Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 20:17, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң талабына лайық жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбiп, жапырақтың бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани ата-бабадан қалған мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де, туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмiрi ұзақ болуы мүмкiн емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың баршасының қасиеттi борышы болса керек.
Жиек жіптер. Бұлар неғұрлым ашық түсті ұяң ақ жүнене иіріледі. Ақ жүнді бояу жақсы қонады. Майда түтілген ұяң жүн буылдықсыз иірілуге де жақсы болады. Жиек жібін иіру алдында, одан істегелі отырған бұйымның көлеміне қарай қанша метр немесе қанша құлаш керектігін алдын ала есептеп шамалып, мөлшерлеуден бұл түрін жіп иірушілер «алқым», «домалақ» деп атайды. Мысалы «екі ұршық жіп, бір алқым жіп, төрт алқым жіп, бір домалақ жіп» деген сөздерде осы шамалап, мөлшерлеуден шыққан сөз. Жиекке арналған жіпті жалаңқабат түрінде біреуін оңқай, біреуін солақай етіп иріп алады. Содан кейін оларды өзді-өздеріне қосады да, оны екі қабаттап екі бөлек етіп тағы иіреді. Бұл екі қабатталып иірілген екі бөлек жіпті екі «тін» деп атайды. Бүдан кейінгі екі «тінді» еік бөлек домалақтап мөлшерін белгілеп алған соң, оны бояуға салу үшін қайтадан төгеді де, жарты метр шамасындай етіп босатып, шумақтайды. Мұны жіпті келепьеу дейді.
Келептенген жиек жіпті қазанғ салып, бояумен бірге аудастыра орырып қайнатады. Қайнату үстінде жиек жіптің қылшықтары бүріліп, сыптығырланады да бояу жақсы сіңеді. Қазақтың халықтық әдісінде бояуға ашудас, мүсәтір, тұз қосып, оған бастқы деп аздап май салады. Бояуы сіңіп, қайнап болған жіпті сол келептеулі қалпында сөреге іліп кептіреді. Бояудың бірқалыпты сіңуі үшін сөредегі жіпті де сағат сайын ауыстырып отырады.
Әбден кеуіп болған соң, оңқай солақай домалақты қатар жарастыра отырып, бір ұшынан бастап ысқылайды. Ысқылау үстінде жиек жіп тағы да тазарып, әрлене түседі. Ысқылаудан өткен жиектің екі тіңін қосып бір домалаққа жинайды. Мұны бас деп атайды. «Басқа» төгілген оңқай, солақай екі «тіңді» жарыстыра отырып, сырмаққа бастыра береді. Сондақтан бастырылған жиектің қара түскен ширатындысындағы оңқай иірім қарсыласа келіп, бір келкі және әдемі таңдай өрнегін жасайды.
Кесте және көркемдеп тігу.Дипломдық тақырыпқа қатысты түскиіз болғандықтан, біз кесте өнерімен танысуымыз шарт. Олай болатын себебі түскиіз өзінің кестеленумен ерекшеленеді.
Кесте және көркемдеп тігу – ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу – барлық халықтарға да ортақ өнер. Қазақ халқының дәстүрәнде киәм-кешектер, төсек орын жабдықтары, қалыңдық және күйеулердің батырлар мен сауыққойлардың бас киімдері, белбілеулері, балақтары мен жең-жағалары әр-түрлі жамылғыштар мен кежімдер және басқа да осы сияқты жол-жорық, үй іші мүліктері кесте өрнегімен жиі безендіріледі. Халық салтында бұндай өрнектеудің кейбіреулері күні бүгінге дейін сақталып келеді. Оның басты себебі кесте өнерінің әдемі, ұнамды ою-өрнегінің барлық түріне бірдей қолданылуға тиімді болса керек. Осындай бізбіен, мешинамен және инемен көркемдеп төгілген кестені - әшекейлейлеуді кестелеу деп атайды.
«Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» - дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің қолтума бітім қасиетімен, көкемдік мән мағынасымен, шын мәнде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Соның бірі – кестелеу өнері. Сол кестелеу өнерді жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз. Ертеде халқымыз тұтынған бұйымдарымыздаң бәріне дерлік кестемен безендіріліп, әшекейленген. Мысалы: үй бұйымдарын, төсеніштерді, ұлттық киімдерді кестелеген. Негізгі қандай өрнекті болмасын, адам баласы өзінің қоршаған дүниеден алатыны мәлім. Киім кестесінде адамның жас ерекшелігіне, кесте тігілетін жіптің үстінекестелеу барысында үлкен мән беріледі. Кестенің ашық түсті болуы жастарға лайық болса, жасы үлкен кісілерге кесте түсінің қоңырқай, жасық болуы лайық деп табылған.
Жалпы кесте тігу технологиясы табиғатпен тығыз байланысты. Әр халықтың кесте тігу нақыштары бар. Көне заманнан бері, б.д. дейінгі V-VI ғасырдан бастап кестелеу өнері жалғасып келеді. Мысалы: Қытайда кестені таза жібекке алтын, күміс жіптермен тіккен. Кестелеу арқылы киімді ғана емес, кілем, сәнді паноларға құстар мен ағаш бейнеленген. өте нәзік тігілген қытай кестесі, жапон кестетігу өнеріне әсер еткен. Үнді - Иран елдерінің кестелері өсімдік тектес жан-жануарлар бейнелерімен ерекшелінеді. Ал, Византия кестесінде таза жібек немесе алтын жіптерді төгіп зергерлеген. Бұлар кесте тігу өнеріне үлкен жетістіктер енгізген. Сонымен қатар XII ғасырдың аяғымен XIV ғасырдың басында Франция, Германия, Швеция, Англия, Дания, Норвегия елдерінде ұлттық киімдер мен тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге қолданған. Соның ішінде кеңінен өріс алатын түрлері тігіне немесе айналдыра тығыздап тігу мен қолдаптігу болды. Халық өнері ғасырлар бойы өзгеріп, адам өмірімен олардың тұрмысымен әлі күнге дейін байланысты болып келеді. Кестенің әдемі әшекейі адамның тұрған жеріне, мәдениетіне, саудасына көршілес елдермен қарым-қатынасына байланысты болып келеді. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасудың арқасында әрбір елдің шеберлігі өздеріне тән ерекшеліктерімен тігудің сан түрлі әдістерін киімге, тұрмыстық бұйымдарға, әшекей заттарға қосса білді.
Қашанда кесте өнерінің
түр-түсі, үйлесімділігі, әдемілігі
қайталанбастығымен
Қажетті құрал-жабыдықтар; кесте тігуге негізгі зығырдан, жүннен, жібектен, мақта-матадан және аралас талшықтан тоқылған маталар пайданылады. Көбінесе, ескі бұйымдардың маталарын пайдалануға немесе жібін суырып, кесте тігуге болады. Тек оларды пайдаланбас бұрын жуып, тазалау керек. Жұмысты бастамас бұрын мата мен жіп сапасын анықтап алу керек. Кестені тот басқан инемен тігуге болмайды. Иненің жуан жіңішкелігі матаны қалыңдылығына және жіптің жуан жіңішкелігіне байланысты болады. Оймақ металлдан емес, пластмассадан болса да бола береді. Қайшының ұшын үшкір, имектелген болуы тиіс.
Кестені ілгекті бізбен кестелейді. Кестелеу үшін әр түрлі жіптерді пайдаланады. Кестенің кебір түрлері селдір матаға түсіріледі. Ұсақ бұйымдарды әдетте дөңгелек кергіште кестелейді. Кейбір кестелер кергішсіз тігіледі. Матаны бас бармақ пен шынашақтың көмегімен сол қолдың үш саусағы біркелкі етіп керіп түрады. Матаға инені оң қолдың ортаңғы саусағымен шаншиды. Егер суреттің көлемі кестеленетін бұйымның көлеміне сәйкес келмесе онда суретті үлкейтуге немесе кішірейтуге болады.
Көшірме қара, түкті және жылтыр матаға суретті калька арқылы көшіреді. Қағазға көшірілген суретті мата бетіне салып жан-жағын жиектеп, жиі етіп немесе машинамен тігеміз. Қағазды айналдыра қиып, бұйым кестеленгеннен кейін қағаздағы көктеу жіптерді алып тастаймыз. Екінші көшірме түрі де қағазға, жібекке, барқытқа, трафарет түрінде орындалады. Ол үшін жұмсақ матаға сурет көшірілінген қағаз салынылады. Осының астына қағаз немесе калька қағазы салынып, бәрін қабатталған матаға түйрейміз. Сосын жіңішке немесе өте қалың, егер түсірілген сурет тығыз матада болса, инемен бізбен сурет жиілігі 2мм аралықта айландыра тесіп аламыз. Дайын трафарет көшірмені теріс жағынан өңдеу қағазымен сүртеміз. Өйткені тесілген орындарды сүртіп, мата үстіне қыстырылады. Түсті маталар үшін сурет жиектерін мақтаға сіңіріп, машина майы мен тіс жуғыш ұнтақпен тесілген орындарды жүргіземіз. Ал ашық түсті маталар үшін машина майы мен көгілдір әк қосылған қоспа пайдаланылады. Қоспа қоюлығы қаймақ сияқты болуы керек.
Үлбіреген ашық түсті матаға сурет түсіру үшін бірінші суреттің үстіне басқа матаны жабады да, үстіне әйнек бастырады, ал әйнектің астына лампа қойылады. Әйнектің үстіне кесте түтілетін матаны жауып, лампаның жарығы көрсетіп тұрған суреттің нұсқасын қарандашпен матаға түсіріп алды. Кесиелеу кезінде жіпті түйіршіктеге болмайчды. Кестеалеуді бастар алдында жіпті матаға төменгі тәсілдермен бекітеді: бірінші инені бірнеше рет шаншып ұсақ тігістер жжасап алу керек. Ол жер астынан кестемен жабылып кетеін болсын; екінші инені бір шаншып алып, жіпті матадан ақырына дейін суырмайды. Кестені бітірер кезде кестелеп отрған жіптіжиі шанаып, суреттің астына жіберу керек; үшіншісі – екі қабатталған жіпті тұйықталмаған ұшынан сабақтап, инені матаның астынан үстіне қарай шығару керек. Иннені қайта төмен шаншу арқылы жіптің тұйықталмаған ұшын бастыра тартады. Осыдан кейін барып кестелеуді бастай беруге болады.
Трафарет,қйма үлгі,пішімдер дайындау.Кесте бұйымдарын тігуде көп пайдаланатын-пішімдер,ол бұйымның жеке бөліктері. Пішімдердің көп қолданатын түрін қима үлгі дейді.Бұны сурет пен сызба арқылы дайындайды,сығзыштар,церкуль тығыз қағаз немесе жұқа картон қағаздар көмегімен жасайды. Бұйымның ортасы немесе жеке бөлшектер орыны, кішкене тіліктермен тереңдігі 5мм алынған болуы керек. Трафареттермен қима үлгілер көмегімен бұйымның шет өңірлері жиектеледі.
Бедер құрастыру. Кестеге дайын бедер қолданылады. Бірақ халық тігісті тек көшіріп қана қоймай, сурет етіп өздігіненде салып кестелеу тәсілі бар, онда бейнелеу кезіндегі адамның-қиал ғажайып ойы, ондағы түстер гармониясын игеру заңы, әр түрлі етіп тігіу, түсіру техникасы және композиця үндестігі жинақталған. Мұнда бұрынғы кесте тігу жинақталады. Мұнда бұрынғы кесте жиынтығымен таныса отырып, өзіңнің жаңа шығармашылығыңды көрсетуге итермелейді.
Түскиіз және оны кестелеу. Кестелі түскиіздің халық арасында ең көп тарағаннегізгі үш түрі бар. Оның біріншісі –тұтас матаны әр түсті жіппен шымқай кеселеу, екіншісі -әр түрлі маталарды оюластырып кестелеу, үшіншісі маталарды бөлек кестелеп, киіз бетіне оюлап жапсыру. Сонда мұндай түскиіздің бір жері мата, бір жері киіз болып көрініп тұрады.
Тұтас матаға кестелеу. Жасалатын түскиіздің көлеміне карай, оған лайықты мөлшерде шымқай қара, көк, сары, ақ, сары, жасыл немесе қызғылт сары түстес барқыт, мауыт, шұға, атлас маталарының бірін ғана алып, оны түрлі-түсті жіптермен әр алуан өрнектеп кестелейді, және айнала шетін өзге түсте матамен көмкереді. Әдетте, түскиіздің мұндай тұтас матаға жасалған кестесі киізбен астарланады. Кеселі матаны астар киізге жапсырып, сырымайды, тек шеткі көмкерулер арқылы ғана ғана жапсырып тігеді.
Әр түрлі матаны өзара оюластырып кестелеу. Кестеші өз қалауынша түстері әр түрлі бірнеше бөлек маталарды бір-біріне оюластырады да кейін ою тігістерін бойлай кестелейді. Кейде тек ою жапсырларын ғана емес, ою өрнектерінің ішін де кестемен толтыртады. Кесте жібінің бояу түстеріде ұлттық манерге қарай кезектесіп орналасады. Мысалы: ақ + қара + жасыл + қызыл + көк + сары және т.с.с.
Түскиіз кестесі көбінесе
бір тұтас мазмұндағы бірнеше
ою-өрнектердің жиынтығынан, яғни бірнеше
өрнектердің ұанмды үйлескен тұтас
желісін жасау негізінде
Кеселеуге арналған матаның шетін ені 10-12 сантиметрдей өзге түсті матамен көмкемкереді. Кейде матаның шетін көмкерудің орнына, оны кестелейді, кейде машинамен тігеді. Содан кейін ортадағы матаға қатар 2-3 дөңгелек сызықты («су») кестелеп алып, оның ішін «гүл», «түйе табан», «қошқар мүйіз» сияқты оюлардың бірімен толтырып кестелейді. Қатар орналасқан дөңгелектердің аралығындағы қолтықшаларын мүіз тектес оюлармен толтырады. Ортадағы дөңгелек ( «табақ») өрнектер мен қолтықшалардағы үш бұрыш бейнелес өрнектер тігіліп болған соң, олардан тыс түскиіздің төрт бұрышы кестеленеді. Бұрыштарға мүйіздің басы ортаға қарай сұғына келетін және бұрышты толтырып тұратын өрнектер кестеленеді.
Киіз бетін матамен оюлап кестелеу. Түскиіздің мұндай түрі қазақтың дебіске дейтін жеңіл сырмағына ұқсас келеді. Оюлап кестеленетін түскиіз бірыңғай не шымқай ақ, не шымқай қара болады. Түскиіз жасаушы шебер осы киіздің бетін оюлайтын маталардың түстерін өзінің ұнатуынша таңдап алады. Бұл түстер көпшілігінде 3-5 түрлі болып, мұнда да түскиіздің шеті бір түпті матамен көмкеріледі. Көмкеруден кейін киіздің неі 10-15 сантиметрдей жері жолақ болып қалдырады. Бұл жолақтың екі жақ шетін ұзынан бойына бір түсті жіппен жиектеп кестелейді. Жиек кестесін көрнекті ету үшін, оны екі –үш рет бір-біріне тиістіре қайталайды. Мұны түскиіз кестелегенде де «су» деп атайды. «Су» өрнегінен қалған қара немесе ақ киіздің «су» өрнегінің ортасында қалған төрт бұрышты таза жерінен әр түсті маталардан ою бастырылып, бұл оюлардың да жапсарлары 2-3 қатар әр түсті жіппен кестеленеді.
Түскиіз көбінесе төсектің тұсына ұсталады. Сондықтан оның төсектен төмен түсіп төртінші шетін көмкеріп, жиектемесе де болады. Кейде ортадағы мата, яғни ең үлкен беті де бөлек-бөлек оюластырған маталармен жеке-жеке кестеленіп құралады. Кейде түскиіздің көмкеруінен төменгі «су» жиегіне дейінгі арасын өрнектейді де,ортасын, яғни нң үлкен бетін өрнексіз ашық түсті матамен (көбінесе ши барқытпен, плюшпен) жабады.
Кейде кестелі түскиіз өрнегінің өзіне ғана көк, қызыл, ақ, қара, сары, жасыл сияқты 5-6 түсті жіпті көруге болады. Бірақ осы түстердің бәрі де үйлесіміне, жұртқа ұнауына қарай кезектесіп отырады.
Құрақ. Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бірі. Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде емес, сонымен бірге сәндік үшін жастық бетіне де жасаған құрақ Қазақстанның барлық облыстарына тән өнердің түрі. Оқыту жоқ кезеңінің өзінде шеберлер геометрияны оқымаса да түрлі геометриялық фигуралардан тұратын құрақты сәндеп құрай білетіндігін оқушыларға үлгі етіп ежелгі мәдениетіміз тек сәнді емес үнемді де болғанын айтуымыз керек.
Оқушылар алған білімін тек жанында ғана сақтап қоймай оны өмірмен байланыстыра білуге, жан-жақты ойлауға қабілетті болуы тиіс. Баланың түрлі іс әрекетінің нәтижесінде ойлау әрекеті үнемі дамып, мазмұны жағынан өрістейді. Оқушылар іс-әрекеті кезінде басқа пәндерден алған білімдерін еске түсіру арқылы логикалық ойлау қабілетін арттырады.
Өнердің басқа түрлері
секілді құрақ құрау
Құрақ құру үшін әр-түрлі маталардың қиындыларын пайдаланады. Құрақтың бүгінде қолданып жүрген мынадай түрлері бар: қайшы құрақ, тырма құрақ, қаттама құрақ, таңдай құрақ, алма құрақ, шатыргүл, ботагөз, шиқиық, жартыжапырақ, сегізжапырақ, мүйіз құрақ, шітірмек, тұмарша, тістеме құрақ, ат құлақ, айшық, т.б.