Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 18:37, дипломная работа
Еліміздің қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайы ақпараттық технологияны өмірдің әрбір саласында жаппай пайдаланумен сипатталады. Оқыту үрдісіне ақпараттық технологияны кең көлемде ендіру педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдердің арсеналының кеңейуіне алып келді. Сондай-ақ студенттердің танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артты.
КІРІСПЕ
І ОБЪЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІ
1.1 Delphi ортасы туралы жалпы түсінік..................................................................
1.2 Бас терезе.............................................................................................................
1.3 Бастапқы форма терезесі....................................................................................
1.4 Объектілер инспекторы терезесі.........................................................................
ІІ ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
1.1 Тілдің алфавиттері
1.2 Берілгендер және олардың тектері
1.3 Стандартты функциялар
1.4 Паскаль тілінің операторлары....................................................................................
ІІІ ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ БАСҚАРУ ОПЕРАТОРЛАРЫ
3.1 Паскаль оқулығын ұйымдастыру................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..........................................................................
ҚОСЫМША
Тармақталуы бар процестерді ұйымдастыру үшін шартты пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді басқарылады. Бұл оператордың толық түрі алгоритмдік тілдегі тармақталу командасына сәйкес келеді.
Жалпы түрде бұл оператордың форматы (жазылуы):
Мұндағы І және ІІ операторлардың өзі қарапайым немесе құрама оператор болуы мүмкін.
Егер if сөзінен кейінгі жазылған шарт сақталса (ақиқат болса), онда then (онда) сөзінен кейін жазылған операторлар сериясы орындалады, онда ІІ-серия оператор лары орындалмайды.
If сөзінен соң жазылатын
шартты жазу үшін Паскаль
Жалпы түрде шартты к1, к2 түрінде қарауға болады.
Мұнда “–“ -салыстыру белгілерінің бірі,
к1, к2-тұрақты айнымалы, тұрақты және айнымалы немесе өрнектер болуы мүмкін.
Бір мезгілде бір емес, бірнеше шартты, яғни құрама шартты жазу үшін логикалық амалдарды пайдалануға болады.
Кей жағдайда шартты операторды басқаша былай да жазады:
If логикалық өренек
then І-оператор
else ІІ-оператор
Бұл жазу операторлар бір жолға сыймай қалған жағдайда пайдылынылады.
Шартты операторда құрама команданы(операторды) пайдалануға болады:
If логикалық өрнек
Then
Begin
n-1-оператор;
n-оператор;
end.
else
Begin
I-оператор
II-оператор
. . . . .
n-1-оператор
n-оператор
end.
Сурет 1.Тармақталуы бар программаның блок-схемасы.
Мысал қарастырайық. Айталық екі сан берілсін. Егер бірінші санның абсолюттік шамасы екінші саннның абсолюттік шамасынан үлкен болса, онда 1-санды бес есе кішірейтіп, ал ол орындалмаса, оларды өз қалпында қалдыратын программа құрайық.
Шешуі:
(*-------------------------
! екі санды салыстыру !
-----------------------------*
Program b3;
Var x,y:real;
Begin
Readln(x,y);
If abs(x)>abs(y) then x:=x/5;
Write(x,y);
End.
Жоғарыда көрсетілгендей, егер І немесе ІІ серия бір емес бірнеше операторлардан тұрса, немесе операторлардан тұрса, онда ол операторлар операторлық жақша Begin End ішіне алынып жазылады. Яғни, Паскаль тілінде бірнеше қарапайым операторлардан бір құрама оператор құруға болады. Бұған мысал ретінде ax2+bx+c=0(a<>0) шешуге арналған программа құруды қарастырайық.
Квадрат теңдеудін түбірлерін табуға программа құрыңдар.
Шешуі:
Program b5
Var
a,b,c,х1,x2,d:real:
Begin
Writeln( a,b,с-);
Readln(a,b,c);
D:=sqr(b)-4*a*c;
If d<0 then begin
d:=0;
writeln(‘d:=’,d);
end
else
Begin
d:=sqrt(d);
a:=2*a;
x1:=(-b+d)/a;
x2:=(-b-d)/a;
write(x1,x2);
end
end;
Ескерту:
1.Бұл программада ТНЕN және ЕLSE-ден соң құрама операторларды пайдаланғандықтан, олар операторлық жақшаға Begin мен end арасына алынып жазылады.
2.Соңғы (ТНЕN мен ЕLSE -ден соң) екі оператор соңына ”;” қойылмайды.
2.2 Таңдау операторы
Берілген өрнектің мәніне тәуелді бір немесе бірнеше оператор орындалатын жағдайда таңдау оператор орындалатын жағдайда таңдау операторы пайдалынады. Таңдау операторы алгоритмдік тілдегі таңдау командасына ұқсағанымен бірге, аз өзгешелігі бар. Алгоритмдік тілде таңдау шарт бойынша орындалса, паскаль тілінде тұрақтылар бойынша іске асырылады.
Таңдау Case өрнек of case- Жағдай
Жағдай 1-шарт :1-серия 1-тұрақты:1-оператор of-солар төмендегілер
Жағдай 2-шарт: 2-серия
2-тұрақты:2-оператор ..............................
жағдай n–шарт:n-серия n-тұрақты : n-оператор
бітті.
Таңдау операторлары былай орындалады: өрнектің мәні берілген тұрақтының қайсысы тең болса, оның сәйкес операторлары орындалады да, басқару таңдау операторының соңындағы операторға беріледі.
Егер өрнектердің мәні тұрақтылардың ешқайсысымен тең болмаса, онда да, басқару таңдау операторынан соңғы операторға беріледі.
өрнектің мәні және тұрақтылар әрқашанда бүтін сан, тұрақты типі мен өрнек типі бірдей болу керек.
Мысалы:
case k+1 of
5:y:=sqr(x);
11:y:=sqr(x);
4:z:=y*(a-b;
7:write(a,b);
end.
Өрнек символдық та болуы мүмкін, онда тұрақтыларда символдық тип те болуы керек. Мысалы:
Өз сыныбыңыздағы достарыңыздың нөмірін енгізгенде аттарын анықтайтын программа құрайық.
PROGRAM ESIM;
VAR N:INTEGER;
BEGIN
WRITELN('Есім нөмірін енгіз');
READLN (N);
CASE N OF
1:WRITELN('ARMAN');
2:WRITELN('ASEL');
3:WRITELN('NYRJAN');
4:WRITELN('RAUSHAN');
5:WRITELN('DANA');
6:WRITELN('AIDAR');
7:WRITELN('AINUR')
END END.
2.3 Қайталау операторы
Көп жағдайларда аргументтердің әр түрлі мәндері бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымы бар алгоритмдер - қайталау операторлары пайдаланылады. Олар әр түрлі заңдылықтар негізіндегі ережелер бойынша құрастырылады.
Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалық цикл - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл - WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл — REPEAT.
Егер алдын ала циклдегі операторды (немесе құрама операторды) неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану (аяқталу) шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал ҒОR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
WHILE операторы
Алдын ала берілген шарт бойынша қайталауды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (оқылуы уаил, әзірше болып аударылады) және DO (оқылуы ду, орындау болып аударылады) түйінді сөздерінің көмегі арқылы орындалады.
Жазылу пішімі мынадай:
WHILE <қайталану шарты> DO <цикл тұлғасы>; мүндағы қайталану шарты — диаграммада көрсетілген логикалық өрнек, цикл тұлғасы — қайталанып орындалып отыратын қарапайым немесе құрама оператор. Цикл тұлғасы әрбір орындалар алдында қайталану шартының мәні есептеледі, егер ол ақиқат - true болса, цикл тұлғасы орындалады да, шарт қайта тексеріледі. Қайталану шарты жалған - false болса, циклді орындау доғарылып, whilе операторынан кейінгі жолдар атқарыла бастайды.
WHILE операторының жазылу пішімі мен орындалуын төмендегідей түрде де оңай бейнелеуге болады.
WHILE <шарт> DO
BEGIN
<1-оператор;>
<2-оператор;>
…
<n-оператор;>
END;
REPEAT операторы
REPEAT қайталау операторы WHILE операторына ұқсас, одан алғашқы айырмашылығы — қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі - цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады (while операторында керісінше болатын).
Бұл оператор REPEAT (оқылуы р и п и т, қайталау болып аударылады) және UNTIL (оқылуы антил, дейін, шейін болып аударылады) түйінді сөздерінің көмегі арқылы орындалады. Оператор repeat сөзінен тұратын оның тақырыбынан, цикл тұлғасынан және қайталау шартынан құрастырылады.
Операторлар REPEAT және UNTIL сөздерінің арасына орналасатындықтан, мұнда BEGIN және END сөздері жазылмайды.
REPEAT операторының циклі ішінде оның орындалу шартына әсер ететін кем дегенде бір оператор болуы тиіс, әйтпесе ол шексіз қайталана беруі мүмкін. Егер қайталау кезінде цикл ішінде көшу операторы болып, ол басқаруды цикл сыртындағы операторга берсе, онда циклдің орындалуы әрі қарай жалғаспайды.
Цикл тұлғасы болып келген оператор жай немесе құрама оператор бола береді.
Бұл операторды да WHILE операторын пайдаланған есептерде қолдануға болады, қай операторды пайдалану әркімнің өз еркіне байланысты шешіледі.
FOR операторы
Циклдегі операторларды қайталау саны алдын ала белгілі болған жағдайда FOR операторы қолданылады. Бұл операторды параметрлі цикл операторы деп те жиі айтады, өйткені қайталау саны функция аргументі (айнымалы) сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі. Параметр өзінің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін 6ipлік қадаммен өзгеру барысында циклге кіретін 6ip немесе бірнеше операторды қайталап орындау iciн атқарады. Оператор FOR сөзінен басталатын оның тақырыбынан және цикл тұлғасынан тұрады.
Оның жазылуы екі түрде болады:
for <айнымалы>:=<S1> to <S2> do <оператор>;
for <айнымалы>:=<S1> downto <S2> do <оператор>;
мұндағы S1 және S2 — цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for ... do — цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; <оператор> - цикл тұлғасы[5].
ҒОR - үшін, ТО — дейін, DО - орындау деген мағынаны беретін түйінді сөздер. Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда ТО немесе DOWNTO (DOWN -төмен, ТО — дейін, DOWNTO - кері қарай) түйінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1-ге тең болса, онда операторда ТО, ал қадам -1-ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сандар түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін типте болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнектер түрінде жазуға да болады.
Цикл тұлғасы (блок-схемадағы <операторлар>) жай немесе құрама оператор болуы мүмкін. FOR операторының жұмысы цикл параметрінің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейінгі аралықты бірлік қадаммен қайталап өтпей тоқталмайды[2].
Цикл тақырыбы:
- басқару айнымалысының (цикл параметрі) өзгеру диапазонын және цикл ішіндегі операторлардың қайталану санын;
- цикл параметрінің өзгеру бағытын (өсуі - tо, кемуі downto) анықтайды.
FOR операторы алғашқы рет орындаларда, S1 және S2 өрнектері есептеледі де, цикл параметріне S1 меншіктеледі, яғни <цикл параметрі>:=S1 операторы жүзеге асырылады.
Мұнан кейін цикл ішінде мыналар орындалады:
ҒОR операторының параметрі мәндеріне қарап отырып, оның қайталану санын былай білуге болады:
Оператор |
5, < 52 |
5,= 52 |
5, > 52 | |
FOR ... ТО ... FOR ... DOWNTO... |
S2+S1+1 рет орындалмайды |
1 рет 1 рет |
орындалмайды S2+S1+1 рет | |
Мысалдар: |
||||
Оператор |
Нәтижесі | |||
FOR i:=1 TO 6 DO FOR i:=6 DOWNTO 1 DO FOR c:=1’a’ TO ‘e’ DO FOR C:=’e’ DOWNTO ‘a’ DO |
WRITE (i:2) 1 2 3 4 5 6 WRITE (i:2) 6 5 4 3 2 1 WRITE (C:2) a b c d e WRITE (C:2) e d c b a |
Кесте 1.
Күрделі циклдер
Егер бip цикл тұлғасы ретінде (цикл ішінде) басқа циклдық құрылым тұрса, онда олар қабатталган циклдер деп аталады. Құрамына басқа цикл кіретін цикл сыртқы болып саналады да, сыртқы цикл тұлғасына кіретін цикл ішкі болып есептеледі. Көп есептерді шығару үшін 6ipiнің ішінде 6ipi жатқан осындай күрделі циклдерді пайдалануға тура келеді. Мұндай программаларда ішкі цикл толығымен сыртқы циклдің ішінде орналасуы қажет. Ішкі цикл құрамында басқа да ішкі циклдер болуы мүмкін [14].
Информация о работе Дельфи багдарламасында электронды окулык