Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 16:57, лабораторная работа
Төмендегі қысқаша теориялық түсініктемені оқып, танысып соңындағы қойылған бекіту сұрақтарына қысқаша конспект жаз.
Пернетақта компьютерге информация енгізуге арналаған құрылығы. Ондағы әріпті және цифрлі пернелер арқылы компьютерге кез келген информацияларды енгізуге болады.
Практикалық жұмыс №15
Компьютерлік желілердегі ақпараттарды қабылдау,
беру және өңдеу тәсілдері. Интеллектуальдық және эксперименттік жүйелер.
Мақсаты: Компьютерлік желілердегі ақпараттарды қабылдау, беру және өңдеу тәсілдерімен танысу.
Қысқаша теориялық түсніктеме:
Желіге қосылу кезінде компьютер жөнінде толық мағлұмат алу үшін, бас менюдегі Баптау-Басқару тақталары командасын орындағанда ашылған терезеде Желі белгішесінде тышқанды екі рет шертеміз. Егер желіге алғаш рет қосылатын болсақ, осы мезетте ашылған Желі сұқбат терезесіне оның параметрлерін енгізу қажет, ал бұрын желі құрамына енген компьютерде жұмыс істесек, онда оның параметрлерін тек тексеріп қарап шығу керек.
Басқа адамдар біздің компьютерге қосылған ресурсты пайдалана алуы үшін қатынасу құқығын беру керек. Мысалы, өз компьютерлеріндегі кейбір бумаларды желідегі барлық компьютерлер пайдалана алатындай, ал кейбірін өздерінің ғана аша алатындай етіп жасауға болады. Ақпаратты барлық адамдар көретіндей, тек өздерің ғана өзгерте алатындай ету мүмкіндігі бар. Бұл параметрлерді де Желі ішкі бетінде тағындай аламыз.
Жұмыс бекетін басқа компьютерден ажырата алу үшін, желіде жұмыс істейтін әрбір компьютердің өз атауы болуы қажет. Компьютердің атауы 15 символдан аспайтын сөз тіркесінен тұруы мүмкін және ол сөз тіркестері арасында бос орын болмауы тиіс.
Компьютерлер біріктірілген белгілі бір топтың атын оған қосылған компьютерлерге байланыстырып беруге болады. Желі сұқбат терезесіндегі Жұмыс тобы өрісінде бұрын берілген атты көруге немесе жаңа ат енгізуге болады.
Желідегі өз компьютеріңнің атауын көру үшін:
Әдетте, желімен жұмыс жасау үшін параоль және тіркеу нөмірі қолданылады. Жүйеге кіру тәсілі Желі сұқбат терезесінде анықталады.
Конфигурация ішкі бетіне көшіп, «Желіге кіру тәсілдері» тізімінде тышқанды шерткенде, желімен жұмыс жасау тәсілдерінің тізімі ашылады:
Бірдей дәрежелі түйінде Windows желісіне қосылған компьютерлерде дискілерді, жеке бумаларды, принтерлерді ортақ пайдалану параметрін тағайындауға болады. Компьютерге Windows 98 Microsoft желісіне арналған Клиент компоненті программасы орнатылған болсын. Осындайда компьютердегі қатты дискімен немесе лазерлік принтермен басқа компьютерде отырып жұмыцс жасауға мүмкіндік беру үшін:
Бумаларды ортақ пайдалану. Бумаларды ортақ пайдалану параметрлерін үшін:
Бекіту сұрақтары:
Тапсырма 15.1
Информация о работе Негізгі компоненттерінің ұғымдары мен жұмыс принципі танысу