Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2015 в 16:17, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып берудi ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн, бухгалтерияда ақпаратты өңдеудi, қазынашылықтың кіріс бюджетін бақылауды автоматтандыруға арналған аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн құру.
Курстық жұмыс кiрiспеден, экономикадағы ақпараттық жүйе және аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн жобалау бөлiмдерiнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кіріс бюджетін бақылау есебi бөлiмiнде пәндiк облыс, ҚР аудан қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама, ҚР аудан қазынашылығының бөлiмшелерiнде бюджетте жүргiзiлетiн операциялар есебi келтiрiлген.

Содержание

КIРIСПЕ
Ι-тарау. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама
1.1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы
1.2. Қазынашылықтың негізгі есептері, қызметтерi, операциялары мен құқықтары
1.3. Қазынашылықтың ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
1.3.1. Ақпараттық жүйенiң құрылымы
1.4. Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.1.Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.2.Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.3.Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4.Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5.Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6.Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар
ΙΙ-тарау. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық
жүйесін талдау
2.1.“ Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы
2.2. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың ” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы
2.3. Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы
2.3.1. Кiретiн ақпарат
2.3.2 Шығатын ақпарат
2.3.3. Ақпараттық база
2.3.4 Машинадан тыс ақпараттық база
2.3.5.Ақпараттық моделъ
2.3.6.Қолданылатын жiктегiштер
2.3.7.Машина iшiндегi ақпараттық база
2.4. Программалық жабдықтау
2.4.1.Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама
2.4.2.Программалық жабдықтаудың құрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-“Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың”-ақпараттық-жуйеси.doc

— 373.50 Кб (Скачать документ)

12. Бюджеттік бағдарламалардың  әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттер бойынша қосымша өтінім береді.

1. Бюджеттік жоспарлау  жөніндегі жергілікті уәкілетті  орган:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерінің осы Ережеде және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды;

2) Қазақстан Республикасының  Үкіметі айқындаған тәртіппен  ұсынылып отырған бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне бағалау жүргізеді;

3) бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері  бойынша қорытынды дайындайды;

4) аудандардың (облыстық  маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне  облыстық бюджеттен берілетін  мақсатты трансферттер мен бюджеттік  кредиттердің көлемдері жөнінде ұсыныс дайындайды.

2. Бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері  жөніндегі қорытындының нысанын  бюджеттік жоспарлау жөніндегі  жергілікті уәкілетті орган айқындайды.

3. Бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның олар жөніндегі қорытындысы, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның облыстық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері жөніндегі ұсынысы ағымдағы жылдың  25 тамызынан бастап бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі.

4. Бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері  мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі  жергілікті уәкілетті органның  олар жөніндегі қорытындысы бюджет комиссиясының қарауына екі кезеңде енгізілуі мүмкін.

Бірінші кезеңде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар енгізіледі. Бұл ретте бюджет комиссиясы жаңа әрі қосымша бюджет қаражатын талап ететін, жеке қаралатын бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілері бойынша тұтастай қарайды. 

Екінші кезеңде бюджеттік даму бағдарламалары енгізіледі. Бюджет комиссиясы бюджеттік өтінімдерді тақырыптық блоктар бойынша қарау тәртібін белгілей алады.

5. Бюджет комиссиясының  бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің  бюджеттік өтінімдерін қарау  кестесін бюджет комиссиясының  жұмыс органы жасайды.

6. Бюджет комиссиясы енгізілген  бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің  бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындысын, сондай-ақ аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне облыстық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдері жөніндегі ұсынысты қарайды және ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіне дейінгі мерзімде олар жөнінде шешім қабылдайды.

7. Бюджеттік жоспарлау  жөніндегі жергілікті уәкілетті  орган мен бюджеттік бағдарламалардың  әкімшілері арасындағы келіспеушіліктерді  бюджет комиссиясы қарайды.

8. Бюджет комиссиясы облыстық бюджеттік бағдарламалар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламалары жөнінде түпкілікті шешім қабылдағаннан кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қосымша өтінімдер бере алмайды.

9. Аудандардың (облыстық  маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне облыстық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемдерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына жеткізеді.

10. Бюджеттік бағдарламалардың  әкімшілері үш күндік мерзімде  облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының  паспорттары жобаларын және шығыстардың  есептерін бюджет комиссиясының  шешімдеріне сәйкес келтіреді және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

 

 

     Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің жобасын әзірлеу

  Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындау

1. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеттік жоспарлау  жөніндегі жергілікті уәкілетті  органы үш жылдық кезеңге белгіленген  облыстық бюджеттен берілетін  бюджеттік субвенциялардың, облыстық  бюджет пен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің арасында кірістерді бөлу нормативтерін ескере отырып, бюджет құрылымына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындайды және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)  бюджет комиссиясының (бұдан әрі - бюджет комиссиясы) қарауына жібереді. 

2. Бюджет комиссиясы ағымдағы  қаржы жылының 1 тамызына дейінгі  мерзімде алдағы қаржы жылына  аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің ұсынылған болжамды  көрсеткіштерін қарайды және мақұлдайды.

 

  Ағымдағы бюджеттік  бағдарламаларға және бюджеттік  даму бағдарламаларына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)  бюджет  шығыстарының лимиттерін  айқындау 

3. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджет шығыстарының лимиттерін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, теріс операциялық сальдоның жол берілетін шектегі мөлшері, Орта мерзімді фискалдық саясатта айқындалған өзге де көрсеткіштер, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті тапшылығының жол берілетін шектегі мөлшері және Өңірдің орта мерзімді жоспарында айқындалған өзге де макроэкономикалық көрсеткіштер, үш жылдық кезеңге белгіленген бюджеттік алулар мен субвенциялардың көлемдері, сондай-ақ алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)  бюджеті түсімдерінің бюджет комиссиясы мақұлдаған болжамды көрсеткіштері негізінде қалыптастырады.

4. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы:

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

5. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін есептеу кезінде:

1) облыстық бюджетке алынатын  бюджеттік  алулардың бекіткен  көлемдерін қоса алғанда ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) ағымдағы бюджеттік  бағдарламаларына, қаладағы ауданның, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің  бюджеттік бағдарламаларына арналған шығындардың жалпы көлемі  аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті кірістерінен аспауы тиіс;  

2) бекітілген заттай нормалар;

3) ағымдағы қаржы жылының  ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының  көлемі;

4) бюджеттік шығыстарды  ұлғайту немесе азайту жөнінде  орта мерзімді фискалдық саясатта  көрсетілген бағыттар;

5) ағымдағы қаржы жылында  аяқталатын ағымдағы бюджеттік  бағдарламаларды алып тастау  қажеттігі;

6) өзге де қажетті жағдайлар  ескеріледі.

6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары, қаладағы ауданның, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының (бұдан әрі - әкім аппараты) бюджеттік бағдарламаларының әрбір әкімшісі үшін айқындалады. Жалпы лимиттерден шығыстардың жекелеген түрлерін бөліп көрсетуге болады.

7. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері мен әкімдер аппараты арасында ажыратылмай, тұтас айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстары лимиттерінің көлемі аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті шығыстарының жалпы болжамды көлемі мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламаларын бюджет шығыстары лимиттерінің жалпы көлемі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

8. Бюджет комиссиясы ағымдағы  қаржы жылының 5 тамызына дейінгі  мерзімде ауданның ағымдағы бюджеттік  бағдарламаларына және (облыстық  маңызы бар қаланың) бюджеттік  даму бағдарламаларына арналған  шығыстардың лимиттерін қарайды  және мақұлдайды.

9. Бюджет комиссиясы мақұлдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттерін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы үш жұмыс күні ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілеріне және әкімдердің аппараттарына, ал бюджеттік даму бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттерін бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іріктеу үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жеткізеді.

10. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) экономикалық жоспарлау  жөніндегі жергілікті уәкілетті  органы бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық  жобалар (бағдарламалар) жөніндегі өтінімдерін қарау нәтижелері, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелері негізінде және бюджет комиссиясы мақұлдаған, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттері шегінде:

1) ағымдағы қаржы жылында  мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік  бағдарламалар бөлінісінде іске  асырылатын бюджеттік инвестициялық  жобаларды (бағдарламаларды) ескере  отырып, басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесін;

2) заңды тұлғалардың жарғылық  капиталын қалыптастыруға және  ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге  асырылатын бюджеттік инвестициялар  жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады  және ағымдағы қаржы жылының  15 тамызына дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

11. Бюджет комиссиясы осы  Ереженің 10-тармағында көрсетілген  тізбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзі мен  тетігін және оларды іске асыруға  жауапты болатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін айқындайды.

12. Бюджет комиссиясы мақұлдаған  басымды бюджеттік инвестициялық  жобалар (бағдарламалар) мен заңды  тұлғалардың жарғылық капиталын  қалыптастыруға және ұлғайтуға  қатысу арқылы жүзеге асырылатын  бюджеттік инвестициялар тізбесін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы үш күн ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері мен әкімдердің аппараттарына жеткізеді.

13. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеттік жоспарлау  жөніндегі жергілікті уәкілетті  органы облыстық бюджеттен берілетін  мақсатты трансферттер мен бюджеттік  кредиттердің болжамды көлемдері  мен мақсатын ауданның (облыстық  маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, әкімдердің аппараттары бойынша бөледі және оларға үш жұмыс күні ішінде жеткізеді.

14. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының  әкімшілері ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына облыстық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттер бойынша қосымша өтінім береді.

 

  Ауданның (облыстық  маңызы бар қаланың)  бюджеттік  бағдарламалары әкімшілерінің бюджеттік  өтінімдерді жасауы

1. Осы Ереженің 8-тармағына  сәйкес жасалған, алдағы үш жылдық  кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерді  ауданның (облыстық маңызы бар  қаланың) бюджеттік бағдарламаларының  әкімшілері мен әкімдердің аппараттары  ауданның (облыстық маңызы бар  қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы белгілеген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 25 тамызынан кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ұсынады.

  Аудандық (облыстық  маңызы бар қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау.

1. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінің және әкімдер аппараттарының  бюджеттік өтінімдерін осы Ереженің 15-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы қарайды.

2. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінің және әкімдер аппараттарының  бюджеттік өтінімдері жөніндегі қорытындының нысанын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы айқындайды.

3. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінің, әкімдер аппараттарының  бюджеттік өтінімдері және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының олар жөніндегі қорытындысы осы Ереженің 18-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен бастап бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі.

4. Бюджет комиссиясының  ауданның (облыстық маңызы бар  қаланың) бюджеттік бағдарламалар  әкімшілерінің және әкімдер аппараттарының  бюджеттік өтінімдерін қарау  кестесін бюджет комиссиясының  жұмыс органы жасайды. 

5. Бюджет комиссиясы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, әкімдер аппараттарының енгізілген бюджеттік өтінімдерін, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының қорытындысын қарайды және ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейінгі мерзімде олар жөнінде шешім қабылдайды.

Информация о работе Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың