Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 18:36, курсовая работа
Қорыта айтқанда, автомобиль және трактор пәнінен «Трактордың жұмыс жабдықтары»атты тақырыпта курстық жұмыс жаздым.Бұл курстық жұмысты жазу барысында трактордың жұмыс жабдықтарын оқытудың мазмұны мен мақсатымен таныстым. Трактордағы жұмысшы жабдықтарға гидрожүйесі бар аспалы механизм, жер өңдеу терендігін автоматты түрде реттеп отыратын қондырғы, жетекші доңғалақка қосымша күш тудыратын құрал және қуат алатын жабдықтар түрлері туралы көптеген мәлімет алдым. Тракторлардың гидрожүйелі аспалы механизмінің бөліктерімен , гидравликалык цилиндрді жұйелеп жаздым.
Негізгісі – жаңа тақырыптың мазмұны. Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын нақты білуі керек.
Жоспарлау - сабаққа әзірліктің соңғы кезеңі. Оның нәтижесі сабақ жоспары. Жас мұғалім сабақ жоспарын, конспектісін толық жазу керек.
Сабақ жоспарының үлгісі:
• сабақтың өтетін уақыты, тақырыптық жоспардағы нөмірі;
• сабақтың тақырыбы, сабақ өтетін аудитория;
• оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттері;
• сабақтың құрылымы, оның кезеңдері және әр кезеңге кететін уақытты бөлу;
• оқу материалының мазмұны;
• әрбір сабақтың бөлігіндегі жұмыстың әдістері және тәсілдері
• сабақ өткізуге керекті оқу жабдықтары;
• үйге тапсырма.
Классикалық сабақ процесін жобалау
1. Нақты тұжырымдалған тақырып.
2. Сабақ мақсаты:
а) дидактикалық;
ә) тәрбиелік;
б) дамытушылық.
3. Жабдықтары (кино, бейнефильм, кесте, оқу құралы):
4. Дыбыстық құралдар.
5. Сабақ барысы
(сценарий жасалады, оқушыларға сабақ
үстінде берілетін сұрақтар, сабақтан
оқушылар өздері қорытынды
6. Сабақ қорытындысы.
7. Шығармашылық тапсырма.
8. Қорытынды. Оқушылардан не ұнағанын, не ұнамағанын сұрау, кім белсенді болғанын сұрау.
9. Сабақтың жақсы өтуіне байланысты оқушыларға рахмет айту.
Сонымен сабаққа әзірленгенде мұғалім оқу бағдарламасын тағы да қарап, оқу материалын оқиды, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеп, оқушыларға тапсырма беріп, оқыту құралдарын (кесте, сызба, модель, үлестірілетін материалды) іріктейді және қарайды, әдіс және тәсілдерін таңдап, сабақтың типін және құрылымын анықтап, барлығын оқу жоспарына жазады.Енді мұғалімнің сабаққа әзірлігінің кезеңдеріне тоқталсақ.
Мұғалімнің сабаққа әзірлігінің үш кезеңі бар: диагностикалық, болжау, жобалау (жоспарлау). Мұғалім мәліметтердегі фактілерді, оқыту әдістемесін жақсы білуі тиіс. Сабаққа дайындық кезінде мұғалім оқу материалын сыныптың мүмкіндігіне "икемдейді", жақсы нәтиже беретін танымдық еңбек және ұжымдық жұмыстарды жоспарлайды. Сабақты өткізудің жақсы үлгісін жасау үшін модельдеу әдісі қолданылып, оқу сағаттары есептеледі. Алгоритм бойынша сабаққа дайындалу диагностикалаудан басталады.
1.Диагностика арқылы сабақты өткізуге керекті барлық жағдайлар анықталады. Мұғалім балалардың мүмкідіктерін, іс-әрекетінің және мінез-құлқының себептерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын, қабілетін, оқушыдан талап етілетін білім, іскерлік, дағдылардың деңгейін, оның ерекшелігін, тәжірибеге пайдалылығын анықтайды.
2.Болжау-тірек білімдерді қайталауға, жаңа материалды меңгеруге, оны бекітуге және жүйелеуге, білім, іскерліктерді тексеруге және түзетуге кететін уақытты мұқият болжап, талдайды.
3.Жобалау - бұл сабақтың қалай өтетіні туралы жорамалдар. Болашақ сабақтың алуан түріне баға беріп, ішінен жақсысы таңдалады. Қазіргі жобалау технологиясы сабақтың тиімділігін мына тәсілмен шығарады. Сабақ мақсатына сай қалыптастырылатын білім, іскерлік 100% деп алынады. Бұл көрсеткішті зиянды жағдайлар төмендетеді. Сондықтан оқу-тәрбие процесінде мұғалімнің сабаққа алдын-ала дайындығы маңызды рөл атқарады.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады.Олар: пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.
Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.
Мұғалімнің
әрбір сабаққа дайындығы
Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты сипаттап көрсеткен. Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:
ІІ.Арнайы пәндер бойынша сабақты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі:
2.1Тракордың жұмыс жабдықтары тақырыбын ұйымдастыру және өткізу
Сабақтың тақырыбы. Тракордың жұмыс жабдықтары
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты:
3. Тәрбиелік - сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын , ұйымшылдығын, қарым - қатынас этикасын түсіндіру.
Сабақта құрал-жабдықтары: суреттер, сызба(механикалық қосымша күш түсіргіш).
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік әдістері
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу, түгендеу
2. Техника қауіпсіздігі ережесімен таныстыру
ІI.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
1. Тракторлардың жұмыс жабдықтарының мақсаттары мен мазмұны
2. Гидрожүйенің құрылысы
3. Жер өңдеу тереңдігін реттегіші
4. Қуат алу бірлігі
5. Жетекші дөңгелекке қосымша күш түсіретін қондырғы
III. Жаңа сабақты бекіту кезеңі:
1.Тракторлардың жүмыс жабдықтары не үшін қажет ?
2.Жұмысшы жабдықтармен қандай жұмыстар атқарылады?
3.Трактордың гидравликалық жүйесі қандай қызмет атқарады?
4.Гидрожүйені қандай қалыпта жұмыс істей алады?
5. Жер өңдеу тереңдігін реттегіштердің қандай түрлері болады?
6.Өңдеу тереңдігін биіктікпен реттеу қалай атқарылады?
7.Жетекші дөңгелекке қосымша күш беретін қандай қондырғыларды білесіз?
8.Механикалық күш түсіргіштер қандаи принципте жұмыс істейді?
9. Куат алу білігінің қызметін айтып беріңіз?
ІV. Қорытындылау кезеңі
1.Тестің қорытындысын шығарып, оқушылардың сабаққа қатысқандарын пайымдап, сұраққа қалай жауап бергендерін тексеріп бағалау.
2.Үйге тапсырма беру. Трактордың жұмыс жабдығы жайлы толықтырып келу Алиев Б – Тракторлар мен автомобильдер құрлысы. Алматы: Наз 2005. 146 беттен бастап жазып және оқу.
Трактордың жұмыс жабдықтары тақырыбының дәрісі
1. Трактордың жұмыс жабдықтарын оқытудың мазмұны мен мақсаты
Тракторлар ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптау үшін алуан түрлі жұмысты сонша түрлі ауыл шаруашылығы машиналарымен іске асырады. Ал ауыл шаруашылығы машиналарынын, әрқайсысына әр түрлі жағдай керек, яғни оның біреуі тек тарту күшін ғана керек ететін болса (транспорт жұмыстары), басқасы тек тарту күшін ғана емес, оның жұмыс кезінде трактормен салыстырғандағы қалпын өзгертіп отыруды кажет етеді (плугтар, сеялкалар және т. б.). Тіпті оларды жұмыс калпынан транспорт қалпына немесе керісінше өзгер- туді қоспағанда, жұмыс кезінде олардың жүріс қалпын да (еңдеу тереңдігі, түқым себу тереңдігі және т. с. с.) өзгертіп отыру кажет болады. Осылармен қоса, кейбір машиналардың жүмысшы мүшелерін қозғалысқа келтіру керек (шөп шабатын және енім жинайтын машиналар немесе активті жұмыс мүшелері бар жер еңдейтін, тұқым шашатын машиналар). Осындай қыруар машиналармен жұмыс істеуі үшін тракторлар әр түрлі жұмысшы жабдықтармен жабдықталады.
Трактордағы жұмысшы жабдықтарға гидрожүйесі бар аспалы механизм, жер өңдеу терендігін автоматты түрде реттеп отыратын қондырғы, жетекші доңғалақка қосымша күш тудыратын құрал және қуат алатын жабдықтар кіреді. Бүлардың әрқайсысы әр түрлі қызмет атқарады.
Гидрожүйесі бар аспалы механизм тракторға тіркелетін аспалы машинаны тіркеуге қолданылады. Жұмыс кезінде сол аспалы механизм арқылы трактор ауыл шаруашылығы машинасына тарту күшін береді, ал гидрожүйенің көмегімен сол машиналардың жұмыс жағдайына байланысты қалпын езгертіп тұрады. Жұмыс кезінде аспалы машинаны жер бетіне түсіреді, яғни жұмыс қалпына келтіреді. Жұмыс аяқталған соң немесе загонның бас-аяғында агрегатты бұрған кезде машинаны жер бетінен көтеріп, жол жүру қалпына келтіреді. Тіпті кейбір машиналармен жұмыс атқарған кезде олардың, жұмысшы мүшелерін зорлап жерге кіргізеді.
Аспалы механизмде қолданылатын гидрожүйемен кейбір гидрофикацияланған ауыл шаруашылығы машиналарының жұмысшы мүшелерін де басқарады. Алым ені өте үлкен кейбір машиналарды аспалы механизммен баскару өте қиын болады, ал сондай машиналарды трактормен тіркемелі түрде жалғастырады да, олардың жұмысшы мүшелерін арнаулы гидроцилиндрмен басқарады. Мұндай машиналарға тұқым себетін сеялкалар, жер қыртысын өңдейтін аршығыштар, культиваторлар, тырмалар және т. с. с. машиналар жатады.
Жер өңдеу кезінде, көбінесе плугтармен жер жыртқан кезде, олардың өңдеу тереңдігін тұрақты мөлшерде ұстап отырудың агротехникалық шаралар үшін үлкен маңызы бар. Себебі, өндірілетін өнім осындай өңдеу сапасына көбінесе байланысты болады. Жер өңдеу тереңдігін тұрақты ұстап тұратын алуан түрлі қондырғылар пайдаланылады, себебі тракторшының трактор кабинасында отырып бұл жұмысты атқаруы мүмкін емес. Жер өңдеудің тереңдігін тұрақтандыратын қондырғылар негізгі екі кұбылысты пайдаланады. Бірінші — күш өзгерісі, екіншісі — орналасу қалпының өзгерісі, яғни өңдеу тереңдігі өзгерген кезде сол машинаны сүйрейтін күш немесе трактормен салыстырғандағы оның орналасу қалпы өзгереді. Ал жер өңдеу тереңдігін тұрақты ұстайтын қондырғылар өзгерген шаманы бұрынғы қалпына келтіреді, яғни тереңдікті тұрақтандырады.
Дөңғалақты тракторларда, оның жетекші дөңғалақтарына қосымша күш тудыратын қондырғылар пайдаланылады. Себебі ауыр жұмыс істеген кезде оларды жетекші дөңғалақтарының сырғуы қалыпты мөлшерден асып кетеді. Дөңғалақты тракторлар үшін сырғанау мөлшері 18%-тен аспауы тиіс. Осы көрсетілген сырғанау мөлшері доңғалақтың жер бетімен ілінісу күшіне байланысты, ал ілінісу күшінің шамасы доңғалаққа тік бағытта канша күш, яғни трактордың канша салмағы түсіп тұрғандығына тікелей байланысты. Жетекші дөңғалаққа түсетін трактордың салмақ күші артқан сайын оның топырақпен ілінісу күші артады да, сырғанау мөлшері азаяды.