Меншік құқығының пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 09:45, реферат

Краткое описание

Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория дептүсінукерек. Меншік дегеніміздің өзі матералдық игіліктерді-табиғаттың өнімдері мен еңбекті-меншіктену әрі иеленуді білдіреді.Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.Сонымен,меншік затты иелену,меншіктену екен,оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады,демек,оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып,оған билік етіледі.Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп,меншік құқығына айналады

Прикрепленные файлы: 1 файл

Меншік құқығының пайда болуы.doc

— 294.50 Кб (Скачать документ)

     Өндірістік  коорператив таратылған немесе  коорператив мүшесі одан шыққан  жағдайда коорператив мүшесінің  өз пайын бөліп алуға құқығы  бар болып табылады.  Өндірістік  коорператив мемелекеттік емес  заңды тұлға ретінде өзінің  міндеттемелері бойынша қармағындағы барлық мүлік шеңберінде жауап береді. Сонымен  қатар қорыта айтатын болсақ 1996-жылы 15-қазанда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Өндірістік кооперативтер туралы» Жарлығының 1-бабы мен Азаматтық кодекстің 96-бабына сәйкес өндірістік коорперативтердің меншік құқығы дегеніміз- азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін мүшелік негізінде олардың өз еңбегімен және қатысуына және де өндірістік коорператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігін айтамыз.

       

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   Кіріспе

 

     Осы тақырыпты таңдағаным меншік құқығының пайда болу құрлымын біліп, зерттеп, осы бастаумен кіші болсын еңбегімді білдірткім келеді.

     Тақырыптың өзектілігі: Әрбір ғылымның өз зерттеу  пәні болады. Азаматтық құқық  теориясының пәні болып меншік  құқығының пайда болуы, дамуы  мен қызмет етуінің  жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі болып табылады. Меншік қай қоғамныңда сан қырлы өзекті мәселесі болып келеді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек.

     Меншік дегеніміздің  өзі материалдық игіліктерді  табиғаттың өнімдері мен еңбекті  – меншіктену әрі иеленуді  білдіреді. Ол тарихи қоғамның  ішкі айқындауы арқылы пайда  болады. Меншік құқығы дегеніміз-  субъектінің  заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Осындай үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өңдеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне толық құқы бар. Затқа заң арқылы үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені, затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы мүмкін емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 180- бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы айқындалады. Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемелекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Мұндай құқықты немесе заңды мүддені бұзу басқа түрлерде де кездесуі мүмкін, меншік иесі өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып, нарықта көрер көзге қиянатқа жол беруі мүмкін. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті. Меншік құқығының мерзімі шексіз болады, мүлікке меншік құқығы азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін. Меншік құқығының  мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Бұл өкілеттіктердің әрқайсысы меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Меншік иесі аталғандардың қай қайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады, тіпті үш өкілеттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып қала береді.

 

 

 

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Меншік құқығының пайда болуы