Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 16:57, лабораторная работа
Төмендегі қысқаша теориялық түсініктемені оқып, танысып соңындағы қойылған бекіту сұрақтарына қысқаша конспект жаз.
Пернетақта компьютерге информация енгізуге арналаған құрылығы. Ондағы әріпті және цифрлі пернелер арқылы компьютерге кез келген информацияларды енгізуге болады.
Баспакова Наталья Еркеновна
Павлодар қаласы,
Павлодар техника-экономикалық колледжі,
Информатика пәні мұғалімі
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Практикалық жұмыс №1
Пернелік тақта, жүйелік блок, процессор, принтер,
ЖЭЕМ-нің негізгі компоненттерінің жұмыс принципі.
Мақсаты: Негізгі компоненттерінің ұғымдары мен жұмыс принципі танысу.
Тапсырма 1.1
Төмендегі қысқаша теориялық түсініктемені оқып, танысып соңындағы қойылған бекіту сұрақтарына қысқаша конспект жаз.
Теориялық түсініктеме:
Пернетақта компьютерге информация енгізуге арналаған құрылығы. Ондағы әріпті және цифрлі пернелер арқылы компьютерге кез келген информацияларды енгізуге болады:
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
Принтер – информацияларды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол арқылы мониторда не орналасады соны шығаруға болады. Принтерде текстікғ кестелік, графиктік информацияларды, сурет басып алуға болады. Принтердің үш түрі болады: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік.
Олардың ішіндегі ең қарапайымы матрицалық принтер. Лазерлік принтер қалған екеуіне қарағанда басу сапасы жоғары және жалдам.
Процессор – бұл компьютердің «қозғалтқышы». Сондай-ақ оны орталық процессор немесе CPU (Central Processing Unit) деп атайды. Бұл жүйедегі ең мағыщды микросхема, өйткені дәл осы микросхема программалық жасаудың командаларын орындайды.
Жүйелік блок – жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-нің басты бөлшегі – қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады. Әдетте, жүйелік блок келесі құраушылардан болады:
Монитор (дисплей). Мониторлар әдетте үш параметрлі: дюймдегі диоганаль өлшемі бойынша, пиксельдегі ажырату қабілеттілігі бойынша және герцтегі (Гц) қайта өндіру жиілігі бойынша жіктеледі. Монитордағы әр пиксель қызыл, көк және жасыл түстердің әрқайсысы үшін бір-бірден үш нүкте-элементтен тұрады. Монитордың ажырату қабілеттілігі де, қайталацу жиілігі де бейнеадаптердің мүмкіндігіне тәуелді. Мониторлардың көбінде әр түрлі мүмкіндік қабілеті мен қайталау жиілігі қолданылады.
Бекіту сұрақтары:
Практикалық жұмыс №2
Windows операциялық жүйесі.
Windows ортасындағы терезелер мен менюмен жұмыс.
Windows ортасында файл, каталог және дискілермен жұмыс.
Мақсаты: Windows-тің негізгі ұғымдарымен танысу. Windows ортасындағы терезелер мен менюмен жұмыс істеуді үйрену.
Компьютерді қосыңыз. Компьютерді қосқаннан кейін Windows операциялық жүйесі жүктеледі және экран мониторында Жұмыс үстелін көресіз.
Тапсырма 2.1
Тышқанмен жұмыс істеу тәсілдері.
Әдістемелік нұсқау:
Экрандағы тышқан курсоры бағыттауыш (стрелка) ретінде көрсетіледі. Тышқанды үстел үстімен қозғағанда экрандағы тышқан курсорыда қозғалады. Тышқан курсорын жұмыс үстеліндегі әрбір пиктограммаға апарып көр. Тышқан құрылғысының негізгі операцияларымен танысайық.
Тапсырма 2.2
Терезе элементтерімен таныс және олардың өлшемін өзгерт.
Терезе – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы.
Әдістемелік нұсқау:
Тапсырма 2.3
Дискілер мен файлдар туралы мәліметтерді алу.
Әдістемелік нұсқау:
Командалық меню Вид терезедегі файлдар мен бумалардың көріну тәсілдерін өзгертеді.
Бекіту сұрақтары:
Практикалық жұмыс №3
Microsoft Word текстік редакторы және оның негізгі қызметтері.
Құжаттарды құрудағы менюдің қолданылуы, тексті теру, абзацтарды форматтау, редакторлеу және құжаттарды сақтау.
Мақсаты: Microsoft Word текстік редакторында тексті теру, форматтау, абзацтарды редакторлеу және құжаттарды сақтауды үйрену.
Тапсырма 3.1
Текстік құжат жаса және редакторле.
Әдістемелік нұсқау:
Программаны жүктеу. Windows-та Word текстік редакторын экранға жүктеу үшін:
Екінші тәсілі Жұмыс үстеліндегі Microsoft Word-тың ярлыгының көмегімен жүктеу.
Жүктелген текстік редакторда жаңа құжат жасау үшін:
Стандартты саймандар тақтасында Создать батырмасын шерту немесе Файл менюіндегі Создать командасын таңдау.
Пернетақта көмегімен тексті теріп енгіземіз. <Enter> пернесін келесі абзацқа көшу немесе бос жол тастау үшін қолданамыз. Қателерді түзету үшін: < Backspace>, текстік курсордың сол жағындағы символды; <Delete>, текстік курсордың оң жағындағы символды өшіретін пернелер қолданылады. Курсор құжат бойында жылжыту үшін !#"$ пернелер арқылы немесе айналдыру жолағы көмегімен жылжып, қажетті жерде тышқанның сол жақ батырмасын шертіп курсорды орналастыру және
<Home>, <End> - курсорды жолдың басына немесе соңына;
<Ctrl + Home>, <Ctrl + End> - құжаттың басына немесе соңына;
<Page Up>, <Page Down> - курсорды бір экран жоғары немесе төмен орналастыру.
Тексті ерекшелеу. Ерекшеленетін текст басына курсорды апарып бір шертіп орналастырып, сол арада тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, қажетті орынға дейін ерекшелеп бояймыз немесе {Shift}+(!#"$) пернелер арқылы ерекшелеуге болады. <Ctrl+5> немесе Правка"Выделить все командасын таңдау арқылы құжатты толық ерекшелеу.
Құжат фрагменттерін (үзінділерін) көшіру, жою және орын ауыстыру. Құжат фрагменттері текст, объект, сурет т.б. болуы мүмкін. Фрагментті жою үшін, сол фрагментті ерекшелеп <Delete> пернесін басамыз. Фрагмент көшірмесін алу үшін, сол фрагментті ерекшелеп, Правка"Копировать командасын менюден таңдап немесе <Ctrl+Insert> пернелерін қатар басамыз, ерекшеленген фрагмент операциялық жүйенің алмастыру буферінде сақталады.
Курсорды фрагмент көшірмесі орналасатын жерге апарып қою, Правка"Вставить командасын менюден таңдап немесе <Shift+Insert> пернелерін қатар басамыз. Осы объекті буферде тұрған кезінде бірнеше рет қоюға болады. Келесі фрагмент буферге көшірілгенге дейін сақталады.
Фрагменттің орнын алмастыру үшін, сол фрагментті ерекшелеп, Правка"Вырезать командасын менюден таңдап немесе <Shift+Delete> пернелерін қатар басамыз. Курсорды фрагмент орналасатын жерге апарып қойып, Правка"Вставить командасын менюден таңдап немесе <Shift+Insert> пернелерін қатар басамыз.
Құжатты сақтау немесе программадан шығу. Құжатты сақтау үшін: Файл-Сохранить как... командасын менюден таңдап, пайда болған сұқбат терезеде файлдың атын теріп жазып, сол файлды қайда (дискіде немесе папкада) сақтау жолын көрсетеміз де, сұқбат терезесіндегі Сохранить батырмасын шертеміз. Бұрын сақталған құжатқа өзгеріс енгізгеннен кейін Файл-Сохранить командасын менюден таңдау, <Shift+F12> пернелерін қатар басамыз немесе Стандартты саймандар тақтасындағы батырманы басу.
Информация о работе Негізгі компоненттерінің ұғымдары мен жұмыс принципі танысу