Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2015 в 16:17, дипломная работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып берудi ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн, бухгалтерияда ақпаратты өңдеудi, қазынашылықтың кіріс бюджетін бақылауды автоматтандыруға арналған аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн құру.
Курстық жұмыс кiрiспеден, экономикадағы ақпараттық жүйе және аудан қазынашылығының ақпараттық жүйесiн жобалау бөлiмдерiнен, қорытындыдан, әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кіріс бюджетін бақылау есебi бөлiмiнде пәндiк облыс, ҚР аудан қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама, ҚР аудан қазынашылығының бөлiмшелерiнде бюджетте жүргiзiлетiн операциялар есебi келтiрiлген.

Содержание

КIРIСПЕ
Ι-тарау. ҚР Қазынашылығы мен оның басқару жүйесiне сипаттама
1.1. Қазынашылықтың сипаты мен құрылымы
1.2. Қазынашылықтың негізгі есептері, қызметтерi, операциялары мен құқықтары
1.3. Қазынашылықтың ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
1.3.1. Ақпараттық жүйенiң құрылымы
1.4. Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.1.Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.2.Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.3.Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4.Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5.Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6.Ұйымдастырушылық жабдықтауға қойылатын талаптар
ΙΙ-тарау. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық
жүйесін талдау
2.1.“ Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың” ақпараттық жүйесiндегi тапсырманың қойылымы
2.2. “Қазынашылық бюджетінің кірісін бақылаудың ” ақпараттық жүйесiнiң концептуалды схемасы
2.3. Ақпараттық жүйедегi тапсырманың сипаттамасы
2.3.1. Кiретiн ақпарат
2.3.2 Шығатын ақпарат
2.3.3. Ақпараттық база
2.3.4 Машинадан тыс ақпараттық база
2.3.5.Ақпараттық моделъ
2.3.6.Қолданылатын жiктегiштер
2.3.7.Машина iшiндегi ақпараттық база
2.4. Программалық жабдықтау
2.4.1.Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама
2.4.2.Программалық жабдықтаудың құрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-“Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың”-ақпараттық-жуйеси.doc

— 373.50 Кб (Скачать документ)

6. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың), әкімдердің аппараттарының  бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері  мен ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеттік жоспарлау  жөніндегі жергілікті уәкілетті органы арасындағы келіспеушіліктерді бюджет комиссиясы қарайды.

7. Бюджет комиссиясы бюджеттік  бағдарламалар жөнінде түпкілікті  шешім қабылдағаннан кейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері және әкімдер аппараттары қосымша өтінімдер бере алмайды.

8. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының  әкімшілері, әкімдер аппараттары  үш күндік мерзімде ауданның (облыстық  маңызы бар қаланың), кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің  бюджеттік бағдарламаларының паспорттары жобаларын, шығыстардың есептерін бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес келтіреді және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ұсынады.

 

   Тиісті  қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің  жобасын әзірлеу

1. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеттік жоспарлау  жөніндегі жергілікті уәкілетті  органы бюджет комиссиясы қабылдаған шешімдер негізінде алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасын қарау және оның түпкілікті нұсқасын айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешікпей аяқталады.

2. Ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеттік жоспарлау  жөніндегі жергілікті уәкілетті  органы алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын жасайды және ағымдағы жылдың 15 қазанынан кеш емес мерзімде оны ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.

3. Алдағы қаржы жылына  арналған ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат  шешімінің жобасын ауданның (облыстық  маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей мәслихатқа енгізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Қазынашылықтың негізгі есептері, қызметтері, операциялары және құқықтары.

 

 

– Ұйымның және республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын бақылауды жақсарту;

  • Қазынашылықты мемлекеттік ақпараттық жүйемен қызмет етуін қамтамасыздандыру;
  • Жергілікті бюджеттердің  республикалық құралдармен бақылауды  қамтамасыздандыру;

–    Республикалық бюджеттің шығыстарын іске асыру;

 

Қазынашылық заңды түрде мынадай негiзгi қызметтердi атқарады:

  • Мемлекеттік бюджеттің орындалуына қызмет жасау;
  • Қаржы жылында республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру;
  • Республикалық бюджеттің  ағынының нақтылығын болжау;
  • Мемлекеттік салықтардың және республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы төлеулердің бөлінуін  қамтамасыз ету;
  • Оперативті, айлық, кварталды және жылдық республикалық бюджеттердің орындалуына есеп беруді дайындау;
  • Қысқа мерзімді қаржылық жоспарлау;
  • Мемлекеттік қарыздарды басқару;
  • Қаржылық активтерді басқару;
  • Бюджеттерді кірістер бойынша орындау;
  • Бюджеттерді шығыстар бойынша орындау;
  • Бухгалтерлік есеп;
  • Аудит және ішкі бақылау;
  • ҚР үкiметiнiң мемлекеттiк қағаздарына қызмет етуге қатынасады;
  • Қазақстан аумағында банктердiң, еншiлес банктердiң ашылуына және филиалдары мен өкiлеттiлiктiң ашылуына, сол сияқты банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға рұқсат бередi;
  • Банктердiң қызметiн бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және пруденциалдық нормативтер белгiлейдi;
  • ҚР-да несиелер бойынша сыйақы (мүдделендiру) пайыз мөлшерлемесiн реттеудi жүзеге асырады.

 

 Қазынашылық мынадай операцияларды жүргiзедi:

  • Бiрiншi кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзiмiндегi мiндеттемелердi қайта есепке алады;
  • Мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  • Депозиттiк сертификаттармен қайтару мерзiмi бiр жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  • Бюджеттің кірісін бақылайды.
  • Депозиттiк және есеп-айырысу операцияларын жүргiзе отырып, бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
  • Қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
  • Қажет кезiнде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
  • Чектердi жазып, векселъдердi бередi;
  • Жарғыға қайшы келмейтiн өз мiндеттемелерiне сай келетiн басқа да банктiк операцияларды жүзеге асырады;

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.Қазынашылықтың  ақпараттық жүйесіне қойылатын  талаптар

1.3.1.Ақпараттық жүйенiң құрылымы

 

Ақпараттық жүйенiң құрылымы – бұл бағыныңқы жүйенiң функционалды маңызы мен олардың сыртқы сыртқы ортамен өзара әрекеттесуiн анықтайтын iшкi кеңiстiктiктi-уақыттық iшкi байланыстар және оның жекелеген бағыныңқы жүйелерi мен элементтерi арасындағы салыстырмалы тұрақты тәртiп.

Тапсырмалар тiзiмi 1-кестеде келтiрiлген.

 

Тапсырмалардың аталуы

Кiретiн көрсеткiштер

Шығатын көрсеткiштер

Пайдаланушылар

Бюджет кірістері есебі

Өтiнiм

Кірістер есебі

ШКО

ККО

Аванстық есеп

Банктер есебі

Шығыстар есебі

Мiндеттеме

Бухгалтерия

Касса

Банктер

Кіретін салық түрлері бойынша есеп айырысу есебi

Акциздер

ҚҚС

Әлеуметтік салық

Мiндеттеме

Бухгалтерия

Касса

Банктер

Салықтық емес  түсімдермен есеп айырысулар

 Капитал операциясының кірістері

Трансферттерден түсетін кіріс

Мiндеттеме

Банктер

Бухгалтерия

Касса

Берiлген қарыздар бойынша есеп айырысулар

Аванстық есеп

Мiндеттеме

Бухгалтерия

Банктер

Касса


1-кесте. Ақпараттық жүйенiң есептер тiзiмi

 

1.4 Ақпараттық жүйенiң ресурстарына қойылатын талаптар

 

Ақпараттық ресурс – бұл ақпараттың әр түрлi формаларының (деректердiң, мәлiметтердiң, фактiлердiң, құжаттардың, есеп берулердiң және т.с.с.), қоймаларының, жабдықтаушыларының, ақпарат сферасы мамандарының, сонымен қатар, бәсекелестерi алдында маңызды басымдылық беретiн ақпараттық техникалар жиынтығы.

 

1.4.1. Математикалық жабдықтауға  қойылатын талаптар

 

Математикалық жабдықтау – бұл есептеуiш техникаларын қолданылатын есептердi шешу мен ақпараттарды өңдеуге арналған математикалық әдiстердiң, моделъдердiң және алгоритмдердiң жиынтығы.

Қазiргi таңда әрбiр дербес компъютердiң өзiнiң математикалық жабдықтау жүйесi бар. Оның құрамына машинаның ақауларын тексеруге және туындаған ақауларды iздеу арналған тестер мен бақылау есептерiнен; қарапайым функцияларды есептеуге арналған стандартты программалар жинағынан және математикалық есептеудiң әр түрлi әдiстерiн жүзеге асыруға арналған программалардан; пайдаланушы интерфейсiн жасауға арналған қызметтiк программалар мен программалық- қоршамдар жинағынан тұрады.

 

1.4.2.Ақпараттық жабдықтауға қойылатын  талаптар

 

Ақпараттық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйенiң мақсаттары мен алға қойылған тапсырмаларын жүзеге асыруға арналған техникалық құралдар кешенiнiң дұрыс жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн бағдарламалар жиынтығы.

Ақпараттық жабдықтауды жобалау оның құрамына кiретiн әр түрлi жүйеастыларды өзара байланыстыруы қажет, және де төмендегiдей қасиеттердi қанағаттандыруы тиiс:

Бiртұтастылық қасиетi элементтердiң өзара байланысын бiлдiредi, мұнда  егер де бiр элементте өзгерiс болса, онда ол басқа элементтердiң де өзгерiсiне әкеледi.

Алшақтатылғандық қасиетi жүйенiң ортадан шектетiлу мүмкiндiгiн және  бiр жүйеастына кiретiн жүйеастыларының автономиясын қарастырады.

Адаптивтiлiк – бұл жүйенiң өзгермелi құбылыстарға бейiмделе бiлу қасиетi.

Үйлесiмдiлiк жүйенiң методикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және т.б. аспектiлердiң басқа жүйелермен байланысуын қамтамасыз етедi.

Дұрыс шешiм алу үшiн ақпараттық жабдықтау кешенiн ұйымдастыру негiзiне келiп түсетiн ақпараттың толықтылығы, дәлдiлiгi және туралығы, басқарушы ортаға деректердi жiберудiң мерзiмдiлiгi қойылуы қажет.

Ақпаратты енгiзудiң күрделiлiгiн қысқарту үшiн енгiзiлетiн ақпаратты жiктеу және кодтау жүйелерiн қолдану арқылы қысу қажет.

Ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың қағидалары:

  1. барлық функционалды бағыныңқы жүйелер үшiн ақпараттық жабдықтаудың әдiстемелiк бiрлiгi;
  2. ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және жiберудiң бiр рет орындалуы;
  3. келiп түсетiн ақпараттың толықтылығы;
  4. енгшiзiлетiн ақпараттың дәлдiлiгi және туралылығы;
  5. ауытқу әдiсi бойынша ақпаратты енгiзу;
  6. шығарылатын ақпаратты басқару жүйесiне жiберудiң мерзiмдiлiгi;
  7. ақпаратты сығу;
  8. ақпараттық жабдықтаудың қызмет ету шығындарын минимизациялау.

Ақпаратты жабдықтауды жобалау мен құру жүйелi түрде келесiдей талаптарды есепке ала отырып жасалуы қажет:

Нәтижелер туралы ақпарат келесiдей талаптарға сай болуы тиiс:

  • аяқталғандылық, анализ жүргiзуге қажеттi есеп беру ақпаратын алудың толықтылығы;
  • алынған ақпараттың туралылығы, құжаттардың дұрыс дайындалуы;
  • бекiтiлген стандарттарға сәйкестiгi;
  • анықтылық, ақпарат кез келген пайдаланушыға түсiнiктi болуы қажет;
  • қырағылық, анықталмағандық жағдайында шешiм қабылдау кезiнде активтер мен кiрiстер асырыла бағаланбауы үшiн, ал мiндеттемелер мен шығыстар жеткiлiктi бағаланбай қалмауы үшiн абай болушылық деңгейiн сақтау;
  • қарама-қарсы қоюшылық, ақпарат пайдалы және мазмұнды болуы үшiн бiр кезеңнен екiншi кезеңге қарама-қарсы қойылуы тиiс; пайдаланушылар ондағы барлық өзгерiстер жөнiнде, сонымен қатар, сол өзгерiстер нәтижелерi жөнiнде ақпараттандырылуы қажет;
  • кезектiлiк, шаруашылық операциялар есебiнiң әдiстерi есептi бiр кезеңнен екiншi кезеңге кезектестiрiлу арқылы қолданылады.

Енгiзiлетiн және шығарылатын ақпарат келесiдей түрде анықталуы қажет:

  • басу құралдарында алынған құжаттар түрiнде;
  • өңдеудiң басқа циклдерiнде пайдалану үшiн машина iшiндегi ақпараттық база файлдары түрiнде.

1.4.3.Лингвистикалық жабдықтауға  қойылатын талаптар

 

Лингвистикалық жабдықтау – бұл тiл құралдарынң, ғылыми-техникалық терминдердiң және ақпаратты автоматтандырылан өңдеудiң тиiмдiлiгiн арттыру мен адамның ақпараттың техникалық құралдарымен тiлдесуiн жеңiлдетету үшiн пайдаланылатын табиғи тiлдi формалъдау ережелернiң жиынтығы.

Бухгалтерлiк есептегi лингвистiк жабдықтаудың тiл құралдары екiге бөлiмге бөлiнедi. Бiрiншi бөлiмге жататындар: математикалық және табиғи тiлдер, алгоритмдiк тiлдер және алгоритмдер мен блок-сызба тiлдерi. Екiншi бөлiмге ақпараттық тiлдер, деректер базасының тiлдерi, ақпаратты iздеу тiлдерi және т.б. жатады.

Программалау тiлiн таңдаудың мақсаттылығы сервистiк программа құралдарының болуымен, осындай программалар пакетiнiң басқа да қолданбалы программалар пакетiмен оңай байланыстырылуы және программаларды құру мен жөндеудiң қарапайымдылығымен қамтамасыз етiлуi қажет.

Лингвистикалық жабдықтауға қойылған талаптарды есепке ала отырып, деректер базасының құрылымын сипаттауды жүйенiң көмегiмен iске асырған жөн. Бұл жүйе деректер орналасуын, ұйымдастырылуын және көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн анықтамалардың пайдаланылуы қажет.

Информация о работе Қазынашылық-бюджетінің-кірісін-бақылаудың