Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2015 в 16:17, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып берудi ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн, бухгалтерияда ақпаратты өңдеудi, қазынашылықтың кіріс бюджетін бақылауды автоматтандыруға арналған аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн құру.
Курстық жұмыс кiрiспеден, экономикадағы ақпараттық жүйе және аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн жобалау бөлiмдерiнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кіріс бюджетін бақылау есебi бөлiмiнде пәндiк облыс, ҚР аудан қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама, ҚР аудан қазынашылығының бөлiмшелерiнде бюджетте жүргiзiлетiн операциялар есебi келтiрiлген.

Содержание

КIРIСПЕ
Ι-тарау. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама
1.1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы
1.2. Қазынашылықтың негізгі есептері, қызметтерi, операциялары мен құқықтары
1.3. Қазынашылықтың ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
1.3.1. Ақпараттық жүйенiң құрылымы
1.4. Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.1.Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.2.Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.3.Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4.Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5.Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6.Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар
ΙΙ-тарау. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық
жүйесін талдау
2.1.“ Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы
2.2. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың ” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы
2.3. Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы
2.3.1. Кiретiн ақпарат
2.3.2 Шығатын ақпарат
2.3.3. Ақпараттық база
2.3.4 Машинадан тыс ақпараттық база
2.3.5.Ақпараттық моделъ
2.3.6.Қолданылатын жiктегiштер
2.3.7.Машина iшiндегi ақпараттық база
2.4. Программалық жабдықтау
2.4.1.Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама
2.4.2.Программалық жабдықтаудың құрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-“Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың”-ақпараттық-жуйеси.doc

— 373.50 Кб (Скачать документ)

Жедел массивтер жедел құжаттар негiзiнде жасалады, яғни айнымалы аздап жиналып тұратын айнымалы ақпараттан тұрады, сондықтан оперативтi массивтердiң мазмұны өңдеу циклы бойында өзгерiп отырады.

Қызметтiк массивтер массивтердi автоматтандырылған өңдеуге қажеттi қызметтiк ақпараттардан тұрады.

Машина iшiндегi ақпараттық база келесiдей тәсiлдер арқылы ұйымдастырылуы мүмкiн: локалъдiк есепке немесе тапсырмалар кешенiне бағдарланған локалъдiк массивтер түрiнде, массивтердi деректер базасына енгiзу арқылы.

Деректер базасы есте сақтаудың тiкелей қатынау құралдарында (магниттiк дискiлерде) сақталатын өзара тәуелдi ақпараттық массивтер жиынтығынан құралады және ақпараттық жүйемен басқару функциясының iске асырылуын қамтамасыз етедi. Деректер базасын құрудың мақсаты – деректердi өңдеу уақытын үнемдеу, сақаталатын деректердiң қайталанбауын

қамтамасыз ету, деректердiң қарама-қайшылығы мен үйлеспеушiлiгiн жою, есептi шешу үшiн деректердi көптеген пайдаланушылардың ортақ пайдалануы, есептi шешу программаларынан деректердiң тәуелсiздiгi, деректер базасында деректердi сақтаудың сенiмдiлiгi және т.б.

Деректер базасын пайдалану деректердi басқаратын деректер базасында орналасқан программалық құралдарды талап етедi, мұндай құралдарды деректер базасын басқару жүйесi деп атайды. Деректер базасын басқару жүйесi – бұл деректерге пайдаланушылардың қолданбалы ақпараттық жүйелерiнен қатынауды қамтамасыз ететiн енгiзу-шығарудың, жүктеудiң, ақпараттық массивтерге өзгертулер енгiзудiң жалпы жүйелiк программалар кешенi. Деректер базасын деректер базасын басқару жүйесiмен қоса деректер банкi деп атайды, яғни деректер банкiнiң құрылымы екi бөлiмнен тұрады: деректер базасы және деректер базасын басқару жүйесi.

Машина iшiндегi ақпараттық база берiлген тапсырманың деректер базасы қатқыл және жұмсақ магниттiк дискiлерде, компакт-дискiлерде орналасқан ақпараттар массивiнен (файлдардан) тұрады.

Машина iшiндегi ақпараттық база Windows операциондық жүйесiндегi FAT32, NTFS файлдық жүйелерiнiң көмегiмен ұйымдастырылады. Файлдық жүйе – бұл ақпараттық жүйенiң файлдардан, каталогтардан және оларды табуға және қатынауға қажеттi ақпараттардан тұратын белгiлi бiр бөлiгi.

Файлдық жүйе машина iшiндегi ақпараттық базаны пайдаланушы мен программист арасында ыңғайлы әдiспен ұйымдастыруға мүмкiндiк бердi.

Жолдарға тiкелей қатынау программалық түрде жасалғандықтан, массивтердi өңдеуде уақытты үнемдеуге мүмкiндiк бередi.

Массивтердiң суреттемесi 8-кестеде көрсетiлген.

 

 

                   8-кесте. Деректер базасы кестелерiнiң атаулары мен сипаттамалары

Аталуы

Идентификатор

Маңызы

Мiндеттемелер кестесi

Obligations

Мiндеттемелердiң реквизитерiн құру

Есеп беретiн тұлғалар анықтамалығы

Persons

Есеп беретiн тұлғалардың реквизиттерiн сақтау

Бөлiмшелер анықтамалығы

Departments

Бөлiмшелердiң реквизиттерiн сақтау

Банктер туралы анықтамалар

Cities

Банктер туралы реквизиттерді сақтау

Валюталар анықтамалығы

Currencies

Валюталардың реквизиттерiн сақтау

Есеп беретiн тұлғалардың құжаттарының кестесi

Documents

Есеп беретiн тұлғалардың құжаттарының реквизиттерiн сақтау

Бюджет кірістері

TD

 Бюджет кірістерінің реквизитерiн  құру

Шығыстық кассалық ордер кестесi

ACW

Шығыстық кассалық ордердiң реквизитерiн құру

Кiрiстiк кассалық ордер кестесi

RCW

Кiрiстiк кассалық ордердiң реквизитерiн құру

Аванстық есеп кестесі

AR

Аванстық есептің реквизиттерін құру


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4.Программалық жабдықтау

2.4.1. Қолданылатын программалық  жабдықтарға сипаттама

 

Программалық жабдықтау ақпараттық жүйенiң мақсаттары мен  программалар жиынтығын, сонымен қатар, техникалық құралдар кешенiнiң қызметiн жабдықтауын көрсетедi. Программалық жабдықтау жалпыжүйелiк және арнайы болып бөлiнедi.

Программалық жабдықтаудың құрамына әмбебап құралдармен қоса, әртүрлi жеке мәселелiк облыстарға негiзделген пакеттер мен программалар да кiредi.

Программалық жабдықтаудың негiзгi үш классын бөлiп көрсетуге болады:

  • қолданбалы программалық жабдықтаулар – тiкелей пайдаланушылардың жұмыстарын (ақпараттық массивтердi өңдеу, текстерге өзгертулер енгiзу және т.б. ) жеңiлдетуге қажеттi программалар мен қолданбалы пакеттер;
  • жүйелiк программалық жабдықтар - әртүрлi көмекшi функцияларды (операциялық жүйе, драйверлер, операциялық қабықшалар және көмекшi программалар) орындайтын жүйелiк программалар;
  • құралдық жүйелер – бұл жаңа программалар жасауды қамтамасыз ететiн программалау жүйесi.

Программаны орындау ортасын таңдау кезiнде мынадай бiрнеше факторды ескерген жөн:

  • нақты ортаға программалық жабдықтауды  жобалау процессiнiң қиындығы мен күрделiлiгi;
  • программалық жабдықтауды жобалау құрал-жабдықтарының болуы;
  • пайдалану кезiнде программаға өзгерту енгiзу мүмкiндiгi;
  • пайдаланушы интерфейсiн жасау құралдарының болуы;
  • программаның орындалу жылдамдығы;
  • программаның жұмыс iстеудегi сенiмдiлiгi және қателiктерден қорғалуы.

 

2.4.2.Программалық жабдықтаудың құрылымы

 

Операциялық жүйе компъютердiң барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауды басқару үшiн қажет екендiгiн бiлемiз. Ол компъютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етедi, бұл дегенiмiз операциялық жүйе – компъютердi iске қосқан кезде жүктелетiн және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.

Операциялық жүйе қолданушымен диалог ұйымдастырады, орындауға басқа программаларды iске қосады, компъютердiң ресурстарын (оперативтi жад, дискiдегi орынды, т.б.) бөледi.

Адамның көзқарасынша, операциялық жүйе компъютердiң электрондық  құрауыштары, қолданбалы программалар және адам арасында келiстiрушi болып қызмет етедi. Ол адамға программаларды iске қосуға, барлық мүмкiн деректердi оларға беруге және олардан алуға, программаның  жұмысын басқаруға, компъютердiң параметрлерiн және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкiндiк бередi. Дербес компъютерде жұмыс iстеу, шынында да, оның операциялық жүйесiмен жұмыс iстеу болып табылады.

Дербес компъютердi, яғни олардың операциялық жүйесiн дүние жүзi бойынша жүздеген миллион адамдар қолданады. Дербес компъютердiң операциялық жүйесiмен танысу да телефон арқылы звондау және теледидарды қосу, банкiнi және почтаны, сөздiктердi және анықтамаларды қолдана бiлу сияқты қазiргi қоғамда соншалықты қажеттi болып келедi.

Қазiргi операциялық жүйе – бұл бiрнеше жыл iшiнде жүздеген және мыңдаған құрастырушылар құратын күрделi программалық комплекстер. Операциялық жүйенiң сипаттамасы қалың томды алады, ал толық үйрену талай жылдарға созылуы мүмкiн. қуанышқа орай, операциялық жүйенi жақсы қолдану үшiн көп бiлудiң қажетi жоқ – жұмыс iстеудiң жалпы принципiн және негiзгi операцияларды орындаудың әдiстерiн бiлсе болғаны. Нақты операциялық жүйемен жұмыс iстеудiң практикалық дағдыларын меңгермейiнше, онымен жұмыс iстеу мүмкiн емес; жалпы принциптерiн бiлмейiнше, жүйенi тиiмдi қолдануды үйрене алмайсыз және қазiргi дербес компъютердiң кез келген қолданушысында ерте ме, кеш пе пайда болатын проблемаларды шеше алмайсыз.

Көптеген операцияларды орындаған кезде ОЖ бiзден бiздi қызықтырмайтын мынадай әрекеттердi: мысалы, белгiлi секторда оқитын бастиектi қалай орнатуды, нақты жолшықтан информацияны оқуды, дискiден бос жердi тауып және сонда фалды жазуды және т.б. жасырады. Бiз үшiн компъютермен қатынасудың ыңғайлы әдiсi – операциялық жүйе қамтамасыз ететiн интерфейс маңызды.

Жалпы жүйелiк программалық жабдықтау

Қазiргi уақытта дербес компъютерде операциялық жүйенiң екi типi кең етек алды. Бiрiншi типке Microsoft компаниясының жеткiлiктi ұқсас екi жүйесi жатады: WindowsXP және Windows 2000 Server.

Өз тарихында Microsoft компаниясы ең алдымен Windows NT жүйесiн құрастырды. Бiрақ сол кездегi дербес компъютерлердiң қуаттылығы бұл жүйенi тиiмдi қолдану үшiн жеткiлiксiз болып шықты. Компъютердiң қуаттылығына неғұрлым қарапайым талаптары бар жүйенiң қысқартылған нұсқасы Windows’95 деген атпен жарыққа шығарылды және бiрден кең таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ қолданушыларының алдыңғы интерфейстерiмен салыстырғанда елеулi iлгерi қадам болып саналады.

Windows жүйесiмен UNIX типтi операциялық  жүйе бәсекелеседi.

UNIX – бұл командалық интерфейсi бар көп есептi көп қолданушылы ОЖ.

Ол 20 жылдан астам бұрын сол кездегi жоғарғы сенiмдiлiктi талап етушi есептердi шешетiн ең қуатты компъютерлер үшiн құрастырылған болатын.

UNIX және Windows типтi жүйелермен барлық  операциялық жүйелердiң әртүрлiлiгi тамамдалмайды. Көпшiлiкке арналған  алғашқы дербес компъютер американдық Apple компаниясында шығарылған. Rank Xerox компаниясының жаңалығы – қазiр  барлық жерлерде қолданылып жүрген графикалық көп терезелi интерфейстi алғашқы болып өмiрге енгiзген де осы компания болатын.

Деректер базасын басқару жүйесi. қазiргi таңда ақпараттардың ағымы үнемi ұлғаюда және бүгiнгi күнде ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемi және өз уақытында жаңартып отырмақ түгiл, оны сыйғыза да алмайды.

Бұл проблеманы шешу үшiн көмекке компъютерлiк технологиялар келедi. Компъютерде есептеудi жүргiзетiн, графикалық бейнелердi, мәтiндердi құруға мүмкiндiк беретiн программалардан басқа, үлкен көлемдi ақпараттарды сақтау, өңдеу және iздеу үшiн арнайы программалар бар. Мұндай программалар деректер базасын басқару жүйесi (ДББЖ) деп аталады.

Қазiргi уақытта дербес компъютерлер үшiн реляциялық типтегi ДББЖ екiге бөлiнедi: локалъдiк және өндiрiстiк. Локалъдiк ДББЖ шағын мекемелерде пайдаланылса, өндiрiстiк ДББЖ iрi кәсiпорындарда серверлiк жүйелерде қолданылады. Локалъдiк ДББЖ мынадай түрлерi бар: dBASE, FoxPro, Paradox, Access және т.б. Ал өндiрiстiк ДББЖ мынадай түрлерi қолданылады: Oracle, MS SQL Server, Informix, InterBase және т.с.с.  

Деректер базасы негiзiнде үш белгiсi бойынша жiктеледi:

Бiрiншi белгiсi – сақталынған ақпараттың сипатына қарай деректер базасы фотографиялық және құжаттық болып бөлiнедi. Фотографиялық деректер базасы қатаң анықталған пiшiмде ұсынылған, жазылған объектiлер туралы қысқаша мәлiметтерден түрады. құжаттық деректер базасы әр түрлi типтегi: мәтiндiк, графикалық, дыбыстық, мулътимедиялық кең көлемдегi ақпараттардан тұрады. құжаттық деректер базасы – бұл архив.

Екiншi белгiсi – ақпараттарды сақтау әдiсi бойынша деректер базасы орталықтандырылан және бөлектелiнген болып бөлiнедi. Орталықтандырылған деректер базасында барлық ақпараттар бiр компъютерде сақталады. Бөлектелiнген деректер базасы компъютердiң жергiлiктi және ауқымды желiлерiнде қолданылады және ақпараттың әр түрлi бөлiктерi бөлек компъютерлерде сақталуы мүмкiн.

Үшiншi белгiсi – ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер базасы реляциялық, иерархиялық және желiлiк болып бөлiнедi.

Реляциялық деректер базасының құрылымы. Реляциялық деректер базасы деп өзiнiң құрамды бөлiктерiнiң өзара байланысынан құрастырылған деректер базасын атайды. қарапайым жағдайда ол бiр тiк бұрышты кесте құрайды. Күрделi реляциялық деректер базасы көптеген тiкбұрышты кестеден тұрады. Бұдан деректер базасының екiншi аты туындайды – кестелiк деректер базасы.

Кестелердегi деректердiң арқасында қатынастың өте кең тарағаны және әсiресе жиi қолданылатыны – қатарларында объектiлер туралы ақпараттан, ал бағаналарында объектiнiң жеке қасиеттерiнен (сипаттамасынан) тұратын қатынасы бар “объект-қасиет” типi болып табылады.

Кестенiң келесi тараған типi – бұл әртүрлi объектiлер арасындағы қатынасты бейнелейтiн “объект-объект” типi болып табылады.

Реляциялық деректер базасында қатарлар жазбалар деп, ал бағаналар өрiстер деп аталады. Бiр жазба деректер базасының бiр ғана объектiсi туралы ақпараттардан тұрады. Өрiстердiң әрқайсысының жеке өзiне тән аттары болады және олар осымен бiр-бiрiнен ерекшеленедi. Ал жазбалар бiр-бiрiнен өрiстердiң кiлтiнiң мәнiмен ерекшеленедi. Деректер базасының кiлтi дегенiмiз басқа жазбаларда қайталанбайтын мәндерi бар өрiс.

Арнайы программалық жабдықтау

Арнайы программалық жабдықтау – бұл нақты ақпараттық жүйенi жобалауда оның функцияларын iске асыру үшiн қолданылатын программалар жиынтығы және ақпараттық жүйенiң программалық жабдықтауының бiр бөлiгi.

Информация о работе Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың