құрал –жабдықтар мен материалдар:  ине, қайшы, қатты жіптер, дөңгелек  басты түрегіштер, қима үлгілері үшін картон. Жұмыс үшін барлық маталар жарамды, бірақ ең жақсысы-мақта мата. Жұмыс алдында алдында матаны дымқылдап үтіктеп алу керек.

 Тігетін бұйымның  эскизі болған жақсы. Бұйымға  арналған бөлшектерді қолданар  алднда мұқият өлшенген симметриялылығы тексерілген қима үлгілер бойынша пішіп алады.

    Егер бұйымды  алдын ала ватин немесе синтепонды  қойып тігістері бойынша көктеп  шықса, онда ол квилет болады.

Информация о работе Қолданбалы қолөнер туралы ұғым