Қолданбалы қолөнер туралы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 20:17, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң талабына лайық жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбiп, жапырақтың бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани ата-бабадан қалған мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де, туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмiрi ұзақ болуы мүмкiн емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың баршасының қасиеттi борышы болса керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе.doc

— 654.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Тақырыптың  өзектілігі: Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң  талабына лайық жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбiп,  жапырақтың бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани ата-бабадан  қалған мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де, туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмiрi ұзақ болуы  мүмкiн емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың баршасының қасиеттi борышы болса керек.

  «Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация. Сурет түрінде орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған. 
       Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі 16 ғасырда Италия мен Испанияда, 17 ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18 - 19 ғ. Россияда жақсы дамыды. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация Қазақстанда да жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі. 
Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды, открыткаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою - өрнектерден үйлестіріп орындауға болады. Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі мазмұнда тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.Жасалу жолдары:орындалатын суретті түрлі түсті қағаз бетіне қарындашпен салып, қайшымен ойып алу; ойылған қиынды кескіндерді қағаз бетіне желімдемес бұрын, үйлестіріп қойып, орындарын қарындашпен белгілеп алу;әрбір қиындыны нөмірлеп, рет бойынша белгіленген орынға желімдеу.

Қиып жапсыру, оның түрлерi. Түстердiң, әшекейлер мен суреттердің  үйлесiмдiлiгi. Қағазды шаршы және дөңгелек, үшбұрыш қалып-үлгi бойынша бүктеу, қаттау. Композиция құрастыру. Үлгі және белгілеу негізінде бұйым жасау. Белгілеу. Түзу және қисық бойымен кесу. Желімнің қолдану тәсілдері. Қатты қағазға желiмдеу.

Зерттеудің  проблемасы: қиындықтар педагогикалық үрдіс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Зерттеудің мақсаты: еңбек пәніндегі қолөнер туындылары арқылы  оқыту әдісін  теориялық тұрғыдан  негіздеу  және  оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы  қорытынды шығарып, тиімділігін анықтау.

Зерттеу нысаны: матадан құрақтап аппликация жасау.

Зерттеу пәні: еңбек пәні  сабақтарында қолөнер туындыларын пайдаланудың тиімді  жолдары.

Зерттеудің  ғылыми болжамы: педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.

Зерттеудің  міндеттері:

-балалар тәрбиесінде  ең жақсы адамгершілік құндылықтарын  арттыру: мейірімділікке, адалдыққа, әділдікке, қайырымдылыққа және қоршаған ортаға ілтипатпен қарауға тәрбиелеу.

-балаларды қоғамға  белсендіру және шығармашылық  қабілеттерін дамыту;

-оқушылардың интеллектуалдық  жағдайын дамуына ықпал ету  және мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: еңбек пәнінде қолданылатын ойын әдістерін жүйелеп, тиімді пайдаланудың жолдарын көрсету.

Практикадағы  маңызы: балалардың түрлі қабілеттерін дамытуға, ұтқыр ойлауға, тез шешім қабылдауға,қолөнерге көңіл бөлуге.

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша түрлі авторлар еңбектері; қолөнер саласындағы ғылыми еңбектері, сайт материалдары.

Құрылымы: Курстық жұмыс: 3 бөлім – кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қазақ қол өнері

    1. Қолданбалы қолөнер туралы ұғым

Қазақтың көркем қолөнері - өзінің төл тума бітім қасиетімен көркемдік мән – мағынасымен  шын мәнінде халқымыздың уақыт  тезінен өткен асыл қазынасы. Кез  – келген халықтың дәстүрлі өнері  – сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным – түсінігінің, арман – аңсарының жарқын айғағы болып табылады. өркениетті қоғам мен құқытық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығымен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабылетімен, шығармашылығын, кәсіби біліктілігімен білімділігін талап етеді.

Қазақ ұлттық қол өнері  адам баласына өзінің бай тарихы, терең  мазмұны, сан қилы ерекшеліктері, рухани, естетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық  тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түседі. Қазақ халқының қолөнері сонау ескі заман тарихы мен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан өте бай қазына болып саналады. Ол тек қазақ халқының емес, сондай – ақ туысқан орта азяи халықтарымен ұлы орыс халқының қол өнерімен ұштасып жатады. Қазақ халқының тарихы, басқа халықтардыңкі сияқты өндірістік қатынастар дамуының шежіресі болып табылады. Қазақ халқында қолөнердің қалыптасу кезеңдерін Қазақстан тарихымен байланыстыруға болады.

Жалпы тарихқа енер болсақ, ерте кездегі адамдардың үнемі жоқшылықта, кемтарлықта, қиыншылықта болғанын байқай аламыз. ежелгі ата – бабаларымыз табиғатқа тәуелді болды: яғни күн көзіне жылынды, аң етін, шөп – шегінді қорек етіп отырды, таудағы үңгірлерді баспана ретінде пайдаланды. Ағаш пен тасты қару жарақ етуі үшін, шақпақ тастарды от тұтандыру үшін қолданды.

Қазақ халқының қолөнері деп қазақ тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын  айтамыз. Шын мәнісінде осы аталған  қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай  ғасырлық тарихтары бар.

Қолөнер «ер адамдарға тән іс», «әйел адамдарға тән іс» деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан, сүйекпен мүйізден

Халықтық сәндік-қолданбалы өнер - әлемдік көркем мәдениеттің  негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас  қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірибесі бейнеленген. 
          Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді. Халық өнерінің саркылмай дамуы үшін ол шебер жандардың колында өрістеп, жүрек жылуына бөленіп жетіле беруі тиіс.

 

 

1.2 Сәндік қолданбалы өнер түрлері

Ою-өрнек халықтық мұра.Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып тізгінінің ұшында, өзіндік тарихымен, әдет-ғұрыпымен, сәндік көркемдік жолымен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген – қолөнері. Қолөнердің халықтың әлеуметтік салт-тұрмысында алатын орнының қаншалықты биік, жоғары екенініне сене алсаң – оның ішінде қол өнерді нақышына келтіріп әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол – ою-өрнек.

Ою-өрнектің шығып таралуы  қолөнер, тұрмыстық заттарының өсіп, өркендеуімен тығыз байланысты және олардың ішінінен орын ала білді. Олардың даму процестеріне халықтың әлеуметтік сана-сезімімен, болмыс тіршілігінің жанданып, мәдениетінің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруының да әсері болды.

Сонымен қатар, ою-өрнектің өркендеуіне ата-бабаларымыздың сезімдік талғампаздық дүниесі қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған жердің қаысиетті топырағы мен шикізат байлықтары да ықпал етті. әр халықтың өзіне тән ою-өрнек негіздері қалыптасып дәстүр алды.

Оюлар құрлысына, кеңістікте, жазықтықта тұйықталу мәніне және образдардың  негізгі мазмұнына байланысты бір неше топтарға бөлінеді: мысалы мал шаруашылығы мен аңшылық өнерге байланысты жан-жануарлар, хайуанаттар образын сипаттайтын оюдар: гүл, жапырақ, орман, тоғай, жер-суды бейнелейтін өсімдік тектес ою өрнектер: тұрмыс-шаруашылықтағы заттардың формаларын бейнелейтін үш, төрт ромб және т.б. көп бұрышты геометриялық оюлар: айды, күнді, аспанды, бүкіл әлемді сипаттайтын космогониялық ою-өрнектер болып бөлінеді, осы топтардың құрлысына, мән-мазмұнына, образдарының негізінде оларға атау беріп ата- бабаларымыз оқып, танып бір-бірінен ажырата білген.     

Хайуанаттар образын  сипаттайтын оюлар. Жан-жануарлар қазақтың ою-өрнектерінің ішінде ең көп тараған, ең көп қолданылатын түрі. Жабайы аңдар мен ұшатын құстар, малдар, адам баласына ішетін сусын житін тамақ, киетін киім болып, ғасырлар бойы асырап келе жатқанын айтудың қажеті жоқ. Ата-бабаларымыздың малдың ерекше қасиеттерін бағалап ән-жырға, күйге қосты. Олардың образдары шығармаларда, бейнелері қол өнерде ою-өрнекке айналды. Сондықтан хайуанаттар оюларының тамры тереңде жатыр. Бұл оюдың негіізін «Қошқар мүйіз» өрнегі қалайды. Ары қарай «қошқар мүйіз» өрнегі өзінің құрамын мүйіз тектес ою-өрнектердің түрлерімен жалғастырады. Оларға қос мүйіз, арқар мүйіз, сынық мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, тармақ мүйіз,  қисық мүйіз т.б. жатады.

Қазақтың ұлттық дәстүрлі бұйым, дүние мүліктерінің ішінде ою-өрнектің негізі болған «мүйіз» оюымен әшекейленіп, безендірілмеген заттар жоқ десек  қателеспейміз. Бұл өрнек қолөнер  түрінің барлық салаларында кездеседі  және кеңінінен қолданылады.

Бұдан басқа да хайуанаттар  әлемін білдірітін ою-өрнектің түрлері  көп, бірақ формаларының көпшілігі  геометриялық денелерден тұрады. Мысалы; боатагөз, итқұйрық, құсқанат, құстұмсық, тышқаніз, түйетабан, омыртқа т.б.

Өсімдік тектес ою-өрнектер. Өсімдік тектес оюлар ұлттық өнерімізге өте ертеден сіңіп, кеңінен тараған өрнектің бір түрі. Өсімдік тектес ою-өрнегінің негізін гүл, жапырақ, сабақ құрайды. Гүл –жапырақ оюлары әр-түрлі заттарға сәнімен қалыптасып, ұйқасын табады. Олар өзінің даму барысында әр-түрлі жолдардан өтіп, қолданылатын затқа сәндік, көркемдік қасиет беріп, мазмұндарын шешті. Мәселен өсімдік оюлармен шымылдық, перде, түскиіз, көйлек, камзол, бешпет, аяққап, текемет, сырмақ, білезік, шолпы, жүкаяқ, сандық т.б. заттар оюылып, кестеленіп, боялып, бедерленіп әшекейленіп безердірілді. Осы оюлардың түрлері мен атаулары жоғарыда айтылған заттардың қодану, тұтыну  және гүл, жапрақтың топтасып, жұпталуына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.

Өсімдік тектес оюлардың негізі болған гүл, жапырақты талдай, классификациялық топқа бөле келіп, үш гүл, төрт гүл, бес гүл, үш жапырақ, бес жапырақ, түйе табан, жауқазын теріс бұтақ, шырмаулық, райхан т.б. ою- өрнектерді қолөнер бұйымдарынан кездестіруге болады. Көбінесе аталған ою-өрнектер жұмсақ шикізаттардан жасалған бұйымдарға қолданылады.  Киізден, матадан, теріден жасалған дүниелерге сырылып, кестеленіп, бастырылып, тоқылып іске асырылады.

Өсімдік тектес оюлардың композициялық құрлымы да жан-жануарлар  оюындағыдай симметрияға, ырғаққа, тепе-теңдікке, пропорцияға бағынады. Текемет, сырмақ, түскиіз кілемдерге қарасақ арлық бөлік, жиек, сыңар жиек секілді композициялық тепе-теңдікпен бірге симметриялық үйлестірулерді кездестіреміз. Бұлар ұлттық қазақ өнерінде ғана кездесетін үйлесімдер.

Ою-өрнектің гүл-жапырақ түрлерінен басқа да сырмақ, текеметке көп қолданылатын су өрнектері де жиі кездеседі. «Су» өрнегі мазмұны мен орындалу жағынан өсімдік тектес оюлардың қатарына жатпайды. Жалпы ою-өрнектердің кейбір ұлттық заттарға қолданған кезінде мән-мағынасын, түрлерін көп шешуге пайданылады.

Геометриялық  ою-өрнектер. Геометриялық ою-өрнегі тас бетіндегі таңбалардан басталып, тамыры терең тараған өрнек. Геомтериялық ою жалпы адамзат қауымының, оның ішінде қазақ халқының қолөнер заттарымен үйлесіп, қалауын тапқан ою. Әсіресе сәулет, қол өнерде кеңінен  қолданып, заттардың сыртқы пішін, формасын әшекейлеп өрнектеді. Бұл ою тас, қыш, темір, ағаш, киіз, терілер де нүкте, сызық, үш, төрт, бес бұрыш, ромб, квадрат, шеңбер формаларында кездесіп кілем, сырмақ, текемет, түс киіз, алаша, алаша, кебеже, күбі, сандық, білезік, сырғаларда күрделі композициялық өрнектер тобын құрайды. Геометриялық ою-өрнек түрлері мен барлық ою-өрнек байланысты, солардың мазмұнды сырын шешуде өзекті орын алған өрнек. Оның қолданбайтын жері аз. Геометриялық оюдың негізі геометриялық негіздерден тұрады, атаулары да денелердің пішіндеріне сәйкес. Ең қарапайым оюды нүкте мен сызықтардан алып, күрделі формаға айналдырып, өрнек тізбектерін аламыз. Нүктелер бір бірімен түзу, доғал, қисық ссызықтар арқылы қосылып, үш бұрыш, квадрат, төрт бұрыш, ромб, шеңбер т.б. көптеген геометриялық денелерге айналып, ырғақ, пропорция, симетрия арқылы геометриялық өрнектер тобын, буынын құрап, тізбегін жасайды. Геометриялық оюлар тек денелердің сыртқы пішіні мен композициялық заңдылықтарымен ғана көркемделмейді. Бұған рең, түрлі-түсті бояулар ырғағы мен спекторлы толқыны да қосылып, затқа ерекше әсер, көркемдік береді.

Басқа ою-өрнектер секілді  бұл оюда әрбір шикізат түрлеріне  жеңіл қолданылып, үй жиһаздары сәулет ғимараттарында да кең өрес алды.

Информация о работе Қолданбалы қолөнер туралы ұғым