Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 09:46, курсовая работа
Жұмыстың маңыздылығы қазіргі кездегі қолданылып жүрген білімді тестілеу жүйесі, алған білімнің нақты деңгейін бағалай алмағандықтан, келесі талаптарға сай, білімді тестілеу жүйесінің жаңа түрінде қажеттілік туындады:
• нәтижені нақты бағалау;
• пайдаланудағы қарапайымдылық;
• таңдаудан әлде шешуден қорғаныс.
Кіріспе 3
1. Есептің мақсатын анықтау 6
1.1 Тестілеудің сараптық жүйесін құрудағы негізгі түсініктер 11
1.2. Қазіргі кездегі тестілеу жүйесінің жағдайы және білімді тексеру 13
1.3.Табиғи тілдің семантикалық-бағытталған талдауының ерекшеліктері 18
2. Білімді тестілеудің сараптық жүйе жұмысының алгоритмі мен негізгі қағидалары 31
2.1. Білімді тестілеудің сараптық жүиесінің көмекші программасы 41
2.2. Тестілеудің сараптық жүйесінің функционалды - құндылықтық талдауы 48
3.Деректер құрылымы мен сараптық жүйенің модулі 60
3.1 Деректер базасын ұйымдастыру 61
3.2. Ішкі құрылымдар мен программалық модулдер 69
Қорытынды 72
Әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Мазмұны 2
Кіріспе 3
1. Есептің мақсатын анықтау 6
1.1 Тестілеудің сараптық жүйесін құрудағы негізгі түсініктер 11
1.2. Қазіргі кездегі тестілеу жүйесінің жағдайы және білімді тексеру 13
1.3.Табиғи тілдің семантикалық-бағытталған талдауының ерекшеліктері 18
2. Білімді тестілеудің сараптық жүйе жұмысының алгоритмі мен негізгі қағидалары 31
2.1. Білімді тестілеудің сараптық жүиесінің көмекші программасы 41
2.2. Тестілеудің сараптық жүйесінің функционалды - құндылықтық талдауы 48
3.Деректер құрылымы мен сараптық жүйенің модулі 60
3.1 Деректер базасын ұйымдастыру 61
3.2. Ішкі құрылымдар мен программалық модулдер 69
Қорытынды 72
Әдебиеттер тізімі 73
Қосымшалар 74
Жұмыстың маңыздылығы қазіргі кездегі қолданылып жүрген білімді тестілеу жүйесі, алған білімнің нақты деңгейін бағалай алмағандықтан, келесі талаптарға сай, білімді тестілеу жүйесінің жаңа түрінде қажеттілік туындады:
Жұмыстың мақсаты осы кездегі қолданылып жүрген білімді тестілеу жүйелерді зерттеу және де жасанды зердені пайдаланып, табиғи тілмен диалог арқылы сараптық жүйесінің архитектурасы мен сараптық жүйенің зерттеу прототипін құру.
Ғылыми жаңалығы:
Тәжірибелік құндылығы.
Сараптық жүйенің ішкі архитектурасына сай фрейм желісімен, сценарийді құруға және өзгертуге тестілеу программасы құрылды.
Болашақта бұл сараптық жүйенің архитектурасын Tester және ИнтерТест жүйелерінде жүзеге асыру жоспарда болып тұр.
Зерттеулер жүргізілгеннен кейін, семантикалық анализ және бағыттаушы, көмекші сұрақтарды қою механизмі одан ары дамып, жаңаруы мүмкін.
Зерттеу әдістері.
Әдістер жасанды интеллект, семиотика, компьютерлік лингвистика, жүйелік талдау, функциональды-құндылықтық талдаулар жасау.
Жұмыстың апробациясы.
Келесі докладтардың тезистері пайдаланылды:
Бегалиева К.Б. «Совремнное состояние систем тестирования и проверки знаний» - Материалы международной научно-теоретической конференции «к 200-летию политэкономии», Алматы, Университет «Туран», ноябрь, 2004.
Бегалиева К.Б. «Особенности семантически-ориентированного анализа естественного языка» - Материалы международной научно-практической конференции «Валихановские чтения - 10», Кокшетау, 2005.
Бірінші тарауда тестілеудің сараптамалық жүйесінің табиғи тілмен диалогының прототипі мен архитектурасының құрылуы қарастырылады, білімді тестілеудің сараптамалық жүйе құрылымының негізгі түсініктеріне арналған. Және қазіргі кездегі білімді тестілеу жүйелердің жұмыстары сарапталған, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға берілген.
Екінші тарауда компьютердегі табиғи тілде ұсынылған ұсыныстардың ерекшеліктеріне және де пайдаланушымен өзара қатынасына арналған, табиғи тілдегі ұсыныстардың стратегиялық талдауы жүргізілді. Сонымен қатар білімді тестілеудің сараптамалық жүйе жұмысының негізгі қағидалары мен алгоритмдері қарастырылады.
Бұл тарау білімді тестілеудің сараптық жүйесінің көмекші программаларына арналған. Және тестілеудің эксперттік жүйесінің функциональды-құндылықтық талдауының прототипінің қолданылуы қарастырылады.
Үшінші тарауда фрейм желісінің құрылымы және пайдалынатын алгортимдер көрсетілеген.
Жұмысты 18 суреттемелер қамтиды.
1. Есептің мақсатын анықтау.
Соңғы кезде келесі терминдер кең тарала бастады: «жасанды зерде жүйесі», «зерде жүйесі», «білімге негізділетін жүйе». Бұл терминдер жаңа ақпараттық технология және жаңа ұрпақтық есептеу жүйесіне жатады. Осы саладағы еңбектер, идеялар дамушы елдердің информатика мен есептеуіш техниканы дамудың ұлттық жобаларында орын алған. Сонымен қатар бұл саланың дамуымен ғылыми, өндірістік және коммерциялық салалардың шарықтауының жаңа толқыны басталды.
Осы бағыттың әдеттегі өкілі сараптық жүйелер болып келеді. Сараптық жүйелер дегеніміз - адам-сарапшының бір саладағы сана, білім деңгейін көрсететін, компьютерлік программа. Сараптық жүйенің құрылымында келесі негізгі бағыныңқы жүйелерді атап өтейік:
Сараптық жүйенің жалпы құрылымы
келесі схемада көрсетілген:
Сурет 1. Сараптық жүйенің құрылымы
Бағыныңқы жүйелер әр жүйеде әр түрлі рөлге ие болып келеді және осыған орай бөлшектер мен қағидаларында айырмашылықтары байқалады. Ескеріп өтетін жайт, жоғарыда атап өткен бағыныңқы жүйелер арасында нақты белгіленген шекара жоқ, олардың бөлінуі шартты болып келеді.
Адам қызметінің, әр саласында сараптық жүйелер қолданылынады. Сол салалардың бірі болып, білім беру саласы болып келеді, нақтылау білімді тестілеуде эксперттік жүйесін пайдалану. Бұл программалық жүйелерде білім беру мен тестілеу, сарапшының білімі негізінде жүзеге асырылады.
Тестілеу жүйесі сараптық жүйесінің өте күрделі түрі болып келгендіктен, әр саланың білімін зерттеу тәсілдерін пайдалануын және білімнің әртүрлі қайнар көздерін өзара тиімді іс-қимылдардың ұжымдастыруын қажет етеді.
Жалпы тестілеу жүйесінің зерттемесінің негізгі мақсаттары:
Осы еңбекте тестілеу жүйесі нақты мысал түрінде қарастырылады — білімді тексерудің эксперттік жүйесі, үш программмадан тұратын пакет болып келеді, яғни білім базасының программасын құру және өзгерту, диалогтың сценарийсының программасын құру және редакциялау, тестілеуді ұйымдастыру программасы болып табылады.
Зерттелетін сараптық жүйесінің бастапқы негізінде білімді бақылау үрдісінің келесі моделі жатыр. Еңбектің сценариясы негізінде іс-әрекеттердің келесі тізбектілік белгіленді:
Осы модельге сай, қарастырылып жатқан білімді бақылау жүйесін өзара катынастағы үш бағыныңқы жүйелердің жиынтығы деуге болады:
Жауапты танудың бағыныңқы жүйесі дегеніміз пайдаланушының жауабын жүйе ішіндегі жауапта көрсетілуі.
Қатені анықтау бағыныңқы жүйесінің негізгі функциясы пайдаланушы өзі оқып жүрген пән саласындағы дұрыс емес деректерді, жауаптың эталонымен салыстырыла отырып анықталынады.
Білімді бақылау үрдісін басқарудың бағыныңқы жүйесі дегеніміз, толық сараптық жүйе жұмысын басқару жұмыс сценарийсы бойынша және де емтихан тапсырушының ағымды білім деңгейіне сай жүргізіледі.
Зерттелетін сараптық жүйенің құрылымында білімнің келесі негіздерін атап көрсетуге болады:
Пайдаланушымен өзара байланыс табиғи-тілдік интерфейс арқылы жүзеге асырылады. Сараптық жүйеде адам мен есептеуіш машина арасындағы өзара әрекет барысында табиғи тілдің пайдалануының себебі неде екенін қарастырайық. Осыған орай екі пікір бар. Біріншісі – иә, табиғи тіл керек, өйткені компьютерлер әкелген техникалық революция адамзаттың қоғамдық және шаруашылық өмірінің барлық жағын қамтиды, тек өзінің программистік саласымен шектелмей қоймайды.
Екінші көзқарас, біріншіге қарама-қайшы, адам және электрондық есептеуіш машина арасындағы қатынас симметриялық, яғни адамның өз тілі бар, ал компьютерлерде өзіндік. Адамның үйренуге, білімге деген қабілеті жоғары және шексіз, сондықтан машиналық тілді адамдарға үйрету, адам тілін машинаға үйретуден гөрі, жеңіл әрі тез.
Бірінші көзқарас жаңашыл, рационалды болып келеді, психологиялық жақты да ескереді. Нақтылай келесі мәселелерді ескереді.
1. Әрбір іс өзіне тән қабілетті, қасиетті қажет етеді, ал егер ондай қабілет болмаса іс тиімсіз болады. Есептеуіш техникада жақсы бағытталған маман болу үшін математикалық қабілет болу керек. Ондай қабілеті жоқ адамдарға, әдеби саласына жақын адамдарға есептеуіш жүйесінің кіру форматтарын үйрету мүмкін, бірақ бұндай білім “бөтен” болып, тез ұмытылып қалады. Егер ондай адамдарға көмектесіп, машинаға олардың кәсіби-табиғи тілдерін түсндірмесек, онда есептеуіш техникасын пайдаланып жүретін салалардан көптеген маңызды салалар түсіп, қолданылмай қалуы мүмкін, мысалы: медицина, дизайн, заңгерлік, әкімшілік, криминалистика, сәулет өнері, педагогика және т.б.
Адамның электрондық есептеуіш машинамен қатынасында табиғи-тілдің пайдалануында, табиғи-тілдің интерфейсінің келесі ерекшеліктерін ескеру қажет:
Осыдан шығатын нәтиже машинамен табиғи-тілдік қатынас орнатуда, сыртқы шектеулер мәтінді қалай құрастыру керек туралы, ешбір нұсқаулықтар болмауы керек.
Бірақ, осыған қармастан, адам-машина жүйесінің жұмысына табиғи тіл толығымен бірақ ене алады деуге болмайды. Адам, өзінің кәсіби саласында бола тұрып, өзін тематикалық сипаттағы шектулермен шектелініп алады.
Тұжырым
Осы еңбектің мақсаты қазіргі кезде қолданылып келетін білімді тестілеу жүйелерін және жасанды интеллектті пайдаланып, табиғи тілмен диалог арқылы сараптық жүйенің архитектурасын зерттеу, эксперттік жүйенің зерттеу прототипін құру болып табылады.
Дипломдық жұмыста үш негізгі мәселе қарастырылады:
Информация о работе Деректер құрылымы мен сараптық жүйенің модулі