3. В1 ұяшығында теңгемен өрнектелген
доллар курсының мөлшері сақталады.
С3 ұяшығындағы формула жолдаманың
теңге түріндегі бағасы доллар түріндегі
баға мен доллар курсын көбейту арқылы
есептеледі. С4,С5,С6 ұяшықтарына формуланы
клавиатурадан енгізбей, С3 –тен көшіруге
болады. Осындай көшіруден кейін кесте
мына түрге келеді.
|
А |
В |
С |
1 |
Доллар курсы |
|
Теңгемен |
2 |
Елдер |
Доллар бағасымен |
Теңге бағасымен |
3 |
Англия |
|
=В3*$В$1 |
4 |
Болгария |
|
=В4*$В$1 |
5 |
Бельгия |
|
=В5*$В$1 |
6 |
Бразилия |
|
=В6*$В$1 |
4. $В$1 бекітілген сілтеме көшіру барысында
өзгермейді в бағанындағы ұяшықтарға
сан енгізгеннен кейін кесте мәндері көрсету
режимінде мынадай түрге келеді.
|
А |
В |
С |
1 |
Доллар
курсы: |
20 |
теңгемен |
2 |
Елдер |
Доллар
бағасымен |
Теңге
бағасымен |
3 |
Англия |
600 |
12000 |
4 |
Болгария |
250 |
5000 |
5 |
Бельгия |
420 |
8400 |
6 |
Бразилия |
1100 |
22000 |
5. Кестелік процессорлар жолдарды
кез келген сандық мәні бойынша
немесе бағандардың кему ретімен немесе
текстік ақпараттарды алфавиттік ретте
реттен орналастыруға мүмкіндік береді.
6. Егер жасалған кестеге А3:С6
блогында С бағанын кему ретімен
сортта (сортировать А3:С6) деген
команда қолданса, онда нәтижеде
мынадай кесте шығады:
|
А |
В |
С |
1 |
Доллар курсы |
20 |
Теңгемен |
2 |
Елдер |
Доллар бағасымен |
Теңге бағасымен |
3 |
Бразилия |
1100 |
22 000 |
4 |
Англия |
600 |
12 000 |
5 |
Бельгия |
420 |
8 400 |
6 |
Болгария |
250 |
5 000 |
Сорттау формулалардың орнын ауыстыруға
әкеледі, бұл кезде сілтемелер өзгереді,
ал абсолютті (бекітілген) сілтемелер өзгермейді.
Тапсырма 9.2
Компьютерлік техника қоймасында
10 000 теңгелік компьютерлер, 25 000 теңгелік
принтерлер, 17 800 теңгелік сканерлер сақталған.
Майра, Болат, Думан және Алия компьютерлік
техника сататын дүкенге барып, Майра,
10 сканер және 5 компьютер, Болат - 11 принтер,
3 компьютер, 2 сканер, Думан- 7 компьютер,
4 принтер, ал түлкі Алия - 8 компьютер, 1
сканер, 6 принтер сатқан.
Электрондық кесте құр және
онда: әрбір техника түрінен барлығы қанша
сатылды және қанша ақшаға; әрбір дүкенде
қанша сомның техникасы сатылды; әрбір
дүкенде қанша техника сатылғаны бейнеленсін.
Тапсырма 9.3
Тұрғын үйлерге қызмет көрсететін
компания өздерінің қызметі үшін төмендегідей
таралар қойды: 1 литр су 84 тенге, 1 кВт/
сағ электроэнергия- 3,28 тенге, 1 кубометр
газ- 400 тенге тұрады. Майра бір айда 300
л су, 60 кВт/сағ электроэнергия және
0, 5 кубометр газ жұмсады. Болат 50 л су,
200 кВт/сағ. электроэнергия, 0,2 кубометр
газ, Думан 200 л су және 0,3 кубометр газ
жұмсады. Электрондық кесте құр, онда
барлық тұрғындар қанша су, электроэнергия,
газ жұмсады; әрбір тұрғынға көрсетілген
қызмет үшін қанша ақша төлегені; суға,
газға, электроэнергияға қанша ақша
төлегені туралы мәлімет болсын.
Бекіту сұрақтары:
- Формула
дегеніміз не?
- Формула
жазу ережесі қандай?
- Деректерді
қандай бейнелеу режимінде көруге болады?
- Ұяшықтағы
формуланы өзгертуге бола ма?
- Салыстырмалы,
абсолютті, аралас адрестер деген не? Қандай
жағдайда қолданылады?
Практикалық жұмыс №10
Microsoft Excel электрондық кестесі.
Берілгендерді іздеу және сұрыптау.
Мақсаты: Электрондық кестеде берілгендерді
фильтр көмегiмен іздеу және іріктеу.
Тапсырма 10.1
Кестеде берілгендерді фильтр
көмегiмен іздеу және іріктеу.
Әдістемелік нұсқау:
- Үлгi
бойынша кесте құр.
- Берiлгендердi
iрiктеу үшiн кестеге автофильтр орнатамыз,
ол үшiн Данные – Фильтр –Автофильтр командасын
таңда;
-
Фильтрдi пайдаланып 2 сынып оқулықтарын
таңда, ол үшiн:
- Сыныбы
бағанындағы батырманы бас;
- Шыққан
тiзiмнен 2 сынып сөзiн таңда;
- Барлық
жазбаларды қайта орнына қайтар. Ол үшiн
тiзiмнен Все нұсқасын таңда.
- Автофильтрдi
алып таста, ол үшiн Данные – Фильтр –Автофильтр командасын
таңда.
Тапсырма 10.2
- Үлгi
бойынша Most.xls файлын жаса.
- Автофильтр
көмегiмен берiлгендердi iздеп, iрiкте.
- АҚШ-тағы
барлық көпiрлердi;
- 1960 және
1970 жылдары тұрғызылған көпiрлердi;
- барлық
аспалы көпiрлердi;
- ұзындығы
1000 м кем емес көпiрлердi;
- алғашқы
ондыққа кiретiн ұзын көпiрлердi;
- американдық
аспалы көпiрлердi;
Ескерту: Келесi
топ көпiрлерiн iздеу алдында кестенi баспақы
қалыпқа келтiру керек.
КӨПIРЛЕР
Атауы |
Орналасқан
жерi |
Көпiр ұзындығы (м) |
Тұрғызылған жылы |
Типi |
Квебек |
Канада |
549 |
1918 |
Қола
фермы |
Алтын
қақпа |
АҚШ |
1280 |
1937 |
Аспалы |
Джорджа |
АҚШ |
518 |
1977 |
Арочный |
Босфор |
Түркия |
1074 |
1973 |
Аспалы |
Паранск |
Бразилия |
290 |
1965 |
Арочный |
Хуглинск |
Үндістан |
457 |
1977 |
Вантовый |
Макенакс |
АҚШ |
1158 |
1958 |
Аспалы |
Осакаск |
Япония |
510 |
1976 |
Қола |
Хамберск |
Англия |
1410 |
1908 |
Аспалы |
25 апрель |
Партугалия |
1013 |
1966 |
Аспалы |
Сидней |
Австралия |
503 |
1964 |
Арочный |
Ферт-оф-Форт |
Шотландия |
1006 |
1964 |
Аспалы |
Аннансис
Айландск |
Канада |
465 |
1987 |
Вантовый |
Глейдсвилл |
Австралия |
305 |
1964 |
Арочный |
Верразано |
АҚШ |
1298 |
1964 |
Аспалы |
Арабида |
Партугалия |
270 |
1963 |
Арочный |
Паско-Кенневикский |
АҚШ |
547 |
1978 |
Арочный |
Джорджа
Вашингтон |
АҚШ |
1067 |
1931 |
Аспалы |
Бекіту сұрақтары:
- Сұрыптау
қалай жүргізуге болады?
- Фильтрді
қалай қосуға болады?
- Фильтр
көмегімен қандай жұмыстар атқаруға болады?
- Фильтрді
қалай алып тастаймыз?
Практикалық жұмыс №11
Microsoft Access мәлiметтер қорын басқару жүйесімен
танысу.
Мақсаты: Microsoft Access мәлiметтер қорының мәнiн,
жұмыс iстеу тәсiлдерiмен танысу.
Әдістемелік нұсқау:
Мәлiметтер қорын басқару жүйелерi (СУБД) - мәлiметтер
қорымен жұмыс iстеуге арналған, оны басқару
мен түрлендiрудi жүзеге асыратын программалар
тобы. Мәлiметтер қорын басқару жүйесi
мәлiметтер қорын құру, мәлiметтердi өңдеу,
қандай да бiр шарт бойынша қордан мәлiметтердi
таңдау, қор негiзiнде әртүрлi форма жасау,
есеп берудi құруды жүзеге асырады.
- Программаны iске қосу Пуск à Программы à Microsoft Access командасын орында;
- Microsoft Access-тiң алғашқы жұмыс терезесi экранға шығады;
- Бұл терезедегi үш мүмкiндiктiң бiрiн таңдаймыз, олар: бұрын жасалған мәлiметтер қоры (открыть базу данных ), шебердi жүктеу (запуск мастера), жаңа мәлiметтерiн қоры (новая база данных). Жаңа мәлiметтерiн қорын (новая база данных) таңдап. Ок батырмасын шертемiз.
- Құрғалы отырған жаңа мәлiметтер қорын ат қойып сақтау сұқбат терезесi пайда болады; файл аты өрiсiне атауын енгiземiз де Создать батырмасын шертемiз;
- Мәлiметтер қоры терезесi ашылады, қордың негiзгi терезесi болып саналады және мәлiметтер қорының кез келген объектiсiн ашуға, жасауға, жоюға мүмкiндiк бередi;
- Мәлiметтер қоры терезесiнде негiзгi объектiлерi көрсетiлген: Кесте (Таблица) – деректер қоймасының негiзгi объектiсi, мәлiметтердi жазба және өрiс түрiнде сақтауға арналған, әрбiр кесте нақты бiр сұрақ бойынша мәлiметтердi сақтауға қолданылады; Сұраныс (Запросы) қандай да бiр шартты қанағаттандыратын қажеттi мәлiметтi бiр немесе бiрнеше кестеден алуға мүмкiндiк беретiн объкт; Формы форма терезесiнде кесте мәлiметтерiн енгiзу мен көру үшiн қолданылады, олар ақпараттың көлемiн шектеуге мүмкiндiк бередi және тиiстi түрде көрсетедi, яғни әрбiр жазба жеке терезеде шығады; Есеп беру (Отчеты) деректер қоймасында бар ақпараттарды бейнелеу үшiн және мәлiметтердi баспадан шығаруға қолданылады; Макростар (Макросы) жиi орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған.
-
Мәлiметтер қорындағы мәлiметтердiң типтерi: Мәтiндiк (Текстовый) – мәтiннiң бiр қатары (255 символға дейiн); Сандық (Числовой) – санның кез келген типi (бүтiн, нақты); Уақыт/күнтiзбе (Дата/время) – уақытты және күнтiзбенi қамтитын өрiс; Логикалық (Логический) – логикалық операцияларда қолданылады; Қаржылық (Денежный) – ақша бiрлiгiн көрсететiн өрiс типi; МЕМО өрiсi (Поле МЕМО) – бiрнеше қатардан тұратын мәтiн, оны айналдыру жолағының көмегiмен көруге болады; Есептегiш (Счетчик) - әрбiр жазбадан кейiн автоматты түрде қойылып отыратын санағыш; OLE объект өрiсi (Поле объекта OLE ) – сурет, дыбыстық файлдар, Excel кестесi, Word құжаты т.б.
- Меню қатарынан ? белгiсiн шерту арқылы Access-тiң анықтамалық жүйесiн ашып, оның Анықтаманы шақыру (вызов справки) командасын таңдау.
- Ашылған Microsoft Access: анықтамалық жүйе (справочная система Microsoft Access) терезесiнiң Мазмұн (содержание) бетiн ашамыз.
- Осы беттен Microsoft Access-ке кiрiспе (Введение Microsoft Access) қатарын шертiп, анықтаманың нұсқаларын орындау арқылы мына тақырыптармен танысып шығу керек: Мәлiметтер базасы деген не? Кесте, кесте туралы жалпы мәлiметтер, кесте режимiмен жүмыс iстеу.
- “Анықтама жүйесiн” жап.
Тапсырма
11.1
- Мәлiметтер
қоры туралы конспект жазу.
- Анықтама
жүйесiнен Жаңа мүмкiндiктер бөлiмiнен:
Microsoft Access жаңа бөлiмдерi, алғашқы жұмыс
т.б. тақараптарымен танысу.
- Бұрын
жасалған кез келген мәлiметтер қорын
ашып танысып көр.
Бекiту сұрақтары:
- Мәлiметтер
қоры дегенiмiз не?
- Қалай
iске қосамыз?
- Негiзгi
объектiлерi туралы сипатта?
- Анықтамамен
қалай жұмыс iстеймiз?
Практикалық
жұмыс №12
Берілгендер қорын басқару жүйесі Microsoft
Access- те конструктор көмегімен кесте құру.
Мақсаты: Microsoft Access –те мәлiметтер қорының
объектiлерiн жасау, енгiзу, оны өңдеу, конструктор
режимiнде кестенi жасауға және оның құрылымын
өзгертудi үйрену.
Тапсырма 12.1
Студенттер туралы мәлiметтерi бар
берiлгендер қорын жасау.
Әдістемелік нұсқау:
Жасалатын мәлiметтер қорының
логикалық құрылымын анықтайық.
Фамилиясы, аты, тобы, туған жылы, күнi
және адресiнен тұратын кесте
құрамыз.
- Программаны iске қос: Пуск à Программы à Microsoft Access командасын орында;
- Microsoft Access-тiң алғашқы жұмыс терезесiнен Жаңа мәлiметтерiн қоры (новая база данных) таңдап, Ок батырмасын шерт.
- Жаңа мәлiметтер қорына сұқбат терезесiндегi файл аты өрiсiне Student атауын енгiземiз де Создать батырмасын шертемiз;
- Мәлiметтер қоры терезесi ашылады, қордың негiзгi терезесi болып саналады және мәлiметтер қорының кез келген объектiсiн ашуға, жасауға, жоюға мүмкiндiк бередi;
Кесте құрылымын құрамыз
- Пайда болған Student терезесiнде: Кесте (Таблицы) объектiсiн таңдап, Создать батырмасын шертемiз;
- Новая таблица сұқбат терезсiнде жұмыс режимiне Конструкторды таңдап, Ок батырмасын шерт;
- Имя поля бағанының бiрiншi жолына: Фамилия сөзiн енгiзiп, оңға à пернесiн бас;
- Тип данных ұяшығының тiзiмiнен Текстовый типiн таңда;
- Экранның төменгi бөлiгiндегi Свойствах поля-дағы Общие астарлы бетiндегi Размер поля жолына 20 санын енгiз;
- Обязательное поле қатарындағы менюда Да жауабын көрсет;
- Описание бағанының бiрiншi жолына курсорды қоямыз да, Студент фамилиясы түсiнiктемесiн енгiз;
- Имя поля бағанының екiншi жолына: Аты сөзiн енгiзiп, Текстовый типiн таңда;
- Описание бағанына: Студент аты түсiнiктемесiн енгiз, Размер поля – 10 деп енгiз;
- Имя поля бағанының үшiншi жолына: Топ сөзiн енгiзiп, Числовой типiн таңда;
- Размер поля тізімінен Целое типін таңда:
- Описание бағанына: Топ нөмірі түсiнiктемесiн енгiз;
- Имя поля бағанының төртіншi жолына: Туған күні мен жылы сөзiн енгiз;
- Тип данных ұяшығының тiзiмiнен Дата/Время типiн таңда;
- Формат поля тізімінен Краткий формат даты типін таңда:
- Экранның төменгi бөлiгiндегi Маска ввода өрісіне курсорды орналастырып, үш нүктелі батырманы шерт. Кілттік өріс пен кестені Таблица1 атымен сақтауға рұқсат ету сұранысын бектіңіз;
- Создание масок ввода сұқбат терезесінде Краткий формат даты таңдап, Далее батырмасын шерт;
- Готова батырмасын шерт;
- Көңіл бөліп қарасаңыз Microsoft Access бірінші
жолға автоматты түрде Ключевое поле Код жолын қосқан, жазбалардың идентификаторы
рөлін атқарады, оның тип Счетчик.
- Имя поля бағанының алтыншы жолына: Адрес сөзiн енгiз;
- Тип данных ұяшығының тiзiмiнен Поле МЕМО типiн таңда; Описание бағанына: Үйінің адресіі түсiнiктемесiн енгiз;
- Таблица1 терезесін енгізілген өзгерістерді сақтай отырып жабу;