Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2015 в 16:17, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып берудi ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн, бухгалтерияда ақпаратты өңдеудi, қазынашылықтың кіріс бюджетін бақылауды автоматтандыруға арналған аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн құру.
Курстық жұмыс кiрiспеден, экономикадағы ақпараттық жүйе және аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн жобалау бөлiмдерiнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кіріс бюджетін бақылау есебi бөлiмiнде пәндiк облыс, ҚР аудан қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама, ҚР аудан қазынашылығының бөлiмшелерiнде бюджетте жүргiзiлетiн операциялар есебi келтiрiлген.

Содержание

КIРIСПЕ
Ι-тарау. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама
1.1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы
1.2. Қазынашылықтың негізгі есептері, қызметтерi, операциялары мен құқықтары
1.3. Қазынашылықтың ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
1.3.1. Ақпараттық жүйенiң құрылымы
1.4. Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.1.Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.2.Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.3.Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4.Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5.Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6.Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар
ΙΙ-тарау. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық
жүйесін талдау
2.1.“ Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы
2.2. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың ” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы
2.3. Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы
2.3.1. Кiретiн ақпарат
2.3.2 Шығатын ақпарат
2.3.3. Ақпараттық база
2.3.4 Машинадан тыс ақпараттық база
2.3.5.Ақпараттық моделъ
2.3.6.Қолданылатын жiктегiштер
2.3.7.Машина iшiндегi ақпараттық база
2.4. Программалық жабдықтау
2.4.1.Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама
2.4.2.Программалық жабдықтаудың құрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-“Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың”-ақпараттық-жуйеси.doc

— 373.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

2.3.2.Шығатын ақпарат

 

Шығатын ақпарат – бұл ақпараттық жүйенiң функцияларын орындау нәтижесiнде алынып, басқару объектiсiне, персоналға және т.б. басқару жүйелерiне құжаттар, мәлiметтер және сигналдар түрiнде берiлетiн ақпарат.

Шығатын ақпараттың құрамы  пен құрылымы 7-кестеде көрсетiлген.

 

 

 

 

7-кесте. Шығатын  мiндеттемелер  құжатының құрамы  мен құрылымы

 

Реквизиттiң аталуы

Реквизит типi

Реквизит ұзындығы

құжат нөмiрi

i4

4

Толтырылу датасы

date

8

Бекiтiлу датасы

date

8

Жабдықтау

string

15

Санкциялар

string

15

Есеп беретiн тұлға коды

i4

5

Есеп беретiн тұлғаның ТАӘ

string

50

қала

string

50

Валютаның белгiленуi

string

3

Валюта

string

50

Валютаның курсы

r8

8

Сомма

r8

8

Ұлттық валютадағы сомма

r8 (money)

8

Бюджет лимитi

r8 (money)

8

Банк коды

i4

8


 

2.3.3 Ақпараттық база

 

Ақпараттық база дегенiмiз бұл – сыртқы тасығыштарда сақталатып, программалармен және пайданушылармен қолданылатын мәлiметтер жиынтығы.

Ақпараттық базаға мыналар кiредi:

  • ақпараттық массивтер, яғни ақпараттық базаның мазмұнын құрайтын мәлiметтер массивi;
  • ақпаратты кодтау жүйесi және ақпараттық базаның құрылуы мен қызмет етуiн қамтамасыз ететiн программалық-алгоритмдiк құралдар.

Ақпараттық база екiге бөлiнедi: машинадан тыс ақпараттық база және машина iшiндегi ақпараттық база.

 

         2.3.4. Машинадан тыс ақпараттық  база

Машинадан тыс ақпараттық база – бұл ақпараттық жүйенiң қызмет ету кезеңiнде қолданылатын хабарлар, сигналдар және құжаттар жиынтығы түрiндегi ақпараттық жүйенiң адаммен есептеуiш техника құралдарының көмегiнсiз қабылданатын формасындағы ақпаратық базаның бiр бөлiгi.

Машинадан тыс ақпараттық базаға жiктеу және кодтау жүйелерi, нормативтi-анықтамалық құжаттар және оперативтi ақпарат кiредi. Жiктеу және кодтау жүйелерi мәлiметтердiң бiртектi жазылуын, оларды тиiмдi iздеу

мен олардың ақпараттық-есептеу жүйесiнiң жадысында қайталанбауын қамтамасыз етедi. Нормативтi-анықтамалық құжаттар шартты-тұрақты ақпараттар категориясына жатады, және де есеп айырысуларда ұзақ уақыт бойы өзгерiссiз қолданылатын әр түрлi регламент бойынша бекiтiлген нормативтер, нормалар және т. б. мәлiметтерден тұрады. Оперативтi ақпарат объектiнiң нақты уақыттағы күйiн көрсетедi, демек, бұл алғашқы, өңделмеген ақпарат.

Экономикалық ақпараттың жiктегiштерi мен кодтарын жобалау – ақпараттық жабдықтау мен ақпараттық жүйелер құрудағы ең маңызды мәселелерiнiң бiрi.

 

2.3.5.Ақпараттық моделъ

 

Ақпараттық моделъ өзара ақпараттық байланыстарды қарастырады, берiлген тапсырма кешенi бойынша мәлiметтердi графиктiк түрде суреттейдi және барлық негiзгi семантикалық байланыстарды толығырақ көрсетедi.

Кiретiн ақпарат базаға алғашқы құжаттардан енгiзiледi. Автоматтандыру үшiн келесiдей алғашқы құжаттар қолданылады:

  • Бюджет қорытындысы;
  • Шығыстық кассалық ордер (ШКО);
  • Кiрiстiк кассалық ордер (ККО);
  • Аванстық есеп.

Алғашқы құжаттар негiзiнде сәйкес анықтамалықтамалықтардан ақпараттар автоматты түрде жазылып отыратын жедел ақпарат файлдары қалыптасады. Анықтамалықтар:

  • Есеп беретiн тұлғалар анықтамалығы (Persons);
  • Бөлiмшелер анықтамалығы (Departments);
  • Банктер анықтамалығы (Cities);
  • Валюталар анықтамалығы (Currencies).

Мұндай анықтамалықтардың пайдаланылуы мәлiметтер базасына ақпараттарды енгiзудi жеңiлдетедi және олардың дәлдiгi мен дұрыстығын жоғоғарылатады.

“Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың ” ақпараттық жүйесiнде мәлiметтер базасының он кестесi құрылған.

Бiрiншi кесте Obligations деп аталады. Оған “өтiнiм” алғашқы құжатынан мәлiметтер енгiзiледi.

Екiншi кесте Persons деп аталады. Оған есеп беретiн тұлғалар туралы мәлiметтер енгiзiледi.

Үшiншi кесте Departments деп аталады. Оған қазынашылық бөлiмшелерi туралы мәлiметтер енгiзiледi.

Төртiншi кесте Cities деп аталады. Оған банктер туралы мәлiметтер енгiзiледi.

Бесiншi кесте Currencies деп аталады. Оған валюталар туралы мәлiметтер енгiзiледi.

Алтыншы кесте Documents деп аталады. Оған есеп беретiн тұлғалардың құжаттары туралы мәлiметтер енгiзiледi.

Жетiншi кесте TD (the traveling document) деп аталады. Оған “бюджет кірістерінің ” алғашқы құжатынан мәлiметтер енгiзiледi.

Сегiзiншi кесте ACW (the account cash warrant) деп аталады. Оған “шығыстық кассалық ордер” алғашқы құжатынан мәлiметтер енгiзiледi.

Тоғызыншы кесте RCW (the receipt cash warrant) деп аталады. Оған “кiрiстiк кассалық ордер” алғашқы құжатынан мәлiметтер енгiзiледi.

Оныншы кесте AR (the advance report) деп аталады. Оған “аванстық есеп” алғашқы құжатынан мәлiметтер енгiзiледi.

 

2.3.6.Қолданылатын жiктегiштер

 

Экономикалық ақпаратты жiктеудiң ең кең қолданылатын жiктеу жүйелерi: иерархиялық және фасеттiк. Оларға төмендегiдей талаптар қойылады:

  • жiктеудiң барлық объектiлерiн есепке алуға мүмкiндiк беретiн жеткiлiктi сыйымдылық;
  • экономикалық тұрғыдан ақтайтын тереңдiк (яғни жiктеме деңгейлерiнiң саны);
  • көптеген жiктелетiн объектiлердi кеңейтуге мүмкiндiк беретiн, сонымен қатар, жiктеменiң құрылымын бұзбай, қажеттi өзгерiстердi енгiзуге мүмкiндiк беретiн икемдiлiк;
  • жiктеу жүргiзудiң қарапайымдылығы.

Жiктегiш – бұл жiктелетiн топтамалардың аттарының және кодтық белгiленулерiнiң жүйеленген жинағы. Автоматтандырылған экономикалық ақпаратты өңдеу ұйымы техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу жұмысының жүргiзiлуiн және мәлiметтердi сақтау мен iздеудi тиiмдi жүргiзу   үшiн, сонымен қатар, мәлiметтердi кешендi өңдеу үшiн оның элементтерiнiң кодталуын талап етедi.

Жiктеу ұғымымен қарастырылып отырған пәндер мен құбылыстардың класс бойынша ортақ белгiсi немесе белгiлер тобы негiзiнде элементтердiң үлестiрiмi қорытылатын логикалақ операция түсiндiрiледi.

Жiктеу жүйесi өзара байланыстары мен белгiлерi арасындағы тәуелдiлiктерi негiзiнде жiктелетiн элементтердiң реттелiп, бiркелкi орналасуын көрсетедi. Бұл жүйе әр жiктегiшке оның қызмет аясын белгiлейтiн жiктегiштер кешенiн анықтайды. Жiктеудiң иерархиялық және фасеттiк жүйелерi бар.

Жiктеудiң иерархиялық жүйесi жiктелетiн топтамалар арасында бағыну (иерархиялық) қатынасын орнатуды болжайды. Ең алдымен, бiр белгi бойынша iрiрек топтарды бөлiп алып, содан соң олардың iшiне басқа белгiлерi бойынша кiшiректерi топтастырылады және т.с.с. Иерархиялық жүйеге қатаң құрылым, бекiтiлген құрам мен жiктелетiн белгiлердiң ретi тән.

Жiктеудiң фасеттiк жүйесi жiктелетiн көптiк жүргiзiлген жiктеудiң нәтижесiнде әртүрлi аспектiлер бойынша тәуелсiз топтамалар құруымен сипатталады.

Жiктелетiн топтамалар әртүрлi фасеттерден объекттердi кез келген белгiлердiң үйлесiмi бойынша бөлуге мүмкiндiк бередi.

Жiктегiш көптеген объекттердi кластарға, классастыларға, топтамаларға, бiруақытта жiктелетiн топтардың жүйеленген атаулар жинағы мен олардың кодтық таңбаларына және т.б. бөлу заңдылықтарынан құралатын құжат болып табылады.

Кодтық белгiлеудегi таңбалардың саны кодтың ұзындығы деп аталады.

Кодтарды жобалау кезiнде келесiдей талаптарды ескеру қажет:

  • кодтарды минималды ұзындықпен жобалау;
  • кодтардың логикалылығы және ауыстырымдылығы;
  • шешiлетiн есептердiң ерекшелiктерiн ескеру;
  • кодтаудың қолданылатын жүйесi мен жалпыға ортақ белгiлердi ескеру;
  • дамудың перспективаларын ескеру.

Кодтаудың мақсаты деректердi құжаттарға жазуда, оларды машиналық тасығыштарда тасуда, өңдеу жүргiзуде, жеткiзуде және т.б. операцияларға қажеттi ақпаратты өте компактiлi және ыңғайлы түрде көрсету болып табылады.

Кодтау – символдық белгiлердi жiктелетiн объектiлердiң өте компактiлi түрде көрсету мақсатында оларды символдық меншiктеу процессi.

Жекелеген объекттерге кодтарды меншiктеудiң ережелер жиынтығы кодтау жүйесiн көрсетедi.

Кодтаудың реттiк жүйесi бiр белгiлi, тұрақты және қарапайым номенклатураларды кодтауда қолданылады. Оның негiзiнде объекттерге номенклатурада орналасу ретi бойынша сандық нөмiрлердi меншiктеу қарастырылады. Мұндай жүйенiң артықшылығы – кодтарды құрудың қарапайымдылығы, олардың аз мағыналылығы және жазбалардың толықтылығы. Сонымен қатар, реттiк кодтарда объекттердi белгiлерi бойынша топтастыру қарастылмайды, ал номенклатураға жаңа объектiлердiң келуi қабылданған жiктеменiң бұзылуына алып келедi.

Кодтаудың тiзбектi жүйесi жiктеудiң иерархиялық жүйесiне сәйкес келедi. Төмен тұрған топтаманың кодын жоғарыда тұрғанының кодына элементтер қосу арқылы алады. Мұндай жүйе жоғары ақпараттылыққа ие болып табылады.

Аралас жүйе бiруақытта басқа жiктеу белгiлерiнен тәуелдiлiгiмен де, тәуелсiздiгiмен де сипатталатын үлкен көп белгiлi номенклатураларды кодтауда қолданылады. Бұл жүйе кодтаудың әртүрлi қағидаларының үйлесiмдiлiне сүйенедi.

Берiлген тапсырмалар кешенiн шешуде үшiн келесi код пайдаланылады:

                       – Код немесе есеп беретiн тұлғаның реттiк нөмiрi.

Есеп беретiн тұлғаны кодтауда екi таңбалы код қолданылады және реттiк жүйе бойынша құрылады.

 

 

2.3.7.Машина iшiндегi ақпараттық база

 

Машина iшiндегi ақпараттық база ақпараттық жүйеде қолданылатын мәлiметтер жиынтығын жүйенiң машиналық тасығыштарында көрсететiн ақпараттық базаның бiр бөлiгi.

Машина iшiндегi ақпараттық база машиналық тасығыштарда сақталады. Машиналық тасығыштар – бұлар автоматты түрде ақпаратты ЭЕМ-ге енгiзуге арналған материалдық объекттер. Оларға жататындар: қатқыл магниттiк дискiлер (винчестерлер), жұмсақ магниттiк дискiлер (дискеталар), флэшкарталар, компакт-дискiлер, магниттiк барабандар, магниттiк карталар, фотохромдық тасығыштар, микрофилъмдер, перфокарталар, перфоленталар және т.б. тасығыш түрлерi. қазiргi кезде жұмсақ магниттiк дискiлер (дискеталар), флэшкарталар және компакт-дискiлер кеңiнен қолданылуда.

Ақпараттық массив – бұл белгiлi бiр тәсiл бойынша ат берiлген және ұйымдастырылған, өзара семантикалық байланысқан деректер жиынтығы. Ақпараттық массивтi ұйымдастыру дегенiмiз оның құрамы мен құрылымын анықтау, яғни әрбiр ақпараттық массивтер үшiн реквизиттер саны, әр реквизиттiң ұзындығы және олардың ақпараттық массивте орналасу ретi анықталады. Ақпараттық массивтер маңызы бойынша кiретiн, шығатын және iшкi болып бөлiнедi. Кiретiн массивтерге басуға (принтерге), дисплейге шығару үшiн енгiзiлетiн деректерден тұрады. Осы ақпарат негiзiнде пайдаланушылар шешiм қабылдайды, яғни осы ақпаратты пайдаланады.

Машина iшiндегi ақпараттық массивтер тұрақты, сақталатын, жедел және қызметтiк болып жiктеледi. Тұрақты ақпараттық массивтер (нормативтi-анықтамалық ақпарат массивтерi) нормативтiк құжаттар мен анықтамалардан алынады да, ақпаратты өңдеу алдында қалыптастырылады және ақпараттық жүйелердiң есептерiн шешуде қолданылады. Нормативтi-анықтамалық ақпарат массивтерiне жiктегiштер, анықтамалар және шартты-тұрақты ақпараттар жатқызылады.

Сақталатын массивтер басқа да өзара байланысқан есептердi шешу үшiн қажеттi, немесе деректердi осыдан кейiн шешiлетiн есептерде пайдаланатын ақпаратты жазады.

Информация о работе Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың