Дельфи багдарламасында электронды окулык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 18:37, дипломная работа

Краткое описание

Еліміздің қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайы ақпараттық технологияны өмірдің әрбір саласында жаппай пайдаланумен сипатталады. Оқыту үрдісіне ақпараттық технологияны кең көлемде ендіру педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдердің арсеналының кеңейуіне алып келді. Сондай-ақ студенттердің танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артты.

Содержание

КІРІСПЕ
І ОБЪЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІ
1.1 Delphi ортасы туралы жалпы түсінік..................................................................
1.2 Бас терезе.............................................................................................................
1.3 Бастапқы форма терезесі....................................................................................
1.4 Объектілер инспекторы терезесі.........................................................................
ІІ ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
1.1 Тілдің алфавиттері
1.2 Берілгендер және олардың тектері
1.3 Стандартты функциялар
1.4 Паскаль тілінің операторлары....................................................................................

ІІІ ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ БАСҚАРУ ОПЕРАТОРЛАРЫ
3.1 Паскаль оқулығын ұйымдастыру................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..........................................................................
ҚОСЫМША

Прикрепленные файлы: 1 файл

Diplom.doc

— 3.30 Мб (Скачать документ)

        Егер    бұрышының мәні градус өлшемінен берілсе, онда оны алдын ала =   формуласын пайдаланып  радиан өлшеміне  аударып, содан соң  тригонаметриялық  функциялардың  мәндері есептеледі. Стандартты функциялардың  аргументінің, өзінің тектері және толық  тізімі 3- қосымшада көрсетілген. Олардың көп пайдаланылатындары мыналар:

SIN (X)-sin x мәнін есептеу;

COS (X)-cos x мәнін есептеу;

TAN (X)-tg x мәнін есептеу;

ARCTAN (X)-arctg x мәнін есептеу;

ABS (X)-x-тің абсалюттік шамасы –[х];

SQR (X)-x2  -ті есептеу (немесе x*x);

SQRT (X)-x-тің  квадрат  түбірін ( есептеу);

EXP (X) -ex мәнін есептеу;

EXP 10 (X) –10x  -сін есептеу;

LN (X)- ln x мәнін есептеу;

LOG (X)-lg x мәнін есептеу;

TRUNC (X)-x-тің бүтін бөлігін табу;

ROUND (X)]-x-тің  мәнін дөңгелектеу;

ODD (X)-х-тақ болса, мәні ақиқат,

               -х –жұп болса, мәні жалған;

ORD (X)-х- символының рет нөмерін (кодын) береді,

мысалы, ord (‘ r ‘)=82;

ORD (‘ 0 ')=240, ORD (' 9 ')=249;

CHR (X)-x реттік нөмірі бойынша  сәйкес символды береді.

мысалы, chr  (68)= 'D';

PRED (X)-x-тің алдындағы  символды  береді,

мысалы, PRED (' N ')= 'M';

SUCC (X)-x-тен соң  келетін символды береді,

мысалы, SUCC (' S ')= ' S '7

Паскаль тілінде дөңгелектеуге арналған екі функция бар, олар TRUNC (Х) (TRUNC- ағылшынның TRUNCATE- қыю, қысқарту деген сөзден қысқартылып алынған) және ROUND (X) (ROUND-дөңгелек).

TRUNC (X) -функциясы х-тің "бөлшексіз " цифорын береді, мысалы, TRUNC (3.14)=3, TRUNC (-3.14)=-3, TRUNC(3)=3 және т.с.с.

ROUND (X) функциясы х-ті дөңгелету  ережесі бойынша дөңгелектейді, яғни:

     ROUND (X) = TRUNC (Х+0.5),            X>0;  

                                TRUNC (Х-0.5),             X<0.

Мысалы, ROUND (3.14)=3, ROUND (3.7)=4, ROUND (7)=7,

ROUND (-3.14)=--3 және т.с.с. Бұл екі  функцияның мәндері әрқашан бүтін  текті  сан болады.

  Егер  функцияның аргументі  тұрақты болса, онда  функцияның мәні  бірден анықталады; егер функцияның гументі айнымалы болса, онда функцияның орындалу  алдында  аргумент нақтылы  және қабылдауы қажет; егер  функцияның аргументі  өрнек болса, онда алдымен өрнектің мәні есептеледі де одан соң  сол мәні бойынша  функцияның мәні табылады.

1.4 Паскаль тілінің операторлары

 

Програмаларға енетін нұсқауларды Паскаль тілінде операторлар дейді.

Паскаль тілінің операторларын қарапайым және күрделі оареаторлар деп екіге бөледі.

Қарапайым операторлардың құрамына басқа оператор енбейді. Ал күрделі операторлардың ішіне бірнеше қарапайым операторлар еніп тұруы мүмкін.

Паскаль тілінде қарапайым операторларға: меншіктеу, көшіру, бос, енгізу және шығару операторлары жатады.

Күрделі операторларға: шартты көшіру, қайталау, таңдау, жалғастыру және т.б. операторлар жатады. Бұл операторлар тұтас бір оператор қызметін атқарады. Программада операторлар орналасқан реті бойынша орындалады.

Меншіктеу операторы.

Меншіктеу операторлары  барлық тілдерде пайдаланатын негізгі оператор болып табылады. “Мән меншікте” деген бұйрықты орындайтын операторды  меншіктеу операторы дейді.

Меншіктеу операторының жалпы жазылу түрі төмендегідей: W:=E.

 Мұнда W-айнымалының атауы,” :=”  меншіктеу белгісі, Е-арифметикалық өрнек.

Бұл оператор екі міндет атқарады:

1.айнымалылардың белгілі мәндері  бойынша Е-арифметикалық өрнегінің  мәнін есептейді.

2.есептелген мән W атауына меншіктеледі,яғни  мән W-ге сәйкес зерде ұяшығына  орналасады. Мұнда әдеттегі теңдік “=” белгісімен меншіктеу “:=” белгісімен шатастырмау қажет.Олар тек түр жағынан ғана емес,мағынасы жағынан да өзгеше. мысалы, х=5 өрнегі х-тің мәні 5-ке тең дегенді білдіреді де, х=х+5 өрнегі дұрыс мағына бермейді. Ал х:=5 өрнегі х нөмірі бар ұяшыққа 5 санын саламыз дегенді білдіреді. Ендеше х:=х+5 өрнегі дұрыс, өйткені бұл бұрынғы х ұяшығындағы тұрған санға 5 санын қосып х жәшігіне орналастыр дегенді білдіреді.

Мысалы:

С:=19.36;

М:=’завод’;

Т:=sqrt(sqr(x)+1);

Y1:=3.5+sin(x);

Меншіктеу операторы тек арифметикалық өрнектер үшін  ғана емес, логикалық және символдық берілгендер үшін де пайдаланылады. Мысалы, K:=A AND B, егер мұнда А-ақиқат, В-жалған болса, онда К жалған мән қабылдайды, К-ақиқат мән қабылдауы үшін А және В ақиқат болуы тиіс.

Символдық мән әрқашанда апостроф “ ’ ” ішіне алынып жазылады.Мысалы:В:= ’Т ’;В5:= ’ 9’;

Меншіктеу операторын пайдаланғанда айнымалы атауының типі мен қабылдайтын мәнінің типі мен қабылдайтын мәнінің типі бірдей болуы қажет.  Мысалы, егер Var М:real; болып оператор былай М:= ’9’; жазылса, онда ол дұрыс болмайды, себебі М-нің нақты, ал мән символдық. Сол сияқты төмендегі оператор да дұрыс жазылмаған

Var A,B,C,D:real;

.  . .   .  .  .  .  . . . .  . .

A:=(B<C)And (D>C);

. . . . . . . . . . . . . .  . .  ..;

Себебі мұнда оң жағындағы өрнек логикалық типте,ал  айнымалы нақты типте.

  Жаттығулар.

1.А және В-ның берілген мәндері  бойынша х мәнін анықтаңдар:

а)A:=1.0;

B:=2.4*A;

x:=(A+B)/A*B-A;

b)A:=4;

B:=2;

x:=A/B mod B;

c)A:=5;

B:=2;

S x:=(B+25)*(B-1);

2.Төмендегі операторларда жіберілген  қатені табыңдар:

a)x=k+2;

b)x :=3.74*A;

c)3*k:=M;

d)-W:=A+B;

e)x:=a/-b;

f)p:=2.5 mod 2;

g)x:=sin x+ cos x;

3.Төмендегі өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдар:

у тен түбір асты х-тің квадраты қосу бір минус тубір асты 5х минус бір осының 6х ке қатынасы [6].

Бос операторлар

Бос операторлар ешқандай да амал орындамайды.Бос операторлар қалдырып кеткен оператордың орнын белгілеу үшін пайдалынылады.Әдетте бос операторлар орнына нүктелі үтір «;» қойылады.Мысалы:

С:=0;

Х:=7;

с: =19,36;

Мұнда үшінші оператр бос оператор.

Сандық белгілерді енгізу операторлары

Берілген  мәндерді айнымалыға   жазу үшін меншіктеу операторын пайдалануға болады. Мысалы: С:=0; Х:=7; т.с.с.

Бірақ бұл жағдайларда программа әмбебаб етіп жасау үшін айнымалылардың мәндері өзгеретін түрде жасау қажет, бұл жағдайда программа  айнымалының әр түрлі мәндері үшін дұрыс болады. Ол үшін енгізу операторы  read      (read     -ағылшынша оқу дегенді білдіреді) пайдылынады.

  Енгізу операторының жалпы  түрі төмендегідей:


 

 

Мұндағы а1,а2,а3-айнымалы аталары, оларды енгізу операторының параметрлері деп атайды. Read  операторы орындалғанда параметрлер өздеріне сәйкес мәндерді қабылдайды, бұл міндет енгізу файлы Input  орқалы жүзеге асырылады. Параметрлер жаңа мән қабылдағанда олардан бұрын орналасқан көне мән өшіріліп, орнына жаңа мәндер жазылып, програма параметдің жаңа мәні боынша жұмыс атқарады[7].

Оператор read ерікті сандағы парамертлер арқыла жұмыс атқара алады.

Параметлердің сандық мәндері бір-бірінен бос орын  арқылы ажыратылып жазылады. Мәндері енгізіп болғанан кейін ENTER клавишы басылады.Мысалы, енгізу опраторы read(а,с);түрінде берілсе, парметрлерге мәндер былай беріді:5_6.Бұл жағдайда а:=5;с:=6; мәндер қабылдайды.

Осы мәндер бойынша программа орындалып болған соң  басқа мәндер үшін  программаны қайталау қажет болса, онда программаны басынан бастап қайта орындау қажет.

Бүтін айнымалыларға бүтін,нақты айнымалыларға нақты мәндер берілуі қажет.

Айнымалы бейнеленгенде нақты ретінде бейнеленсе, оған нақты да, бүтін де мән беруге болады, себебі нақты сан құрамына бүтін сан енеді. Ал машина “өзі” бүтін санды нақты сан түріне  келтіріп алады.

 Мысалы: Var a,b:reaL;

READ(A,B); ТҮРІНДЕ беріліп А,В айнымалылары үшін 4 және5 Enter орындалса оларды А=4.0 В=5.0 түрінде қабылдайды.

Сандар арасына бір немесе бірнеше бос орын қалдыруға болады, себебі сан енгізілгенде бос орын еске алынбайды.

Мәндерді енгізгенде мән енгізілген жолдан келесі жаңа жолға көшіру үшін параметрсіз немесе параметрімен сәкес Readln; Readln(а1,а2,а3,...an); операторын пайдалану қажет. Сонымен Read (а1,а2,а3,...an); Readln; операторларының орнына бір ғана Readln(а1,а2,а3,...an); операторын пайдалануға болады.

Шығару операторы

Паскаль тілінде  нәтижені экранға шығару үшін Write  ппайдалынады:


 

Мұндағы  a1,a2,…,an-жай айнымалылар немесе апострофтар ішіне алынған символдар тобы болуы мүмкін. Мысалы, егер В=17.75 болып, мына команда орындалғанда:

Шығарылған параметрлер бір бірімен үтір арқылы ажыратылып, Write қызмет сөзінен соң, дөңгелек жақша ішіне жазылады.

       Бүтін  және нақты сандарды шығару  үшін сандардың форматын беру  қажет. Формат айнымалы атынан соң қос нүкте арқылы жазылады. Нақты сан үшін формат екі саннанм тұрады[8].

І-санға берілетін барлық орын.

ІІ-үтірден кейін алатын бөлшек бөлік саны.

Мысалдар:

І-мысал:Радиусы R болатын шардың көлемін есептеуге программа құрыңдар.

{Шеңбердің көлемі}

Program b1;

Const

pi=3.14;

Var

r,v:Real;(*шар радиусы, шар көлемі*)

Begin

Writeln(‘r-мәнін енгіз’);    

Read(r);

v:=4*pi*r*r*r;

Writeln;

Writeln;

Writeln(‘Нәтиже’);

Writeln(‘ шар көлемі v=’,v:8:3);

End.

r-мәнін енгіз:

0.2 Enter

v=0.033

Паскаль тілінде дәрежелеу амалы жоқ, сондықтан дәрежелеуді жеке программа көмегімен немесе хn-дәрежесін exp(in(x*n)) арқылы табады.

Мысалы, өрнегін есептеу қажет болса, онда мына үзінді пайдалынылады.

a:=exp(in(1+x)*n); y:=(s*x*a)/(15*a-1);

2-мысал: Табанының радиусы R ,биіктігі h болатын цилинрдің толық беті мен көлемін табуға программа құру керек.

Шешуі:Цилинрдің толық беті мен көлемі сәйкес мына формуламен анықтайды:


 

Программа.

(*тік цилиндірдің толық беті  мен көлемін есептеу*)

Program s1;

Const

P=3.14;

Var

R,h,v,s:real;

Begin

R:=2.5;

h:=4.7;

s:=2*p*r*(r+h);

v:=p*sqr(r)+h;

Writeln(‘цил. Толық беті s=’,s:6:3);

Writeln(‘цил.көлемі v=’,v:6:3);

End.

3-мысал: Берілген төрт орынды санның цифрларының көбейтіндісін табуға программа құрыңдар.

Программа.

Program kod;

Var

x,p,d:integer;

begin

Write(‘Төрт орынды сан  енгіз’);

Readln(x);

p:=1;

d:=x mod 10; p:=p*d;

d:=x mod 100; p:=p*d;

d:=x mod 1000; p:=p*d;

Write(‘Нәтиже=’,p);  End.

 

 

 

 

 ІІ ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ  БАСҚАРУ ОПЕРАТОРЛАРЫ

2.1 Шартсыз және шартты көшіру операторлары

 

 Паскаль тілінде негізінен операторлар ретімен орындалады.Олардың бұл орындалу тәртібін өзгерту үшін көшіру операторы GOTO пайдалынады.Оқылуы: гоу ту, жазылу түрі:


 

 

Бұл операторлар бойынша, белгісі көрсетілген операторға көшіріледі. Белгі ретінде таңбасыз І-9999 дейінгі бүтін сан немесе символ пайдалынылады. Әдетте, шартсыз көшіру операторы программаның кейбір бөліктерін орындамай өтіп кету үшін пайдалынылады. Мысалы:

Goto 34

10:a:=2;

. . . . . .  .;

34:y:=x/z;

Мұнда Goto 34   операторынан соң 34 белгісі бар оператор орындалады.

Көшіру операторы қарапайым оператор қатарына жатады.

Белгі  label(белгі)-белгі бөлігінде өрнектеледі.

Құрама операторлар

Бірнеше операторларды бір операторға біріктіргенде шықан операторды құрама оператор дейді. Ол оператордың жазылу түрі:

Begin

1-оператор;

2-оператор;

. . . . . . . .;

n-1-оператор;

n-оператор;

end;

Бұл жағдайда Begin(басы), end(соңы) қызмет сөздері операторлық жақшалар деп аталады.

Құрама операторды бүтін бір оператор қызметін атқарады, сондықтан оны программаның кез келген бөлігіне қоюға болады. Құрама оператордың құрамында өзінің құрама операторы да болуы мүмкін [6].

Begin(басы)-нің соңына, end(соңы)-нің  алдындағы операторға нүктелі  үтір қойыл ”;” қойылмайды.

Құрама операторларға шартты көшіру,таңдау және қайталау операторлары жатады.      

Информация о работе Дельфи багдарламасында электронды окулык