Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2015 в 16:17, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып берудi ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн, бухгалтерияда ақпаратты өңдеудi, қазынашылықтың кіріс бюджетін бақылауды автоматтандыруға арналған аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн құру.
Курстық жұмыс кiрiспеден, экономикадағы ақпараттық жүйе және аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн жобалау бөлiмдерiнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кіріс бюджетін бақылау есебi бөлiмiнде пәндiк облыс, ҚР аудан қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама, ҚР аудан қазынашылығының бөлiмшелерiнде бюджетте жүргiзiлетiн операциялар есебi келтiрiлген.

Содержание

КIРIСПЕ
Ι-тарау. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама
1.1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы
1.2. Қазынашылықтың негізгі есептері, қызметтерi, операциялары мен құқықтары
1.3. Қазынашылықтың ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
1.3.1. Ақпараттық жүйенiң құрылымы
1.4. Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.1.Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.2.Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.3.Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4.Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5.Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6.Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар
ΙΙ-тарау. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық
жүйесін талдау
2.1.“ Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы
2.2. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың ” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы
2.3. Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы
2.3.1. Кiретiн ақпарат
2.3.2 Шығатын ақпарат
2.3.3. Ақпараттық база
2.3.4 Машинадан тыс ақпараттық база
2.3.5.Ақпараттық моделъ
2.3.6.Қолданылатын жiктегiштер
2.3.7.Машина iшiндегi ақпараттық база
2.4. Программалық жабдықтау
2.4.1.Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама
2.4.2.Программалық жабдықтаудың құрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-“Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың”-ақпараттық-жуйеси.doc

— 373.50 Кб (Скачать документ)

 

1.4.4.Программалық жабдықтауға қойылатын  талаптар

 

Программалық жабдықтау – ақпараттық жүйенiң функцияларын iске асыратын және техникалық құралдар кешенiнiң қызмет етуiн қамтамасыз ететiн программалар жиынтығы.

Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар пайдаланушылардың нақты программалық өнiмге деген өзiнiң қажеттiлiктерiн жасауына мүмкiндiк бередi. Осындай көзқарас бойынша, пайдаланушымен бақыланатын жоба неғұрлым тартымды болып келедi.

Есептер кешенiне жасалынып жатқан программалық жабдықтау бөлiмше функцияларын iске асыруға жеткiлiктi болуы және тiкелей автоматтандырылған жұмысшы орындарында есептi шешуге мүмкiндiк беретiн  ақпаратты өңдеудi ұйымдастырудың барлық қажеттi құралдының болуы қажет.

Программалық жабдықтауды құру кезiнде модулъдiлiк, өзiндiк және пайдалану икемдiлiгi  қағидалары қарастырылуы тиiс.

Пайдалану икемдiлiгiн арттыру мақсатында келесiдей мүмкiндiктердi қарастыру қажет:

  • жұмыстың диалогтiк режимi (меню);
  • модулъдi автоматты түрде шақыру;
  • үзiлiстен кейiн жұмысты жалғастыру;
  • ақпараттық массивтер жағдайы туралы анықтамалар беру.

Жүйелiк жабдықтаудың құрамына кiретiн операциялық жүйе пайдалануда қарапайым болуы, деректер базасын басқаруды қамтамасыз етуi, стандартты программаларды жүктеуi мен орындауы, пайдаланушыға нұсқаулар беруi керек.

Программалық жабдықтау қамтамасыз етуi қажет:

  • пайдаланушыларды регламенттiк және сұранысты-жауап беру режимдерiнде қызмет көрсету;
  • функционалдық есептердi шешу;
  • өзара байланысқан есептердi шешудiң кезектiлiгiн басқару;
  • ақпараттың сақталуын және оның жаңылысудан кейiн қалпына келтiрiлуiн;
  • деректермен жұмыс iстеу мен жеткiзiлудiң қарапайымдылығын және сенiмдiлiгiн;
  • пайдаланушыдан келiп түсетiн ақпаратты бақылауды;
  • ақпаратты қорғауды, ЭЕМ-ге тек автоматтандырылған жұмысшыларға ғана қатынауға рұқсат берудi;
  • қажет болған жағдайда кешеннiң жекелеген есептерiн шешуге мүмкiндiк берудi.

 

1.4.5.Техникалық жабдықтауға қойылатын  талаптар

 

Есептер кешенiнiң техникалық жабдықтауы деректердi өңдеудiң технологиялық процестерiн iске асыруға жеткiлiктi болуы қажет.

Жүйенiң қызмет етуiнде қолданылатын техникалық құралдар кешенiне мыналар кiредi:

    • басқару құралы;
    • ақпаратты енгiзуге мүмкiндiк беретiн клавиатура;
    • текстiк және графиктiк ақпаратты кескiндеуге арналған монитор;
    • басып шығару құралы;
    • жұмсақ дискеталар дисководы.

Компъютер типiн таңдау ақпаратты сақтау және жаңылысу болған жағдайда орнына келтiру, жүйелiк блокқа регламентпен бекiтiлмеген қатынауды талап етуiмен және көптеген сыналған программалық жабдықтардың болуымен тығыз баланысты.

Ақпараттық жүйенiң қызмет етуi үшiн ETHERNET типтес, секундына 100 Мбит өткiзу қабiлетi бар, локалъдi есептеуiш желiсi пайдаланылады.

 

1.4.6.Ұйымдастырушылық жабдықтауға  қойылатын талаптар

 

Ұйымдастырушылық жабдықтау ақпараттық жүйенi құру мен оның жұмыс iстеуiне арналған шаралардың, әдiстер мен жабдықтардың жиынтығы. ұйымдастырушылық жабдықтау ақпараттық жүйенi құру мен оны қолдануға қатысты ең көлемдi мәселелердi қарастырады, және де элементтерiнiң құрамын, олардың өзара байланысын, әрекетiн, ұйымдастырушылық құрылымын, сондай-ақ, жүйе қызметiн реттейтiн құқықтық актiлердi қамтиды.

Бухгалтерлiк есептегi ақпараттық жүйенi жобалау – бұл ақпараттық процестердi зерттеудi, жобалық шешiмдер мен жобалық құжаттар құруды, жүйе элементтерiнiң қызметiне енгiзулердi кезектестiрудi анықтауды қамтитын өте қиын және күрделi процесс.

Шешiлетiн есептер кешенiн ұйымдастырушылық жабдықтау шешiм қабылдаудау процессi кезiнде пайдаланушылардың техникалық жабдықтармен және өзара толық әрекеттестiгiн қамтамасыз етуi қажет. Есептер кешенiнiң нәтижелi қызмет етуi үшiн келесiдей шешiмдердiң жүзеге асуын қарастыру қажет:

  • персоналды оқытуды (үйретудi) ұйымдастыру;
  • технологиялық сипаттаманың талаптарын орындау;
  • жобада көрсетiлген барлық программалық жабдықтауды ұйымдастыруды шеклеулердi орындау;
  • тек автоматтандырылған жұмысшыларға ғана қатынауды қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

ΙΙ-тарау. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесін талдау

 

2.1.“Қазынашылық бюджетінің кірісін  бақылаудың” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы

 

 Ақпараттық жүйе – бұл  экономикалық объекттi  басқаруға  қажеттi ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, қайта өңдеу және беру жүйесi.

Барлық ақпараттық жүйелер құрайтын элементтерiнiң рөлi бойынша екi бөлiмнен тұрады: функционалдық және қамтамасыз ететiн.

Функционалдық жүйе – бұл ақпараттық жүйенiң белгiлi бiр функциялармен шектелген бөлiмi. Өз кезегiнде әрбiр функционалдық жүйе есептер кешендерi мен есептерге жiктелуi мүмкiн.

Тапсырмалар кешенi – бұл анықталған белгiлерi бойынша топтастырылған тапсырмалар жиынтығы. Ақпараттық жүйенiң тапсырмалар құрамы келесiдей факторлармен анықталады:

  • басқарудың сол бiр немесе басқа функциясының маңызыы;
  • басқару процедураларын құру мүмкiндiгi;
  • басқару персоналының компътерлердi пайдалану деңгейi;
  • ақпараттық база мен техникалық құралдардың болуымен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. «Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың» ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы

 

Ақпараттық жүйенiң концептуалды схемасы ақпараттық жүйенi құру мен оның қызмет етуiндегi нiгiзгi әдiстемелiк қатынастарды көрсетедi. Концептуалды схема ақпараттық жүйенiң құрылымы мен оған кiретiн бағыныңқы жүйелердiң өзара байланысын графиктiк түрде кескiндейдi.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердiң жобалық құжаттарын дайындауда жүйенiң әртүрлi элементтерiнiң графиктiк интерпретациясы маңызды орын алады, мысалы, ақпараттық моделъдерде, блок-схемалық алгоритмдерде, деректердi өңдеудiң технологиялық процестерiнде, құжат айналысында, ақпараттық ағындарда және т.б. Бiртұтас ақпараттық жүйенiң концептуалды схемасы жалпы жүйенi құрудағы әдiстемелiк аспектiлердi кескiндейдi және негiзгi құрал-жабдықтарды, сонымен қатар, оған кiретiн бағыныңқы жүйелердiң пәндiк облысын анықтайды. Сонымен бiрге, функционалды бағыныңқы жүйе рөлiн локалъдi есептеуiш желiлерi (ЛЕЖ) және локалъдi немесе желiлi автоматтандырылған жұмыс орындары атқаруы мүмкiн.

Кез келген ақпараттық жүйе екi бөлiмнен тұратын жүйе ретiнде қарастырылады: қамтамасыз ететiн және ұйымдастырушы.

Схеманың қызмет ететiн бөлiмi ақпаратты өңдеу мен жылжу деңгейлерi арасындағы ақпараттық және технологиялық байланысты график түрiнде көрсетедi.

Ақпараттық жүйенiң қамтамасыз ететiн бөлiмi келесiдей элементтерден тұрады: компъютерлiк техникалық құралдар, программалық жабдықтау және ақпараттық жабдықтау.

Ақпараттық жүйенiң концептуалды схемасы 1-суретте көрсетiлген.

 

 

 

 

                    

                                          1-сурет. Концептуалды схема

Жүйе

Сипаттамасы

Тип

АИС

ААЖ

Желiлiк

Желi

Локалъдi

Локалъдi желi

Жұлдызшалық

Жалпы жүйелiк құжаттар

құжаттық



 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

                                                                              Obligations,

                                                                                                        TD,

                                                                                                        ACW,

                                                                                                        RCW,

                                                                                            AR

 

 

 

 

 

    

2.3. Ақпараттық жүйедегi тапсырманың  сипаттамасы

 

Тапсырмалар кешенi Бюджет кірісінің тапсырмасы бойынша деректердi өңдеуге арналған және келесiдей функцияларды атқарады:

    • анықтама жүргiзу;
    • деректердi енгiзу, өңдеу және түзету;
    • деректердi жинау және шығарылатын ведомостердi алу, деректердi балансқа дайындау.

Тапсырмалар кешенiнiң маңызы қажеттi нәтижелi ақпараттарды – есеп беретiн тұлғалармен есеп айырысулардың анализiн жасауға мүмкiндiк беретiн  кіріс формаларын алу мен сәйкесiнше тиiстi шешiм қабылдауда.

Тапсырманың мақсаты – дұрыс, жедел мәлiметтер алу, сонымен қатар, кiретiн және шығатын соммалардың сәйкестiгi.

Тапсырмалар кешенi  бюджетте есеп жүргiзу үшiн орындалады.

Берiлген тапсырма ақпараттық жүйе құрылымының бiр бөлiгi болып табылады және басқа да тапсырмалармен өте жақын байланыста болады.

Берiлген тапсырманы орындаудың жиiлiгi мен ұзақтығы уақыт пен  бюджет кірістеріне өтiнiштердiң түсу жиiлiгiне байланысты.

Берiлген тапсырмалар кешенiн орындауды автоматтандыру тапсырманы орындау мерзiмiн қысқартуға, есептеулердiң қиындықтарын жеңiлдетуге, мәлiметтердiң дұрыстығы мен дәлдiгiн жоғарылатуға және есептеулердiң жеделдетiлуiне мүмкiндiк бередi.

Аналитикалық есеп бойынша құрама деректер жылына бiр берiлсе, синтетикалық есеп бойынша деректер ай сайын берiледi. Кез келген датаға жедел ақпараттардың алынуы қарастырылған.

Тапсырманың шешiмi болып балансты жасауда және тапсырманы одан әрi жүргiзу мен бюджеттік кірістерді бақылауда қолданылатын мiндеттемелер табылады.

Тапсырманы орындаудың уақытша сипаттамаларын бас бухгалтер анықтайды. Осы Қазынашылыққа түскен кірістер  Ұлттық банкке келіп түседі. Заңды тұлғалардан келіп түскен  төлем карточкалары  жүйе арқылы  екі данасымен қабылданады. Бірінші дана екінші деңгейдегі банктің күндік  құжатында қалады, ал екіншісі банк белгілеп болғаннан кейін төлеушіге қайтарылады.

 

 

 

2.3.1.Кiретiн ақпарат

 

Кiретiн ақпарат ақпараттық жүйенiң кез келген тапсырмасын орындауда маңызды орын алады. Кiретiн ақпараттың тасығыштары болып, алғашқы құжаттар, магниттiк дисктер және магниттiк ленталар табылады.

Кiретiн ақпараттың есептерiне мыналар жатады:

  • Бюджет қорытындысы;
  • Шығыстық кассалық ордер;
  • Кiрiстiк кассалық ордер;
  • Аванстық есеп.

Кiретiн ақпараттардың тiзiмi мен құрылымының сипаттамасы 2-кестеде көрсетiлген. Бюджет қорытындысының, шығыстық кассалық ордердiң, кiрiстiк кассалық ордердiң және аванстық есептiң құрамы мен құрылымы 3 – 6 кестелерде келтiрiлген.  

 

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте. Кiретiн  ақпараттардың тiзiмi мен құрылымының  сипаттамасы

 

Аталуы

Идентифика-торы

Көрсетiлу формасы

Түсу жиiлiгi

Ақпарат көзi

1

2

3

4

5

Бюджет қорытындысы

TD

құжат

Операцияның орындалуына байланысты

Бас бухгалтер

Шығыстық кассалық ордер

ACW

құжат

Операцияның орындалуына байланысты

Бас бухгалтер Кассир

Кiрiстiк кассалық ордер

RCW

құжат

Операцияның орындалуына байланысты

Бас бухгалтер Кассир

Аванстық есеп

AR

құжат

Операцияның орындалуына байланысты

Бас бухгалтер Аға эконо-мист

Информация о работе Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың