Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 20:17, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң талабына лайық жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбiп, жапырақтың бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани ата-бабадан қалған мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де, туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмiрi ұзақ болуы мүмкiн емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың баршасының қасиеттi борышы болса керек.
Оюлардың осылай кең жайылып қолданылуы оюлардың ыңғайлылығымен қатар оюшы, шебер, ұста, зергер сәулетшілердің ойлау талғампаздық ізденісі тұжырымды шешімдері арқылы әр затқа үйлесті.
Космогониялық ою-өрнектер. Космогониялық ою-өрнектер біздің көркем мәдениетімізде өте ертеден сіңісіп қалыптысты. Бұл ою-өрнектің негізін әлем, аспан, күн, ай, жұлдыз бүкіл кеңістік бейнелері құрайды.
Бүкіл әлемде айналып жүрген аспан денелерінің барлығы күн жүйесіне жатады. Күннің тұтылу кезінде Күн шеңберінде аппақ күмістей жарық пайда болады, бұл ғажапты «күн тажы» деп атайды. әлемдегі осындай табиғат құбылыстары адамзатты әр түрлі сенімге әкеледі. Сондықтан болар ата-бабаларымыз аспандағы бір тәңірге сеніп, жалбарынып табынуы жақсылық бата тілеуі жайдан-жай тумаған болар. Осы сенім негізінде көптеген фантастикалық образдар ән мен күйде, әдебиет пен қолөнерде туды.
Қалай болса да Күннің шапағы мен Айдың шығып тууы, теңелу тұтығулары, жұлдыздардың ағылуы бәрі ерекше әсер қалдыратын құбылыстар. Космогониялық ою-өрнек Күн жүйесіндегі денелермен тығыз байланысты, олар геометриялық денелер арқылы беріліп, формалары мен атаулары арқылы космогониялық өрнектер тізбегін айқын бейнелейді.
Егер осы күн, ай оюлары ертеден келеді десек, оларға қоса кемпірқосақ жарты ай, толған ай секілді ою үлгілері қосылып космогониялық оюлар қатарын байыта түседі.Космогониялық ою-өрнектер қатарына «Күн нұры» «Күн көзі», «Күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «Ай-таң», «Ай-гүл», «Ай-таңба», «Түнгі ай», «жұлдыз», «Аққан жұлдыз», «Үркер» секілді өрнектер топтары пайда болады.
Макраме (өрнектеп тоқу) – белгілі ретпен орналасқан әр түрлі түйіндердің көмегімен тоқу. Түйіп тоқу арқылы әр-алуан өрнек шығаруға болады. Тоқу үшін әр түрлі жуандықтағы жіптер, баулар, таспалар пайдаланылады.. ұсақ бұйымдарды әбден ширатылған жіңішке жіптерден тоқиды. Тоқу үстінде керамикалық, ағаш және моншақтар мен сақиналарды қолдануға болады. Бір затқа іліп қойып немесе арнаулы тоқу жастығын пайдаланып тоқуға болады. Жұмыс жастығын (50 x 3 x 10) поролоннан немесе қалың резинадан оңай жасап алуға болады. Мұны матамен қаптайды. Дайын жастықты ағаш тұғырыққа (желімдейді немесе қағып кереді) бекітеді. Тоқуды бастамас бұрын керіліп тұратындай етіп арқау жіпті түйреуішпен жастыққа түіреп қояды. Оған өріс жібін іледі де, бұйымды тоқиды. Кейбір түйіндерді жасауда (мысалы, бұршақ) темірден жасалған шағындау тоқыма ілгек қажет.
Жұмыс барысында 3 жіпті: тоқу үшін жіпті бекітіп қояатын арқау жіпті (мұның орынына тақтайша, шығыршық пайдалануға да болады); түйіндерді байлайтын түйін және түйін түйетін өріс жіптерін ажырата білу керек.
Жіпті ілмекке шалу. Бірінші әдіс: өріс жіпті тең ортасынан бүктеп арқау жіптің астыңғы жағынан алады, ілмекті жіпке ілдіріп, екі ұшын ілмектен өткізеді. Екінші әдіс: жіпті екі бүктеп, арқау жіптің астынан алады да, жіптердің ұшын ілмектен өткізеді.
Жіпті репе түйінмен шалу. Жіпті бірінші әдістегідей етіп шалады. Сосын жіпті арқау жіптің жоғарғы жағынан шалып алып, ұшын ілмектен өткізеді де түйген түйіндерінің жан-жағынан әр жіптен бір-бір орам жасайды..
Жалпақ түйін. Жалаң қабат түйінді оңға сол жақтағы өріс жібін түйін жіптің үстіне, оң жақтағы өріс жібін сол жақтағы жіптің үстіне салады. Одан кейін түйіннің астынан өткізіп, сол жақтағы өріс жібінің үсіне суырып алады. Сол жақтағы жалаң қабат түйін –оң жақтағы өріс жібін түйінің үстіне, сол жақтағы өріс жібін, оң жақтағы өріс жібіне салып, түйінің астынан өткізеді де, оң жақтағы өріс жібінің үстінен суырып алады. Оң және сол жалаң қабат түйіндерді қайталау арқылы еспе бау жасауға болады.
Қос түйін - оңнан жалаң қабат түйін, содан кейін – солдан жалаң қабат түйін жасайды. Қос түінді қайталудан жалпақ бау жасалады. Жалпақ бауды бірнеше жіптен қосуға болады.
Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде емес, сонымен бірге сәндік үшін жастық бетіне де жасаған құрақ Қазақстанның барлық облыстарына тән өнердің түрі. Оқыту жоқ кезеңінің өзінде шеберлер геометрияны оқымаса да түрлі геометриялық фигуралардан тұратын құрақты сәндеп құрай білетіндігін оқушыларға үлгі етіп ежелгі мәдениетіміз тек сәнді емес үнемді де болғанын айтуымыз керек.
Оқушылар алған білімін тек жанында ғана сақтап қоймай оны өмірмен байланыстыра білуге, жан-жақты ойлауға қабылетті болуы тиіс. Баланың түрлі іс әрекетінің нәтижесінде ойлау әрекеті үнемі дамып, мазмұны жағынан өрістейді. Оқушылар іс-әрекеті кезінде басқа пәндерден алған білімдерін еске түсіру арқылы логикалық ойлау қабылетін арттырады.
Өнердің басқа түрлері
секілді құрақ құрау
Құрақ құру үшін әр-түрлі маталардың қиындыларын пайдаланады. Құрақтың бүгінде қолданып жүрген мынадай түрлері бар: қайшы құрақ, тырма құрақ, қаттама құрақ, таңдай құрақ, алма құрақ, шатыргүл, ботагөз, шиқиық, жартыжапырақ, сегізжапырақ, мүйіз құрақ, шітірмек, тұмарша, тістеме құрақ, ат құлақ, айшық, т.б.
Құрақты ақ, қара, қызыл, көк сияқты негізгі түстердің үйлесімділігін таба отырып, құрайды. Сабақ барысында құрақ құрауды үйрету геометрия, сызу, физика, бейнелеу өнері, физика, биология, тарих пәндерімен тығыз байланыста болады.
Қолданбалы өнер –
құрақ құрауды оқушыларды есептеу,
бұрыштар өлшемдерін, өң-түс сабақтастығын
жан-жақты шығармашылықпен
Киізден жасалатын үй бұйымдары.
Жанұя құрылып, жеке меншік құрылған бері, үй тұрмыснда қолданылатын мүлік жинау, атадан балаға тараған ежелгі дәстүр. Халық арасында үй жиһаздарын жасаудың алуан түрлі тәсілдер бар, ал олардың кейбір түрлері қазіргі заманға дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Қазақ халқының үй-жиһаздары киіз үйдің ішінде болғаны мәлім. Олай болса сол киіз үйге тоқтала кеткенді жөн көреміз.
Киіз үй.«Бөгде елдің мәдениетіне зер салғанда өзіміздің пір тұтқан қасиетті ғана мойындап, бізде жоқтың бәрәне мұрын шүйіру, сөйтіп ол халықты балаң деп қарау –тарихшылар аулақ жүретін методологиялық аберрация. Мәселен, Европа, мен Алдыңғы Азияның халықтары цивилизацияға тұяқ іліктірісімен қалалар салып, көздің жауын алатын ғимараттарды дүниеге әкелді. Түркілер болса үй салмады, бақша баптамады, себеббі олар қытымыр табиғат құрсауында отырып төңірегіндегі қылтанақ атаулыны аз ауқытта отынға айналдырар еді. Алайда, әрі кең, әрі жылы, көш –қоңға қолайлы киіз үйге қарағанда тас лашық пен балшығы баттасқан үйді қолайлы деп ешкім беземес. Табиғатпен тамырлас көшпелілер мұндай киіз үйде тұру астамшылық емес, қажеттілік болған», -деп жазыпты белгілі ғалым Л. Н. Гумилев (34,72). Ойды ой қозғаүйды, әйгілі ғалымның киіз үй көшпелілер үшін қажеттілік дәуінде сан тарау мағынаның өрісі жатыр. Көпшілікке белгілі, біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрын Евразияны мол отына тұнып тұрған байтақ даласында көшпелі өмір салты қалыптасты. Дамудың басқаша жолын «таңдау» бұл далада мүмкін емес еді. Бұл осынау табиғатты қытымыр болса да жері шүйгін не даланың тылсымын түсініп, тілін табу ғана емес, сол дала төсінде аз ғана күш жұмсап мол өнім алудың, «қосымша өнімді әрі тез, әрі оңай түсірудің» (9, 10) жедел шыңдалған өмір сүру тәсілі болатын. Былайша айтқанда, көшпелілердің тек ғана өзініе тән өмір салты, өнім өндірісі қалыптасты. Жер төсін тырмалаған, отырықшыларға қарағанда көшпелілердің өндірістік негізі әлде қайда берекелі болды (9, 55). Біздің жыл санауымызға дейіңгі IV –III ғасырлардың өзінде-ақ тек жылқы малының өзі төрт-бес мыңға жеткен байлар пайда бола бастады.(24, 3, 190). Бұл даладағы өндіріс тәсілінің шыңдалуы, өнім қорының молығуысол дала төсіндегі ел-жұртқа төңірегіне алапат-айбарынасырып қойған жоқ, сонымен бірге күн көрістің ұлы ырғағымен салт-дәстүрді, моральдық-этикалық қарым-қатынасы, өнердің алуан түрлерін орнықтырды. Осылардың ішінде көшпелілердің сан ғасырлық тәжірибесі, өмірлік қажеттілігі, ой-өрісі, талғам-татымы шегіне жеткен мүмкіндіктің айғағы бір ғана киіз үйдің бойына шоғырланғандай. Көшпелілердің сұлулық туралы талғам-түсінегі, дүниенің сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі негізінен осы киіз үй арқылы көрніс тапты. Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңырағына дейінгі әрбір бөлшегі өз алдына оқшау өнер туындысы болып тұрып, мың сан бөлшек бір-бірімен мінсіз үйлескен шақта шегіне жеткен, әбден аяқталғанөнер туындысын құраған. Осынау жегіне жеткен өнер туындысы көшпелілердің күн-мұқажына бастап рухани талап-талғамына дейін қызмет еткен. Қысқасы, киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай сұлу, кеңестіктей үйлесімді шағын әлем еді. Бұл ретте, киіз үйді адамзат баласының үқзақ тарихында жасалған материалдық мұралардың ішіндегі бірегей айғақтардың бірі деп қарауға негіз мол.
Әрине киіз
үйді бір күнде бір ғана
адамның даналығы дүниеге
Әзірше киіз үй туралы ең көне дерек біздің заманымыздан бұрынғы үш мыңыншы жылдардан, қола дәуірінің сорабынан белгілі болып отыр. Мұны біз Алтай тауларындағы, Сібірдегі Баяр жартасындағы, Қырымның жақпар тастардағы суреттерден көреміз. Ең көне заттық айғақтарды Алтайдағы Пазырақ және Монғолиядағы Ноин-үлин сақталған киіз үй үлгілері әйгілеп отыр. Ал ең көне жазба деректі грек тарихшысы Геродоттың көшпелі скифтер туралы жазбасынан оқимыз. Одан бергі замандарда киіз үйдің бітімі, оның көшпелілер өміріндегі ролі туралы мағлұматтарды Батыс-Шығыс тарихшыларының, саяхатшыларының жазбаларынан, көне әдебиет нұсқаларынан, түрлі архитектура үлгілерінен молынан кезіктіреміз. Мәселен, үйсін гунмосының (ханының) киіз үй тігіп отыратын көне қытай шежіресінен Н. Я. Бичурин келтіреді. Зармахтың жазбаларында арба үстіне тігілген киіз үй сөз болады. Жалпы, көшпелі-өмір салтына орай арба үстіне күйме сияқты біржолата орнатылған киіз үй пайда болған сияқты. Мұндай арбалы киіз үйлер Плано Карпини, Рубрук, Иди-Батута тарихшы-саяхатшылардың жазбаларында жиі ұшырасады. Алайда арбалы киіз үй ілкімді көш-қоңға қолайсыз еді. 1253-55 жылдары Қазақстан жерін басып өткен француз елшісі Рубруктың айтуы бойынша «кейбір киіз үйлерді тарту үшін 22 өгізге дейін жегіледі» дейді. Әрине, тау-тас, өзен-шөл, құмдауыт жерлерді көктей басып, табиғат қытымырлығының алдын орап отыратын көшпелілер үшін әрі жеңіл, әрі жиналмалы үй қажет болған. Ондай үйді дүниеге әкелді де. Ұрым императорның айтулы сарайларынан шыққан елші Менандр Протектор ғұндар ортасынан бір ғана атққа жүк болғандай жеп-жеңіл киіз үйді суреттегенде мәрмәр сарайды қорсынғандай сыңай танытыды (85, 377-379).
Академик Әлкей Марғұлан айтуынша «үйдің қаңқасы» деп келетін сөз тіркесі арба үстіне тігілген киіз үйдің бітімін елестейді, дейді. Ал ХVII ғасырда өмір сүрген тарихшы, Хиуаның ханы, Әбілғазы Баһадүрдің айтуынша, «қаң» -екі дөңгелекті қаңқа деген мағына береді. Әйгілі эпосымыз «Қыз Жібектегі» Жібек бастаған мінетін күймелі арба ұстау дәстүр қазақтар арасында XVIII ғасырға дейін сақталған (74, 2). Тек ғана «Қыз Жібек» емес, «Оғызнама», «Кітаби дәдем Қорқыт», «Қозы Көрпеш –Баян сұлу», «Манас» сияақты эпикалық поэмаларда киіз үйдің небір үлгілері суреттелген.
Осыдан бірер
жыл бұрын Ачинск төңірегінде
зерттеу жүргізген Г.А.
Қалай десек те, киіз үйдің көшпелі өмір салтымен құрдас екеніне күмән тудырмайды. Себеббі, киіз үй сияақты ғажайып «көшпелі архитектурасыз» көшпелі өмір салтына Ұлы дала көндігуі мүмкін емес еді.
Шамамен IV ғасырдың орта тұсы
–Шығыс Европаға ғұндардың
Киіз
үйді көргендегі сырт
Өзін
табиғатпен тұтастықа,