Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Қорыта айтқанда, автомобиль және трактор пәнінен «Трактордың жұмыс жабдықтары»атты тақырыпта курстық жұмыс жаздым.Бұл курстық жұмысты жазу барысында трактордың жұмыс жабдықтарын оқытудың мазмұны мен мақсатымен таныстым. Трактордағы жұмысшы жабдықтарға гидрожүйесі бар аспалы механизм, жер өңдеу терендігін автоматты түрде реттеп отыратын қондырғы, жетекші доңғалақка қосымша күш тудыратын құрал және қуат алатын жабдықтар түрлері туралы көптеген мәлімет алдым. Тракторлардың гидрожүйелі аспалы механизмінің бөліктерімен , гидравликалык цилиндрді жұйелеп жаздым.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсавой дайын 1.doc

— 456.00 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Зерттеу өзектілігі.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында Білім беру бағыты бойынша төмендегідей тапсырмалар берді.

«Қазақстан-2050»  Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырма  берді.

Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте  ұлттық экономиканың мамандарға деген  қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді.

Жоғары оқу  орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Олар қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құруы  және дамытуы қажет.

Біз академиялық автономия кепілдігін берген жоғары оқу орындары тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс.

 Жеке бизнестің,  үкіметтік емес және қайырымдылық  ұйымдарының, жеке адамдардың  әлеуметтік жауапкершілігі білім беру саласында айрықша көрінуі керек. Бұл ең бірінші кезекте лайықты білім алуда оқу ақысын өз бетінше төлей алмайтын жастарға көмек беруге қатысты.

Ол үшін қажетті  шаралар:

• Жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құру.

• Көпсатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу.

• Бүкіл ел бойынша ғылыми-зерттеушілік және қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру.

• Жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту.

(4) Бізге оқыту  әдістемелерін жаңғырту және  өңірлік мектеп орталықтарын  құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін  белсене дамыту керек болады.

• Біз қалайтындардың барлығы үшін қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз.

• Ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу,  сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту қажет.

• Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын  қосып, өзгерту.

• Кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құру.

 

         Зерттеу мақсаты:

  • автомобиль және трактор   сабағын оқытуды ұйымдастыру;
  • автомобиль трансмиссиясы   жайлы толық мағлұматтар беру;
  • Оқу – тәрбие жұмысының барысында өтілетін автомобиль және тракторлар пәні бойынша сабақты ұйымдастыру түрлеріне тоқталу, теория сабақтарында алған  білімін болашақта  тәжірибе жүзінде қолдана білуге үйрету ;
  • болашақ арнайы пән оқытушысына сабаққа қойылатын талаптар жайында мағұлмат беру.

Зерттеу  міндеті:

- Оқу – тәрбие  жұмысының барысында өтілетін  автомобиль және тракторлар сабағының   негізгі бағыттарын анықтау;

  • - Қазіргі өндірісте автомобильдердегі электронды қоректендіру жүйесі жөнінде теориялық және практикалық біліммен қаруландыру.

-болашақ арнайы  пән мұғалімдерінің сабаққа қойылатын  талаптарды ескеру;

 

Зерттеу пәні: Автомобиль және тракторлар пәні

Зерттеу нысаны: Автомобиль және тракторлар трактордың жұмыс жабдықтары тақырыбын  ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

Зерттеу жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

                  

І. КӘСІПТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ БАСҚАРУ ҚҰЖАТТАРЫ

Мемлекеттік білім стандарт

Мемлекеттік Стандарт – елдің құзырлы мемлекеттік органы бекітетін тауарлар мен қызмет түрлерінің стандарты, сондай-ақ стандарттау объектілері нормаларын, ережелерін, оларға қойылатын талаптарды белгілейтін, құзырлы мемлекеттік орган бекіткен нормативтік-техникалық құжат.

Қазақстанда стандарттау мен [метрология|метрологиялау жүйесі 20 ғасырдың 20-жылдарының ортасынан дами бастады. Ол ұлттық өнімдердің сапасы мен бәсекелестігін арттыру, табиғат және энергетика ресурстарының шынайы есебін жүргізу және айналадағы орта мен халықтың денсаулығын қорғау міндеттерін шешу мәселелерімен тығыз байланысты болды.

1993 жылы “Стандарттау және сертификаттау туралы” және “Өлшемдер бірлігі туралы” Қазақстан Республикасының алғашқы заңдарының қабылдануы Қазақстанда мемлекеттік стандарт дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Бұл заңдар 1999 және 2000 жылдары толықтырылды. Осы заңдарға сәйкес Қазақстан Үкіметі стандарттау жұмыстарын реттеудің нормативтік құжаттарын дайындады. Қазақстанның Мемлекеттік стандарт органы 1994 жылдан бері Стандарттау жөніндегі халықараралық ұйымға (ІSO) мүше. Қазақстанның стандарттау жүйесі стандарттау мен сертификаттау жөніндегі ұлттық бағдарламаға негізделген, Қазақстан кәсіпорындары ІSO-ның халықараралық стандарттары бойынша жұмыс істейді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік стандартты дайындау үшін жиырмаға жуық техника стандарттау к-ті құрылған. Олар әсіресе тамақ өнеркәсібі, қоршаған ортаны қорғау, көмір және металлургия өндірістері сияқты салаларда жұмыс атқарады.

Оқу бағдарламасы – оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын белгілейтін құжат. Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері көрсетіледі, сыныптағы және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы анықталады. Оқу бағдарламасы мына қағидалар негізінде жасалады: жас ұрпақтар үшін бағдарлама мазмұнының тәрбиелік мәні болуы, оқыту мазмұнының ғылыми тұрғыда келуі, оқу материалының оқушылардың жас ерекшеліктеріне және білім дәрежесіне сай жасалуы, оқылатын объективті дүние құбылыстары мен оқу пәндерінің арасындағы табиғи жалғастықты бейнелейтін өзара байланыс ескеріледі.

Оқу жоспары – оқу орындарында оқу пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.[1]Оқу жоспары оқу орнының мақсат-міндетіне сай жасалады. Оқу жоспарында көрсетілген білім бағыты мен сипаты оқу бағдарламалары мен оқулықтарда айқындалады.

Күнтізбелік жоспарлау – жалпы кәсіпорын және оның жеке құрылымдық бөлімшелері (цехтар, телімдер, бригадалар, жұмыс орындары) үшін қысқа мерзімге (айға, тәулікке, ауысымға, сағатқа) арналған нақты өндірістік тапсырмаларды әзірлеуді қоса оралымды-өндірістік жоспарлаудың бір бөлігі. Жоспарлы тапсырмалар нормалар мен нормативтердің, шарттық міндеттемелер мен мемлекеттік тапсырыстардың негізінде әзірленеді, мұнда сондай-ақ оларды іске асырудың сол сәтте қалыптасқан нақты жағдайлары ескеріледі. Күнтізбелік жоспарлар, әдетте үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде көлемді жоспарлау орындалады, яғни тапсырмалар тәптіштеліп, цехтарға бөлінеді. Әрбір цехқа (телімге) берілетін тапсырма заттай, еңбек және құндық өлшемдермен белгіленеді. Екінші кезең – өндірістің күнтізбелік жоспарларын әрбір цех үшін мерзім мен объектілер бойынша жасау және күнтізбелік нормативтерді әзірлеу. Үшінші кезең жоспарлы тапсырмаларды әрбір жұмыс орнына жеткізуді қамтиды. Осы мақсатпен күнтізбелік жоспарлар орындаушылар арасындағы жеке тапсырмаларға бөлінеді, сөйтіп, ауысымдағы әрбір жұмысшыға берілетін жеке тапсырмалар көрсетілетін жоспар жасалады.

 

1.2 ПӘННІҢ  МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

Пәнді оқыту мақсаты:

Оқушыларды  кәсіпке даярлау барысында автомобиль және трактордың құрылысын оқыту  әдістемесін оқып үйренуде техникалық білімнің теориясы мен практикасын меңгеру. Курсты оқыту мақсаты - студенттерді болашақ педагогикалық кызметке дайындаудың әдістемелік негізін қалау, жалпы білім беретін мектептерде оқушы жастармен бастауыш кәсіптік білім мен еңбек технологиясының типтік оқу бағдарламаларының тарауларына сәйкес жемісті жұмыстар жүргізуіне, мектеп оқушыларын Республикадағы жаңаша әлеуметтік және экономикалық жағдайларда еңбекке дайындауға кажетті білім, іскерлік және дағдысын калыптастыру.

 

Пәнді оқыту міндеті:

 

1. Тракторлар  және автомобильдердің   мазмұны  жөнінде студенттерге нақты түсінік беру; педагогтың сабақты ұйымдастыруы мен материалдық жабдықтауы, оларды жоспарлау жұмыстарының мазмұнымен таныстыру,  жұмыстарды ұйымдастыру мен баскаруға болашақ мүғалімдерді дайындау;

 

2. Жан-жақты  дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары, кәсіби бейім тұлғаны тәрбиелу және жетілдіруге жағдай жасау; болашақ кәсіби қызметінде өзін өзі айкындау мен өз мүмкіндігін жүзеге асыруға дайындау;

 

3. Студенттерді  тракторлар және автомобильдер  пәнін  тиімді ұйымдастыруға,  оқушы жастарға атомобиль және трактор пәнінің  тиімді әдістері мен формаларын, оқу құралдарын таңдауға, әдістемелік, анықтамалық және арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету;

 

1.3Арнайы пән оқытушысының сабаққа дайындығы

 

   Осы сабақ жоспарын жасауда арнайы пән оқытушысының немесе мұғалімнің сабаққа дайындығы аса маңызды рөл атқарады. Мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз- тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары – оны қабылдауы, түсінуі, т.б.Сабақтың осындай алдын ала талдасмасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте солғұрлым аз болады.

  Осындай мұқият талдаудан кейін және сабақтың құрылысын тиянақты ойластырғаннан кейін мұғалім сабақтың жоспарын жасайды. Сабақтың конспектісі, әсіресе жас мұғалімдер үшін, толық және жан-жақты жасалады. Мұндай конспект мұғалімге тек бір сыныптағы ғана емес, сонымен бірге барлық қосалқы сыныптардағы жұмысы кезінде де қажет болады.

Алайда, сабақтың ойдағыдай өтуі тек мұғалімнің мұқият дайындығына ғана емес, сонымен қатар  оның оқушыларды алдағы сабақтағы жұмысқа  әзірлеуіне және оқушылардың өздерінің сабаққа деген психологиялық дайындығына байланысты. Ол үшін оқушыларды келер сабақтағы жұмыс жоспарымен таныстырып, оларды оқулықтың немесе әдеби шығарманың жекелеген тараулары мен тақырыптарымен алдын ала таныстыруға бағыттап, жаңа материалды меңгеруге септігін тигізетін бақылау мен күрделі емес сынақтар өткізу қажет.

Сабақтың жоспарында сабақтың тақырыбы, сабақ өткізілетін  сынып бөлмесі және дидактикалық міндеттері нақтыланған сабақтың мақсаты, сабақта өтілетін материалдың қысқаша  мазмұны, оның міндеттері көрініс табады. Сондай-ақ, сабаққа қатысатын оқушылардың өзара қатынасын ұйымдастыру, оқушылардың оқу-танымдық қызметін дамытатын тапсырмалар, білім беру әдістері мен дидактикалық әдіс-тәсілдері анықталады. Тапсырмалар арқылы алға қойылған міндеттерге қарай, ал ол міндеттерді орындау барысында бұған дейінгі алған білімдері толықтырылады, жаңа ғылыми түсініктер және білім жолындағы кездесетін әр түрлі жағдайларда қолданыла алатын әрекеттердің тәсілдері қалыптасады, оқушылардың оқу әрекетін бақылау мен түзету жүзеге асады, олар білімсіздіктен білімге, епсіздіктен біліктілікке қарай қадам жасайды.

Сабақтың сапасы мен нәтижелі өтуі, көбінесе, мұғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері мен қателерін дұрыс талдай алуына байланысты. Өз жұмысына талдауды сабақ өткізе салысымен және келесі сабақтың алдында, яғни сабақтың конспектісінің негізі дайын болған кезде жүргізуі тиімді. Бұндай жағдайда мұғалім өткен сабақтың нәтижелеріне сүйене отырып, келесі сабаққа дайындығы кезінде осының барлығы ескерілуін ойластырады. Өзін-өзі бағалау өткен сабақтың талдауына негізделеді, яғни мұғалім жасаған жоспарын тағы бір қайтара талдап, сәтсіздіктерінің себебін табуға тырысып, дидактикалық тұрғыдан ұтымды тұстарын қайталауға тырысады. Сонымен қатар мұғалімнің сабаққа дайындығы ең алдымен өз пәнінің оқу жоспары бағдарламасымен танысып, әр жылға күнтізбелік жұмыс жоспарын жасауымен және әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындауымен тікелей байланысты. Онда ол пәнаралық байланысты, әр сабақтың мақсат-міндеттерін, өздік жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі, техникалық құралдарды анықтайды.

Сабаққа дайындық мазмұны:

1. Сабақты жоспарлау,  жұмыс бағдарламасын жасау.

2. Жеке сабақтарды  жоспарлау.

3. Сабақ тақырыбын,  мақсатын анықтау.

4. Сабақтың типі мен құрылысын белгілеу.

5. Сабақ мазмұнын  анықтау.

6. Білім беру  әдістерін белгілеу.

7. Сабаққа керекті  оқу құралдарымен көрнекі және  техникалық құралдарды дайындау.

8. Сабақ кезеңдерінің  әрқайсысына жұмыс түрлерін, оны  орындауға уақыт бөлу.

9. Бекіту жаттығуларын  дайындау.

10. Оқушылардың  білімін тексеру және бағалау  әдістерін анықтау.

11. Үй тапсырмасын түсіндіру.

12. Сабақтың  жоспар конспектісін жасау.

Сабақ жоспарында жазылатындар:

1. Күні.

2. Айы, жылы.

3. Тақырыбы.

4. Мақсаты.

5. Сабақ типі, құрылысы.

6. Оқыту әдіс-тәсілдері.

7. Көрнекі құралдар.

8. Өздік жұмыстар.

9. Тексеріп, бағаланатын оқушылардың аты-жөні.

10. Қойылатын сұрақтар.

11. Үй тапсырмасы.

         Мұғалім оқу процесін жан-жақты білу үшін негізгі және косымша оқу құралдарын, ғылыми-педагогикалық әдістемелік, тарихи, көркем әдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып, қажеттілерін сұрыптап алады, сенімді мысалдарды, қызықты тың мәліметтерді таңдап алуы керек,оқу жоспарынан сабақты анықтап, сабақ жоспарын конспектісін жазады.

Информация о работе Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады