Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 20:17, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң талабына лайық жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбiп, жапырақтың бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани ата-бабадан қалған мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де, туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмiрi ұзақ болуы мүмкiн емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың баршасының қасиеттi борышы болса керек.
Киіз үй
көшпелілер даналығы дүниеге
әкелген өнер туындысы ретінде
өткен ғасырлардан-ақ
Киіз
үйдің практикалық мәніне
Енді
қысқа-қайырым тілмен киіз
Тұтыну қажетіне орай, киіз үй үш түрге бөлінеді. Бірінші –тұрғын үй, екінші –қонақ үй немесе салтанатты той үйі, жорық немесе көш- қоңның үйі. Осы қажеттіліктер киіз үйдің алуанталапқа лайық түрлерін дүниеге әкелумен бірге, қол өнерінің шегіне жеткен мүмкіндіктерін бойына жинақтауға себепші болған.
Мәселен, тұрғын үйдің үш қанаттан бастап, он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлгілері болған (74, 6). Бұларды қанат (кереге) санына қарай үш қанатүй, бес қанат үй деп атаған. Кейде қанат санын аңғартатын қара үй (үш қанат), ақ үй (алты қанат) деп атаса, ақала орда, ақ орда немесе ақ шаңқан, алтын орда, алтын үзік деп 8-12 қанат үйдерді атайды. Киіз үйді жақсы білетін қазақ, сол үйдің үлкен-кішілігін кереге басының санына қарап айыратын болған. Мәселен, «үйіңнің үлкендігі қандай?» -деп сұрақ қойғанда, «кереге басы 70-80» деп жауап берсе онда үш-төрт қанат үйді айтқаны. Себеббі, үйшілердің дәстүрінде көш-қоңға, үй тігуге ыңғайлысы, 17-21, 20-22 бас керегелер болады. Сонда үш қанаттан бастап, отыз қанатқа дейін жететін үйлердің кереге бастары 500-600- ге дейін жететін болған
Сән-салтанттың, тойдың үйлері алты, сегіз қанаттан кем болмаған. Бұл үйлердің жасалуы айрықша әсем, безендірілуі мейлінші тартымды болумен қоса, ішкі жиһаз-жинауы да тек ғана қонақтың көзі мен көңілін қуантардай болып жиналады. Тұрмыс үйреіндей төсек-орын, ыдыс-аяқ, дүние-мүлік бұ үйлердің ішінен ретсіз орын алмаған. Академик Әлкей Марғұлан мынадай дерек айтады, Христофор Бандерестің суреттеуі бойыншаәлді байлардың, ақ сүйек сұлтандардыңүйі сән-салтанатымен, ақ шаңқан көркімен, әсем де асыл безендірілуімен көрген жанды табындыратын болған. Мәселен, орта жүздің сұлтаны Мәметтің киіз үйі сырт тұлғасының еңселі көрінуіне қоса, ішкі көркі ерекше тартымды болса керек. Оң жақтан төгіле түсірілген жібек шымылдық, іргені жағалата жинап тасталған сүйекті жүк аяқ, сандық әбдіре, олардың үстінде сары сақтиян былғары жүк салғыштар, есіктен төрге дейін төселген сары-ала сырмақ, түкті кілем, жуан олрада әсем зерленген тайтүзген қазан тұр. Осының бәрі, бейне бір, өнердің көрмесіндей әсер етеді. Ал мамық көрпе үстінде отырған сұлтан мен бәйбішесі осы өнер көрмесінің иелері сияақты дейді (74, 5).
Тұтыну
қажетілігін қарай киіз үйдің
үшінші түрі көш-қоң немесе
жорық үйлері дедік ғой.
Енді киіз үйдің бөлек-бөлшегі мүше атаулары туралы бірер сөз. Жалпы киіз үй басты-басты төрт түрлі жабдықтан тұрады.
Бірінші,
киіз үйдің сүйегі –бұлар
Екінші
киіз үйлердің киіздері –
Үшінші
киіз үйдің бау-шуы –бұлар
қой, түйе жүнінен, жылқы
Төртінші
киіз үйдің іші-тысына тұтатын
шидің түрлері, -шым ши, ораулы
ши, кілем ши, алаша ши, ақ ши. Жалпы
тоқылған шиді қазақалуан
Көшпелі елдің өмір салтында киіз үйді тұтыну құралы, сұлулықтың үлгісі деп ғана қарамаған, көк тәңірі тектес шағын әлеміміз деп есептеген. Мәселен, киіз үйдің шаңырағын ауыл-аймақтың ең қадірлі, батагөй қарттарына көтерту немесе үйді жыққанда шаңырақта жолымыз болады деп көшетін жаққа қарай қисайтып түсіруі киіз үйді айрықша қасиет тұтқандықтан. «Үй болу», «шаңырақты сыйлау», «шаңырақ шайқалу» деп келетін сөз тіркестерінің мағынасы да киіз үйді қасиет тұтумен астасып жатыр.
Алыс заманалардан бастап, бүгінгі күнімізге дейін ағаш өңдеудің, тоқыма ісінің, бау-шу есудің, киіз басудың, ою-өрнек салудың, тігіншіліктің ғажайып мол тәжірибиесін киіз үй тал бойына жинақтап, десек әсіре сөз емес. Халықтың осынау аса бай қол өнерін бүгінгі кәдемізге де орайластыра жаратып, дамытып отрыру –тарихи мәні бар игілікті іс. Мұның өзі түптеп келгенде, халықтың рухани асыл мұратын кемел уақытымызға орай гүлденіп-көркеюін, дәстүрлі сабақтастықтың шешек ата толысуын айғақтайды. Рас, қазір Қазақстанда киіз үй басып шығару іс біршама жақсы жолға қойылған. Үш төбе киіз үй басатын фабриканың іргсі қаланғаннан бері 1979 жылға дейін 180 мың киіз үй шығарған екен. Бұл киіз үйлердің әрқайсының көлемі 19 шаршы метрден. Жасырары жоқ, осынау кіші-гірім бір қала көлемімен пара-пар 180 мың киіз үйдің сүйгінен бастап киізіне, бау-шуына дейін мейлінше сұрқай болып шығуда. Ең өкініштісі, сол киіз үйлердің өн бойы дәстүрлі қол өнер үлгілеріне жұрдай. Ою-өрнек, ағаштан түйін түю, тоқыма өнерінің шашақты бау-шулары шегіне жете қарабайырланған. Бұлай тізе беруге болады. Себебін анықтауда қиын емес. Алайда, бұл жағдайдың басы ашық, киіз бүгінгі шаруашылық ыңғайында да еңбек адамдарына қажет. Ал осы қажеттілікті тарихи жауапкершілікпен шешу, өткен ғасырлардың бәріне қызғанышпен қарайтындай етіп шешу –кемел уақытымыздың талабы. Бұған ынта болса мүмкіндік мол-ақ.Ою ісінің қазақ арасында ең көп тарағандардың бірі сырмақ-текемет, түскиіз, сандық-қап, тұтқыш, киіз есіктің маңдайшасы, түйенің жабуы сияқты киізден ойылып жасалатын заттар. Осы заттарды өрнектеу тәсілі сан-алаун. Мәселен, сырмақты ақ киіз бен қара киіздің ою үлгісіне салып кесіп алады да, оюластырып тігеді. Одан кейін жиек басып сыриды. Текеметті ақ немесе қара киізге, әр түрлі боялған немесе түсі басқа жүндерді өрнектеп салып, қоса басу арқылы жасайды. Аяқ-қап сандақ-қап, түскиіз, дөдеге, дебіске, киіз есіктің маңдайы, туырлықтың қасы сияқтыларды көбінесе оюланған, әр түрлі маталарды бастырып тігу арқылы, түйе жабуы тұтқыш, және басқа зарттарды ешнәрсеге бастырмай, тек өрнектеп сыру арқылы жасайды. Бұларға ою бастыру не оюлап құрастыру ерсі саналады. Ал киіз есікті оюламайды, оның шеттеріне басқа киіз құрап, ортасын таңдай өрнегімен сырып қана қояды. Тоқымды не сыру не былғары, мата бастырып ойымыштап тігу арқылы әшекейлейді.
Киіз басу. Жүн әзірлеу. Киіз бірнеше тер тоғытылып, кірінен, шайырынан тазартылып қырқылған қойдың күзем жүнінен басылады. Киіз басатын жүнді шаң-тозаңнан, шөп-шөгірден тазартып, жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үшін сабаумен сабайды. Жүн сабау ісіне әйелдермен бірге еркектер де қатысады. Жүн сабау ісі маусымды және шаруаларға ортақ жұмыс деп саналады.
Жүн сабау ісіне керекті заттар –сабаулар мен тулақ. Сабауды бұтақсыз тұзу талдан, қара мойылдан, майысқақ теректен, жыңғылдан шілде-маусым айларында қабығын алып кептіреді. Үзындығы 1 метр, 20сантиметрдей етіп, екі ұшын тегістеп тұжырады. Оның диаметрі 2 сантимаетрдей бас аяғы бірдей болып келеді. Сабау жүн сабаушылардың санына қарай әр кісі екі-екіден болуы керек. Жүнді екі сабаумен қос қолдап сабайды. Бір пар сабауды сынғандарының орына қолдану үшін арытқ қалдырады.
Тулақ. Тулақ –дегеніміз жүнін алмай, керіп кептірілген шикі тері. Мұны әдетте өгіздің, сиырдың, жылқының терісінен жасайды. Жүн сабау алдында тулаққа аздап сүт бүркіп, шөптесінге төсеп жібітеді. Олай істемесе, кеуіп тұрған тулақ сабауға шыдамай сынып кетеді.
Сабалған дайын жүннен киіз басу үшін керекті заттар: ши, арқан, ыстық су. Киіз басу үшін 4 қанат шиді екі қатарымен жарыстыра көктеп алады немесе шидің өзінің шет бауларымен байланыстырып қояды. Ораулы ши киіздің түсін бұзып, ал тесігі барынан киіз біркілкі болмайды. Немесе басылған киіз киіз тесік болып, кейін оюдың түрін бұзады. Сондықтан ол үй жабуға жарамсыз болып қалады.
Киіз беттестіре салған екі қабат жүннен құралады, яғни киіздің екі беті бар деген сөз. Ол киіздің астымен үсті немесе киіздің өңі мен теріскейі деп аталады. Шиге тартылған жүн осы екі бетке екі бөлек арналады.
Шиге тарту. Ең әуелі шидің үстіне киіздің теріскей бетіне арналған жүн шабақталады. Ол бұрын сабалған үлпілдек жүнді шиге салып, шыбықпен көпсіте шабақтай отырып, жаю арқылы болады. Мұны кейде екі адам орындайды. Енді оның оң бетіне арналған әдемі жүнді қолмен тегісей тарта отырып басып шығады. Бұл жұмысты бұрыннан жүн тартып машықтанған шеберлер ғана орындайды. Сырмаққа арналған асыңғы (теріскей) бетіне шымқай ақ-қара болмағанымен бозғылт, қоңырқай таза жүн де жарай береді.
Киіз тебу. Осылай тартылып, теп-тегіс болған жүнің бір шетінен бастап ыстық суды себелеп, не шашырата құяды. Сонан кейін оны шимен қоса шиыршықтап жинағанда, оның сыртынан ыстық су құйып отырады. Байланған түйдектің екі жерінен арқан салып, 10-15 адам қатарласа тұрып аяқтарымен ауната тебеді. Мұндай тебеуің мерзімі мөлшермен алған бір жарым, екі сағатқа созылады. Киіз тебушілерде домалатушалар да киіздің өне бойына тегіс теуіп орырылуын қадағалау керек. Киізге аяқтың тепкісі түгелдей тимеген жағдайда киіздің пісіп, ширауы да ала-құла нашар болып шығады. Неғұрлым көп және және тегіс тебілген, ширақ болып, кейінен тез түтіліп, көпсімейді.
Киіз білектеу. Тебуі біткен киізді шиден ажыратып, үстіне тағы да ыстық су құяды да, оны орап шиыршықтайды, сонан кейін әр жерінен байлап, шидің үстіне салып білектейді. Бұлай істегенде алдымен киіздің екі басына тиянақ қояды. Мұны киіздің шеті бір келкіленіп, ішіне ікірігуі үшін жасайды. Жүгініп қатар отырған адамдар, жіпті кезкелген жерінен ұстап, киізді өзіне қарай тартып алады да, тізесіне соға білектеп, одан соң өзінен әрі қарай домалата тағы да білектейді. Осы тәртіппен 2 -3 рет ауыстырып, болған соң киізді шешіп алып қарпиды.
Сырмақ, текемет жасау. Әдетте сырмақ, текемет жасалатын киіз не шымқай ақ не шымқай қара боуы шарт. Түйірпек, ошаған, тесігі бомауы тиіс. Мүндай кемшіліктер оюға, сыруға бір тегіс жиектеуге бөгет жасайды. Соүндықтан сырмақ, текемет басатын киіздің жүні, оның өңі күні бұрын таңдалып, ол көбінесе қозы жүнінен болады. Оны сабағанда да ерекше қадағалап, үлпілдетіп сабайды. Осындай іріктеліп алынған жарамды жүннен сырмаққа текеметке арнап бет басады. Бет болатын ақ немесе қара киіздің ееуі екі бөлек басылады. Оны ысырап етпес үшін көлеміне қарай әрі шағын, әрі жұқалау етіп басқан жөн. Сырмақтың беті кейіннен не киізбен, не кенеппен астарланы, сырылады. Сондықтан әрі жеңіл, әрі жүнді үнемдеп жұмсау үшін жұқа басу тиімді. Ал сырмаққа киізді дайындап алғаннан кейін, енді оның көлемін, салынатын ою-өрнектің қандай болатынын қарастырады.
Көлемі жағынан алғанда қазақтың сырмақтары негізінен 4 түрде алынады. Мұның ең үлкені - көш сырмақ. Бұл сырмақты көшкенде жүк артылған түйенің үстіне жабуға арнайды. Жалпы көлемі 3,5-4м. болады. Екіншіәсі төсеніш сырмақ, жалпы көлемі 3 – 3,5 метрдей. Мұндай сырмақ кейде киіз үйдің төре бейнесінде жарты дөңгелек болып та жасалады. Тамның еденіне, киіз үйге төсейді. Үшіншісі, төралды сырмағы, көлемі 2,5 – 3 м. мұны сыйлы адамдар келгенде жаппай төсеніштің үстінен төргі көрпенің астына салады. Төртінші төсек сырмақ немесе төсекалды сырмағы деп аталады, көлемі 2 – 2,5 м. сырмақ жасаушы өзі білетін немесе қолында бар ою-үлгілерінің ішінен таңдап алып, оны қалай орналастыруды қарастырады. Сонымен қавтар киіздің көлеміне қарай оны да көлемене қарай оны көп кесіп, қырдасында көп түсірмеу жағында ойластырады, сонан кейін сырмаққа арналған киіздің оң бетін тегіс еденге жайып қояды. Таңдап алынған ою-өрнектерді қағазбен тақыр теріге клеенкаға қиылған үлгісін киіздің үстіне салып, орналастыра отырып, сол үлгі бойынша бор не көмірмен сыфзып шығады. Ал сызылған оюды өткір пышақ немесе өткір қайшымен мінсіз етіп кесіп алады. Оюластырылған екі түсті киіз әуелі сирек көктеліп құрылады, одан кейін жөрмеліп тігіледі. Осы тәртіппен сырмақтың оюлы беті құрастырылып болған соң, ою жапсарларының үстіне боялған жиек бастырылады. Мұны жиектеу деп атайды. Оюларын жиекпен басып болған сырмақты астар төсеп, бетпен қоса сыриды. Сырудың тігісі екі түрлі. Біріншісі жеке жіптің өзінен арлы-берлі тік жансып, сыру арқылы болады да екіншісі қос жіппен сыру арқылы.