Кестені толтыру
- Student терезесiнде: Кесте (Таблицы) объектiсiн таңдап, Открыть батрымасын шерт;
- Фамилия өрісіне өзіңіздің фамилияңызды, Аты өрісіне өзіңіздің атыңызды, Топ өрісіне өзіңіздің тобыңыздың нөмірін енгізіңіз;
- Курсорды Туған күні мен жылы өрісіне орналастырып, өзіңіздің туған күніңізді ДД.ММ.ГГ форматымен,
мысалы, 12.05.79. Ескерту: сандарды ған
енгізу ерек, қалғанын Microsoft Access өзі автоматты
түрде маска бойынша қояды;
- Адрес өрісіне курсорды қойып, өзіңіздің үйініздің адресін теріңіз;
- Осылайша жеті 7 жазба енгізіп шығыңыз;
- Код өрісінеде цифрлар автоматты түрде бірге өсіп өзгереді;
- Таблица1 терезесін жабу;
- Student терезесiнде: База данных-та курсорды Таблица1 сөзіне қойып, тышқанның оң жақ батырмасымен контекстік менюді шақыр;
- Предварительный просморт командасын таңда. Терезені жабу;
- Student терезесiнде: База данных-та курсорды тағы Таблица1 сөзіне қойып, тышқанның оң жақ батырмасымен контекстік менюді шақыр;
- Переименовать командасын таңда. Кестенің жаңа атауын енгіз: Т_Студенты.
Бекіту сұрақтары:
- Мәліметтер қоры дегеніміз не?
- Қандай объектілерден тұрады?
- Кестеде қандай мәліметтер сақталады?
- Кестедегі мәліметтер типіне байланысты
мысалдар келтір;
- Кестені конструктор көмегімен құрудың
ретін атап шық.
Практикалық жұмыс №13
Microsoft Access- те берілгендерді сұрау-таңдау.
Берілгендерді іріктеу. Форма құру.
Мақсаты: Microsoft Access –те сұраныс жасауды үйрену.
Тапсырма 13.1
Мәліметтер қорындағы кестеге сұраныс
жаса.
Әдістемелік нұсқау:
Сұраныс – бұл жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді
бір немесе бірнеше кестеден берілген
шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі.
- Программаны iске қосу Пуск à Программы à Microsoft Access командасын орында;
- Microsoft Access-тiң алғашқы жұмыс терезесi экранға шығады;
- Бұл терезедегi бұрын жасалған мәлiметтер қорына (открыть базу данных ) ауыстырғышты қойып, оның ішінен Student мәліметтер қорын таңдап, Ок батырмасын шертемiз;
- Student терезесiнде: База данных-та курсорды тағы Запросы объектісін таңдап, Создать батырмасын
шерт;
- Новый запрос терезесінде Конструктор режимін таңдап, Ок батырмасын шертемiз;
- Дабавление таблицы терезесіндегі Таблицы объектісінен Т_Студенты таңдап, Добавить және Закрыть батрымаларын шерт;
- Конструктор терезесі Запрос1: запрос по выборку деген атпен ашылады. Оның жоғарғы жағында сұраныс алатын кестенің
өрістерінің аттарының тізімі орналасады.
Төменгі бөлігінде кесте өрісінің таңдау
бланкісі мен таңдау шарты және сорттау
режимі орналасқан. Таңдалған өрістің
Кесте аты да көрсетіледі.
- Кезекпен келесі өрістерде тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіп шық: Код, Фамилия, Аты, Топ, Туған
жыл мен күні, Адрес.
- Терезенің Фамилия бағанының төменгі бөлігінде Сортировка өрісіне курсорды орналастыр, тізімнен По возрастанию шартын таңда;
- Запрос1: запрос по выборку терезесін жабу және сұраныс құрылымын сақтау;
- Сохранение терезесіндегі Имя запроса өрісіне Список всех студентов атауын енгіз. Ок батырмасын шерт;
- «Список всех студентов» сұранысын ашып көріңіз. Жазбалар алфавит
бойынша орналасқанына көңіл бөліңіз.
Сұранысты жабыңыз;
- «Список всех студентов» сұранысына курсорды орналастыр;
- <Ctrl> пернесін басып тұрып, тышқанмен тартып екінші орынға орналастыр, «Список всех студентов» сұранысының көшірмесі пайда болады,
оның атауын «Список всех студентов 141
группы» атына өзгерт;
- «Список всех студентов 141 группы» сұранысын аш;
- Вид менюнан Конструктор режимін таңда;
- Топ бағанының Условия отбора жолына 141 енгіз;
- Список всех студентов 141 группы:
запрос по выборку терезесін жабу және сұраныс құрылымын сақтау;
- «Список всех студентов 141
группы» сұранысын аш; сұраныстың мазмұнын көріп шығып, терезені жап;
- Кестедегі жазбаның біреуінің тобын 141-ге өзгертіп, кестені жап.
- «Список всех студентов 141
группы» сұранысын аш; сұраныстың мазмұнын өзгергеніне көз жеткіз, терезені жап.
Форма шебері көмегімен форма жасау
- Student терезесiнде: База данных-та курсорды Форма объектісін таңдап, Создать батырмасын шерт;
- Новая форма терезесінде Мастер форм таңда, қолданатын мәлімет көзі ретінде Таблицы объектісінен Т_Студенты таңдап, Ок батырмасын шерт;
- Форма шебері уақытты үнемдеуге және кез келген
кестені формаға айналдыруға жеңілдіктер
жасайды;
- Мастер форм терезесінде Таблицы және Запросы тізімінен Т_Студенты кестесі таңдалған;
- Выбранные поля: тізіміне барлық кесте өрістерін енгізу үшін: ññ батырмасын шерт;
- Код өрісін таңдап, á батырмасын шертңп алып тастаймыз, Далее батырмасын шерт;
- Келесі сұқбат терезеде формаға В один столбец стилін таңдап, Далее батырмасын шерт;
- Үшінші сұқбат терезеде өңдеу стилін
таңдап, Далее батырмасын шерт;
- Шебердің соңғы терезесінде еш параметрді өзгертпестен Готова батырмасын шерт, шебер форманы көру режимінде ашып көрсетеді;
- Форма терезесінде өрістер атауы және
кестеден алынға мәліметтер мәні көрсетіледі.
Форманың төменгі бөлігінде жазбаларға
көшу батырмалары орналасқан.
- Следующая запись батырмасында бірнеше рет
тышқанды шертіп бос жолға дейін бар, осы
бос жолға тағы бір адам туралы мәлімет
енгіз.
Тапсырма 13.2
- Т_ Пән және Т_Оқытушы атты екі мәліметтер
қорын құрып, оларға форма жаса және пән
бдер бойынша сұраныс жаса.
- Студенттердің пәндерден аттестациясы бойынша
мәліметтер қорын құрып, форма сұраныс
жаса.
Бекіту сұрақтары:
- Сұраныстың негізгі үш құрылымын ата?
- Сұраныс жасаудың негізгі жолдарын атап
шық?
- Форманың сұраныстан , кестеден айырмашылығы
неде?
- Форманы қалай жасаймыз?
- Формаға жаңа мәліметтер енгізуге бола
ма?
Практикалық жұмыс №14
Компьютерлік желілер.
Локальді және глобальді желілер. Желілік
технологиялар.
Мақсаты: Компьютерлік желілер, локальді
және глобальді желілермен танысу. Желілік
топологиялар түсінігін қалыптастыру.
Қысқаша теориялық түсніктеме:
Компьютердің жүйелік блогында ішкі,
сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш
түріндегі порттары бар. Олар тізбекті
және параллель қосылатын болып екіге
бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі
құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға
(жөнелтуге және қабылдауға) болады. Егер
екі немесе бірнеше компьютерді порттары
арқылы байланыстыратын болсақ, бұл
компьютерлердің арасында да ақпарат
алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады.
Осылай байланыстырылған компьютерлер
тобы компьютерлік желі болып
табылады.
Желі (network) дегеніміз – ресурстарды (дискілер,
файлдар, принтерлер, коммуникациялық
құрылғылар) ортақ пайдалану мақсатында
бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер
тәзбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы
ақпараттық және программалық жабдықтар
болуы қажет.
Егер компьютерлер бір-бірінен өте алшақ
орналаспаса, олар үшін ортақ желілік
жабдықтар қолданылады да, олар бір программалық дестемен (десте) басқарыла
береді. Осындай бір –біріне жақын орналасқан
компьютерлерді байланыстыратын желіні жергілікті желі деп айтады.
Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент-сервер және бір деңгейлі (бір рангілі),
яғни бірдей дәрежелі желі. Егер желіде
оны басқаруға арнайы бөлінген файлдық сервер деп аталатын
қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент-серверлер тобына
жатады. Клиент-сервер желісіндегі серверден
басқа компьютерлер жұмыс бекеттері немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады.
Сервер – ортақ пайдалануға арналған
барлық ресурстар қосылған компьютер. Ортақ
ресурсты пайдалану үшін, сервер әрқашанда
тоққа қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер,
модем, ортақ қолданбалы программалар,
факстар, т.б. қосылады. Желідегі жұмыстың
көп бқлігін сервер атқарады.
Клиент-сервер типіндегі желілер орнатылған ресурстарды
толығынан қолдану мүмкіндігін береді.
Әдетте, сервер басқа компьютерге қарағанда
жылдам жұмыс істеуімен және жедел жады
мен магниттік диск көлемінің үлкендігімен
ерекшеленеді. Мұндай желілерде барлық
ресурстар – мәлімет жинақтауыш дискілер,
принтерлер, модемдер, серверге қосылады.
Сол себепті ортақ ресурстармен жұмыс
жасау үшін алдымен сервермен байланысу
қажет.
Бір деңгейлі желілерде барлық жұмыс
бекеттері немесе түйінді ортақтастырылған
желі ресурстарын бірдей қолдана алады, оларда ақпараттарды және ресурстарды
бөлуді бақылап отыратын қуатты ортақ
сервер тәрізді компьютер болмайды. Бір
деңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі
– онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық
жабдықтың қажеті жоқ, өйткені Windows
операциялық жүйелері құрамына мүндай
желілерді басқаруға қажетті программалар
енгізілген.
Жергілікті желідегі компьютердің бір-бірімен геометриялық
байланысутәсілдері топология деп аталады.
Байланыстыру топологияларының бірнеше
түрі бар, олар:
- Ең қарапайым топология түрі – шина. Мұндай желілерде барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.
- Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлдық компьютерлер дөңгеленген тұйық кабельге жалғанады.
- Файлдық серверлерге негізделген желілерде жұлдыз тәсілімен байланыстыру қолданылады.
- Құрылғылардың құрамы мен программалық
жабдықтары топологияға байланысты анықталады.
Желі топологиясы мекемелердің қажетіне
қарай таңдап алынады. Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса,
онда оның әр түрлі қабататарындағы жеке
серверлерін байланыстыратын бүкіл мекемеге
ортақ бір сервер беріліп, оны ақшақар схемасы деп атайды. Осы топологияны пайдаланған тиімді болып саналады.
Барлық компьютерлік желілердің атқаратын қызметі
керекті ақпараттарға ортақатастырылған
қатынас құру болып табылады. Яғни желіге
қосылған компьютерлердегі ақпараттарды
барлық тұтынушылар бір мезгілде пайдалана
алады.
Жергілікті желі құрылғылары да ортақ
пайдалануға мүмкіндік береді. әрбір компьютерге жеке-жеке баспа құрылғысын орнатқаннан
гөрі ортақ бір принтерді пайдаланған
әлдеқайда арзанға түседі. Желінің файлдық сервері программаларды
да ортақтастыра қолдануды жүзеге асырады.
Кез келген тұтынушы қолданатын құрылғыларды,
ақпараттарды, программаларды жалпы ресурстар деп атаймыз.
Осы сөзді пайдалансақ, жергілікті желінің
атқаратын қызметі – бірлесе отырып ортақ
ресурстармен қатынас құру, яғни оларды
пайдалану болып табылады.
Бекіту сұрақатары:
- Компьютерлік желі дегеніміз не? Ол қалай
құрылады?
- Тікелей жалғастыру дегеніміз не? Тікелей жалғастырудың артықшылығы мен
кемшілігі неде?
- Желі жұмыс істеу үшін не қажет?
- Жергілікті желі дегеніміз не?
- Жергілікті желінің қандай түрлері бар?
Тапсырма 14.1
- Өзің отырған компьютерлік класта желінің
бар-жоғын анықтау керек.
- Бар болса компьютер қандай желілік программалық жабдықпен
қамтамассыз етілген.
- Желі қандай схема арқылы құрылған?
- Компьютерлік желі де сервер бар ма?
- Жұмыс істеп тұрған желіге қандай ортақ
ресурстар қосылған? Баспа құрылғысы қай
компьютерге жалғанған.