Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Қорыта айтқанда, автомобиль және трактор пәнінен «Трактордың жұмыс жабдықтары»атты тақырыпта курстық жұмыс жаздым.Бұл курстық жұмысты жазу барысында трактордың жұмыс жабдықтарын оқытудың мазмұны мен мақсатымен таныстым. Трактордағы жұмысшы жабдықтарға гидрожүйесі бар аспалы механизм, жер өңдеу терендігін автоматты түрде реттеп отыратын қондырғы, жетекші доңғалақка қосымша күш тудыратын құрал және қуат алатын жабдықтар түрлері туралы көптеген мәлімет алдым. Тракторлардың гидрожүйелі аспалы механизмінің бөліктерімен , гидравликалык цилиндрді жұйелеп жаздым.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсавой дайын 1.doc

— 456.00 Кб (Скачать документ)

    Золотниктің  “қалқымалы” жағдайы (б.іг-сурет) аспалы машинаны жұмыс калпында ұстап түрған кезде колданылады. Себебі, кейбір машиналар жер бедеріне карай трактормен салыстырғандағы өз орналасу қалпын өзгертуге тиіс. Сол кезде гидравликалық цилиндрдің штогы оған кедергі жұмсауы керек. Ол үшін оның көтеретін және түсіретін каналдары өзара жалғастырылады да, поршень еркін козғалады, яғни майды көтеретін жағынан түсіретін каналға немесе керісінше еркін айдай алады. Осылайша аспалы машина өз еркімен жер бедеріне қарай икемделіп жүре береді.

 Жоғарыда айтылған гидравликалық жүйенің қондырғылары трактордың әр түрлі жерінде орналастырылады да, олар өзара түтіктермен жалғастырылады. Сондықтанда тракторлардың гидравликалық жүйесін дараланған гидравликалық жүйе деп атайды. Себебі, насос қозғалыс үшін двигательде орналасады, ал цилиндр артқы аспалы механизмде, таратқыш баскаруға ыңғайлы болу үшін, кабинада орналасады.

Осы даралай орналасқан гидравликалық қондырғыларды жалғастыруға арнаулы, жоғары қысымға шыдайтындай түтіктермен жапғастырылады. Әрбір жалғастыратын жерлерінде ор түрлі жалғастырғыш қондырғылар, муфталар қолданылады. Олардың құрылысы қарапайым. Сондықтан оларға тоқталмаймыз.

Тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарын жалғастыру үшін гидрожүйемен жабдықталған аспалы механизм қолданылады. Бұл механизм екі үзын планкадан 4 (6.2-сурет), орталық тізгіннен 3, гидроцилиндрмен 5 жалғасқан көтергіш рычагтан 1, бүйірлік тізгіннен 2 және тартқыштардан 6 құралады. Бүйірлік тізгіннің 2 біреуінің ұзындығы винт арқылы өзгереді, сол сияқты орталық тізгін 3 мен тартқыштардың 6 да винтті механизмі бар. Винтті механизмдер арқылы аспалы механизмнің және онымен жалғасқан машинаның трактормен салыстырғандағы бекітілу қалпын өзгертеді.

  Аспалы механизмнің тракторға бекітілуіне байланысты екі немесе үш нүктелі деп бөледі. Қуаты аз тракторлар үш нүктелі механизммен(6.2-сурет) жабдықталады, яғни аспалы механизм трактормен 7, 9, 10 нүктелер арқылы жалғаскан. Жалпы жұмысқа арналған.

6.2-сурет. Аспалы  механизм:

1-көтергіш  рычаг; 2-жандық тізгін; 3-орталық  тізгін; 4-ұзындық планка; 5-гидроцилиндр; 6-таратқыш



  Мұндай әмбебап  аспалы механизмдерді екі немесе үш нүкте арқылы трактормен жалғастырады. Үш нүктеліден екі нүктеліге ауыстыру үшін ұзын планкалардың 4 үштарын 7 және 9 нүктеден босатып, екеуін де 8 нүктеге бекітеді, ал орындарына тартқыштарды бекітеді. Сөйтіп, аспалы механизм трактормен 8 жоне 10 нүктеде ғана жалғасады.

Үш нүктелі  аспалы механизмді қолданғанда, машина трактормен салыстырғанда көлденең бағытта бұрыла алмайды. Мұндай жағдай әмбебап-қатараралық трактор жер жыртқан кезде оның дөңгелектерін борозда ішімен жүргізу үшін қолданылады, ал шынжыр табанды немесе жалпы жұмысқа арналған дөңгелекті тракторлармен жер жыртқанда олардың дөңгелектері немесе шынжыр табаны борозданың шетімен жүреді. Осы кезде екі нүктелі бекітуді пайдаланады да, плугты бір жағына карай жылжытып орналастырады.

3. Жер өңдеу тереңдігін реттегіші

Тракторлармен жер өңдеген кезде оның артында тіркелген аспалы машиналардың да жұмысын басқарып отыратын тракторшы болып табылады. Ондай машиналарға, яғни жұмысын үнемі қадағалап отыратын машиналарға негізінен жер өңдейтін машиналар (плугтар; культиваторлар, сыдыра жыртқыштар және т. с. с.) жатады. Осы машиналардың жер өндеу тереңдігін реттеу үшін тракторларға әр түрлі реттеуіш қондырғылар орнатылады. Оларды жұмыс істеу принциптеріне қарай үш түрге бөледі.Оған мыналар жатады: биіктікпен реттелетін, күшпен реттелетін және біріктірілген тәсілмен реттелетін қондырғылар.

  Биіктікпен реттелетін қондырғыда винтті механизмі бар тірек доңгелегі қолданылады. Осы дөңгелек винті механизм арқылы аспалы машинаның рамасына бекітіледі. Жүмыс кезінде тірек дөңгелегі жер бетіне тіреледі де машинаның жұмысшы мүшесін одан әрі тереңдікке жібермейді. Тиісті тереңдікке осы дөңгелектің винтті механизмін бұрау арқылы келтіреді.

  Осы айтылып отырған қондырғының негізгі кемшілігі топырақтың механикалық қасиетінің өзгеруіне байланысты өндеу терендігі өзгерігі кеткенмен де реттеуіш қондырғы оған әсер ете алмайды. Мысалы, топырақ жұмсақ болса дөңгелек те, жұмысшы мүшелер де тереңдеп кетеді, ал қатты болса жұмысшы мүшелер “қалқып” жер бетіне шығады да дөңгелек жер бетіне тимей қалады. Сөйтіп, механикалық қасиеті өзгеріп түратын топырақтарды өндегенде биіктікпен өңдеу терендігін реттейтін қондырғы өз қызметін атқара алмайды. Бұл кемшілік күшпен реттейтіи қондырғыда болмайды.

  Күшпен топырақ өндеу тереңдігін реттейтін қондырғыдағы топырақтың механикалык касиетінің (қаттылығының, ылғалдылығының) өзгеруіне байланысты тереңдіктің өзгеруін пайдаланады. Бұл кезде өңдеуші машинаның тарту күші артады да, арнаулы белгі бергіш қондырғы арқылы золотникке әсер етеді, ал золотник гидравликалық цилиндрдің тиісті көтеретін немесе түсіретін жағына қысыммен май жібереді де, машинаны алғашқы өңдеу қалпына келтіреді.

Күшпен реттейтін  қондырғыдағы негізгі бөлікке машинаны тарту күшінің өзгерісін золотникке жеткізетін белгі бергіш кондырғы жатады. Осы қондырғы үшін таға тәрізді серіппе қолданылады. Ол серіппенің бір үшы машинамен, екінші үшы аспалы механизммен жалғасқан жоне осыларға қосымша золотникпен жалғаскан тізгін бекітіледі. Тарту күші өзгерген кезде серіппенің екі үшының ара қашықтығы өзгереді де, тізгін арқылы золотникке белгі береді.

Өңдеу терендігін күшпен реттейтін қондырғының золотнигі арнаулы түтқамен басқарылады. Сол түтқа арқылы оны ажыратып қоюға да болады.

Топырақ өңдеу тереңдігін күшпен реттейтін қондырғының жоғарыда айтылған түрінен басқа позициялық реттеуіш қондырғы да қолданылады. Бұл қондырғының жоғарыдан айырмашылығы, аспалы машинаның трактормен салыстырғандағы позициясын (қалпын) тұрақты ұстап тұрады. Ол үшін гидравликалық цилиндрдің бұрылатын рычагына золотниктің тізгіні жалғасады. Машинаның трактормен салыстырғандағы қалпы өзгерген кезде гидравликалык цилиндрдің, бұрылатын рычагы қозғалады да, золотник арқылы кайтып цилиндрге әсер етеді. Сөйтіп, оны бастапқы қалпына кайтарады. Бұл қондырғыны тек тегіс жер өңдегенде ғана пайдалануға болады.

Топырак өңдеудің тереңдігін біріктірілген тәсілмен реттеген кезде, аспалы машинаға биіктікпен реттейтін дөңгелек қойылады да, тракторға күшпен, немесе позициялық реттеуіш орнатылады. Сондықтанда ол біріктірілген тәсіл деп аталады.

4.Қуат алу бірлігі

Қуат алу  білігі арқылы ауыл шаруашылығы машиналарының жұмысшы мүшелерін қозғалысқа келтіреміз. Оларды жұмыс істеу принципіне қарай “тәуелді” және “тәуеліз” біліктер деп екі түрге бөледі. Оның себебі жоғарғы тақырыптарда айтылған. Тек енді солардың қалай іске асырылатындығы сөз болмакшы.

“Тәуелді” куат алатын білікпен жұмыс істейтін машиналарға, көбінесе тұқым себетін және тыңайтқыш шашатын машиналар жатады. Олардың жұмысшы мүшелерінің жылдамдығы жер бетімен жүргендегі жол үзындығымен сәйкес келуге тиіс. Керісінше болтан жағдайда тұқым себу, тыңайтқыш шашу сияқты жұмыстардың сапасы бұзылады. Себебі жер ауданына тәуелді қойылған себу мен шашудың нормалары жылдамдықка тәуелді өзгеріп кетеді. Осындай жағдайды болдырмас үшін “тәуелді” қуат алу білігі қолданылады. Бұл кезде машиналардың, жұмысшы мүшелерінің қозғалыс жылдамдығы тікелей трактор дөңгелегінің айналыс жылдамдығына тәуелді болады, яғни дөңгелек көп жол жүрсе, жұмысшы, мүшелер де көп айналады.

“Тәуелді” куат алу білігін жасау үшін, қуатты трансмиссиядан алады, көбінесе беріліс корабының екінші жетектелуші білігі арқылы алынады. Сонда қуат алу білігінің айналыс жылдамдығы дөңгелек жылдамдығына сәйкес болады, яғни өзара тәуелді болады.

“Тәуеліз” қуат алу білігін басқа ауыл шаруашылығы машиналарында қолданады және оған қозғалысты тікелей ажыратқыш муфтадан немесе беріліс қорабының жетекші білігінен береді. Бұл кездегі қуат алу білігінің айналыс жылдамдығы тек двигатель білігінің айналыс жылдамдығымен сәйкес болады, яғни жұмыс кезінде тұракты жылдамдықпен айналады. Осындай қуат алу білігінің айналыс жылдамдығын екі түрлі етіп өзгергетін арнаулы қондырғы қойылады. Олардың жылдамдығы белгіленген стандарт бойынша 540 және 1000 айн/мин болады.

Тракторлардың кейбір түрлерінде “тәуелді” және “тәуелсіз” қуат алу білігі бірдей қолданылады. Ол үшін беріліс қорабында тиісті муфта орнатылады. Сол тиісті муфтаны беріліс қорабының жетекші білігіне қосқанда “тәуелсіз”, ал жетектелуші бөлігіне қосқанда “тәуелді” қуат алу білігі болады. Мұндай қуат алу білігі МТЗ-80/82 тракторларында қолданылады.

5.Жетекші дөңгелекке қосымша күш түсіретін қондырғы

  Алғашқы тақырыптарда жетекші дөңгелектерге қосымша күш түсіретін қондырғылардың қызметтері айтылған болатын. Енді солардың түрлері мен ерекшеліктеріне тоқталамыз.

Жетекші дөңгелектерге  қосымша күш түсіретін қондырғылар жұмыс істейтін принциптеріне қарай механикалық және гидравликалық болып екі түрге бөлінеді. Механикалық қондырғылар аспалы машинаның салмағының бір бөлігін жетекші дөңгелекке түсіруді механикалық жүйенің көмегімен, ал гидравликалық қондырғы — гидравликалық жүйенің көмегімен іске асырады.

Жетекші дөңгелектерге  қосымша күш түсіретін механикалық қондырғылар (6.3-сурет) жұмысты мына ретпен атқарады. Дөңгелекке түсетін қосымша күшті арттыру үшін аспалы механизмнің орталық тізгінін жоғарғы тесіктен 1 төменгі тесікке 2 немесе 3 бекітеміз. Сол кезде орталық тізгіннің көлбеу бұрышы артады. Онымен қоса тізгіннің бойымен бағытталған Р тарту күшінің де көлбеу бұрышы артады.Р тарту күшінің колбеу бұрышы өзгерген сайын оның X горизонталдық және У тік бағыттағы қүраушы күштерінің шамасы өзгереді, яғни көлбеу бұрыш көбейген сайын X азайып, У артады. Тік бағыттағы құраушы күштің артуы жетекші дөңгелекке беріледі де, оның топырақпен ілінісу күшін арттырады. Демек дөңгелекке түсетін қосымша күшті азайту үшін орталық тізгінді жоғарғы тесіктерге өзгертіп бекітсек болғаны.

  Бұл айтылған механикалық қондырғының құрылысы қарапайым болғанымен тиісті талаптарға толық жауап бере алмайды. Себебі, топырақтың механикалык қасиеттері (ылғалдылығы, каттылығы) тұракты болмай, орбір метр жол жүрген сайын өзгеріп түратындыктан, механикалық қондырғының орталық тізгінін сол өзгеріске сәйкес алмастыра алмаймыз. Сондықтанда косымша күш кажет болмаса да, жүргізгіш дөңгелектерге түсіп түрады. Мұның өзі трактор двигателінің қосымша қуатын жоғалтады, яғни трактордың пайдалы әсер коэффициенті азаяды.

Механикалык қондырғының көрсетілген кемшілігін жою үшін қазіргі тандағы тракторларды гидравликалық қондырғылармен жабдықтайды. Олардың құрылысы күрделі болғанмен де, жұмыс кезіндегі келтіретін пайдасы мол. Гидравликалық қондырғының жұмыс істеу схемасы 6.4-суретте көрсетілген, ал жүмыс істеу принципі жоғардағыдай десе де болады. Бұл қондырғы аспалы машина салмағының бір бөлігін гидравликалық цилиндр арқылы жетекші дөңгелекке береді.

Қосымша күш түсіретін гидравликалық қондырғы трактордағы негізгі гидравликалық жүйеге қосылып, сонымен қатар жұмыс істейді. Гидравликалық қондырғыда негізгі жүйедегі қондырғылардан басқа қосымша күш тудырғыш 44 май келетін каналымен, ал май шығатын каналы цилиндрдің 6 көтеретін каналымен жалғасады. Осы каналға параллель гидравликалық аккумулятор 5 да жалғасады.

Гидравликалық қосымша күш түсіргіштің басқаратын екі түтқасы бар: біреуі золотниктің қалпын өзгертетін рычаг та, екіншісі — клапан серіппесінің күшін өзгертетін винтті маховик. Винтті маховикті бұраған кезде гидравликалық аккумулягордағы қысым 0,8—2,8 МПа мөлшерінде реттеледі. Золотникті басқаратын рычагты түтканың өздігінен ұсталып түратын негізгі үш түрлі және қолмен ұсталып түратын қосымша бір түрлі қалпы бар. Түтқаның негізгі үш түрлі қалпы қосымша күш туғызғыштың мынандай жағдайларына тура келеді: “қосылған”, “ажыратылған” жоне “бекітілген”, ал косымша қалпында —“кысымды түсіру” жағдайы. Алғашқы екі қалпында косымша күш тудырғышты іске қосады немесе ажыратады, ал “бекітілген” жағдайда гидравликалық цилиндрдің көтеретін жоне түсіретін каналдары толық

жабылады да, оның штогы жылжымайтын калыпқа келеді. Гидроаккумулятордағы қысымда тұрған майды шығарып, оның серіппесін босату үшін түтқаның қосымша “қысымды түсіру” қалпы пайдаланылады. Гидравликалық қосымша күш туғызғыштың жұмысы мына ретпен атқарылады (6.4-су- рет). Жетекші дөңгелекке қосымша күш түсіру үшін негізгі гидравликалық жүйедегі таратқыштың түтқасын “көтеру” қалпына, ал қосымша күш туғызғыштың түтқасын “қосылған” қалпына қоямыз (6.4.а- сурет). Осы кезде насостан 2 келген май әрі цилиндрдің көтеруі каналына, әрі гидроаккумуляторға 5 беріледі. Гидроаккумулятор май кысымының, әсерінен зарядталады, яғни оның серіппесі жиырылып, поршеньнің екінші жағына май толады.

Гидроаккумулятордың зарядталуы тракторшы қойған винтті тұтқаның жағдайына байланысты әp түрлі қысымда (0,8—0,28 МПа) болады. Қойылған кысымға жеткеннен кейін арнаулы клапан цилиндрі мен аккумуляторға май келетін каналды жабады да,

6.3-сурет. Механикалық қосымша күш түсіргіш.



 насостан келген май кайтып ыдыска құйылады (6.4-сурет, б). Бұл кезде цилиндрдің көтеру каналы гидроаккумулятормен жалғасады да, сондағы кысыммен теңеліп түрады. Цилиндрдің көтеру каналында осылайша тұрақты кысым болғандыктан, аспалы машина салмағының осы цилиндр туғызған күшпен бірдей болігі жетекші дөңгелекке түседі.

Әр түрлі  себептермен (май ағуынан, поршеньнің цилиндрге тығыз енбеуінен, тағы т. с. с) гидроаккумулятордағы кысым бірте-бірте азая береді. Қысым мөлшері койылған қажетті мөлшерден азайып кетсе, қосымша күш тудырғыштағы арнаулы клапан ашылады да, бастапқы (6.4.а-сурет) жағдайына келтіреді. Сөйтіп, гидроаккумулятор қайтадан зарядталады. Гидравликалық қосымша күш туғызғыштың басқару тұткасын “ажыратылқан” қалпына келтіргенде (6.4.в- сурет) тараткыш 3 пен цилиндр 6 тікелей жалгасады да, жогарыда айтылгандай ретпен жүмыс істей береді, ал “бекітілген” қалпында негізгі жүйенің “бейтарап” калпындағыдай жағдай туады (6.4.г-сурет).

 

 

 

6.4-сурет. Жетекші доңгелекке косымша күш түсіретін гидравликалық қондырғы:

 

 

 

а-гидроаккумуляторды зарядтау; б-гидроаккумулятордың күіи түсіруі; в-күш түсіргіш ажыратылған; г-күш түсірілген цилиндрді күльштау; 1-бак; 2-насос; 3-таратк.ыш; 4-күш түсіргіш; 5-гидроаккумулятор; 6-цилиндр.

 

Сабақта қолданылатын дидактикалық үлестірмелі материалдар

Тест тапсырмалары

1. Трактордағы жұмысшы жабдықтарға қандай жабдықтар кіреді.

А.суды тікелей багка жеткізетін қондырғы

Б. гидрожүйесі бар аспалы механизм, жер өндеу тереңдігін автомат-ты түрде реттеп отыратын қондырғы

Информация о работе Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады