Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 18:36, курсовая работа
Қорыта айтқанда, автомобиль және трактор пәнінен «Трактордың жұмыс жабдықтары»атты тақырыпта курстық жұмыс жаздым.Бұл курстық жұмысты жазу барысында трактордың жұмыс жабдықтарын оқытудың мазмұны мен мақсатымен таныстым. Трактордағы жұмысшы жабдықтарға гидрожүйесі бар аспалы механизм, жер өңдеу терендігін автоматты түрде реттеп отыратын қондырғы, жетекші доңғалақка қосымша күш тудыратын құрал және қуат алатын жабдықтар түрлері туралы көптеген мәлімет алдым. Тракторлардың гидрожүйелі аспалы механизмінің бөліктерімен , гидравликалык цилиндрді жұйелеп жаздым.
Дөқғалақты тракторлардың жүріс бөлігі екі түрлі етіп жасалатындығы жоғарыда айтылған, яғни барлық төрт доңғалағы (4X4) немесе төртеудің екеуі ғана (4X2) жетекші дөңғалақ болады. Осы түрлеріне қарай жетекші дөңғалактарға түсетін трактор салмағы да әр түрлі болады. Барлық дөңғалақтар жетекші болған жағдайда оларға трактордың барлық салмағы түседі, яғни барлық салмак күшін доңғалақтың топырақпен ілінісу күшіне жұмсай алады. Ал трактордың екі-ак дөңғалағы жетекші болған жағдайда, оның салмағының орта есеппен 70 = 75% ғана жетекші дөңғалақтарға түседі, яғни мұндай жағдайда олардың сырғанауы артады.
Жетекші дөңғалақтардың сырғу мөлшерін азайту үшін әр түрлі амалдар қолданылады. Олардын, ішіндегі ең қарапайым жолы трактордын, салмағын арттыру, яғни қосымша жүк ілу болып табылады. Ол үшін трактор дөңғалақтарына немесе рамаларына металдан жасалған қосымша жүктер (балласт) бекітіледі. Тіпті кейбір жағдайларда пневматикалық дөңғалақтардың ішіндегі қуысқа су толтырады. Бірақ бұл тәсілдер онша нәтиже бермейді. Себебі, жетекші дөңғалақтың сырғанау мөлшері тікелей топырақтық физкалық, механикалық қасиеттеріне байланысты өзгеріп отырады, яғни топырақтың ылғалдылығы, қаттылығы, тығыздығы үнемі өзгеріп отырады да, онымен жүрген дөңғалақтың ілінісу күші де тұрақты болмайды. Осылайша жетекші дөңғалақ сырғанауының мөлшері әр турлі бола тұрса да, оған тұрақты салмақ күші түседі. Соның нәтижесінде, дөңғалақтардың сырғанау мөлшері азайғанына қарамастан, ондағы артық жүкке косымша қуат жұмсалады, топырақты текке тығыздап кетеді және сол сияқты кері әсерлерін тигізеді. Осындай жайсыз әсерлерді болғызбас үшін доңғалақты тракторлардың жетекші дөңғалақтарына қосымша күш түсіретін арнаулы қондырғылар қолданылады.
Жетекші дөңғалақтарға косымша күш түсіретін қондырғылардың негізгі жұмыс принципі, барлық агрегаттың салмағын қажетті мақсатқа карай бөліп тарату негізі пайдаланылады. Ол үшін қажет кезінде аспалы машинаның салмағын жетекші доңғалаққа түсіреді де, сырғанау мөлшері азайған соң дөңғалақты қосымша салмақтан босатады. Осылайша автоматты түрде жетекші дөңғалаққа түсетін күшті реттеп отырады. Бұл қондырғы да гидрожүйемен жабдықталады және ол негізгі гидрожүйемен жалғастырылған.
Ауыл шаруашылығы тракторларында осы жоғарыда айтылған жұмысшы жабдықтармен қоса қуат алатын жабдықтар пайдаланылады. Себебі, көптеген тіркемелі немесе аспалы саймандардың жұмысшы мүшелерін қозғалысқа келтіру керек. Көбінесе, жер өңдейтін машиналардың ішінде активті жұмысшы мүшелері бар культиваторлардың, шөп шабатын машиналардың, тыңайтқыш шашқыштардың, жүгері, қызылша, картоп және сол сияқты өнімдерді жинайтын комбайндардың жүмысшы мүшелеріне қуат беретін арнаулы двигательдер қойылмайды, ал оларды трактор двигателімен жалғасқан куат алу білігі арқылы қозғалыска келтіреді.
Осындай куат алатын біліктерді орналасуына карай бірнеше түрге бөледі: артта, алда және жанында орналаскан куат алу біліктері. Оның үстіне қуат алу біліктерінін, айналыс жылдамдығы онымен жалғасатын машинаның талабына сай келуге тиіс. Сондықтанда айналыс жылдамдықтары әр түрлі болатын қуат алу біліктері болады.
Қуат алу білігінен қозғалыс алатын ауыл шаруашылығы машиналарын екі топқа белуге болады: бірінші топқа жұмысшы мүшелерінің айналыс жылдамдығы агрегаттың қозғалыс жылдамдығына байланысты машиналар (фрезалар, енім жинайтын комбайндар), ал екінші топқа жұмысшы мүшелерінің айналыс жылдамдығы агрегаттың қозғалыс жылдамдығына байланысты өзгеретін машиналар (сеялкалар, тынайтқыш шашқыштар). Осыларға байланысты қуат алу білігін байланыссыз және байланысты біліктер деп екі түрге бөледі. Олардын, ерекшелігіне толық түсінік беріледі.
Универсалды-қатараралық тракторлар тек егіншілікте ғана емес, онымен қоса мал шаруашылығында да жұмыс істейді. Мал шаруашылығын механикаландыру үшін қолданылатын кейбір машиналар жалпақ немесе сына тәрізді белдікті берілістермен қозғалысқа келтіріледі. Осыған байланысты тракторлар да қозғалыс беретін қосымша шкивтермен жабдықталады. Олардың да трактор артында немесе жанында орналасатын түрлері бар.
2. Гидрожүйелі аспалы механизм
Тракторлардың гидрожүйелі аспалы механизмі негізгі екі бөліктен құралады: гидрожүйе жоне аспалы механизм.
Аспалы механизмде қолданылатын гидрожүйе тек аспалы механизмге ғана қызмет етіп коймайды, онымен қоса басқа да жұмысшы жабдықтарды (өндеу терендігін реттеуіш қондырғы, жетекші дөңгелекке күш тудыратын қондырғы) гидравликалық энергиямен қамтамасыз етеді. Жұмысшы жабдықтарының жұмыстары бір-бірлеріне байланысты жүргізіледі және реттелінеді.
Гидравликалық жүйе негізгі мынандай бөліктерден кұралады (6.1-сурет): май құятын ыдыс (2), май насосы (1), таратқыш (3), гидравликалық цилиндр (4) және оларды өзара жалғастыратын түтіктер. Гидравликалық жүйеге іштен жанатын двигательдерде пайдаланылатын двигательдік майлар (М10, М8) қолданылады. Себебі, гидравликалық жүйедегі қозғалатын бөлшектер де майлануға тиіс. Жұмыс кезінде осы май гидрожүйенің барлык механизмдерін айналып өтеді.
Гидравликалық жұйенің жұмысы мынандай жолмен атқарылады. Ыдысқа сүзгі аркылы құйылған майды май насосы (1) сорып алады, ал май насосы трактор двигателінің иінді білігімен жалғасқандықтан, жұмыс кезінде айналмалы қозғалыс жасайды. Сорып алынған майды май насосы үлкен қысыммен (ІОМПа) таратқышқа (3) жеткізеді. Таратқыш ол майды жұмыс жағдайына байланысты гидравликалык цилиндрге немесе қайтадан май ыдысына қайтарады. Ал таратқыштан кейін гидравликалык цилиндрге (4) жететін болса, онда ол қысымның көмегімен цилиндрге күш туғызады да, қысымын азайтып гидравликалық цилиндр арқылы қайтадан май ыдысына құйылады, осындай тұйықталған жолмен жұмыс кезінде айналып жүреді. Енді осыларға жеке-жеке тоқталамыз.
Май құятын ыдыс гидрожүйеге құйылатын майдың қорын сақтап түруға арналған. Оның сыйымдылығы гидравликалық жүйедегі цилиндрлер мен насос өнімділігіне байланысты әp түрлі болады: 5,5; 12; 18; 25 л және т. с. с. Май құятын ыдыстың сапунмен жабдықталған қақпағы болады. Сол қақпақтың көмегімен ыдыс іші сырттағы атмосферамен қатынасып тұрады, май ыдысының қақпағының астында сүзгі орналасқан. Ыдысқа қүйылатын май сүзгі арқылы өтіп тазаланады. Бүл сүзгі тек сырттан құйылған майды ғана емес, гидроцилиндрден кайтқан майды да тазалап өткізеді. Сүзгі көп ластанғандығынан, май өткізу қабілеті нашарлаған болса, онда сақтандырғыш клапанның көмегімен май тазаланбастан-ақ бірден ыдысқа құйылады.
Май кұятын ыдыстағы қанша май бар екендігін білу үшін өлшегіш сызық койылған. Сол арқылы май деңгейін өлшеп біледі. Осыларға қосымша май ыдысының түбінде майды сыртқа ағызып жіберетін тығын бар. Насос арқылы май ыдыстың ішінен арнаулы түтік арқылы сорылып алынады да жоғарғы жағынан сүзгі арқылы қайтып құйылады.
Гидравликалық жүйедегі май насосы осы жүйеде үлкен қысым (ІОМПа) туғызатын құрал. Мұндай насостың құрылысы жағынан бірнеше түрі болады: поршеньді, қалақшалы және шестернялы. Бірақ тракторлардың гидравликалық жүйесінде поршеньді және калақшалы насостар қолданылмайды. Себебі, олардың бірнеше кемшіліктері бар, сол кемшіліктерінің ішіндегі ең негізгілері құрылыстарының күрделілігі, тез тозатындығы, гибриттік мөлшерлерінің үлкендігі, өнімділіктерінін төмендігі және т. с. с. Сондықтанда тракторлардың гидравликалық жүйесінде шестернялы насостар колданылады. Бұл насостарға жоғарыда көрсетілген басқа түрлі насостарға тон кемшіліктер болмайды.
Шестернялық насостарды көлемдік насостар қатарына жатқызады. Себебі, жұмыс істеу принциптеріне карай насостар екі түрге бөлінеді: гидродинамикалык және гидрокөлемдік. Гидродинамикалык насостар қысымды сұйықтың қозғалған кезіндегі жылдамдығының әсерінен пайда болатын кинетикалық энергияның көмегімен тудырады, ал гидрокөлемдік насостар қысымды потенциалдык энергияның көмегімен тудырады. Сонымен гидрокөлемдік насостар соратын каналдан сұйықтың белгілі бір көлемін бөліп алады да, оны айдайтын канал жаққа қарай итеріп енгізеді. Сұйықтың көлемі айдайтын каналда көбейеді, осының әсерінен оның қысымы едәуір артады.
Шестернялы май насосы жұмысты гидрокөлемдік тәсілмен істейді. Ол үшін оның айналып тұратын және өзара іліністе болатын екі шестернясы бар. Оның бірі жетекші де, екіншісі — жетектелуші. Сол шестернялар айналған кезде тістерінің аралығына соратын канал жағынан май толады да, айдайтын канал жағына келгенде итеріліп шығады. Себебі, осы түста екі шестерня тістері бір-бірімен ілініскендіктен, олардын аралығында май тұратын саңылау қалмайды. Енді олар сору каналы жаққа шыққанда, екі тіс ажырасады да, олардың аралығында бос кеңістік пайда болып, оған ыдыстан май сорылып алынады.
Шестернялы насостарда май айдайтын шестернялар жан-жағынан жақсы бітелуге тиіс. Себебі, ол үлкен қысыммен май айдағанда жан-жақтарындағы саңылаулар арқылы май өтіп кетіп, үлкен қысым тумай қалуы мүмкін. Сондықтанда олардың екі жан қырын арнаулы қондырғымен бітейді. Оларды гидравликамен қысылатын ішпектер деп атайды. Ішпектерді үйкелісі аз түсті металдан жасайды және олардың сырт жағына арнаулы канал жасалып, оны
айдайтын каналмен жалғастырған. Насоста қысым туған кезде, сол сырт жағындағы каналға май кысыммен барып турады да, ішпектерді үнемі шестерняларға қарай тұрақты күшпен итеріп тұрады, яғни шестерня қыры мен ішпек аралығында саңылау болмайды.
Гидравликалық насостардың түрлерін арнаулы үлгі бойынша белгілейді. Мысалы, тракторларда колданылатын шестернялық насостарды мынандай үлгімен белгілейді: алғашқы әріптер НШ-шестернялы насос деген белгі, содан кейінгі сандар насос шестернясының бір айналыс жасаған кезіндегі өнімділігін (см3/айн) көрсетеді. Әрі қарай койылатын әріптер насостың өзгертілгендігін, жақсартылғандығын және т. б. көрсетеді. Шестернялы насостар өнімділіктеріне қарай әp түрлі қуатталады. Мысалы, өнімділігі аз НШ-10 насосы 2,5 кВт қуат жұмсаса, НШ-32 насосы — 12,1 кВт қуат жұмсайды. Тракторлардың гидравликалык жүйесінде қолданылатын шестернялы насостардың бір артықшылығы жұмыста пайдалану мерзімі бойы ешбір реттелу жұмыстарын кажет етпейді және өздері өте ұзақ (4000 сағатқа дейін) уақыт жұмыс істейді. Тек қызмет ету мерзімі біткенде, бөлшектері тозғандықтан оларды жаңасымен алмастыру керек.
Гидравликалык цилиндр дегеніміз — ол гидравликалык двигатель, яғни сұйықтың потенциалдық энергиясын механикалык энергияға айналдыратын қондырғы. Оның құрылысы екі бүйірі бітелген цилиндрден, сол цилиндрдің ішінде жылжып жүретін поршеньнен және поршеньмен берік жалғаскан штоктан құралады. Цилиндріне үлкен қысыммен май келген кезде, поршень бетіне де қысым түсіріп, оны итереді, ал поршень өзімен бірге штокты козғалысқа келтіреді де, оның үшында бекітілген механизмді қозғайды. Гидравликалық цилиндрлер жұмыс тәртібіне қарай екі жақты немесе бір жақты цилиндрлер болып бөлінеді. Бір жақты цилиндрлерде кысым поршеньнің бір-ақ жағынан итереді, ал кері карай аспалы механизмдегі ауыл шаруашылығы машинасының салмағымен түседі. Екі жакты цилиндрлерде сұйық қысымы, бағыттауға байланысты, поршеньнің екі жағынан келе алады, яғни поршеньді екі жаққа бірдей сұйық кысымның әсерімен жылжытады.
Гидравликалық цилиндрлерді, олардың калыпты жұмысы үшін кажетті қосалкы қондырғылармен жабдықтайды. Оларға баяулаткыш және шектелгіш клапандар жатады. Баяулатқыш клапанның міндеті шток пен поршень қозғалысын баяулату болып табылады. Себебі, гидроцилиндрлер көбінесе аспалы механизм арқылы ауыл шаруашылығы машиналарын көтереді. Ол кезде поршеньге сырттан түсетін осы машинаның салмақ күшінің осерінен оның жылжуы босең болады. Ал машинаны кері карай төмен түсіргенде, поршеньді әрі қарай сұйық қысымы, әрі машинаның салмақ күші итереді де, машина жерге үлкен жылдамдықпен түсетіндіктен міндетті түрде ұрылып қалады. Осы жағдайды болдырмас үшін баяулатқыш клапан қойылады баяулатқыш клапан цилиндрдің көтеретін жағындағы каналға қойылады. Оның құрылысы жұлдызша тәрізді жасалған пластина. Цилиндрдің көтерілуі кезінде кысым сол жұлдызшаны астынан көтереді де, ол май жүрісіне кедергі жасамайды, ал түсіру кезінде, май кері жағынан келіп, оны тесікке жабыстырады. Енді май цилиндрдін кең тесігінен өтпей, клапанды жасалған тар тесік арқылы өтеді. Сөйтіп майдың ағуын тежейді.
Шектегіш клапан штоктың жүрісін шектейді. Ол үшін штокқа арнаулы тізгін кигізіледі және оны шток бойымен өр түрлі ұзындыкта бекітуге болады. Егер цилиндр штогын әрі карай түсірудің қажеті болмаса, онда сол орынға тізгінді бекітеді. Цилиндрдің түсіретін каналына осы клапан қойылған жоне оның өзекшесі сыртқа шығарылған. Өзекшені тізгін келіп итереді де, түсіретін каналды клапан аркылы жабады. Сөйтіп поршень әрі қарай жылжи алмайды.
Гидравликалық цилиндрлердің туғызатын күйі олардың ішкі диаметрінің мөлшеріне байланысты, яғни диаметрі көбейген сайын күші де артады. Сондықтанда цилиндр түрлерін белгілегенде, осы диаметрі көрсетіледі. Мысалы, Ц-75 деген цилиндрде алғашкы оріп Ц — цилиндр, ал содан кейінгі сан 75 — оның ішкі диаметр мөлшерін (мм) көрсетеді. Олар атқаратын жұмыс түріне қарай негізгі және қосалқы цилиндрлер болып болінеді. Себебі, негізгі цилиндр аспалы механизмде, ал косалқы цилиндр ауыл шаруашылығы машиналарында орналасады.
Гидравликалық жүйедегі негізгі қондырғының бірі май таратқыш болып саналады. Ол кабинаға жақын орнатылады да, оныц басқаратын түтқалары кабина ішінде болады.
Тараткыш қондырғының негізгі қызметі май ағынын қажетті бағытқа қарай жіберу болып табылады, яғни гидравликалық цилиндрлерді осы тараткыш аркылы басқарады. Мысалы, оларды көтеріп-түсіру үшін насостан келген май ағынын цилиндрге бағыттайды, ал басқа уақытта қайтадан ыдысқа жібереді.
Оның құрылысына корабы мен золотник жатады. Бұл екі бөлшек өзара жоғары дөлдікпен жасалып, бір-бірімен жанасып жұмыс істейді. Қорап пен золотникте жұмыс мақсатына карай сәйкес келетін тесіктер бар. Золотникті тиісті жағына жылжытқанда тесіктері сәйкес келген бағытта май жүреді. Сөйтіп, золотник май ағынын қажетті жақка қарай бағыттап отырады.
Тараткыш қондырғыда трактор түріне карай бірден үшке дейін золотниктері бар әр түрлі таратқыштар қолданылады. Әрбір золотникке автоматты түрде қайтарғыш қондырғы койылады. Сол қондырғы арқылы көтеру немесе түсіру жұмысы аяқталғаннан кейін золотник өз калпына қайтып оралады.
Гидравликапық аспалы жүйе:
а-көтеру; б-түсіру; в-бейтарап; г-қалқымалы; 1-насос; 2-бак; 3-таратқыш; 4-цилинлр.
Золотниктің қораппен салыстырғанда, төрт жағдайы бар, олар: “көтеру”, “түсіру”, “бейтарап” жоне “қалқымалы”.Осы жағдайларының барлығында да арнаулы бекіткіш қондырғының комегімен ұсталып тұрады. Осы жағдайларына байланысты гидравликалық цилиндрдің де қалпы өзгеріске үшырайды.
“Көтеру” (б.іа-сурет,) және “түсіру” (б) кезінде насостан шыққан май гидравликалық цилиндрдің көтеретін немесе түсіретін каналына беріледі, ал оған керісінше, каналы май ыдысымен жалғасады. Золотниктің “бейтарап” калпында (в) гидравликалык цилиндрдің көтеретін және түсіретін каналдары золотникпен бітеліп тұрады да, оның штогы ешбір бағытта жылжи алмайды. Бұл аспалы машинаны жол жүру қалпында ұстап тұрған кезде колданылады. Осы золотниктің “бейтарап” кезіңде насостар келген май таратқыш арқылы қайтып ыдыска құйылады.