Ағылшын тілін оқыту методикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 14:23, дипломная работа

Краткое описание

Адам өзінің өмірде көріп, естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Есте сақтау қабілетінің педагогикалық және психологиялық әдебиеттердегі рөлі
1.1. Жалпы есте сақтау туралы ұғым.......................................................6
1.2. Есте сақтау қабілеті туралы ғылыми көзқарастар.........................20
1.3. Есте сақтау процестері, олардың мазмұндық және функционалдық сипаттамасы..........................................................23
1.4. Есте сақтау қабілетінің түрлері.......................................................25
2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін оқыту негізінде зерттеу
2.1. Есте сақтау қабілетін дамыту әдісері..............................................33
2.2. Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың негіздері.......................40
2.3. Ағылшын тілін оқытудың мазмұны................................................45
2.4. Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілетін зерттеу...................................................................51
Қорытынды..........................................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................58
Глоссарий..............................................................................................................60
Қосымша...............................................................................................................61 

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом алтынай.docx

— 162.90 Кб (Скачать документ)

Ұсынылған ресурстар 

Жадыға  арналған техникалар

Қайталау:   Сөзді өзіңнің қалауың бойынша еске түсіргенше  қайта-қайта қайталау.

Жасырынбақ:   Ақпарат жасырылады немесе өзгертіледі, содан кейін сіз оны еске түсіруге тырысасыз, содан кейін сіз қайта қарауға мүмкіндік алмай есте сақтағыңыз келген нәрсені есте сақтағыңыз келеді.

Топтау: есте сақталатын нәрсенің әртүрлі бөліктері арасындағы байланысты табу жолымен топтарды қалыптастыру және оларға атау беру. 

Фрагменттерді қалыптастыру: үлкен көлемдегі ақпаратты есте сақтау үшін шағын, оңай есте қалатын «фрагменттерге» бөлу».  Техника топтарды қалыптастыру техникасына ұқсайды. 

Қауымдастықтар:  Таныс емес нәрсені бұрыннан таныс нәрсемен байланыстыру жолымен есте сақтау.

Мнемоника:  әрбір сөзі есіңізде сақтағыңыз келген нәрсенің алғашқы әрпінен басталатын тіркес немесе сөйлемді ойластыру;  мысалы кемпірқосақтың түстерінің ретін еске түсіру үшін пайдаланамыз:  (Қызыл, Қызғылт-сары, Сары, Жасыл, Көгілдір, Көк, Күлгін) Қалам Қолымда, Сағындым Жерді, Көктемде Көңіл Көтеріледі.      

Бейнелер тізбегі: сөздер мен нысандар тізімін өзіңіз есіңізде сақтағыңыз келген ретпен кездесетіндей  оқиғаны ойлап табыңыз.

Жадылық серуен

1-оқыту  эпизодының жан-жақты сипаттамасы 

Ширығу 

  1. Оқушыларды өз өмірлеріндегі есте қаларлық сәттерді ойлауға шақырыңыз – мысалы, бастауыш немесе жоғары сыныптағы алғашқы күндерін, туған күндерді, сосын олардың естеліктерін сыныпта талқылаңыз. Оларға өткен айдың белгілі бір уақыты мен мерзімін пайдалана отырып, сол уақытта қайда болғандарын сұраңыз.  Кейбір адамдардың түрлі ақпараттарды қаншалықты жақсы есте сақтай алатындықтарын,  белгілі бір адамдардың басқалармен салыстырғанда тиімдірек есте сақтай алатындықтарын салыстырыңыз.

Негізгі оқыту эпизоды 

  1. Бастамас бұрын сіз осы  оқыту эпизодын өткізгеннен кейін бірден зерттеуге дайын болатындай, оқушылардан жадыны талап ететін пән бойынша  айырықша оқыту мақсатыңыздың бар екендігіне көзіңізді жеткізіңіз. Бәлкім, сіз оқушылардың қазір орындап отырғаны мен оны кейін қалай қолданатыны арасындағы байланысты жүргізу үшін төменде берілген эпизодты оқытқанға дейін оқушыларға бергіңіз келетін шығар.
  2. Сыныптан бір  ақпаратты  басқа ақпаратқа қарағанда  есте қаларлықтай ететін не екенін анықтаудан бастаңыз және бір нәрсені есте сақтау қабілетіне жеткізе отырып, мектептегі оқуды табысты аяқтаудың, соның ішінде өз пәніңіз бойынша да маңыздылығын түсіндіріңіз.
  3. Есте сақтау және еске түсіру қабілеттерінің мәнін бере біліңіз және олардың есте сақтау үдерісінің бөліктері екенін түсіндіріңіз.
  4. Оқушыларға 20 нысан көрсетіңіз – мұны үстел үстінде, ақ интерактивті тақтада немесе тізімде көрсетуге болады.  Оқушыларға нысандарды есте сақтауға           3 минут уақыт беретініңізді және үш минуттан соң тексеретініңізді айтыңыз. Үш минут уақыт өткен соң үстелді ашыңыз. Оқушыларға заттарды еске түсіруге және оларды жазуға мүмкіндік беріңіз.
  5. Оқушыларды нысандарды есте сақтау мен еске түсіруге тырыса отырып, өздері пайдаланған стратегияларымен, тәжірибесімен алмасуға ынталандырыңыз.
  6. Кері байланыстың және өзіңіздің жеке есте сақтау  тәжірибеңіздің көмегімен бір не екі техниканы қоса отырып, кейбір стратегияларыңызбен бөлісіңіз:   есте сақтау, ақпараттарды топтау, мнемоника, жадылық серуен немесе қауымдастықтар (сыртық бетін қараңыз) және оқушыларға оны қалай пайдалану керектігін көрсетіңіз.
  7. Оқушылардың техниканың қалай жұмыс істейтінін және олардың қаншалықты пайдалы екендігін түсінуі үшін әртүрлі  тапсырмалардың бірқатарында техниканы орындауға мүмкіндік бере отырып, белгілі бір уақыт беріңіз, мысалы біздің күн жүйеміздегі ғаламшарлар тәртібін есте сақтау, қарапайым сандарды есте сақтау немесе Лондонның метро тармағындағы бекеттерді есте сақтау.
  8. Оқушыларға бұрын қолданылған стратегиялардың біреуін қолданудың маңыздылығын көрсете отырып, тағы 20 нысанды есте сақтауға мүмкіндік беріңіз.
  9. Оқушылармен қандай техникалар пайдалы болар еді және сіздің пәніңіз бойынша да, басқа пәндер бойынша да қандай салада олардың қолданылатындығын талқылаңыз.

Мета-таным 

  1. Бұдан әрі сыныппен табысты оқудағы жадының маңызын талқылаңыз. Оқушылардан мектепте оқығандарын қалай есте сақтайтындықтарын және есте сақтауда көмектесетін белгілі стратегияларды пайдалануға тырысатын-тырыспайтындықтарын сұраңыз.

2-оқыту эпизоды 

Мақсаты:  бұдан әрі жадыны дамыту және ұзақ мерзімді жады мен түсінуде тиімді ұсталатындай ақпаратты есте сақтаудың күрделі тәсіліне үйрету.

Шолу: оқыту эпизоды қайталаудың неге тиімді техника болып табылатындығын ашады. Эпизод сонымен қатар есте сақтаудың еске түсіру кезінде пайдаланатындай есте сақтау үшін мүмкін үдерісті қарастырады. Оқушылар эпизод соңында ақпаратты есте сақтауға жоғары деңгейде ұйымдастырылуы тиіс.

Ұсынылатын  дереккөздер 

Пелманизм, немесе жұптық ойын -  сөз немесе суреттері бар бірнеше ойын қартасын үшбұрыш түрінде немесе кездейсоқ тәртіпте жаю (оқушылардың қажеттіліктеріне қарай қарталардың саны әртүрлі болуы мүмкін).   Оқушылар қарталарды ашып қарайды да, лайықты жұбын табуға тырысады. Жұбын тапқан кезде қарталарды алып тастайды. Қарталарды жұбымен көп тапқан оқушылар немесе топ жеңеді.

 Жадыны дамытуға  арналған пасьянс  -  оқушыларға нысандар мен картиналар жинағы беріледі.  Оларға  көбірек нысанды есте сақтаулары үшін бір немесе екі минут уақыт беріледі. Нысандар мен суреттер аударылады да, оқушылар нысандар/суреттердің санын көбірек есте сақтауларына қарай ұпай жинайды. Аталған тапсырманы түрлендіру үшін бір немесе одан да көп нысандарды алып тастап, оқушылардан қай нысан жоқ екендігін сұрауға болады.(Қосымша А)

1-оқыту  эпизодының жан-жақты сипаттамасы 

Ширығу 

  1. Барлық сыныппен немесе топта жұптық ойын (сипаттамасын жоғарыда қараңыз) ойнаңыз.

Негізгі оқыту эпизоды 

  1. Оқушыларға есте сақтауға және емтиханда қолдануға тиіс пән немесе сурет бойынша белгілі ақпаратты беріңіз.
  2. Оларға 1-оқыту эпизоды туралы еске түсіре отырып, ақпараттың ең көп мүмкін санын есте сақтау үшін бірнеше минут уақыт беріңіз де, алдында таратылған техникалардың көмегімен олардың жадын тексеріңіз.
  3. Оқушылардан қандай техниканы қолданғандарын, қолданса неге нақты соны қолданғандарын сұраңыз.   
  4. Оқушылардан егер ақпарат бір уақыт ұзақтығында қайталаумен берілсе, ол жадыға қандай әсер ететіндігіне болжау жасауды сұраңыз.
  5. Оқушыларға ақпаратты көрсетіңіз, олардың жадын тағы тексеріңіз, олардың нәтижелерін кестеге жазып қойыңыз.
  6. Әуелгі кезеңді 5 рет қайталаңыз және нәтижелерін Эббингауз тиімділігін көрсететін бағанға жазып, сыныпқа көрсетіңіз (8.1 суртті қараңыз). Мектепте әртүрлі пәндерді оқу кезінде бұдан қандай шешім шығаруға болатынын талқылаңыз.
  7. Есте сақтауда қайталаудың табысты техника болып табылатын себебін анықтаңыз.
  8. Нейрондық желінің физикалық моделін жасау арқылы талқыланатын теорияға жалғасатын ғылыми деректерді көрсетіңіз.  Физикалық таныстырылымның жақсы әдісі құмды тұғырықтың түбіне өлшеуіш стақанмен ақырын су құю болып табылады. Су жолын, астаулардың тереңдігін және судың құмға жайылуын  бақылай отырып,  оны қайталаудың жаңа нейрондық  бірігулері мен еске түсірулерін жасауға көмектесетінімен байланыстыру.
  9. Ақпаратты неғұрлым тиімді еске түсіруге көмектесу үшін қарапайым байланыстарды табу жолымен есте сақтауға тырысатын ақпарат бөліктерін топтастыру тәсілдерін табуға топтастыру стратегиясын қолданыңыз.
  10. Оқушылардан өздері құрған топтарға «атау» беруін сұраңыз, содан кейін атаулардың әрбір тобының астына белгі жасаңыз. Оңай есте сақталатын ақпараттық «фрагменттердің» үлгісі және оның белгілері олардың жадыларын жақсартудың маңызды бөлігі болып<span class="Normal__Char" style=" font-family:

Информация о работе Ағылшын тілін оқыту методикасы