Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2015 в 16:17, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып берудi ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн, бухгалтерияда ақпаратты өңдеудi, қазынашылықтың кіріс бюджетін бақылауды автоматтандыруға арналған аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн құру.
Курстық жұмыс кiрiспеден, экономикадағы ақпараттық жүйе және аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн жобалау бөлiмдерiнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кіріс бюджетін бақылау есебi бөлiмiнде пәндiк облыс, ҚР аудан қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама, ҚР аудан қазынашылығының бөлiмшелерiнде бюджетте жүргiзiлетiн операциялар есебi келтiрiлген.

Содержание

КIРIСПЕ
Ι-тарау. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама
1.1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы
1.2. Қазынашылықтың негізгі есептері, қызметтерi, операциялары мен құқықтары
1.3. Қазынашылықтың ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
1.3.1. Ақпараттық жүйенiң құрылымы
1.4. Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.1.Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.2.Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.3.Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4.Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5.Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6.Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар
ΙΙ-тарау. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық
жүйесін талдау
2.1.“ Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы
2.2. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың ” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы
2.3. Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы
2.3.1. Кiретiн ақпарат
2.3.2 Шығатын ақпарат
2.3.3. Ақпараттық база
2.3.4 Машинадан тыс ақпараттық база
2.3.5.Ақпараттық моделъ
2.3.6.Қолданылатын жiктегiштер
2.3.7.Машина iшiндегi ақпараттық база
2.4. Программалық жабдықтау
2.4.1.Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама
2.4.2.Программалық жабдықтаудың құрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-“Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың”-ақпараттық-жуйеси.doc

— 373.50 Кб (Скачать документ)

 

(қала) бюджетi шығыстарының лимиттерiн, сондай-ақ ауданның (қаланың) бюджетiнен  қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелердiң кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемдерiн ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiне үш жұмыс күнi iшiнде жеткізеді.  
      Ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша жергілiктi бюджет шығыстарының лимиттерiн ауданның жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергілiктi уәкілеттi органына үш жұмыс күнi iшiнде жеткiзедi.  
      6. Ауданның (қаланың) экономикалық жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкілетті органы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимитi шегiнде инвестициялық жобаларды жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қалыптастырады және ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiн оларды ауданның жергiлiктi уәкiлетті органына кейiннен ол ауданның (қаланың) бюджет комиссиясына енгiзуi үшiн ұсынады.  
      Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды аудан (қала) бюджетi қаражатынан қаржыландыру тізбесі мен көлемдерiн анықтайды, оларды ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 5 мамырына дейiнгi мерзiмде аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткiзедi.

 

Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу     

1. Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi Республиканың индикативтiк жоспары, Облыстың индикативтiк жоспары, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары, аудан (қала) бюджетi қаражатын жұмсаудың басым бағыттары негізiнде, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiн ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн шығыстар лимиттерiнiң, инвестициялық жобаларды ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерi шегiнде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдердi Қаржы министрлiгi белгiлеген нысан бойынша жасайды және ағымдағы жылдың 15 мамырына дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органына ұсынады.  
      2. Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша паспорттардың тиiстi деректерiн және жобаларын қамтитын бюджеттік өтінiмдердi жасайды.  
      3. Ауданның (қаланың) жергілiктi уәкiлеттi органы бюджеттiк өтінiмдердi олардың Республиканың индикативтiк жоспарына, Облыстың индикативтiк жоспарына, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетi қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн жеткiзiлген шығыстардың лимиттерiне, инвестициялық жобаларды ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiне, ауданның (қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiне, бюджеттiк өтiнiмдердi жасауға белгiленген талаптарға сәйкестiгі, есептеулердiң дұрыстығы мен негізділігi мәнiнде қарайды.  
      Олар бойынша жергіліктi уәкiлеттi органның қорытындысын қоса берумен аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi, сондай-ақ ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап өткен жылғы бюджеттiк бағдарламаларды іске асырудың нәтижелерi туралы ақпарат ауданның (қаланың) бюджеттiк комиссиясының қарауына енгiзiледi. <*> 
      Аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтінiмдерi бойынша жергiлiктi уәкiлеттi орган қорытындысының нысанын ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы айқындайды. <*> 
     4. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн, ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органының қорытындыларын қарайды және ағымдағы жылдың 20 маусымына дейiнгi мерзiмде олар бойынша шешiм шығарады.  
      5. Ауданның (қаланың) жергіліктi уәкілеттi органы осы Ереженің 4-тармағында көрсетiлген ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының шешімдерін ескере отырып, ағымдағы жылдың 25 маусымына дейiнгi мерзiмде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына мынадай болжамдық көрсеткіштердi енгiзедi:  
      1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң:  
      аудан (қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер көлемдерi ерекшелiктер бөлінісiнде;  
      аудан (қала) бюджетi шығыстарының көлемдерi ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламаларына бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде аудандық (қалалық) бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi бойынша, оның iшiнде инвестициялық жобалар бойынша;  
      аудан (қала) бюджетi тапшылығының (профицитiнің) мөлшерi;  
      2) алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетінің;  
      аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемi;  
      жергілiктi атқарушы органдар резервтерiнің мөлшерi;  
      жергiлiктi бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар тiзбесi.  
      6. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетiлген аудан (қала) бюджетінің болжамды көрсеткiштерiн ағымдағы жылдың 1 шілдесiне дейiн ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтайды.

 

Аудан (қала) бюджетiнің жобасын мақұлдау     

1. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкілеттi органы ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған аудан (қала) бюджетiнің болжамды көрсеткiштерi негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасын жасайды және оны ағымдағы жылдың 10 шiлдесiне дейiнгі мерзiмде ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.  
      Алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасын ағымдағы жылдың 15 шiлдесiне дейiн ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтайды.  
      2. Ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы анықтаған алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетi жобасының түпкi нұсқасының негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған ауданның (қаланың) бюджетi туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын жасайды және ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.  
      Аудан (қала) бюджетiнiң жобасымен бiр уақытта ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлетті органы алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органына ұсынады.  
      3. Ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы аудан (қала) бюджетiнiң жобасын мақұлдағаннан кейiн ауданның (қаланың) жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 25 шiлдесiнен кешiктiрмей аудан (қала) бюджетiнiң болжамын облыстың жергiлiктi уәкiлетті органына ұсынады.  
      4. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары облыстық бюджет бекiтiлгеннен кейiн екi апта мерзiмде аудан (қала) бюджеттерiнiң бұрын жасалған болжамды көрсеткiштерiн нақтылайды және аудан (қала) бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi, ол екi апта мерзiмнен кешiктiрмей бюджеттi бекiту туралы шешiм қабылдайды.  
      5. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары аудандық мәслихаттар бюджетті бекiту туралы шешiм қабылдағаннан кейiн бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы бекiтiлген жергiлiктi бюджеттердiң негiзiнде облыстық (қалалық) бюджет және облыс бюджетi туралы жинақталған деректердi ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Республикалық және жергілікті      
бюджеттердің жобаларын         
әзiрлеу ережесiне           
1-қосымша              

Алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын ____________ 
бюджеттiк (респ. жерг.) бағдарламалар тiзбесi жөнiнде ұсыныстар

Р/с !Әкім.!Бағ.!Бюджеттік     !Бағдарламаның!өткен!Ағымдағы!    Жылдар 
 N   ші N !дар.!бағдарламаның !(кіші бағдар.!жыл. !жылдың  ! бойынша алдағы!     !ла. !(кiшi бағдар. !ламаның)     !дың  !жоспары !   үш жылдық 
   !     !ма. !ламаның) атауы!міндеттері   !кас. !        !кезеңге арналған 
   !     !лар !              !             !салық!        !    болжам 
   !     ! N  !              !             !шығы.!        !---------------- 
   !     !    !              !             !стары!        ! ... ! ... ! ... 
--------------------------------------------------------------------------- 
      1       !       2      !       3     !  4  !    5   !  6  !  7  ! 8


І.             Жалғастырылатын бюджеттік  
               бағдарламалар: 
 
           1 
           2 
ІІ             Жаңа (бұрын бюджеттен  
               қаржыландырылмаған) бюджеттiк  
               бағдарламалар:          


           2              

 Жиыны:                х 
--------------------------------------------------------------------------- 
таблицаның жалғасы: 
-------------------------- 
Р/с! Негіздеме* ! Ескерту 
 N !            !      
-------------------------- 
 1 !      9     !   10 
-------------------------- 
І. 
 
ІІ 
  
Жиыны     х          х 
--------------------------    

* Осы бағанда бағдарламаны (кiші бағдарламаны) толық көлемде қаржыландыру қажеттiлiгін анықтайтын нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауын, нөмiрiн және күнiн көрсету қажет. 
     Заңнамалық кесiмге сiлтеме жасалған кезде баптардың нөмірлерiн көрсету қажет. 
     Осы нысанға әкiмшiлік шығыстар енгiзiлмейдi.     

 Бюджеттiк бағдарламалар 
     әкiмшiсiнiң басшысы     ____________      _________________ 
                                (қолы)          (аты-жөнi, тегi)

 

 

 

Республикалық және жергілікті                 
бюджеттердің жобаларын                    
әзiрлеу ережесiне                       
2-қосымша                         

__________________________________

Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 
__________________________ жылдарға арналған  
____________________________________________  
(бюджеттік бағдарламаның атауы) 
                                          ПАСПОРТЫ

1. Құны 
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi 
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi 
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты 
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi 
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары 
--------------------------------------------------------------------------- 
Р/с!Бағдарлама!Кiшi       !Кiшi бағдар.!Бағдарламаны!Iске   !Жауапты 
 N !   коды   !бағдарлама !ламалардың  !iске асыру  !асыру  !орындаушылар 
   !          !коды       !атауы       !жөнiндегi   !мерзiмi! 
   !          !           !            !iс-шаралар  !       ! 
--------------------------------------------------------------------------- 
 1 !    2     !      3    !      4     !      5     !   6   !      7 
--------------------------------------------------------------------------- 
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер      

 

 

 

1. Қазақстан Республикасының  Үкіметі бекітетін Қазақстан  Республикасының әлеуметтік-экономикалық  дамуының орта мерзімді жоспары (бұдан әрі – Республиканың  орта мерзімді жоспары), жергілікті өкілді орган бекітетін Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары (бұдан әрі - Өңірдің орта мерзімді жоспары), жергілікті атқарушы орган бекітетін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің алдағы үш жылдық кезеңге арналған Орта мерзімді фискалдық саясаты (бұдан әрі - Орта мерзімді  фискалдық саясат), мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына елдегі ахуал және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарында жергілікті бюджеттерді атқарудың нәтижелері, жергілікті бюджеттік бағдарламаларды атқару тиімділігін бағалаулар алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеудің негізі болып табылады.

2. Жергілікті бюджеттердің  жобаларын әзірлеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) алдағы қаржы жылына  арналған түсімдердің болжамды  көрсеткіштерін айқындау;

2) ағымдағы бюджеттік  бағдарламалар мен бюджеттік  даму бағдарламаларына арналған  шығыстардың лимиттерін айқындау;

3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді жасауы;

4) жергілікті бюджеттік  бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік  өтінімдерін қарау;

5) мәслихаттың тиісті  қаржы жылына арналған жергілікті  бюджет туралы шешімінің жобасын  әзірлеу.

3. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының лимиттерін есептеу кезінде:

1) үш жылдық кезеңге  белгіленген облыстық бюджеттен  аудандардың (облыстық маңызы бар  қалалардың) бюджеттеріне берілетін  бюджеттік субвенциялардың көлемі  мен республикалық бюджетке алынатын бюджеттік алулардың көлемдерін қоса алғанда, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті кірістерінің көлемінен аспауы тиіс ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығындардың жалпы көлемі;

2) бекітілген заттай нормалар;

3) ағымдағы қаржы жылының ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының көлемі;

4) бюджеттік шығыстарды  ұлғайту немесе азайту жөнінде  Орта мерзімді фискалдық саясатта  көрсетілген бағыттар;

5) ағымдағы қаржы жылында  аяқталатын ағымдағы бюджеттік  бағдарламаларды алып тастау қажеттігі;

6) өзге де қажетті жағдайлар  ескеріледі.

4. Ағымдағы бюджеттік  бағдарламалар үшін бюджет шығыстарының  лимиттері облыстық бюджеттік  бағдарламалардың, республикалық маңызы  бар қаланың, астананың бюджеттік  бағдарламаларының әрбір әкімшісі (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері) үшін айқындалады. Жалпы лимиттерден шығыстардың жекелеген түрлерін бөліп көрсетуге болады.

5. Бюджеттік даму бағдарламалары  үшін шығыстардың лимиттері бюджеттік  бағдарламалардың әкімшілері арасында  ажыратылмай, тұтас айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары үшін шығыстар лимиттерінің көлемі облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті шығыстарының жалпы болжамды көлемі мен ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін шығыстар лимиттерінің жалпы көлемі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

6. Бюджет комиссиясы ағымдағы  қаржы жылының 5 шілдесіне дейінгі  мерзімде ағымдағы бюджеттік  бағдарламаларға және бюджеттік  даму бағдарламаларына арналған  шығыстардың лимиттерін қарайды  және  мақұлдайды.

7. Бюджет комиссиясы мақұлдаған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 3  жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, ал бюджеттік даму бағдарламалары үшін  бюджет  шығыстардың лимиттерін бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іріктеу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жеткізеді.

8. Облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың  экономикалық жоспарлау жөніндегі  жергілікті уәкілетті органы  бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің  бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жөніндегі өтінімдерін қарау нәтижелері, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелері негізінде және бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік даму бағдарламаларына арналған  бюджет шығыстардың лимиттері шегінде:

1) ағымдағы жылы мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламалар  бөлінісінде іске асырылатын  бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) ескеріле отыра, басымды  бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесін;

2) заңды тұлғалардың жарғылық  капиталын қалыптастыруға және  ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге  асырылатын бюджеттік инвестициялар  жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады  және ағымдағы жылдың 15 шілдесіне  дейін бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

9. Бюджет комиссиясы осы  Ереженің 8-тармағында көрсетілген  тізбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзі мен  тетігін және оларды іске асыруға  жауапты болатын бюджеттік бағдарламалардың  әкімшілерін айқындайды.

10.Бюджет комиссиясы мақұлдаған басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар тізбесін бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган үш күн ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізеді.

11. Бюджеттік жоспарлау  жөніндегі орталық уәкілетті  орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі  жергілікті уәкілеттік органға  республикалық бюджеттен берілетін  мақсатты трансферттер мен бюджеттік  кредиттердің болжамды көлемдері мен мақсатын жеткізеді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бөледі және оларға үш жұмыс күні ішінде жеткізеді.

Информация о работе Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың