Ағылшын тілін оқыту методикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 14:23, дипломная работа

Краткое описание

Адам өзінің өмірде көріп, естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1. Есте сақтау қабілетінің педагогикалық және психологиялық әдебиеттердегі рөлі
1.1. Жалпы есте сақтау туралы ұғым.......................................................6
1.2. Есте сақтау қабілеті туралы ғылыми көзқарастар.........................20
1.3. Есте сақтау процестері, олардың мазмұндық және функционалдық сипаттамасы..........................................................23
1.4. Есте сақтау қабілетінің түрлері.......................................................25
2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін оқыту негізінде зерттеу
2.1. Есте сақтау қабілетін дамыту әдісері..............................................33
2.2. Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың негіздері.......................40
2.3. Ағылшын тілін оқытудың мазмұны................................................45
2.4. Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілетін зерттеу...................................................................51
Қорытынды..........................................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................58
Глоссарий..............................................................................................................60
Қосымша...............................................................................................................61 

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом алтынай.docx

— 162.90 Кб (Скачать документ)

Шетел тілдерін үйрену ерексек адамдар  Үшін қиын екенін жақсы түсінеміз. Ал бала жас кезінде шетел тілдерін тез Үйренеді. Америкада, Германияда балалардын шетел тілдерін үйренудің негізін анықтау мақсатымен арнайы педагогикалык тәжірибелер ұйымдастырылып, ол тілдерді оқып Үйренуді орта мектептен балалар мекемелеріне ауыстырған. Лейпциг қаласыңда жүргізілген тәжірибе нәтижелері мектепке дейінгі балалар екі жыл бойы оқытылатын материалдарды меңгере алатыңдығын көрсеткен. Шетел тілдерін үйренуді балалардың жас кезіне ауыстырған: барынша жемісті болатындығы практика жүзінде анықталған. Әдетге біздер сәбилік жастан бастап үйренген тілдерді тиянақты меңгеретініміз мәлім. Балдырғандар, жеткіншек жастағылармен салыстырған да, шетел тілдерін шапшаң үйреніп кететіндгі тәжі- рибеде дәйектеліп отыр. 2-3 тілді де қатар меңгергек балаларда ол тілдер біріне-бірі кедергі жасамайтындыры тәжірибе жүзінде белгілі болды.

Серб халқының өкілі Павлович тәжрибесі  бұл орайда көрнекі мысал бола алады. Ол өз балаларымен серб тілінде сөйлеседі де, ал зайыбы французша сөйлесетін болған.1 Әке-шешесімен екі тілде қатар сөйлейтін балалар тілінің дамуы және оларды меңгеру деңгейі үнемі өрістеп отырған. Осы бағытта Иорген жүргізген тәжірибенің де маңызы ерекше. Ол баланы іріктеп алып, оларға үш тілді қатар үйреткенде бұл тілдерді шәкірттер ешқандай қиналмай меңгерген және сол тілдерді үйрену барысында біріне-бірі кедергі болмаған.

Балаларды жастайынан тілдерді меңгертт, есеп шығартуға баулуда Лейпциг  пен америка мектептерінің тәжірибелері талдап, мынадай қорытынды жасауға болады: 7-8 жасар балаларды оқытып сауаттандырудан гөрі 5-6 жастағы балаларды оқыту әлдеқайда жеңіл әрі нәтижелі болған. Москва мектептерінде жүргізілген бірсыпыра зерттеулер де осындай қорытындылардың шындығын айқындай түсті. Мысалы, мектепте 9 жасар баланың сауатын ашып, оны оқыту айтарлықтай қиындық тудырған болса, ал оны жас кезінен оқытып сауатын ашу барын өнімді болатындығын көрсетті.

Осындай зерттеу тәжірибелерге  сүйенген педагогтар оқыту процесін өрістету ниетімен мынадай ұсыныстар  ендірді: бал- дырғандар әртүрлі  ойындар ойнап, өзара шүйіркелесіп қалжың-күлкімен айналысып жүріп-ақ оқу материалдарының мазмұнын меңгере  алады. Ал мектепте мұндай мазмұндарды  оқытып, мен-гертуге әлдеқайда көп  уакыт кетеді дейді. Бұл жөнінде  балдырған жасындағы балалардың есте сақтау қабілеті мен алғырлығы  туралы мынадай мысал келтірейік. Балдырғандар есінің алғырлығын жеткіншек  жасындағы балалармен, әсіресе ересек адамдардын есімен салыстыруға болмайды. Олардың есте сақтауы нақтылы, әрі  тиянақты. Дегенмен, 3 жасар бала шетел  тілдерін щапшаң меңгере алғанымен, олар, мәселен, география пәні бойынша  жүйелі түрде берілетін білімді  меңгере алмайды. Шет тілін меңгеруді  қиын көретін 9 жасар бала географиядан оқытылатын білімді оңай меңгере  алады, ал ересек адамдар жүйелі білімді  игеріп есте сақтауда бабалардан әлдеқайда  озық тұратыны мәлім.

Баяндалған осындай жәйттерден өзгеше, үшінші бір бағытты қолдайтын  психологтар бар. Олар ес процесінің дамуындағы шарықтау шегін табуды ойластырады. Атап айтканда, К.Гросс шәкіртінін бірі Зейдель арнайы зерітеу арқылы көптеген материалдар жинақтап, бала есінің дамуы ең жоғары дәрежеге жетеді де, одан кейін оның есі құлдырап төмендейді дейді.

Осы аталған балалардың есі жайындағы  үш түрлі көзқарас та бұл процестін  даму зандылықтарын жеңіл-желпі  қарастырады. Мұндай көзқарастың үшеуі  де естің дамуын бір ретте өрлеп  дамитын процесс десе, ал екіншілері оны құлдырап төмендейтін процесс  дейді. Олардың ойынша ес төте әрі  тегіс жолмен дамиды. Өмір тәжірибелерінде  мұндай пікірлерді қостап-қолдаушылар  да, сынап-мінеушілер де бар. Өйткені  естің дамуы аса күрделі психикалық процесс, оның төте жолмен дамып өрістеп  отыруы ешқандай мүмкін еместі.

Ес процесінің дамуына шолу жасап, оның мән-жайын ашьш көрсету ниетімен мен мынадай екі мәселеге әдейі  тоқталмақпын. Оның бірі – совет  зертгеушілерінің бірсыпыра еңбекттерінде  жарияланған. Соны атап өтейін. Балалар  есінің дамуында екі түрлі із бар, естің дамуы бір ізді емес-ті, оның негізі бірнеше зерттеулер арқылы іздестірілді. Оған менің де қатысым  бар. А.Н.Леонтьев пен Л.В.Занков жүргізген  зерттеулерде сол пікірлер расталады. Бұл зертгеулерде әр алуан психологиялық  іс-әрекеттер нәтижесінде қажетті  мәліметтерді тікелей есте сақтау мен  аспап-құралдар көмегімен есте сақтауға тиісті баламен салыстырғанда, сол  материалды тиісті бала өзінің іс-әрекетін өзгеше жоспар жасап құрады. Өйткені  аспап-құралдар мен белгілерді қолданушы  бала оларды есінде сақтау үшін сол  аспап-құралдарды пайдалана отырып берілген тапсырманы орындайтын болады, Соның әсерінен баланың есте сақтауы өзге де психикалық процестерді дамытуға ықпалын тигізеді. Оның қиялы мен ойлауының өрістеуіне әсер етіп отыратыны да сөзсіз.

Тәжірибе арқылы анықталған тағы бір  жәйт мұнадай: егер біздер кез келген кластағы оқушылардың тікелей  есте сақтауы мен жанама есте сақтау қабілеттерін ажыратып білгімізкелсе, оларды екі топка бөліп зерттейміз. Нәтижеде осы екі топтағы балалардың есте сақтау тәсілдерінін әрқайсысына тән өзіндік динамикасы болатындығын айқын көрсетті. Бұл тәжірибені жүйеге келтіріп дәледдеуге А.Н.Леонтьев ерекше күш жұмсады.

Мұндай зерттеулер нәтижелерін  сіздер белгілі кітаптар мен жаңадан  басылып шыққан енбектерден білесіздер. Сондақтан бұл мәселелерді баяндауға  тоқталмаймын.

Теориялық зерттеулер адам есінің тарихи дамуы жайындағы жорамалдың ақиқатығын анықтады. Адамның есі негізінен  жанама жолмен оның әр алуан амал-тәсілдерді қолдану арқылы мақсат мүлделеріне  сәйкес болып отыратындыры тәжірибелермен зертгелініп анықталды. Есте сақтау саналы әрекет және оның өзіндік бейнелеу сипаты бар. Адамның есте сақтау әрекеттерінің  қалыптасуы онын сөйлеуімен, мәдени өмірінін деңгейімен ұштасып отыратындығын  көрсетеді. Ес күрделі психикалық процесс  және адам ақылының қоймасы.

Жағарыда баяндалған зертгеулер балалар  есінің дамуына қатысты мәселені бұрынғы шегенделіп қалған орнынан  жаңа бағытқа қарай бұрды. Алайда мен бұл мәселс түбегейлі шешілді  дей алмаймын. Өйткені бұл зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Зерттеу арқылы алынған нәтижелер мен тиісті қорытындылар жеңіл желпі сипатта. Негізгі мақсат – балалар есінің дамуын оның зандылықтарына орай терең  іздестіру. Кейбір зерттеушілер “ жұмыстарында мұндай ірі -талаптар психологиялық  мәсслелерді тым күрделендірін, қиындатып жібермей ме деген қобалжу  ойларын білдіреді. Біздер ондай  пікірлерден туындайтын тың мәселелердің үнемі пайда болып отыратынын қостай отырып ғылымның ітпкі мақсаты  шындықты табу екенін еске салғымыз келеді. Сонымен, бүгінгі лекцияның өзекті мәселесі – естің дамуы болғанын естеріңізге тағы да салайын.

Себилер мен балдырғандардың есінің дамуы жалпы психикалық қызметінің өзегі іспетті. Баланың өзге процестерінің  қызметі де осы еспен байланысты болып отыратындығына көзіміз анық жетті. Енді осы бағытта жүргізілген  зерттеуле баланың ойлау әрекеттеріне қатысты. Бала есінің ересек адамдардың есінен айырмасы болатыны айқын нәрсе. Баланың ойла әрекеті нәрселерді көз алдына келтірін бұрынғы тәжірибелерін  иек артады. Сөйтіп оларды есімен реттейді. Сәби мен балдырғаңдардың ойлауы тікелей есіне тәуелді. Бұл жәйттің  шындығына көз жеткізу үшін мынадай  үш түрлі мысал келтірейіке. Бірінші, балалардың ұғымды анықтау әрекетіне  қатысты. Баланың ойлауындағы мұңдай тәсіл оның еске түсіру әрекетіне  негізделген.

Мысалы, баладан үлу деген не? деп сұрасак, ол кішкентай жорғалайтын, жылтыр нәрсе, оны аяқпен басып жаншиды  дейді. Баладан төсек деген не? деп сұрасақ, ол жұмсақ, жататын орын деп жауап береді. Баланың мұндай жауаптары нәрселер бейнесін есіне түсірумен ұштас.

Сөйтіп, баланың ойлау әрекетінде ұғымдарды анықтауы оның нәрселердің  бейнесін көз алдына келтіреді. Екінші жағынан баланың ойлауы еске түсіру әрекетімен сабақтас.

Екінші мысал. Еске түсіру балалардың кез келген ойлау әрекетінде шешуі  роль атқарады. Мысалы, баланың бір  зат жайындағы ұғымы көрнекі  бейнелерді есіне түсіріп, оларды ойша біріктіріп тұтас бейне жасайды. Сондықтан біз баланың ойы  жалпы сипатта болады дейміз. Ойлаудың бұл тәсілі еспен байланысты, бірақ  ол әлі де абстракциялық дәрежеге жете қойған жоқ. Үшінші мысал. Бүл жайында  Штерн зерттеулері бар. Ол бала ойының дамуындағы мұндай ерекшеліктерді –  тарнсдукция деп атайды. Бұл терминнің  мәні бала ойының жеке нәрседен жеке нәрселерге қарай ойысып, заттар мен құбылыстардың  жекелеген қасиеттерін есіне  түсіреді.

Сәбилер мен балдырғандардың елестері мен еске түсіруінің дамуындағы ағы  бір ерекшелік – олардың сөздердің  мән-мағынасын түсінуі. Бүл мәселе келесі тақырыпқа жатады. Баланың сөздердің мағынасын түсінуі мен ересек адамдардың сөздерді түсінулері ара-сында елеулі айырмашьшықтар бар. Баланың ойлау әрекеті толығымен ес процесіне тіректеледі, Баланың заттарға қатысты елестерінің құрылымы туысқандық әулет құрылымына ұқсас деуге болады. Сөздердің атаулары, құбылыстар балалар үшін тек таныс ұғымдар емес, бір әулеттің (семьяның) ұрпағы, көрнекі заттардың тұтатық тобы, олар өзара байланысты.

Бала ойлауын психикалық даму тұрғысынан алып қарастыратын болсақ оның негізінен  көрнекі бейнелерге тіректеліп, процесімен тығыз байланысты екендігіне көз  жеткіземіз. ондай-ақ бала дамуының бастапқы кезеңіңдегі абстракті ойлауында  да жетекші роль атқарады. Ал баланың  балдырғандық кезеңінің соңында  оның ойлау әрекетінде елеулі өзгерістер болады. Егер баланың сәбилік кезеңі мен балдырған кезеңінде оның ойлауы еске түсіру сипатыңда болса, ал жеткіншек жастарында жеке түсіруі  күрделене түсіп, ойлау әрекетіне  ауысады. Сол ойлау әрекеттері арқылы жеткіншектер нәрселер мен құбылыстардың  артты байланыстарын іздестіреді, қисынды ойлауға бет бұрады, сөйтіп олардың еске түсіру әрекеті енді іздену арқылы нәрлердің негізгі, тұрақты  нәнін, құбылысқа тән қажетті  нүктені табуға ұмтылып, ойлау әрекеттерін  өрістетеді.

Ойлаудың қисында жүйелерін  табу жеткіншектер ойлауынын көрнекі  бейнелерден абстракциялауға қарай  даму жолына түскендігін көрсетеді. Балалар дамуының өткіншек кезендегі ойлау әрекетіне тән ерекшеліктер ұгым құру, нәрселердің мән белгілерін ойлау әрекеітерінің көмегімен ажырата білу, абстракциялык ойын жетілдіріп, нәрселердің жалпы және манызды тұрақты қасиетгерін танып білу болып табылады.

Сөйтіп біздер бала дамуының бастапқы кезенінде нәселер туралы комплексті ойлау сипатының одан әрі дамуын елеулі өзгерістерге ұшырап отыратындығын  байқаймыз. Баланың даму кезеңдеріне  орай белгілі материалды есте сақтауы және оны комплексті түрде ойланып ұғым құрай білуге әрекеттенуі оның сан алуан психикалық әрекеттерін дамытып отыруға жетелейді. Мысалы, алдында жатқан затты есте сақтап, онын ерекшелікте мен белгілері жайында ойлануы – бұл ойлаудың жүйелі түрі екендігін көрсетеді. Ол бұл затты өзге аспап-құралдар арқылы танып білуге әрекеттенеді. Мұндай тәсілдердің бәрі еспен байланысты ойдың көрнекілік тұрғыдан дамуы. Ойлау әрекетінің бұл екі түрлі тәсілін нәрселердің белгі-қасиеттерін танып білу құрылымдары тұрғысынан түрліше мағынада болады.

Осы жәйттерге орай балалардың ес процесінің дамуы естің өзіндік  өзгеруі деп саналмай, оның өзге де процестер; қызметінде қандай роль атқаруымен байланысты түрде іздестірілуге  тиіс. Бала дамуының бастапқы кезенінде  ес процесі жетекші қызмет атқарып, ойлау әрекетінің дамуына ықпал  етеді, және абстракті ойлау әрекетінде ес енді басқаша қызмет атқаратын  болады. Осы көрсетілген жәйттер  балалар есінің төте жолмен дамуы  жайындағы пікірдің шындықпен жанаспайтындығын көрсетеді және ес процесінің даму зандылықтарын түгел қамти алмайды.

Психикалық белсенділік сипатына байланысты ол қимыл-қозғалыс есі, эмоциялық-сезімдік ес, бейнелі-көрнекілік ес және сөздік-мағыналық (логикалық) ес болып бөлінеді. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай ерікті ес, еріксіз ес болып бөлінеді. Адамның ақпаратты қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай қысқа ес және ұзақ мерзімді (түпкілікті) ес, сондай-ақ, шұғыл ес болып бөлінеді.

Естің кейбір түрлері арнайы аспап — мнемометр арқылы өлшенеді. Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз — ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде бозарады не қызарады. ґйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады.

Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда  жоғары әрі өте нәзік түрде  дамыған. Сөздік-мағыналық (логикалық) ес ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі пішімдер арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан.

Сөздік-мағыналық ес оқушылардың  білім жүйесі мен оқу материалдарын  есте сақтауында жетекші мәнге ие. Естерді ерікті ес және еріксіз ес деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің есте берік қалуы деп аталады. Мұндай жағдайда осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Естің бұл түрі қысқа мерзімді ес деп аталады. Психология ғылымында қысқа мерзімді ес “шұғыл” ес (түрлі амал-тәсілдер есі) деп аталады.

Информация о работе Ағылшын тілін оқыту методикасы