Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 09:46, курсовая работа
Жұмыстың маңыздылығы қазіргі кездегі қолданылып жүрген білімді тестілеу жүйесі, алған білімнің нақты деңгейін бағалай алмағандықтан, келесі талаптарға сай, білімді тестілеу жүйесінің жаңа түрінде қажеттілік туындады:
• нәтижені нақты бағалау;
• пайдаланудағы қарапайымдылық;
• таңдаудан әлде шешуден қорғаныс.
Кіріспе 3
1. Есептің мақсатын анықтау 6
1.1 Тестілеудің сараптық жүйесін құрудағы негізгі түсініктер 11
1.2. Қазіргі кездегі тестілеу жүйесінің жағдайы және білімді тексеру 13
1.3.Табиғи тілдің семантикалық-бағытталған талдауының ерекшеліктері 18
2. Білімді тестілеудің сараптық жүйе жұмысының алгоритмі мен негізгі қағидалары 31
2.1. Білімді тестілеудің сараптық жүиесінің көмекші программасы 41
2.2. Тестілеудің сараптық жүйесінің функционалды - құндылықтық талдауы 48
3.Деректер құрылымы мен сараптық жүйенің модулі 60
3.1 Деректер базасын ұйымдастыру 61
3.2. Ішкі құрылымдар мен программалық модулдер 69
Қорытынды 72
Әдебиеттер тізімі
1.1. Тестілеудің
сараптық жүйесін құрудағы
Жүйенің білім алушымен интерактивтік өзара байланысы тест-кадр арқылы жүргізіледі, ол дегеніміз экранда мәтін әлде графикалық түрде бейнеленетін ақпарат. Тест-кадр екі түрде кездеседі:
Білім алушы мұқиятты түрде ақпараттық кадрды оқуы керек, өйткені онда берілген ақпарат келесі сұрақтардың дұрыс жауап беруіне мүмкіндігін туғызады. Сұраққа беретін жауапқа уақыт шектеулігі қойылуы мүмкін. Бұл сынаққа түсушінің бағасының нақтылығын жоғарлатып, абайсыздан табу мүмкіндігін төмендетеді. Тестік тапсырмаларды автордың өзі құрастырып, жүйеде төрт түрде берілуі мүмкін:
Бір мәтінге арналған тестерде, тестік тапсырмалардың әр түрлерін пайдаланады. Бірақ, тапсырмалар бірінен-бірі бөтен әлде “тіркескен” болуы мүмкін. “Тіркескен” тестілік тапсырма дегеніміз, сынаққа түсушіге берілген тапсырмалар қатар түрінде беріледі, келесі тапсырманың беру деңгейі, алғашқы тапсырмаға берген нәтижеге тәуелді болып келеді.
Жабық түрдегі тестік тапсырма ұсынылған кезде сұрақтарға балама жауап автоматты кездейсоқтық орын ауыстыруы мүмкін. Сынаққа түсушіден бір жауапты ғана таңдау талап етіледі. Егер сынаққа түсішуге ұсынылған тапсырмаға жауап дайын болмаса, онда ол бұл тестік тапсырманы өткізіп жіберуі мүмкін, кейін бұл тапсырма қайталанып келеді. Пайдаланушының білімінің нақты бағасын жоғарлатуында осындай жүйелерде жауаптардың нұсқалар саны көбейтіліп, мүмкін нұсқаларының бірнешесі ұсынылынады.
Мәтіндік өрісте білім алушы еркін түрдегі мәтіндік жауап енгізуі керек. Ашық түрдегі тапсырманың нұсқасын пайдалану, дұрыс жауапты таңдау мүмкіндігінің төмендігіне байланысты, білім деңгейі мен баға сапасы жоғарланады.
Сәйкестікке байланысты тестік тапсырма.
Сәйкестікке ұсынылған тапсырмалар, әрбір жаңа тапсырмада кездейсоқ орын ауыстыруы мүмкін. Білім алушының алдында тұратын мәселе тапсырманың бір топ нұсқасын екінші топ нұсқасымен сәйкестігін табу керектігі. Топтағы элементтер саны көп болуы мүмкін.
Дұрыс тізбектілікті табу тестік тапсырмалар
Білім алушының алдында тұратын мәселе сұрақта қойылған шарттарға сай тапсырма нұсқаларын дұрыс тәртіпте орналастыру керек. Ұсынылған тапсырманың мағыналы элементтері, әрбір жаңа тапсырмада кездейсоқ орын ауыстыруы мүмкін.
Тестілеудің нәтижесі
Тест аяқталғаннан соң пайдаланушыға оның нәтижесі ұсынылынады. Ол болса өз жағынан сол тақырып бойынша, жүйемен жұмысты аяқтауы мүмкін әлде басқа тақырып бойынша жұмысты жалғастыруы мүмкін. Тестілеудің нәтижесі, тестілеуші туралы мәліметтер және тесті өту туралы ақпарат, деректер базасында сақталынып, енгізіледі.
Тұжырым
Білімді тестілеу жүйелерінде негізгі түрлері бар, олар келесі: «жабық» түрі, “ашық” түрдегі тестер, “сәйкестік”тестер, “дұрыс тізбектілікті табу ”тестері.
1.2. Қазіргі кездегі тестілеу жүйесінің жағдайымен білімді тексеру
Білімді тестілеу жүйелерін пайдаланушымен өзара іс-әрекет түрлеріне және тестілеу программаларының ішкі білімінің әдістері деп бөлуге болады. Сонымен, білімді тестілеудің программасының негізгі түрлері: білімді тестілеуінің қарапайым жүйесі, шектелген табиғи тілдік білімді тестілеу жүйесі және табиғи тілге негізделген жасанды зердені қолдану арқылы білімді тестілеу жүйесі.
1.2.1 Қарапайым тестілеу жүйесі және білімді тексеру
Қарапайым білімді тестілеу жүйесі – пайдаланушыға ұсынылған сұрақтар тізбегі. Сұрақ қоюлуымен бір мезгілде, пайдаланушыға бір немесе бірнеше дұрыс жауаптар нұсқаларын таңдау ұсынылады.
Бұндай білімді тестілеу жүйесінің мысалы болып, белгілі www.brainbench.com болып келеді. Бұл жүйеде сұрақтар кездейсоқтық тәртіпте алынады да, тестің сұрақ саны шектеледі. Сұрақтардың жалпы саны, тесте қолданылынатын сұрақтардан көп болуы мүмкін. Бір уақытта пайдаланушыға жауаптың бірнеше нұсқалары ұсынылынады, арасында міндетті түрде дұрыс жауабы бар болады. Сұрақтар мен жауаптар әлдебір мәліметтер базасында сақталынады. Тест бірнеше бөлікке бөлінеді, әр бөлік жеке бағаланады. Сұраққа беретін жауапқа уақыт шектеулігі бар. Тест нәтижесі пайдаланушыға көрсетіледі.
Білімді тестілеуінің қарапайым жүйесін құру мен қолдануының жеңілдігіне орай кен таралған.
Тағы да бір мысал – PolyTest жүйесі. Үлгіқалыпқа сәйкес жауаптар жиынтығынан бір немесе бірнеше нақты жауаптардың таңдауына негізделінеді. Білім базасы мен тестілеудің сценариясы бір мәтіндік файлда орналасады. Файл тестін атауын, қойылатын сұрағы, қойылған сұрақ бойынша қарастырылатын әдебиетті және жауаптың дұрыс әлде дұрыс емес нұсқауларын қамтиды. Сұрау нәтижесі негізінде программа дұрыс емес жауаптарды көрсетіп, оқуды қажет ететін әдебиет тізімін келтіреді. Программа қолданылынып жүрген білім базасын түзетуге немесе жаңасын құру мүмкіндігіне ие. Топтың жалпы рейтингін құру арқылы топтық тестілеу жүргізу мүмкін.
Инструментальды жүйе "Білімді бақылау" білімді тестілеу жүйесін құруға арналған. Білім базасы дегеніміз жауаптың бірнеше нұскауы бар, сұрақтар кезектілігі. Сұрақтың басы мынадай жолдан басталады «#Тапсырманың басы (а)». Аяғы және дұрыс жауабы келесі жол түрінде көрсетіледі «#Тапсырманың соңы (4)», бұнда 4 саны – мүмкіндіктер арасындағы дұрыс жауаптың нөмірі. Прграмма кейбір айрықша белгілермен ерекшелінеді: оқытушы арнайы оқусыз тест құра алу мүмкіндігіне ие, құрылған тестердің сапалығын педагогикалық тұрғыдан бағалау (валидтік, сенімділігі, қиындық деңгейі). Тест дайындау кезінде және білімді бағалауда, келесі параметрлер кең қолданылынады:
«Оқыту» режимі қолданылынады, онда жауаптың бірнеше нұсқаларын енгізу мүмкіндігі бар, жауапқа кең түсініктеме беріледі.
Бұндай жүйенің кемістігі мүмкін дұрыс жауапты бірнеше рет енгізуі және де аз нұсқалар кезінде дұрыс жауапты таңдау мүмкіндігі жоғарлайды.
Тағы да бір мысал, «Internet жүйесіндегі білімді тестілеудің автоматты жүйесі”. Бұл жүйе дистанциялық білім беруде пайдалынады, нақтылай Internet арқылы білімді тестілеудің және оқу орны шеңберінде Internet арқылы тестілеуде де кең етек алуда. Тестілеу жүйесі келесі бағыныңқы жүйелерден тұрады:
Жүйе оқытушылар мен студенттер арасында ұзақ байланысты қамтамассыз етеді. Жүйе келесі инструменталды құралдардың пайдалануымен құрылған:
Жүйе пайдаланушыны 3 топқа бөледі, әрқайсысы тестілеу жүйесіне нақты қатынау құқықтармен кіреді:
Әкімшілер жүйенің жаңа пайдаланушыларын құра алады, олардың құқықтарын өзгерте алады және де оларды жүйеден жоя алады.
Оқытушылар:
Студенттер таңдап алған тақырып бойынша тестілеудің қатынау құқығына ие келесі режімдерде:
Тесте оқытушы әр тақырыпқа сай сұрақтар санын көрсетеді. Тақырып бойынша сұрақтар кездейсоқ тәртіпте таңдап алынады. Тесте баға тәртібі көрсетіледі.
Барлық сұрақтар тестілеу жүйесін құрудың негізгі түсініктеріне сай мынадай топтарға бөлінеді: ашық, жабық, сәйкестік.
Тест нәтижелерін көруге рұқсаты бар оқытушы көреді. Нәтижені көру бір ғана студентпен шектелмей, топқа да өтеді, тесттің уақыты мен интервалы көрсетіледі. Тест нәтижелері, тест біткен уақыты белгілеумен жазылады және браузер арқылы басылып шығады.
HTML-құжаттардың барлық түрі сұрақ бола алады. Түзету кезінде олар автоматты түрде пайдаланушының компьютерінен сервердің деректер базасына көшіріледі. Сұрақтар мен тестерді түзету (құру, жою, өзгерту) сырт көзге кәдімгі деректер базасының диалогы түрінде жүзеге асырылады.
1.2.2 Тестілеу жүйесі және табиғи тілде білімді тексеру
Табиғи тілді қолдану арқылы білімді тестілеу жүйесі кең таралмаған, оған себеп, табиғи тілді шектеп қолданғанның өзінде, жұмыстың қолайлы құралы болып жасанды зерде әдістері болып келеді.
Ондай жүйенің мысалы ретінде, табиғи тіл ЭСКИЗ арқылы диалог құру арқылы білімді бақылаудың эксперттік жүйесін келтіруге болады.
Білімді тексеру ЭСКИЗ жүйесі өзін-өзі тексеру режімде бір саладағы білімді тексеруді жүргізеді. Жүйемен қойылған сұрақтарда, табиғи тіл пайдалынады. Жүйе жауаптың дұрыстығы мен толықтығын орфографиялық және стилистикалық қателерге қарамай тексереді.
Тұжырым
Қазіргі кездегі тестілеу жүйелеріне талдау мен шолу жүргіздік.
Соңғы кезде дистанциялық тестілеуде жасанды зерде пен табиғи тілді пайдаланбайтын сараптық жүйелер басым. Табиғи тілді пайдаланатын білімді тестілеу жүйесін игеру қарапайым түрдегі жүйелердің жетіспеушіліктерін, нақты диалогтық құрылымындағы “ашық” тестілерді пайдаланудағы шектеулерді жоюшы еді.
1.3. Табиғи тілдің
семантикалық – бағытталған
1.3.1 Табиғи тілді талдау мәселесі.
Табиғи тілді талдауының екі тәсілін атап өтейік:
1. Психолингвистикалық тәсіл — табиғи - тілдік мәтіндердің толық түсінігін қамтамас ететін, адамның психологиялық механизмін модельдеу.
2. Утилитарлық тәсіл — табиғи тілде әртүрлі компьютерлік жүйелермен (лингвистикалық емес есептерді шешетін) өзара қатынасын қамтамас ететін,техникалық құралдарды құру.
Осы екі тәсілді нақтылай қарастырайық:
1. Біріншісінде моделді оргиналға максимальды ұқсастыруына бар күшін салады, шығындардың жоғарлығына қарамастан, адам зердесінің күрделі механизмін тану. Екіншісінде зерттеуден максимальды пайдалану тиімділігін қажет етеді, ал адам механизміне деңгейіне сәйкестігі екінші мәселе болып қалады.
2. Жұмыс барысында ойлау
тәсілі өте маңызды рөл
3. Утилитарлық тәсілде барлығы керісінше. Мәселе қандай тәсілмен шешілседе бәрібір, ең бастысы шешім экономикалық максимальды тиімді болуы керек.
Психолингвистикалық тәсілде шығу өнімнің моделінің қолайлы, нақты түсінігі жоқ, ал утилитарлық тәсілде ақырлы нәтижемен ешқандай қиындық жоқ, машина ол мағынаны түсіндеме бізге бәрібір, ең бастысы оған арналған команданы дұрыс түсінсе болғаны.
4. Психолингвистикалық және
утилитарлық тәсілдер
Утилитарлықта негізгі мақсаты лингвистикалық емес есептерді шешу, нақты бір кәсіби салада. Жүйеге қатынасы бар табиғи тілдің мәтіндері лингвистикалық қиын болғанның өзінде, оған бір саланың іскерлік тапсырмасының қайнар көзі болып келеді. Лингвистикалық щеңберде ақырғы нәтиже ол мәтіннен тапсырма бойынша деректерді шығару.
Психолингвистикалық және утилитарлық тәсілдер арасындағы айырмашылық сөздік мәтінде.
Психолингвистикалық тәсілде мәтін тіл туралы қайнар ретінде қолданылынады, мәтін құрғанда адам қандай ережелерді пайдаланады. Сонымен мәтінді талдаудың мақсаты адам қалай сөйлейтінін анықтау. Утилитарлық тәсілде мәтіннің рөлі басқаша. Бұнда мәтінді компьтерлік жүйе тапсырма туралы деректер көзқайнары деп қарастырамыз. Осыған орай мәтінді талдаудың мақсаты: адам қандай мақсатпен сөйлейді, қандай тапсырмамен машинамен қатынасын анықтау.
Информация о работе Деректер құрылымы мен сараптық жүйенің модулі