Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 09:46, курсовая работа
Жұмыстың маңыздылығы қазіргі кездегі қолданылып жүрген білімді тестілеу жүйесі, алған білімнің нақты деңгейін бағалай алмағандықтан, келесі талаптарға сай, білімді тестілеу жүйесінің жаңа түрінде қажеттілік туындады:
• нәтижені нақты бағалау;
• пайдаланудағы қарапайымдылық;
• таңдаудан әлде шешуден қорғаныс.
Кіріспе 3
1. Есептің мақсатын анықтау 6
1.1 Тестілеудің сараптық жүйесін құрудағы негізгі түсініктер 11
1.2. Қазіргі кездегі тестілеу жүйесінің жағдайы және білімді тексеру 13
1.3.Табиғи тілдің семантикалық-бағытталған талдауының ерекшеліктері 18
2. Білімді тестілеудің сараптық жүйе жұмысының алгоритмі мен негізгі қағидалары 31
2.1. Білімді тестілеудің сараптық жүиесінің көмекші программасы 41
2.2. Тестілеудің сараптық жүйесінің функционалды - құндылықтық талдауы 48
3.Деректер құрылымы мен сараптық жүйенің модулі 60
3.1 Деректер базасын ұйымдастыру 61
3.2. Ішкі құрылымдар мен программалық модулдер 69
Қорытынды 72
Әдебиеттер тізімі
Жауапты талдау кезеңділігі.
Жоғарыда сараптық жүйенің жалпы қызметі қарастырылды. Осы бапта жауапты талдау үрдісін зерттейміз. Жауапты талдау үрдісі төменгі схемада көрсетілген.
Сурет 6. Жауапты талдау үрдісі
Әр түрлі сұрақтардың жауаптарын талдау үшін, жоғарыда атап өткен кезеңдердің төртеуін қолданамыз.
1 кезең
Бірінші кезеңде тест морфологиялық анализаторға беріледі, ол болса сөздіктен сөзді танып, жөндеп, әр сөздің толық грамматикалық талдауын шығарады. Егер бір сөз толық танылмаған болса, барлық нұсқалары шығарылады. Сөздікте жоқ сөздер морфологиялық анализатормен өңделмейді. Морфологиялық анализатор ретінде Зализняк (120 мың сөз) сөздігі негізінде құрылған freeware morph.exe анализаторы қолданылады. Морфологиялық талдау мысалы “ Бұл есеп BUILD эксперттік жүйесінде шешілді”
Бұл {бұл=A=жекеше түрі, жалпылау есімдік|беру=V=өткен шақ, етістік}
есеп{есеп=S,зат есім=жекеше түрі}
шешілді{шешілді=V=өткен шақ, жекеше түрі, етістік,}
сараптық{сараптық=A=жекеше түрі, сын есім|сараптық=A=}
жүйе{жүйе=S,зат есім, }
BUILD{BUILD}
Морфологиялық анализатордың шығару форматының ақпараты қосымшада.
2 кезең.
Осы кезеңде морфологиялық анализаторды шығару негізінде морфологиялық талданған сөздердің үлгі тізімі құрылады. Үлгіде талданған сөздің барлық нұсқалары морфологиялық анализатордан алынған қосымша мәліметтер болады. Осы тізім негізінде байланысы жоқ фреймдер желісі пайда болады, әр фреймге сөздің сәйкес үлгісі тіркелінеді.
3 және 4 кезең.
Бұл кезеңде жауаптың мәтінін табиғи тілдің синтаксистік анализаторына өткізеді, түсініктер арасында байланысты анықтау мен алғашқы кезеңде алынған фрейм желісін байланыстырады. Синтаксистік анализатор ретінде 130 мың сөзі бар freeware synth.exe қолданылады. Синтаксистік анализатор сөздікке кірмейтін сөздерді өңдейді. Синтаксистік анализатордың қорытындысы негізінде фрейм желісінен алынған түсініктерді бір-бірімен байланыстырады.
+-- есеп [зат есім,үшінші жақ,жекеше түрі.] +-- бұл [жалпылау есімдік] +-- шешілді [етістік, үшінші жақ, өткен шақ +--жүйе [зат есім, үшінші жақ, жекеше түрі] +--сараптық[ сын есім, үшінші жақ, жекеше түрі.]
5 кезең.
5 кезең негізгі кезең болып келеді. Бұл кезеңде таңылған сөздер байланысқан фрейм желісі түрінде пайдаланушының жауабы, пәндік аймағы сценариясымен енгізілген базалық желісі фрейммен салыстырылады. Сұрақтың негізгі түсінігін старттық фрейммен байланысуын салыстырады. Старттық фрейм басты түсінікті бейнелейді, мысалы “ сараптық жүйе”. Базалық желісінің фреймі сәйкес база желісінің фреймдерімен байланысады, түсінікті, әрекетті, сипаттамасын көрсетеді. Осы фреймнен бастап фрейм байланысының бұтағы арқылы екі желілер арасындағы бірдей түсініктер табылып, байланыстары тексеріледі. Базалық желіде табылмаған жауап желісінің түсінігі жеткілікті әлде қосымша түсінікті қажет етеді. Келесі кезеңде пайдаланушымен келтіретін түсініктер, жоғарғы этаптар негізінде жүргізіледі де, алынған фрейм желісі жүзеге асырылған жүйеге қосылады.
Осындай салыстыру нәтижесінде жауап сапасының көрсеткіші құрылады, жауаптағы барлық сөздердің дұрыс байланысқан сөздің базалық желісіндегі проценттік қатынасы. Егер тест түрі - реттеу тесті болса жауап нұсқалары базалық желісте ізделінеді, бастау фреймінен басталады және негізгі түсінікпен қатынасы талданады. Осындай шаралар арқылы нұсқалардың дұрыс тәртібі табылады.
Тест пен сұрақтың құрылымы 2.1 тарауда қарастырылады. Ал, фрейм желісін 3 тарауда зерттейміз. Сараптық жүйенің лог жұмысы кіргізілген деректермен қосымшада танысуға болады.
Сараптық жүйе келесі модулдерден тұрады:
Пайдаланушы ТТ бағыңыңқы жүйесінің анализі арқылы сараптық жүйемен қатынас орнатады, ал пайдаланушыға арналған ақпарат жауаптың бағыңыңқы жүйесінің анализінде жинақталып, жұмысты бақсарудың бағыңыңқы жүйесімен шығарылады. Пайдаланушы жүйеге арналған ақпаратты (сұраққа жауап), табиғи-тілдік мәтін түрінде, ешбір шектеусіз клавиатура арқылы енгізеді. Жүйемен жиналған ақпарат жалпы лог тестілеуінің дисплейінің экраныныда шығарылады. Бұл жүйеде білімді көрсету үшін фрейм мен семантикалық желілер қолданылынады.
2.1. Білімді тестілеудің сараптық жүйесінің көмекші программасы.
Сараптық жүйенің программалық кешені өз құрамына тестілеу прграммасымен қатар, білім жүйесіндегі фрейм желісін түзету программасы мен тестілердің сценариясын құру программасы кіргізеді.
2.1.1. Білім базасының фрейм желісінің редакторы.
Білім базасының желісі, фрейм желісінің редакторы нақты бір пәндік аймақты белгілеуге арналған және фрейм мен олардың өзара қатынастарын құру мен түзетуінің визуальды интерфейсі түрінде болып келеді Фрейм – табиғи тілдің нақты түсінігінің деректер құрылымын бейнелейді. Бұл түсінік “өрнек” фреймнің өрісін қамтиды. Фреймдердің әр түрлері бір-бірімен семантикалық байланыста болуы мүмкін.
Редактор бұрын құрылған семантикалық желістерді жүктейді, түзетілгенді сақтайды және бұрын құрылғандарды қосады. Қосқанда желістер бір-біріне толық тоғыстырылады: егер, қосылатын фреймдер түзету желісінде болмаса, онда бұл байланыс сәйкес фреймдерге қосылуы мүмкін. Қосылған фрейм қатысушы болады, егер “өрнек” өрісінде редакцияланған желістердің фреймдері секілді бір түсінікті білдірсе. Бұл жағдайда барлық “бұрыңғы” қатынастар сақталынып, қосылған желістен жаңалары енгізіледі.
2.1.2. Фреймнің семантикалық желісінің визуальды интерфейсінің редакторы.
7-суретте білім базасының интерфейс редакторы көрсетілген. Ағымды желістегі барлық фреймдердің тізімі сол бағанда орналасқан. Желістегі фрейм өз өрнегімен маркирацияланады. Желістен алып әлде қосып тастау тақтадағы батырма арқылы іске асырылады. Қосқанда пайдаланушы “өрнек” өрісіне жаңа түсінік енгізіп, фреймге нақты бір түрін береді. Фрейм түрлері келесі болуы мүмкін:
Фреймдерді жойғанда оның басқа фреймдермен байланысы да жойылады.
Ағымдағаы фрейм туралы ақпарат “Ағымдағы фрейм туралы ақпарат“ панелінде орналасқан, онда фреймнің өрнегі мен түрі көрсетілген. Оң бағанда “фрейм байланысы” ағымдағы фреймнің барлық қатынастары шығарылады, келесі түрде: “байланысы бар фрейм өрнегі, байланыс түрі сандық формада (0-4)”. Ағымдағы фреймді панельдегі бастырма арқылы басқа біреумен байланыстыруға да, жоюға да болады. Жаңа бір байланысты қосқанда, пайдаланушы, байланыс түрін, бағытын, оның салмағын, екінші фреймді, егер керек болған жағдайда “әрекет” фреймін енгізеді. Байланыс түрі жоғары атап өткендерден алынады, ал бағыт ағымдағы фрейм екінші фрейммен қандай қатынаста болатынын анықтайды: бағыңыңқы ма, әлде керісінше ме. Салмағы екі түсініктің байланыс күшін анықтайды, түсініктің деректермен артықшылығын анықтау үшін қолданылады.
Егер байланыс түрі “әрекет” болса, ол дегеніміз бірінші фреймнің түсінігі екіншімен қайсы-бір әрекет арқылы байланысып, үшінші фрейм арқылы “әрекеттің” анықталуы.
Жаңа байланысты қосқаннан соң, ол “фрейм байланысы” бағанында пайда болады, “байланыс туралы ақпарат” панелінде өзгертуге мүмкіндік алады.
Сурет 7.Фреймдердің семантикалық желісінің визуалды редакторы.
Түзету нәтижесінде алынған фреймнің семантикалық желісі кейін пайдалану үшін XML файл дискісінде сақталынады. Соның негізінде сценарияның редакторы мен мәтіні құрылып, тест жүргізіледі.
2.1.3. Тестілеудің сценарий редакторы.
Сценарийдің редакторында тестті құрайды, түзейді және келесі тестілеуді түзейді. Бұл программамен құрылған сценарий файлы семантикалық желісінің білім базасының файлдарымен бірге тестілеу программасына жүктеледі. Алғашқыда, сценарий жасау үшін сол сценарийға әлде-бір білім аймағының білім базасын белгілеу керек, сол аймақтың түсініктері негізінде тест құрылады.
Сценарий редакторы тесттің үш түрінде жұмыс істейді:
Егер сценарийда фрейм желісі болмаса, онда тек жабық тесттер құрылады, өйткені ондағы жауаптар тесттің өзінде көрсетіледі, деректер базасында ізделмейді. Басқа тесттер үшін фрейм желісінің білімдер базасы қажет болып келеді.
2.1.4 Тестілеу сценариясы редакторының визуальды интерфейсі.
Сценарий редакторының интерфейсі 8-суретте көрсетілген.
Сурет 8. Сценарий редакторының интерфейсі.
«Файл» менюсы арқылы желісті ашамыз, бұрын құрылған сценарийді ашу үшін, қысаң түрде әлде XML файл түрінде сақтаймыз. XML құжаты да қысаң түрдегі сценарий болып келеді, санкцияланбаған кірс болмас үшін, әрі сценарий мәтінін көру үшін, ол ішкі архиватор арқылы қысылады. Сценарийдің осындай файлы XML файл түріндегі сценарий сияқты тестілеудің программасына айқын болып келеді.
Желіс менюде «Желісті тағайындау» семантикалық желіс туралы ақпарат, фрейм желісінің редакторы сияқты экранның жоғарғы бөлігінде орналасқан. Фреймнің байланысы туралы ақпаратты фреймнің байланыс бағанында көруге болады.
Нәтижесі “Байланыс туралы ақпарат” терезесінде ашылады. Фреймнің желіс редакторы сияқты сценарий редакторында байланыс туралы ақпаратты өзгертуге болмайды.
Экранның төменгі бөлігінде сценарийда бар тесттердің бағанасы орналасқан. Тестті қосу әлде жою панельдегі батырмалар көмегімен, әлде менюдег “Тест” арқылы жүзеге асырылады.
“Ашық” және “Реттеуші” тест түрлерінде сол бағанда тест үшін білім базасынан бастаушы фрейм таңданып алынады, соған негізіделіп мәтіннің сұрақтары ассоциацияланады. Мәтіннен сұрақ түрі таңданып алынады, соған байланысты бастаушы түсініктен келесі түсініктермен байланысы анықталады да, білім базасынан жауапты іздеу бағытын белгілейді. Сұрақ үлгілері 9, 10, 11 суреттерінде келтірілген.
Сурет 9. Жабық түрдегі тест
Сурет 10. Ашық түрдегі тест
Сурет 11. Реттеуші тест
Тест үлгісі пайдаланушымен еркін сипатта өзгертіліп, жаңартылады. Үлгідегі қызмет өрісі:
Тест қосылғаннан кейін ол туралы ақпарат келесі редакциялауға қатынау рұқсатын алады. Керек емес тестерді жоюға да, кейінірек қайтадан қосуға да болады. Сценарий шектеусіз тестерден тұрады.
Тұжырым
Осы жұмыспен зерттелген сараптық жүйенің программалық кешені, өзіндік тестілеу программасымен қатар, фреймдер желісінің білім базасының редакциялау программасын және тестілеудің сценариясын құру программасынан тұрады. Бұл программалар пәндік саланың білімдер базасын редакциялау мен тестілеудің сценариясын құрудың визуалды құралы болып келеді.
2.2. Тестілеудің сараптық жүйесінің функционалды-құндылықтық талдауы.
Жүйе жұмысын тиімдету мен тездету үшін сараптық жүйенің функционалды тораптарын анықтап алу керек. Бұл мәселені шешу үшін функционалды-құндылықтық талдаудың құралдарын пайдаланамыз.
Функционалды-құндылықтық талдау (ФҚТ) дегеніміз – объектінің (өнім, үрдіс, құрылым) функциясының, жүзеге асыруда сапа мен шығындардың қолайлы қатынасына бағытталған жүйелік зерттеу әдіс. ҒЗТКЕ кезінде ФҚТ қолданылынады, басты мақсаты тиімсіз шешімдерді болдыртпай, алдын-алу. Нақты өнімнің пәндік түрі есепке алынбай, функциялар жиынтығы түрінде қарастырылады: яғни пайдаланушы қажеттілігі, іске қосу шығындарын азайту пайдаланушыға деген тигізетін маңыздылығына қарай, баға мен сапаға сай техникалық шешімдерді қабылдау. Әдіс жобалау, өндіру және өнімді қолдану кезеңдерін біріктіреді.
Өндіріс саласында ФҚТ-ң қолдану маңыздылығы – қажеті жоқ функциялар мен элементтерді жою арқылы, өнім бағасын қымбаттатпау, шығындарды төмендету. Сапаны төмендетпей, сол қалыпта қалуы керек.
ФҚТ негізгі қағидалары: функционалды және жүйелік тәсілдер, функцияның пайдалығы мен маңыздылығына қарай шығындар сәйкестік қағидасы.
Функцияның мағынасы
Функция әлдебір объектінің қасиеттерінің (іс-әрекет әлде қалып-күй түрінде)бір жүйлік қатынаста пайда болуын, сақтауын айтамыз. ФҚТ-ны жүргізгенде сыртқы және ішкі функциялардыда талдаймыз.
Информация о работе Деректер құрылымы мен сараптық жүйенің модулі