Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2014 в 18:37, дипломная работа
Еліміздің қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайы ақпараттық технологияны өмірдің әрбір саласында жаппай пайдаланумен сипатталады. Оқыту үрдісіне ақпараттық технологияны кең көлемде ендіру педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарылатып, әдіснамалық тәсілдердің арсеналының кеңейуіне алып келді. Сондай-ақ студенттердің танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артты.
КІРІСПЕ
І ОБЪЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН DELPHI БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІ
1.1 Delphi ортасы туралы жалпы түсінік..................................................................
1.2 Бас терезе.............................................................................................................
1.3 Бастапқы форма терезесі....................................................................................
1.4 Объектілер инспекторы терезесі.........................................................................
ІІ ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
1.1 Тілдің алфавиттері
1.2 Берілгендер және олардың тектері
1.3 Стандартты функциялар
1.4 Паскаль тілінің операторлары....................................................................................
ІІІ ПАСКАЛЬ ТІЛІНІҢ БАСҚАРУ ОПЕРАТОРЛАРЫ
3.1 Паскаль оқулығын ұйымдастыру................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..........................................................................
ҚОСЫМША
Компоненттердің қасиеттері олардың сырт көрінісін, орнын және іс-әрекетін анықтайды. Қасиеттерді Object Inspector терезесінде немесе программа жазу барысында орнатуға болады. Визуалды компоненттердің жалпылама болып табылатын қасиеттеріне кейінірек тоқталамыз.
Жобаның функционалдық мүмкіндіктері белгілі бір оқиғалар туындағанда орындалатын процедуралармен анықталады. Интерфейсті проектілеу барысының кез келген кезеңінде қолданбаны орындауға жіберуге болады. Формада қолданбаның интерфейсін құрайтын компоненттер орналасатынын білеміз, сондықтан проект құрушының міндеті –пайдаланушының әрекеттеріне компонеттердің қажетті реакциясын анықтау, мысалы, батырманы шерткенге немесе аустырыпқосқышты таңдағанға. Міне, осы реакция проектінің функцианалдық мүмкіндігін анықтайды.
Айталық, проект интерфейсін құру барысында формаға терезені жабуға арналған Button1 батармасы орнатылсын. Онда бұл батырманың аты және тақырыбы Button1 болады. Алайда, бұл батырманың тақырыбын оның атқаратын қызметіне байланысты объектілер инспекторы терезесінен Жабу деп ауыстырған жөн. Проектіні орындау барысында Button1 батармасын маус немесе пернетақтаның көмегімен басуға болады. Батырма басылғанмен форманы жабуға байланысты ешқандай әрекеттер орындалмайды. Өйткені, батырма үшін пайдаланушының қандайда бір әрекетіне реакция анықталмады.
Батырма қандай да бір оқиғаға жауап беру үшін оған осы оқиға пайда болған кезде шақырылатын өңдеу процедурасын құру қажет. Оқиғаны өңдеу процедурасын құру үшін формадан қажетті батырманы таңдап, Обьектілер Инспекторы терезесінің осы таңдалған батырма үшін барлық мүмкін оқиғалар көрсетілетін Events (Оқиға) парағына өту қажет. Батырманы басқан кезде OnClick оқиғасы пайда болатындықтан, осы оқиғаны өңдеу процедурасын құру қажет. Ол үшін OnClick оқиғасының мәндер аймағында маусты екі рет шертсек, нәтижесінде форма модулінде автоматты түрде өңдеу процедурасының қаңқасы құрылады. Осы кезде Код Редакторы терезесі алдыңғы бетке шығып, курсор процедураның Button1 батырмасын басқанда орындалатын код жазуға арналған жеріне орналасады. Батырма терезені жабатын болғандықтан бұл жерде Form1.Close немесе жай ғана Close деп жазу керек. Сонда форма модулі коды келесі түрде болады:
1.6. Визуалды компоненттер
Қолданбаның интерфейсін құру үшін Delphi жүйесі визуалды компоненттердің көптеген жиынтығын ұсынады. Олардың негізгілері компоненттер палитрасының мына беттерінде орналасқан: Standard, Additional және Win32.
Компоненттерді бұлай бөлу олардың атқаратын қызметтерімен мүмкіндіктеріне қарай емес, парақтар атауына байланысты болып отырған сияқты. Мысалы Button және BitBtn батырмалары әртүрлі парақтарда орналасқандығымен, іс-жүзінде атқаратын қызметтері бірдей. Парақтардағы бірінші шартбелгі компонентке жатпайды. Ол парақтан компонент таңдауды қайтару құралы. Компоненттер екінші шартбелгіден басталады.
Win32 парағы. Компоненттер Палитрасының Win32 парағында, Windows- тың 32-разрядты интерфейсіне қатысты компоненттер орналасқан:
Win32 бетіндегі ең соңғы компонент ең алғаш Delphi 7-де пайда болды. Қолданбаның басқару элементтері ретінде жиі пайдаланылатын визуалды компоненттерді қарастырайық. Визуалды компоненттердің жалпылама қасиеттері, оқиғалары, әдістері бар.
Циклдік операторларлар. Берілген есепті шешуде алгоритмнің кейбір бөліктері бірнеше рет қайталанып орындалуы мүмкін. Мұндай құрылымды алгоритмді қайталанушы алгоритм немесе циклдік құрылымды алгоритм деп атаймыз. Object Pascal-да циклдік құрылымды алгоритмді бағдарламалауды үш түрлі жолмен ұйымдастыруға болады:
Үш түрлі жолмен ұйымдастырылатын циклға арнайы операторлар қолданылады. Олар: while…do, repeat…until, for…to…do.
While операторы. Алдын-ала берілген шартты тексеру арқылы циклді ұйымдастыруға while операторын циклдің қайталану саны белгісіз болғанда пайдаланған ыңғайлы. Қайталанушы процесс қойылған шартты тексеру арқылы жүзеге асады. Яғни, шарт ақиқат болса цикл қайталанады да, шарт жалған болса циклдан шығу орындалады. While операторы екі бөліктен тұрады: циклдің тақырыбынан және циклдің денесінен.
Жалпы жазылуы:
While <шарт> do
<циклдің денесі>;
Мұндағы, қызметші сөздердің қазақша мағынасы: While – «әзір», do – «орында». Ал, шарт – логикалық өрнек түрінде жазылады. Берілген шартқа тәуелді бірнеше рет қайталанып орындалатын операторды – циклдің денесі деп атаймыз.
Repeat…until операторы. Циклдік процесстерді ұйымдастыруда Repeat операторы циклдің қайталану саны белгілі болғанда қолданылады. Repeat операторының жалпы жазылуы:
Repeat
<циклдің денесі>;
Until <шарт>;
Мұндағы, қызметші сөздер rеpeat – қайтала, until – соған дейін деген мағынада қолданылады. Циклдің денесі – қайталанып орындалатын бір немесе бірнеше операторлардан тұрады. Цикл денесін құрайтын операторлар санына шектеу қойылмайды. Шартты тексеру логикалық өрнек арқылы жүргізіледі.
For…to…do операторы. Циклдік құрылымды алгоритмді бағдарламалауда, қайталанушы процесс бір айнымалының мәніне тәуелді болса, For операторын қолданамыз. Айнымалы тек бір қадамға ғана өзгере отырып, циклді басқарады. Бұл айнымалы циклдің параметрі делінсе, For операторы параметрлі қайталану операторы деп аталады.
For операторы екі түрлі жазылады:
Мұндағы қызметші сөздер: For (үшін), to (дейін) – циклдің қадамы +1-ге өсіп отыратындығын көрсетеді, do (орында).
Y – скалярлық типтегі айнымалы циклдің параметрі.
X1 – цикл параметрінің бастапқы мәні.
X2 – цикл параметрінің соңғы мәні.
H1 – цикл параметріне тәуелді
қайталанып орындалатын
1-нұсқадан өзгешелігі to сөзінің орнына downto (төменге дейін) қызметші сөзі жазылады. Downto циклдің өзгеру қадамы -1 тең екендігін көрсетеді. Мұнда Y-тің мәні X1-ден X2-ге дейін -1 қадаммен кему үшін X1>X2 шарты орындалуы керек. Егер бұл шарт орындалмаса цикл денесі бірде бір рет орындалмайы.
1.5 Delphi объектілі-бағытталған бағдарламалау ортасы
Дипломдық жобаны құруда Borland компаниясының Delphi бағдарламалау ортасы қолданылғандықтан, бұл бағдарламалау ортасына қысқаша тоқталып өтейік.
Бағдарламалау ортасы Pascal тілінің операторларын, синтаксисін және құрылымын толық қамтиды. Бір ерекшелігі, бұл бағдарламалау ортасы объекттермен жұмыс істейді. Сондықтан бұнда қолданылатын Pascal тілі Object Pascal деп аталады.
Дипломдық жобаны құру барысында Delphi бағдарламасының жетінші версиясын қолданылды. Бағдарламаның жұмыс істеу ортасы төменде 1.2-суретте келтірілген:
1.2-сурет. Delphi 7 бағдарламалау тілінің жұмыс істеу ортасы
Жұмыс істеу ортасында бес терезе бар. Жоғарғы жағында тұрған терезеде палитра компоненттері мен меню жолы орналасқан (1.3-сурет).
1.3-сурет. Меню жолы және палитра компоненттері терезесі
Ал терезенің жұмыс істеу ортасының сол жағында екі терезе орналасқан:
1.4-сурет. Объекттерді көру терезесі
Объект инспекторы терезесі (1.5-сурет):
1.5-сурет. Объект инспекторы терезесі.
Жұмыс істеу ортасының ортасында тұрған терезе бас терезе болып саналады. Өйткені барлық бағдарламалар осы терезенің үстінде жасалады және орындалады (1.6-сурет):
1.6-сурет. Бас терезе
Ал бесінші осы бас терезенің артқы жағында тұрады.
Ол терезеде, бағдарламада болатын
барлық болатын оқиғалардың
1.7-сурет. Код енгізу терезесі
Дипломдық жобаның негізгі бөлігі осы бағдарламалау ортасында жасалғаны туралы техникалық бөлімде толық айтылады. Ал қазірше Delphi бағдарламалау ортасымен танысуды осымен аяқтаймыз.
1.8 Қасиеттер, оқиғалар және әдістер
Қасиеттер қолданба құру және оның орындалу барысында компоненттің сыртқы түрін және іс-әрекетін басқаруға мүмкіндік жасайды. Әдетте, компоненттердің қасиеттері Объектілер Инспекторы терезесі көмегімен программа құру барысында орнатылады. Көрнектілік үшін келтірілген мысалдарда қасиеттердің мәндері меншіктеу операторымен берілген. Кейбір қасиеттер тек программалық жолмен орнатылады.
Енді компоненттердің негізгі жалпылама қасиеттерін атап өтейік. Бірақ осы қасиеттердің барлығы кез келген компоненттерге тән бола бермейді. Мысалы, Edit компонентінде Caption, ал Label компонентінде ReadOnly қасиеттері жоқ.
Name барлық визуалды
Edit1.name=’EdіtName’;
Енді бұл компоненттің аты Edit1 емес EdtName болады.
Caption қасиеті компоненттің тақырыбын (сыртқы жазылуын) анықтайды.
Allign қасиеті контейнер ішіндегі
компоненттің орналасуын
Көбінде, контейнер ретінде форма (Form) немесе панель (Panel) алынады. Орналасу контейнер өлшеміне тәуелсіз интерфейстік элементтің сол контейнердің ішінде білгілі бір орында орналасуы талап етілетін жағдайда пайдаланылады.
Align қасиеті келесі мәндердің бірін қабылдайды:
Panel1.Align:= Align;
Ctl3D қасиеті визуалды компоненттің сырт көрінісін тағайындайды. Егер Ctl3D қасиетінің мәні False болса, онда компонент жазық болып, ал егер True болса, онда батырыңқы бейнеленеді. Бұл қасиет барлық компоненттерге тән бола бермейді, мысалы, Label компонентінде бұл қасиет жоқ.
Cursor қасиеті тышқан көрсеткішінің компонент аймағына апарған кездегі түрін анықтайды. Delphi тышқан көрсеткішінің алдын-ала анықталған жиырмадан астам түрін және оларға сәйкес тұрақтыларды ұсынады. Олардың негізгілері төменде көрсетілген:
DragCurSor қасиеті компоненттерді
Информация о работе Дельфи багдарламасында электронды окулык