Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 18:37, дипломная работа
Еліміздің қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайы ақпараттық технологияны өмірдің әрбір саласында жаппай пайдаланумен сипатталады. Оқыту үрдісіне ақпараттық технологияны кең көлемде ендіру педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдердің арсеналының кеңейуіне алып келді. Сондай-ақ студенттердің танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артты.
КІРІСПЕ
І ОБЪЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІ
1.1 Delphi ортасы туралы жалпы түсінік..................................................................
1.2 Бас терезе.............................................................................................................
1.3 Бастапқы форма терезесі....................................................................................
1.4 Объектілер инспекторы терезесі.........................................................................
ІІ ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
1.1 Тілдің алфавиттері
1.2 Берілгендер және олардың тектері
1.3 Стандартты функциялар
1.4 Паскаль тілінің операторлары....................................................................................
ІІІ ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ БАСҚАРУ ОПЕРАТОРЛАРЫ
3.1 Паскаль оқулығын ұйымдастыру................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..........................................................................
ҚОСЫМША
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ОБЪЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІ
1.1 Delphi ортасы туралы жалпы түсінік.......................
1.2 Бас терезе....................
1.3 Бастапқы форма терезесі......................
1.4 Объектілер инспекторы терезесі
ІІ ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
1.1 Тілдің алфавиттері
1.2 Берілгендер және олардың тектері
1.3 Стандартты функциялар
1.4 Паскаль тілінің операторлары..
ІІІ ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ БАСҚАРУ ОПЕРАТОРЛАРЫ
3.1 Паскаль оқулығын ұйымдастыру..
ҚОРЫТЫНДЫ....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................
ҚОСЫМША
КIPIСПЕ
Еліміздің қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайы ақпараттық технологияны өмірдің әрбір саласында жаппай пайдаланумен сипатталады. Оқыту үрдісіне ақпараттық технологияны кең көлемде ендіру педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдердің арсеналының кеңейуіне алып келді. Сондай-ақ студенттердің танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артты.
Компьютерлік технологиялардың пайда болуы көптеген мекемелердің, өндірістердің, акционерлік қоғамдардың және компаниялардың көптеген жұмыстарын едәуір жеңілдетті. Сондықтан да біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттерді орындау барысын-да көптеген алгоритмдерді колданып жүрміз. Міне, осы тұрғыдан қарағанда, өмірді алда тұрған мәселелерді шешу қажет болатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады.
Қазіргі кезде барлық елдердің оқушылары программалау тілін үйренуді алгоритімдеуден бастайды деп айтуға болады. Олай болса, еліміздің оқушылары, студенттері да программалау тілін жетік меңгеріп, математикалық есептерді шығара білуі және окып-үйренуі кажет.
Бүгінгі таңда мектеп түлегінің білім сапасын, компьютерлік сауаттылығын жоғарлату үшін тек қана информатика сабағында ғана емес, барлық пән сабақтарында ақпараттық технологияларды тиімді қолдану міндет болып отыр. Осыған орай, көкейтесті мәселе техника мен телекоммуникация байланыстарының жаңа дидактикалық мүмкіндіктерінің даму есебінде білім берудің жаңа компьютерлік әдістерін өңдеу болып отыр. Әдетте компьютерлік программаларды кәсіпті программистер жазады, сәйкесінше олар оның дидактикалық жағына үлкен мән бермейді. Ендеше мектеп курсына арналған оқытушы программаларды құрудың дидактикалық, әдістемелік және технологиялық жақтарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды анықтайды. Қазіргі жастар компьюер заманына сай компьютер керек деп алдарынан шықпайды. Сондықтан компьютер заманы болғандықтан әр бала ең алғашқы программалау сатысын білуі тиіс осыдан дипломдық жобамның өзектілігі айқындалып отыр.
Зерттеу объектісі – оқу процесінде компьютерлік технологияларды пайдаланып оқыту.
Зерттеу пәні – компьютерлік технологияның бір бағыты болып табылатын программалау тілдерін оқыта отырып математикалық есептерді шешу жолдары, оларға қойылатын талаптар, оларды өңдеуге арналған программалық құралдар.
Дипломдық жобаның мақсаты: компьютер көмегімен Turbo Pascal программалау тілінде математикалық есептерді шығару жолдарын тез және қолданушыға ыңғайлы түрде өңдеу және қазіргі білім беретін мекемелерде жаңа технология көмегімен тиімді пайдалану жолдарын көрсету.
Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдерін меңгергере отырып, Turbo Pascal программалау тілінің операторларының көмегімен математикалық есептерді шығарудың тиімді жолдарын анықтау. Осы мақсатқа жету үшін алдыма келесі міндеттерді қойдым:
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімде Паскаль тілінің негізгі түсініктері, оның ішінде: тілдің алфавиті, мәліметтер типтері, операторлары әрбір тақырыпқа сай тапсырмалардың орындалу реті толық түсіндіріледі және негізгі құрылымы жөнінде мәліметтер келтірілген.
Екінші бөлімде Паскаль тілінің басқару операторлары және Паскаль программалау тілінде математикалық есептерді шешу жолдары көрсетілген.
Қорытындыда жұмыстың нәтижелері баяндалған.
Қосымшада бағдарламаны өңдеу процедуралары берілген.
І ОБЪЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІ
1.1 Delphi ортасы туралы жалпы түсінік
Delphi ортасы программалау
Құрал жабдықтар , меню жолдары
Жоба құрылатын басты аймақ
Виев арқылы берілен яғни проводник ретінде , бұл жерде формада берілген обьектілерді көрсетеді
Терезе обектінің оқиғасы мен қасиеттері қолданылатын инспектор терезесі
Код терезесі бізде берілген обьектіні іс әрекетін беруге яғнипргораммалауға арналған. (Unit1.pas)
1.1-сурет
Терезелер бірін-бірі жартылай немесе толығымен жаба орналасады. Бас терезеден басқа терезелерді Word текстік процессоры және Exel электрондық кестесі сияқты жылжытуға, өлшемдерін өзгертуге және экраннан алып тастауға болады. Әдетте Код редакторы терезесі форма терезесімен толық жабық тұрады. Осы екі терезені алмастырып отыру үшін <F12> батырмасын басу қажет. Экранда көрсетілген терезелермен қатар сәйкес құралдарды шақыру кезінде пайда болатын басқа да терезелер болуы мүмкін. Мысалы, Бейне редакторы (Image Editor) терезесі. Delphi-дің терезелері көп болғанымен, ол бірқұжатты орта болып саналады, яғни бір уақытта тек қана бір жобамен (Project) жұмыс жасалады. Жобаның аты экранның жоғарғы бөлігінде бас терезенің тақырып жолында көрсетіледі. Бас терезені жапқан кезде Delphi-мен жұмыс аяқталады.
1.2 Бас терезе
Бас терезе құрылатын программаның жобасын басқарудың негізгі функцияларын орындайды. Бұл терезе әрқашан экранда тұрады және экранның жоғарғы бөлігіне орналасады. Delphi-дің бас терезесі:
Бас терезенің барлық элементтері сол жағында тышқанның көмегімен жылжытуға болатын ** басқару батырмасы бар арнайы панельдерде орналасады.
Негізгі мәзір Delphi функцияларына өтуге қажет көптеген командалардың жиынтығынан тұрады.
Құралдар тақталары негізгі терезенің сол жақ бөлігінде, негізгі менюдан төмен орналасқан. Шартбелгілі батырмалар негізгі менюдың әлдеқайда маңызды опцияларына жылдам баруға мүмкіндік береді, мысалы, File\New (Файл\Жаңа), File\Open (Файл\Ашу). Атқаратын қызметтеріне қарай олар бірнеше топтарға бөлінген. Әрбір топ жеке панельдерде орналасқан.
Негізгі менюдың көптеген командаларын сәйкес командада көрсетілген батырмалар комбинациясы арқылы орындауға да болады. Мысалы, Run\Run (Орындау\Орындау) командасын <F9> батырмасының көмегімен, ал View\Units (Көру\Модульдер) командасын <Ctrl>+<F12> батырмаларының комбинациясымен орындауға болады.
Беттердің және компоненттердің сәйкес шартбелгілері болады. Сол шартбелгілер арқылы олар таңдалады.
Компоненттер палитрасы көптеген беттер жиынынан тұрады. Мысалы:
Компоненттермен жүре келе толығырақ танысамыз.
1.3 Бастапқы форма терезесі
Бастапқы форма терезесі алғашында экранның ортасында орналасады да оған Form1 тақырыбы және аты беріледі. Қажет болғанда оларды өзгертуімізге болады. Форма маңызды визуалды компонент болып саналады. Алғашқыда форма терезесінде Windows үшін стандартты интерфейс элементтері – жүйелік менюды шақыру, терезе көлемін өзгертетін батырмалар, тақырып қатары болады. Әдетте, жұмыс аймағы компоненттердің формада орналасуын реттестіруге арналған координаттық тор нүктелерімен толтырылған. Ол нүктелерді қоймау үшін Tools\Enviroment Options менюімен шақырылатын сәйкес баптау терезесінің Designer парағының Display Grid ауыстырыпқосқыш жалаушасын алып тастау керек. Бастапқы форма терезесінде болашақ жобаның формаларының бірі құрастырылады. Жоба қолданбалы программа (программалар жүйелі және қолданбалы болып бөлінеді) болып табылады. Сол себепті проектіні келешекте қолданбалар деп те атаймыз. Форманы құрастыру үшін осы форма терезесіне компоненттер Палитрасынан қажетті компоненттер орналастырылады. Мұнда форманы құрастыру әдеттегі графикалық редактордағыдай жасалады. Кез келген қолданба бірнеше формадан тұруы мүмкін, бірақ олардың біреуі бас форма болып саналады да, программа іске қосылғанда бірінші болып шығады.
Объектілер тармағы терезесі жүйе іске қосылғаннан соң бас терезенің астында орналасады және онда кезекті форма объектілері сатылы түрде көрсетіледі.
1.4 Объектілер инспекторы терезесі
Қолданбада пайдаланылатын кез-келген компонент белгілі бір параметрлар жиынымен (орнымен, өлшемімен, түсімен т.б) сипатталынады. Компоненттердің кейбір параметрларын мысалы, орнын, өлшемін қолданушы форма терезесінде компонентпен манипуляция жасау арқылы өзгертуіне болады. Ал қалған параметрларды өзгертуге Объектілер инспекторы терезесі арналған. Объектілер инспекторы терезесі объектілер тармағы терезесінің астында экранның сол жағында орналасады да кезекті компоненттің қасиеттері мен оқиғаларын көрсетеді. Оны менюдың View\Object Inspector командасының немесе <F11> батырмасының көмегімен ашуға болады. Объектілер инспекторы терезесі Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар) парақтарынан тұрады.
Properties парағында компоненттің
Объектілер инспекторы терезесінің парақтары екі бағаналы кестеден тұрады. Сол жақ бағанада қасиеттері немесе оқиғалары, ал оң жағында қасиеттердің нақты мәндері немесе сәйкес оқиғаларды өңдейтін ішкі бағдарламалардың (процедуралардың) аттары көрсетіледі. Мұндай процедуралар сәйкес оқиғаларды өңдеуде пайдаланылады. Сол себепті оларды өңдеуіш процедуралар немесе жай ғана өңдеуіштер деп атайды.
Объектілер инспекторы терезесінің жоғарғы жағында формада орналасқан компонентер тізімін көрсететін ашылатын тізім орналасқан. Форманың өзі де компонент болғандықтан ол да тізімге кіреді.
Код редакторы терезесі (Unit1.pas) форма терезесінің сыртында орналасады да көрінбей тұрады. Бұл терезе программа мәтіндерін құруға және редакторлеуге арналған. Ол текст арнайы ережелермен құрылады және программаның орындалу алгоритмін сипаттайды. Редактор коды кәдімгі мәтіндік редактор тәрізді. Алғашқыда бұл терезе Form1 форма модулінің коды Unit1 парағынан тұрады.
Форма терезесі мен код редактор терезесін <F12> батырмасы арқылы ауыстырып отыруға болады.
Код сілтеуіш терезесі (Exploring Unit1.pas) код редактор терезесінің сол жағына жалғаса орналасқан. Мұнда форма модулінің барлық объектілері тармақталып көрсетілген. Код сілтеуіш терезесінде қолданбаның объектілерін көру және қажетті объектіге өту ыңғайлы. Ол терезе коды View (көру) менюінің Code Explorer (код сілтеуіші) командасымен ашылады.
1.5 Жоба құру
Delphi RAD (Rapid Application Development- Қолданбаны
жылдам жасау) деп те аталатын
визуалды программалау
Қолданбаның интерфейсі пайдаланушы мен қолданбаның өзара әрекет жасау тәсілін анықтайды. Интерфейс формаға интерфейстік компоненттер немесе басқару элементтері деп аталатын компоненттерді орналастыру арқылы жасалады.
Компоненттер визуалды (көрінетін) және визуалды емес (жүйелік) болып бөлінеді.
Визуалды компоненттерге батырмалар, тізімдер, ауыстырыпқосқыштар және форманың өзі де жатады. Пайдаланушы қолданбаны визуалды компоненттер көмегімен басқаратын болғандықтан оларды басқару элементтері деп те атайды. Міне, осы визуалды компоненттер қолданбаның пайдаланушылық интерфейсін құрайды. Интерфейс құру барысында әр компонент үшін төмендегі әрекеттер жасалады:
Информация о работе Дельфи багдарламасында электронды окулык