Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 14:23, дипломная работа
Адам өзінің өмірде көріп, естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Есте сақтау қабілетінің педагогикалық және психологиялық әдебиеттердегі рөлі
1.1. Жалпы есте сақтау туралы ұғым.......................................................6
1.2. Есте сақтау қабілеті туралы ғылыми көзқарастар.........................20
1.3. Есте сақтау процестері, олардың мазмұндық және функционалдық сипаттамасы..........................................................23
1.4. Есте сақтау қабілетінің түрлері.......................................................25
2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін оқыту негізінде зерттеу
2.1. Есте сақтау қабілетін дамыту әдісері..............................................33
2.2. Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың негіздері.......................40
2.3. Ағылшын тілін оқытудың мазмұны................................................45
2.4. Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілетін зерттеу...................................................................51
Қорытынды..........................................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................58
Глоссарий..............................................................................................................60
Қосымша...............................................................................................................61
Ал түпкілікті ес қабылдаған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі — әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да қатысты болуы.
Ес түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, сөздік-мағыналық ес мағыналы болумен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Есте қалдыру дегеніміз жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:
Есте сақтаудың тиімді
әдісі қажетті материалдарды
жаттап алу. Ғылымда есті дамытуға арналған
жаттау тәсілін мнемоника (жаттап алу
амалы) деп атайды. Қайта жаңғырту
еріксіз және арнайы болып екіге
бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту
— мақсатсыз жүзеге асады. Мысалы,
музыканттың белгілі ән-
Адам оған өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртады. Ұмыту дегеніміз — қабылдағанды, есте қалдырғанды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда адамда ұмытшақтық пайда болады. Мұндай құбылыс психологияда амнезия деп аталады. Бұл құбылыстар мидағы тежелу, өшу заңдылықтарына байланысты. Бірақ ұмытылған нәрсе бір кезде жаңғырып, еске түседі. Бұл ес процесінде реминисценция делінеді.
Есті дамытып, жетілдіріп
отырудың басты шарты — адамның
әр түрлі іс-әрекеттері. Ақыл-ойды тарих
жасаған білім қорымен үнемі байытып отыруға
ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек.
Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар
мен теориялық болжамдар бар. Осы орайда,
бүгінде естің механизмі мен оның заңдылықтары
жайында қалыптасқан психология және не
Есті зерттеудің ассоциативті бағыты. Г. Эббингауздың ұмыту қисығы. Ассоциативті теория – негізгі ұғымы ассоциация. Ассоциация «байланыс» орнату деген сөз. Дүниедегі бір-бірімен байланысты заттар немесе құбылыстар адамның есінде де байланысып сақталады. Ассоциация бойынша бір затпен негізделіп, онымен байланысты басқасын еске түсіре аламыз. Ассоциация түрлері (сыбайлас, ұқсастық, мағыналық). Эббингауз – есті зерттеу ғылымы психологиясында ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды. Есте қалдыру ерекшеліктері мен ақпаратты сақтау, қайта жаңғыртудағы негізгі өзгерістердің ерекшеліктерін Г. Эббингауз (1850-1909) қарастырды.
Ес процестерін Эббингауз ассоциациялардың жасалуы ретінде түсінді, мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін бөлді. Ассоциативті (байланыс) теория оның заңдылықтарын түсінуге көмектеседі. Осы теория негізінде әртүрлі қайталау ретінде элементтердің есте сақталу саны өзгереді. Неміс ғалымы Эббингауз естің ассоциативті теориясында мәліметтер ретін алды және есте қалдыруды ашты, онда есте қалдыру үшін мағынасыз буындар қолданды. Ақпараттың жекелеген элементтері есте қалады, сақталады, жаңғырады.
Естің ассоциативті
теориясына сәйкес, яғни белгілі
логикалық құрылымды-
Ес феноменін түсіндірудегі негізгі принцип, олардың бастапқы, тұтас ұйымы-гештальт «тұтас», «құрылым», «жүйе» деді. Гештальт теориясында материалдың құрылымы, оны тұтас ету, есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды жүйелі ұйымдастыру мәні белгіленген. Ең басты материалды есте қалдыруда тұтас құрылым түрінде жүреді. Ассоциативті теория шеңберінде Эббингауздың ұмыту заңы ашылды. Ол ақпаратты ұмыту заңын «ұмыту қисығы» түрінде берді, яғни уақыт өте келе ақпараттың жойылу үрдісін бейнелейді.
Тәжірибе барысында бұндай
буындарды бірінші қатесіз
Шетелдік (П. Жане) пен кеңестік
(А. А. Смирнов, П.И. Зинченко) психологиясында
естің психологиялық табиғатын
зерттеудегі іс-әрекеттік
А.А. Смирнов пен П.И. Зинченконың (зерттеулері) іс-әрекеттің психологиялық теориясы тұрғысынан жүргізілген зерттеулері адамзаттың мағыналы іс-әрекеті ретінде ес заңдарын ашты, есте қалдырудың қойылған міндетке тәуелділігін және күрделі материалды есте қалдыру тәсілдерін бөліп көрсетті. Мысалы: Смирнов, іс-әрекет ойларға қарағанда есте жақсы қалады, ал әрекеттердің ішінде, әсіресе, кедергілерді жеңумен байланысты болған әрекеттер мықтырақ есте қалады. Ырықты есте қалдыру-есте қалдыру үшін мақсат қою. Көпмәрте қайталау, материалды есте қалдыруға мүмкіндік береді. Алдыға мақсат қойып, жаттауға Смирнов эксперимент өткізді, яғни ол тілді дұрыс білмейтін адамға эксперимент жүргізді. Эксперименттің мәні-мәнсіз буындарды жаттаудан тұрды.
Есте қалдыру үшін бірнеше
қайталау керек болды. Зерттелуші оны
20,30,40, және 46 рет оқыды, бірақ экспериментаторға
оны есте қалдырғандығы жөнінде
белгі бермеді. Психолог енді оқығанын
жатқа айт дегенде, зерттелуші тілді
нашар білмегендіктен эксперименттің
мақсатын да дұрыс түсінбей, «қалай?»
«мен оны жатқа айтуым керек пе?»-деді.
Сосын ол оны қайта 6 рет оқыды,
оны қатесіз қайталап берді. Жақсы
есте қалдыру үшін мақсат қою керек,
яғни материалды қабылдап, түсініп
қана қоймай, оны есте қалдырам деу
қажет. Ал отандық психолог Зинченко
адамның тікелей әрекеті
Л.С. Выготскийдің психика дамуының мәдени – тарихи концепциясындағы ес мәселесі. Л. С. Выготский естің тарихи дамуын көрсетті, басқаша айтқанда естің филогенезінің дамуын көрсетті. Филогенез дегеніміз- бүкіл адамзаттың даму кезеңдері. Естің дамуы-есте сақтау үшін қолданылатын әдіс. Тәсілдердің жақсаруы, естің басқа психикалық процесі және жағдаймен байланысының өзгеруіне тәуелді. Тарихи жағдайлар даму және адам өзінің материалдық және рухани мәдениетінің молаюы жағдайда оның еске сақтау үшін қолданылатын құралдар күрделене түсті.
Құралдар арасындағы ең маңыздысы:
сөйлеу, жазу, және ғылыми психикалық прогреске
байланысты (компьютер). Сөйлеудің түрлеріне
байланысты: сыртқы және ішкі, ауызша және
жазбаша. Ес процесі дами отырып ойлау
процесіне жақындай берді. Выготскийдің
айтуынша, баланың ойлауы оның есте
сақтауына тәуелді, бала үшін ойлану
еске түсірумен бірдей. Тек балалық
шақта ғана ойлау мен естің
арасында қатты байланыс болады. Естің
басқа психикалық процесімен байланыстың
өзгеруі жасөспірімдік шаққа
қарай пайда бола бастайды. Бұл
байланыстар балалық шаққа
Есте қалдырудың бастапқы формасы - ырықсыз. Мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерсіз есте қалдыру, яғни болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада бекіп қалуы, Өмірде кездесетіндердің көбі адам есінде ырықсыз орнығады: заттар, құбылыстар, оқиғалар және т.б, ал олардың әрқайсысының жатталуы бірдей емес. Ырықты есте ақпараттың санада бекіп қалуы үшін арнайы тәсілдер қолданылады. Мысалы, оқу материалын жаттап алу. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барлық іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Ниетті әрекеттің мақсаты-қажетті материалды есте сақтау. Есте қалдырып, оны қайта жаңғыртуға бағытталған әрекет-мнемикалық (мнема ес) әрекет деп аталады.
Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар ретімен өзгеріссіз есте қалады. Мұндай есте қалдыруда адам жатталуға тиіс нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенсе, мағыналы есте қалдыруда материалдық ішкі логикалық байланыстарына сүйенеді. Сондықтан механикалықтан гөрі мағыналық есте қалдыру тиімді, механикалық есте қалдыру сан мәрте қайталау керек, ал ол жатталған нәрсе керек кезінде еске түсе бермейді. Материалды түсініп, ұғу үшін түрлі әдістер қолданылады. Игерілетін материалдың өзекті ой бөлініп алып, жоспар түрінде өрнектеледі. Жоспардың әрбір атамасы мәтіннің әрбір бөлігінің жалпыланған тақырыбына айналады, сөйтіп осы арқылы материалды еске түсіру жеңілдейді, оқушының білімін берік етеді. Материалды ұғынудың пайдалы әдісі – салыстыру, заттар, құбылыстар, оқиғалар арасындағы ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Есте берік қалдыру жолы – қайталап тұру. ол әртүрлі немесе белсенді болуы керек. (сұрақтарға жауап беру, схема, таблица) уақытқа байланысты қайталау: 1. Жинақты – материал қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады. 2. Бөлшектенген – тиімді, қуат пен уақыт үнемделеді, білім берік есте қалады.
Психологияда жаттаудың 3 түрі бар:
Тұтастай – мәтінді бастан аяқ бірнеше ретигерілгенше қайталау.
Шамалап – бірнешеге бөлініп, әрқайсысы өз алдына бірнеше рет қайталанып, жатталады.
Аралас – бірде толық, кейін тараулары бөлініп, оқылып жатталады.
Есте сақтау:
Ес
бұзылысы: Мидың психикалық қалпы ес бұзылуынан
көрінеді, яғни адам көргенін қас қағым
уақытта ұмытады, бірақ өткендегілерін
нақты болжай алады.
Ес түрлерінің жіктемесі
және олардың сипаттамасы. Өткен
тәжірибені жадымызда қалдырып, сақтап,
оларды қайта жаңғыртуымыз ес деп
аталады. Ес адамға өте қажет. Ол арқылы
субьект жеке өмірлік тәжірибесін
жинақтап, сақтап, пайдасына жаратады.
ХХ ғасырдың 80 ж. неміс психологі
Г. Эббингауз ойлаумен байланысты ес
заңдылықтарын ашты (мағынасыз әріп
буындарын жаттата отырып, материалды
есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі.Психиатр
Э.Крепелина осы тәсілді