Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Қорыта айтқанда, автомобиль және трактор пәнінен «Трактордың жұмыс жабдықтары»атты тақырыпта курстық жұмыс жаздым.Бұл курстық жұмысты жазу барысында трактордың жұмыс жабдықтарын оқытудың мазмұны мен мақсатымен таныстым. Трактордағы жұмысшы жабдықтарға гидрожүйесі бар аспалы механизм, жер өңдеу терендігін автоматты түрде реттеп отыратын қондырғы, жетекші доңғалақка қосымша күш тудыратын құрал және қуат алатын жабдықтар түрлері туралы көптеген мәлімет алдым. Тракторлардың гидрожүйелі аспалы механизмінің бөліктерімен , гидравликалык цилиндрді жұйелеп жаздым.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсавой дайын 1.doc

— 456.00 Кб (Скачать документ)

С.жанармайды автоматты түрде двигательге  жеткізетін қондырғы

Д. жанармай мен ауаны араластыратын қондырғы

Е.Генератор, аккумулятор т.б.

2. Гидрожүйесі бар аспалы механизм не үшін қолданылады?

А.Трактордың салмағын азайту үшін қолданылады

Б.Топырақтың тығыздығын азайтады

С.агрегаттың қалып күйін бақылау үшін

Д. жұмыс аяқталған соң агрегатты көтеруге

Е. тракторға тіркелетін аспалы машинаны тіркеуге

3. Алым ені өте үлкен кейбір машиналарды аспалы механизммен басқару өте қиын болады,мұндай жағдайда қандай іс әрекет орындалады?

А.машиналарды  трактор орнына пайдаланады

Б.енін тарылтамыз

С. машиналарды трактормен тіркемелі түрде жалғастырады

Д. машинаны  алдыңғы жағына  орналастырамыз

Е.машинаны үстіңігі жағына орналастырамыз

4.Тіркемеге жатпайтын машинаны  анықтаңыз

А.Күректер

Б. сеялкалар

С. жер қыртысын өндейтін аршығыштар

Д. культиваторлар

Е. тырмалар

5. Жер өндеудің тереңдігін тұрақтандыратын қондырғылар негізгі екі құбылысты пайдаланады. Бірінші —................., екіншісі —......................

А. Тарту жылдамдығы, тіркеу тәсілі

Б.орналасқан орны, жылдамдығы

С. күш өзгерісі, орналасу қалпының өзгерісі

Д. қуаттың өзгерісі, жанар май үнемділігі

Е.жырту  тереңдігі, жырты ені

6. Дөңгелекті тракторларда, оның жетекші дөңгелек-теріне қосымша күш тудыратын қондырғылар пайдаланылады. Себебі?

А. Тарту күшінің өзгеріп кетпеуі үшін

Б. ауыр жұмыс істеген кезде олардың жетекші дөңгелектерінің сырғуы қалыпты мөлшерден асып кетеді

С. өңдеу тереңдігін тұрақты мөлшерде ұстап отырудың агротехникалық шаралар үшін

Д. Жер өндеудің терендігін түрақтандырады.

Е. Өндеу терендігі өзгерген кезде сол машинаны сүйрейтін күш немесе трактормен салыстырғандағы оның орналасу қалпы өзгереді

7. Дөңгелекті тракторлар үшін сырғанау мөлшеріқанша проценттен  аспауы тиіс?

А.50%-тен

Б.100%-тен

С.70%-тен

Д. 18%-тен

Е.0,008%-тен

8. Ал трактордың екі-ақ дөңгелегі жетекші болған жағдайда, оның салмағының орта есеппен ғана жетекші дөңгелектерге түседі, яғни мүндай жағдайда ............................

А. олардың сырғу коэфиценті тұрақты болады

Б.олардың  сыну кофиценті үстемелене түседі

С.олардың  сыну коэфиценті тұрақты болады

Д. олардың сырғу коэфиценті азаяды

Е. олардың сырғуы артады

9. Жетекші дөңгелектердің сырғу мөлшерін азайту үшін өр түрлі амалдар қолданылады. Олардың ішіндегі ең қарапайым жолы

А. трактордың салмағын арттыру

Б.батпақты жерлермен көптеп жұмыс жасау

С.Сулы жерде жұмыс атқару

Д. Трактордың салмағын азайту

Е.Дұрыс  жауабы көрсетілдмеген

10.Трактор  салмағын арттыру үшін не істеу  керек?

А. Дөңгелектеріне немесе рамаларына металдан жасалған балласт бекітіледі.

Б.дөңгелектеріне темір жабыстыру

С.дөңгелектеріне шынжыр жабыстыру

Д. Дөңгелектеріне су шашу

Е.Барлық жауап дұрыс

 

                                Тесттің дұрыс жауаптары

 

1Б, 2Е, 3С, 4А, 5С, 6Б, 7Д, 8Е, 9А, 10А.

 

             2.3. Кабинеттердегі санитарлық – гигиеналық талаптар

 

Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиенасөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды.[1] Біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. Мысырда,Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын – таза ауа мен су екенін сол кездің өзінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған. Сол кезде Үргеніш, Самарқан, Отырар, Тараз, т.б. қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз суды тазарту істеріне жергілікті билік органдары тарапынан бақылау жасалып отырған. Қазақ халқы ежелден денінің саулығын, тазалығын сақтап, дұрыс тамақтануға қатты көңіл бөлген. Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар да ертеден белгілі.

 

Оқу кабинеттегі  санитарлық – гигиеналық талаптар

 

Оқу кабинеттері белгілі  талаптарға сәйкес болуы керек. Шет  тілін оқытуға арналған к Оқушыларды мамандықты дұрыс таңдауға кәсіби бағдарлау үшін оқу-тәрбие процесінде олардың кәсіби бағыттылығының жоғарғы деңгейі қалыптастырып, кәсіптік бағдар беру жұмысын олардың тұлғалық қасиеттерін есепке ала отырып, жүргізу қажет.

Сонымен қатар, оқушылардың  кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда мектеп пен ЖОО білім беру жүйесі кәсіби сабақтастықта жұмыс жасауы қажет. Осындай жағдайда ғана болашақ маманның жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесі оқушы жастарға кәсіптік бағдар беру жұмысын табысты жетілдіреді деп ойлаймыз.Жалпы қорытындыласам курстық жұмысты жазу үлкен ізденісті талап етеді екен.

      Абинеттер оқытушылар үшін басқару пульті мен проекциялық аппараттарға арналған тумбасы бар столдармен, магнитофон мен күйсандықты орнатуға арналған орындармен, көрнекті құралдар мен техникалық оқу құралдарын, лингофондық құрылымдарды сақтауға арналған секциялық (қабырғамен бірге жасалған немесе қабырғаға жапсыра салынған) шкафтармен жабдықталады.

Химия және физика кабинеттері проекциялық аппаратты, су, электр, канализация келуін басқару  пульті бар арнаулы демонстрациялық  столдармен жабдықталады. Оқу-көрнекті құралдар жақсы көріну үшін демонстрациялық  столды биіктеу етіп орналастырған дұрыс.

Оқушылар үшін су, электр жүйесі, ауа қысымы (физика лабораториясы үшін) қосылған екі  орынды столдармен жабдықталады. Химия  лабораториясы шкафы сыртқы қабырғаға  жақын, оқытушының столының жанында  орналасқан ауа соратын жергілікті желдеткішпен қамтамасыз етілуі керек.

Осы кездерде мектептерде  әр түрлі мектеп тақталары (бормен жазатын, фломастермен жазатын, бормен ноталық  дыбыс арқылы (әуенді) жазатын, хабарландыруларды  ілу үшін кеуекті тақталар) пайдаланылады.

Негізі құрыштан жасалып, эмальмен қапталған тақталар пайдалануға қолайлы болып келеді. Эмалінің түсіне байланысты тақталар бормен (жасыл түсті) және фломастермен (ақ түсті) жазуға арналады.

Негізі дыбыс  жұтылтатын заттардан қоса отырып, құрыштан жасалған жоғары сапалы шыныэмальды қаптауы бар тақталар ақпаратты жеңіл, дыбыссыз жазуға мүмкіндік береді, жазылған хабарды жоғары контрастылықпен жеткізеді, және жазуларды арнаулы жұмсақ жөке, шүберектермен оңай сүртіп тазартуға болады. Сонымен қатар, мұнда магнит арқылы суреттер, сызу, диаграммаларды орналастыруға болады.

Шыныэмальды тақталар - 1-ден 7-ге дейін жұмыс беті бар, жылжымайтын, жылжымалы, біріңғай түсті немесе аралас түсті және әртүрлі өлшемдерде болып  келеді.

Ноталық дыбыс  арқылы қолданылатын тақталар әуен мектептері мен сыныптарына арналады. Олар қара түсті анодталған алюмин қаңылтырға нота сызықтарын орналастыру арқылы жасалады.

Әр түрлі  хабарландырулар мен ақпараттарды жариялау үшін, хабарландыруларды үшкір  заттармен жапсыра салуға ыңғайлы, табиғи немесе жасанды кеуекті заттан жасалған тақталар қолданылады.

Бөлме жабдықтарын  дұрыс орналастырып, оқушыларды дұрыс  отырғызудың маңызы да өте жоғары. Оқушылар столы (бір орынды немесе екі  орынды) аудиториялық, сызу және лабораториялық столдар оқу бөлмесінің мағнасына  сәйкес алынады. Столдарды орналастыру негізінен үш қатар етіп орналастырады, бірақ, кейбір жағдайларда оларды екі қатар етіп орналастыруға болады.

Оқу бөлмелерін жабдықтаған кезде төменде көрсетілген  аралықтар сақталуы керек: екі орында столдардың қатарларының аралығы - 60см төмен емес; столдар қатары мен сыртқы қабырғаның аралығы - 50-70см; столдар қатары мен ішкі қабырғаның (немесе сол қабырғада орналасқан шкафтардан) аралығы - 50-70см; ең артқы столдан қабырғаға дейін, қарсысындағы сынып тақтасына дейінгі аралық - 70см; демонстрациялық столдан оқу тақтасына дейін - 100см; бірінші партадан, оқу тақтасына дейін - 2,4-2,2м кем болмауы керек.

Оқушының оқу  тақтасынан ең алыс қашықтығы 860см көп  болмауы керек. Оқу тақтасының еденнен  биіктігі - 80-90см болуы керек. Мектеп дәрігері сабаққа қатысып, оқушылардың жұмыс кезіндегі дене тұлғасының жағдайын бақылап, олардағы дене тұлғасының ауытқуларын анықтап, бұл жағдайдың себебін ашып, профилактикалық шаралар жүргізуі қажет.

Оқушыны дұрыс  отырғызуды гониометрияның көмегімен  буындардан пайда болатын бұрыштарға (39 сурет), қажетті жағдайларды таңдау арқылы (20 кесте) жасауға болады. 22 кесте. Оқушыларды дұрыс отырғызуға қажетті гониометриялық көрсеткіштер.

                               Бөлмені жарықтандыру

 

Балалар мен  жасөспірімдер мекемелерінде жарықтандырылу тәртібі барлық бөлмелердің, әсіресе негізгі бөлмелердің сандық және сапалық жағынан ұтымды жарықтандырылуын қарастырады. Балалар мекемелерінің жарықтандыру тәртібін көру қызметінің дұрыстығын сақтау проблемасынан бөліп қарауға болмайды. Негізгі бөлмелердің жарықтандырылу жағдайы оқу-тәрбие кезінде жалпы және көру қызмет-қабілетінің сақталуына жағдай жасап, көздің қажуының алдын алып, соған сәйкес болатын көрудегі ауытқулардың, жеке алағанда алыстан көрмеушіліктің дамуына жол бермеу керек.

Табиғи жарық. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде  табиғи жарық көптеген нормалық көрсеткіштермен  сипатталады. Олардың ішіндегі ең негізгілері: ғимараттың учаскесінің дұрыс орналасуы, негізгі бөлмелердің бағыты, табиғи жарық коэффициентінің, жарық коэффициентінің, тереңдік коэффициентінің жеткіліктілігі. Негізгі бөлмелердің табиғи жарықтануына қойылатын талаптар: жеткіліктілігі, біркелкілігі, жұмыс орнының жарқырамауы, көлеңке түспеуі, бөлменің ысымауы.

Бұл жағдайлардың орындалуы мекеменің құрылысы (қайта салынуы) кезінде жүзекге асырылады. Бірақ ҚНменЕ талаптары сақталған күннің өзінде көптеген жағдайлар кері әсер етіп, табиғи жарықты сандық және сапалық жағынан біршама төмендетуі мүмкін. Бұндай жағдайларға бөлме интерьерінің бояуы, жиһаздар мен басқадай құрал-жабдықтардың түр-түсі мен орналасуы, терезенің өлшемі мен конфигурациясы, санитарлық жағдайы, терезе алдының биіктігі т.с.с. жатады.

Күнделікті  санитарлық бақылауда бөлменің жарықтандырылу жағдайын тексерген кезде бөлменің бағыты, көлеңке коэффициенті, тереңдік коэффициенті терезенің конфигурациясы мен өлшемі, оның санитарлық жағдайы, есіктердің, терезе жақтауларының түр-түсі, әйнектелуі, терезе алдының биіктігі, қараңғылайтын заттар (перде, гүлдер т.б.) қабырғаның, төбенің, құрал-жабдықтардың бояуының түсі, оның санитарлық жағдайы анықталады.

Алынған мәліметтер СанНменЕ, ҚНменЕ сияқты нормаландыру құжаттарының талаптарымен салыстырылады. Қажетті жағдайда ұсыныс, нұсқаулар  беріледі. Негізгі бөлмелердің терезелерінің  бағыты барлық климаттық аудандарда, барлық оқу-тәрбие мекемелері үшін оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс болып табылады. Терезе өлшемдері мен конфигурациясы және саны - жарық коэффициентін, яғни оның жеткіліктілігін анықтап біркелкілігін сипаттайды. Стандартты типтік терезелердің биіктігі 2-2,5м, кеңдігі 1,8-2,0м, формасы жарық ағынын (әсіресе жоғарғы жағынан) жақсы өткізуі керек. Сондықтан терезенің жоғарғы жағы мейілінше төбеге жақын (0,15-0,3м) орналасқаны дұрыс. Екі терезенің аралығы 0,5м көп болмауы керек.

Терезе алдының  биіктігі типтік жобамен салынған оқу орындарында 0,7-0,8м, мектепке дейінгі мекемелерде 0,5-0,6м. Терезе алдына гүлдер, өсімдіктер өсіруге күндізгі мезгілде, перделерді жабық ұстауға болмайды. Терезенің шаң басу, ластануы табиғи жарықты 40%-ға дейін төмендетеді. Сондықтан оларды мектепке дейінгі мекемелерде аптасына 1 рет, орта оқу орындарында айына 1-2 рет ішкі жағынан жуып, тазалау қажет, сыртқы жағынан тазалануы жылына 3 реттен кем болмауы керек. Қыста қырау басудан сақтандырмаса табиғи жарық 60-80%-ға дейін төмендейді.

Бөлмелердің бояуы, жиһаздардың түр-түсінің жоғары шағылысу коэффициенті мен жарқырауы  оның контрастылығының дұрыс бөлінуіне  жағдай жасайды, сондықтан балалар  мекемелеріне арналып ұсынылған  бояулар түрлерін қолданған дұрыс.

Балалар мен  жасөспірімдер мекемелерінде таңертеңгі, кешкі уақыттарда, әсіресе күз, қыс кездерінде табиғи жарықпен қатар, жасанды жарықтандыру жүйесі де қолданылады.

Жасанды жарық - негізгі бөлмелердің жасанды  жарықтандырылуына санитарлық бақылау  жүргізген кезде “жарықтандыруды өлшеу хаттамасы” толтырылады, сонымен қатар оның сандық және сапалық жақтары да сипатталады. Ол үшін бөлменің жасанды жарықтандырылуы табиғи жарық спектріне жақын ба, біркелкілігі қандай, жарқырауы көзге қолайсыз емес пе сияқты сұрақтар анықталады. Бұл сұрақтарды анықтау үшін жасанды жарық көздерін (люминисцентті шам, қыздырғыш шам), жарықтандыру жүйесін (жалпы, аралас), шырақтардың типтерін (түзу шағылысу, таралуы), олардың іліну биіктігі, орналасу тәртібі, шамдардың электрлік қуаты (жалпы Вт, меншікті үлесі-Вт/м2) анықталады.

Жасанды жарықтың нормасы беріледі. Қолданылатын жарық  көздері үнемді, әрі ыңғайлы болуы  керек. Люминисценттік шамдар қойылатын  талаптарға сай келеді деп есептеледі. Олардың жарықтандыруы қыздырғыш  шамдарға қарағанда жоғары, және берілетін жарықтың спектрлік құрамы табиғи жарықтың спектріне жақындау келеді. Қыздырғыш шамдарға қарағанда люминисцентті шамдар жылу көзі болып табылмайды, яғни бөлме ауасын қосымша қыздырмайды және олар жарықтандыру беті кең, түзу жарық көзі болып табылады. Сәулелері үлкен көлеңкелер туғызбайды. Қолданылуы 2-2,5 есе арзанға түседі.

Оқу-тәрбие мекемелерінде  люминисцентті шамдардың ЛЕ (люминисцентті  табиғи жарық), ЛБ (люминсцентті ақ түс), ЛТБЦ (люминисцентті жылы-ақ түсті) түрлерін және т.б. жарықтандыру сипаты табиғи жарыққа жақын келетіндерін пайдалану керек

Оқушыларды мамандықты дұрыс таңдауға кәсіби бағдарлау  үшін оқу-тәрбие процесінде олардың  кәсіби бағыттылығының жоғарғы деңгейі  қалыптастырып, кәсіптік бағдар беру жұмысын  олардың тұлғалық қасиеттерін есепке ала отырып, жүргізу қажет.

Информация о работе Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады