Дельфи багдарламасында электронды окулык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 18:37, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайы ақпараттық технологияны өмірдің әрбір саласында жаппай пайдаланумен сипатталады. Оқыту үрдісіне ақпараттық технологияны кең көлемде ендіру педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдердің арсеналының кеңейуіне алып келді. Сондай-ақ студенттердің танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артты.

Содержание

КІРІСПЕ
І ОБЪЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІ
1.1 Delphi ортасы туралы жалпы түсінік..................................................................
1.2 Бас терезе.............................................................................................................
1.3 Бастапқы форма терезесі....................................................................................
1.4 Объектілер инспекторы терезесі.........................................................................
ІІ ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
1.1 Тілдің алфавиттері
1.2 Берілгендер және олардың тектері
1.3 Стандартты функциялар
1.4 Паскаль тілінің операторлары....................................................................................

ІІІ ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ БАСҚАРУ ОПЕРАТОРЛАРЫ
3.1 Паскаль оқулығын ұйымдастыру................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..........................................................................
ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

Diplom.doc

— 3.30 Мб (Скачать документ)

Enabled қасиеті компоненттің іске  қосылған (бұғатталғанын) косылмағанын (бұғатталмағанын) анықтайды, яғни сыртқы  құбылыс әсер етпейді. Мысалы, қолданушыға  жазба өрісінің мәнін Edit редакторының көмегімен өзгертуге тыйым салынған жағдайда компонент іске қосылмаған, яғни бұғатталған болуы қажет:

Edit1.Enabled:=False;

Font қасиеті визуалды компоненте  бейнеленетін мәтіннің шрифтін  анықтайды. Бұл қасиеттің көмегімен  шрифтің мына параметрлері анықталады:

    • Name – шрифт атын анықтайды, мысалы Arial немесе Times New Roman.Айта кететін жай шрифттің  Name қасиетінің компоненттің Name  қасиетімен байланысы жоқ;
  • Size – шрифт өлшемін пунктпен береді (пункт 1/72 дюймға тең);
  • Height – шрифт өлшемін пикселмен береді. Егер осы қасиеттің мәні оң сан болса, оған жоларалық интервал қосылады, әйтпесе интервал ескерілмейді.
  • Style – шрифттің стилін (жазылу түрін) береді және келесі мәндердің комбинациясын қабылдай алады:
        • fsItalic (көлбеу);
        • fsBold (қоюлатылған);
        • fsUnderline(асты сызылған);
        • fsStrikeOut(сызылып тасталған);
          • Color қасиеті мәтіннің түсін анықтайды.

Size және Height параметрлары бір-бірімен  өзара байланысты, олардың біреуінің  мәнін орнатқанда екіншісінің  мәні автоматты түрде өзгереді.

Компонент түсін беру мысалы:

Edit1.Font.Color:=ClGreen;

Edit1.Color:=ClBlue;

Бұл жерде  Edit1 редакторы үшін мәтіннің жасыл түсі және фонның көк түсі орнатылады.

Height және Width қасиеттері компоненттің  тік және көлденең өлшемдерін  пикселмен көрсетеді.

Left  және Top касиеттері  компоненттің өзі өрналасқан контейнерге қатысты сол жақ  жоғарғы бұрышының координаталарын анықтайды.

HelpContext қасиеті анықтамалық жүйедегі  контекстің бөлім нөмірін береді. Егер программаны орындау барысында компонент енгізу фокусында болса, онда <Ғ1> батырмасын басқанда экранға осы компонентке байланысты контекстік анықтама шығады.

Меню дизайнері. Менюді жасауға, шаблондар түріндегілерді сақтауға және кейін оларды кез-келген қосымшада пайдалануға болады.

Сарапшылар. Бұл сізге қосымшаларды оңай жобалау мен икемделуін қамтамасыз ететін құрал программасының тобы. Ұйымдастырылған сарапшыларды өз бетінше қосуға мүмкіндік бар. Потенциалды түрде бұл арнайы программаға жазылған Case – құралдарымен Delphi-ді кеңейте алатын үшінші фирмалардың мүмкіндігі. Оның құрамы мынадай:

    • Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін форма сарапшысы.
    • Қосымшалардың ұстаным мен шаблондар сарапшысы.
    • Форма шаблонын сарапшысы.

RAD Pack  құрамына Delphi фирмасындағы  Borland Pascal 7.0 жасалған ресурстарды  қайта құратын сарапшы енеді. Қазіргі уақытта  DLL құрылысын  жеңілдететін және тіпті өзінің сарапшыларын жасайтын сарапшыларда болды.

Интерфейсті оқу жүйесі. Delphi-ді кеңірек игеруге мүмкіндік береді. Ол тек көмекші жүйе ғана емес, сондай-ақ ол Delphi-дің мүмкіндіктерін ұйымдастырушының өз ортасында көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ

    1. Тілдің алфавиттері

 

Кез келген тілдің алфавиті бар болатын сияқты Паскаль тілінің де өзіне тән алфавиті бар.

Әр түрлі текісті құру үшін пайдаланылатын қарапайым белгілерді тілдің символдары дейді.

Сондай символдардың жиынтығын тілдің алфавиті дейді.

Паскаль тілінің алфавиті төмендегі символдар тобына қамтиды:

  1. латынның 26 баспа және жазба әріптері:

 А,В,С,D,…,V,W,X,Y,Z,a,b,c,…,y,z;

  1. араб цифорлары:0,1,2,...,8,9;
  2. ұлттық әріптер (қазақ,орыс және т.б., тек түсініктеме жазу үшін апостров ішіне алып жазылады):А, Б, В,...,Э, Ю, Я, а, б,...,я;
  3. арифметикалық және логикалық амал белгілері: + (қосу),- (алу),* (көбейту), /бөлу, div (бүтін санды бүтін санға бөлгенде бүтін бөлінеді), mod (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бүтін қалдық ), and (және ), or (немесе),  not (жоқ);
  4. арнайы символдар:

= , . , <> , : , ; , < , > , ‘ , ( , ) , [ , ] ,  _ бос орын және т.б. Әрбір  символдың  өзінің реттік  нөміріне сәйкес саны (коды) болады, олар мемлекеттік  стандарт түрінде  бекітіледі.

Тілдің алфавитін көп жағдайларда тілде пайдаланатын символдар деп те атайды. Тілдің жеке символдары  арқылы тілдің белгілі мағнаны білдіретін сөздері мен  сөйлемдері  құрастырылады. Текістегі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұру үшін бос орын (-пробел) немесе әртүрлі бөлгіш белгілері (жақша, қос нүкте,және т.с.с.) пайдаланылады. Бір сөзден екінші сөзді ажырату үшін бір немесе бірнеше бос орын қалдыруға болады.

         Орындайтын міндеттеріне байланысты, сөздерді: қызмет сөздері, атаулар және тұрақтылар деп бөледі [1].

 Қызмет сөздері. Мағнасы алдын  ала анықталып қойылған, Паскаль  тілінде пайдаланылатын сөздер  тобын Паскаль тілінің қызмет сөздері дейді. Мысалы, PROGRAM, VAR, BEGIN, END және тағы басқалар.

Атау (интификатор). Атау бір обектіні белгілеуге арналады. Паскаль  тілінде атауды стандартты атаулар және пайдаланушылар атаулары деп бөлінеді.

       Стандартты атаулар – стандартты стандартты обектілерді (стандартты функциялар,стандартты программалар және т.с.с.) белгілеуге арналады. Мысалы, енгізу – READ, шығару - WRITE, (INPUT, OUTPUT) және т.с.с.

       Пайдаланушылар  атаулары ретінде әріптен басталатын кез келген әріптер  мен цифорлар тізбегі, сөздер тіпті сөйлемдер алынады. Пайдаланушылар атаулары үшін стандартты атаулар пайдалануға болмайды. Егер атаулар біреу немесе бірнеше сөзден құралса, онда олар бірге жазылуы қажет, мысалы, kesuzhyldamdygy, мұнда атау екі сөзден құралған: kesu  zhyldamdygy.

Бұлардың бірге жазылған себебі - бос орын, сызықша, қос нүкте және т.б. әріпке де, цифрға да жатпайды, сондықтан оларды атау ішіне енгізуге болмайды. Атау бірнеше сөзден тұрса, олардың арасына төменгі сызықты пайдалануға болады. Мысалы, MODUL_IUNGA және т.с.с.

        Берілгендердің элементтері. Паскаль тілінде берілгендердің  элементтеріне тұрақтылар және айнымалылар жатады.

       Паскаль тілінде тұрақтылар  деп алдын ала мәні берілетін, программа орындалуы  барысында  мәндерін  өзгертпейтін шамаларды айтады. Ал программа орындалуы барысында  мәндері өзгеріп отыратын шамаларды айнымалы шамалар дейді.

      Түсініктеме. Программаға, оның бөліктеріне  немесе жеке  операторларға түсінік беру үшін түсінік пайдаланылады. Паскаль тілінде түсініктеме “(* “және“ )”  ішіне алып жазылады. Мысалы, (*квадрат теңдеуді шешу*)[1].

Арифметикалық амалдар және өрнектер

Паскаль тілінде төмендегі арифметикалық амал белгілері  пайдаланады:

+   - қосу амалы.

-     - алу (азайту) амалы.

*    - көбейту амалы.

/     - бөлу амалы.

DIV       - бүтін амалы.

MOD     - бүтін бөлгендегі бүтін қалдық.

           Арифметикалық  амал белгілері және жақшалар арқылы жалғастырылған атауларды, сандарды  және функциаларды өрнектер дейді. Мысалы, (5+7*2):1,9 және т.с.с.Паскаль тілінде арифметикалық өрнектердің мәндері есептелгенде  кәдімгі математикадағыдай, амалдар өз орындалу  тәртібі бойынша, яғни: көбейту, бөлу, бүтін бөлу, бүтін қалдық алу, қосу, азайту тәртібімен  амалдың жазылу реті бойынша орындалады.Егер өрнекте жақшалар  пайдаланса, онда алдымен жағарыда тәртіп бойынша  жақша ішіндегі өрнектің мәні табылады.

 

1.2 Берілгендер және олардың тектері

 

       Паскаль тілінде тұрақтылар, айнымалылар, функциялар, өрнектер пайдаланылады.

       Берілгендердің тектері: қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді.

       Қарапайымға стандартты және айнымалы тектер жатады.

       Стандартты тектер: INTEGER (бүтін),REAL (нақты), BOOLEAN (логикалық), CHAR (символдық).

       Айнымалы тектерді ЭЕМ-ді  пайдаланушылар өздері анықтайды. Оларға шектелген және көрсетілген  тектер жатады.

       Әр түрлі  қарапайым  типтердің комбинацияларынан құралған құрлымды типтер күрделі  типтерді береді (мысалы, массивтер, жиындар, жазулар және файлдартиптері).

       Бүтін тұрақтылылар - кез-келген нүктесіз жазылған бүтін сан. Олар теріс “-” немесе  “+” таңбалы болуы мүмкін, мысалы, 14,-356,0,4590. Диапозны: -32768-ден 32767-ге дейін (микро ЭЕМ-дерде). Тегі бүтін болатын айнымалыныкөрсету үшін INTEGER  қызмет сөзі пайдаланады Айнымалыларды белгілеу үшін  оларға атау береді. Бүтін сандарға мына амалдар қолданады: +,-,*, DIV (бүтін бөлу:5 DIV 2 нәтиже 2), МОD (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бүтін қалдық), мысалы, 5 МОD 2, нәтиже І. МОD арқылы санның  тақ немесе жұп екенін анықтауға, Х саны Y-ке  қалдықсыз бөліне ме деген сұрауға жауап беруге болады [2].

Мысалы:

      Х  МОD 2-егер нәтиже  0 болса, онда Х жұп, яғни Х саны 2-ге қалдықсыз бөлінеді.

      Х МОD Y- нәиже 0 болса , онда Х, Y-ке қалдықсыз бөлінеді. Бүтін шамалардың  бейнелену түрі былай жазылады:

     атау,атау,…,атау : INTEGER;

     ЭЕМ жиынында бүтін  айнымалы 2 байт орын алады. Көп  жағдайларда  бүтін текті INTEGER орынна byte  сөзін пайдалануға болады, мұнда  айнымалы диапозоны 0 мен 255 аралығында жатады. Мұндай текті айнымалыны  компьютер жадында 1 байт орын алады.

       Бейнелеу түрі: атау, атау,… : byte.

   Нақты тұрақты

 Паскаль тілінде нақты тұрақтылылар  екі түрде жазылады:

  • сандардың үтірлері өзгермейтін түрі -  m, мысалы, 25.3 ,5.0,-16.25, т.с.с.;
  • сандардың үтірлері өзгеретін түрде жазылуы mЕ  Р, мұндағы m-шартты мантисса (сан), Р-10-ның дәреже көрсеткіші (бүтін сан).

                 Мысалдар.

                 Математикада берілуі               Паскаль тілінде жазылуы

                   4*103                                                       4Е 3

                   0,62*104                                                  0.62Е +4

                   -10,15*1012                                             -10.15Е+12

Нақты айнымалы

 Нақты мәнді қабылдайтын айнымалыны бейнелеу үшін   REAL қызмет сөзі  пайдаланады.

Бүтін және нақты  тектерді арифметикалық тек дейді. Нақты тектегі шамаларға div және mod  амалдарынан басқа барлық арифметикалық  амалдарды орындауа болады.

Нақты сандарды диапазоны –1Е38-ден 1Е38-ге дейін. Мантиссасын  11 мәнді цифорға дейін алуға болады. Нақты сандардың бейнелеу түрі: атау, атау,…,атау: real. Нақты айнымалылардың мәндерін   ЭЕМ жадында орналастыру үшін 6 байт орын қажет [3].

          Логикалық айнымалы

            Логикалық айнымалы (BOOLEAN) –TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған)  мәндерінің бірін қабылдайды.

            Логикалық берілгендер шартты  тексеруге жиі пайдаланылады, логикалық шарттарды  жазу үшін <, <= , = , <> (тең емес) , > белгілері пайдаланылады.Мысалы,  5>3 нәтиже  –TRUE; 5=3-нәтиже FALSE.

             Логикалық  шамаларға  мына амалдарды  қолдануға болады:

OR     -логикалық қосу (или- немесе);

AND  -логикалық көбейту (и-және);

NOT  -жоққа шығару (не-жоқ). Логикалық текті шамалар былай бейнеленеді: атау,атау,…,атау,boolean;

Мұнда айнымалы мәніне ЭЕМ жадынжа 1 байт орын беріледі.

         Символдық тектер

          Символдық тұрақтылылар екі апостраф  ішіне алынып жазылады.Мысалы, ‘A ‘, ‘ +‘, ‘9 ‘,  қосынды  s= ‘ , ‘ x= ‘ және т.с.с.

           Символдық айнымалылар

           Символдық айнымалылардың тегін көрсету үшін Паскаль тілінде CHAR қызмет  сөзі пайдаланады. Символдық шамалар былай бейнеленеді: атау, атау,...,атау: char;

 

1.3 Стандартты функциялар

 

      Паскаль тілінде мектеп математикасында пайдаланылатын негізгі элементтер  функциялар пайдаланылады, оларды стандартты функциялар  деп атайды. Стандартты функциялар математикада қалай аталса, Паскаль тілінде де солай аталады және жазылады. Бірақ кейбір функциялар  математикада жазылғанда  екі жол алып тұрады, мысалы , ех  , және т.с.с. Ал алгоритмдік  тіл сызықты  түрде жазылатын  болғандықтан, олардың латын тіліндегі  атауы бір жолға  мүмкіндігінше  қысқартып жазылады [4].

          Паскаль тілінде  стандартты функциялардың  мәндері  автоматты түрде есептеледі. Олардың мәнін есептеу үшін функцияны дұрыс жазса болғаны.

       Стандартты функцияларды жазу ережелері төмендегідей:

    1. Функция аты латын әріпімен жазылады.
    2. Функция атауы (аты) 6 әріптен аспауы қажет.
    3. Функция  аргументі функция атауынан соң дөңгелек жақшалар ішіне алынып жазылады.
    4. Функция  аргументі тұрақты, айнымалы текті  арифметикалық өрнек түрінде  берілуі де мүмкін.
    5. Тригонаметриялық  функцияларда аргумент мәні  радиан өлшемінен  берілуі қажет.

Информация о работе Дельфи багдарламасында электронды окулык