Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 09:45, реферат
Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория дептүсінукерек. Меншік дегеніміздің өзі матералдық игіліктерді-табиғаттың өнімдері мен еңбекті-меншіктену әрі иеленуді білдіреді.Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.Сонымен,меншік затты иелену,меншіктену екен,оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады,демек,оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып,оған билік етіледі.Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп,меншік құқығына айналады
Меншік құқығы дегеніміз
субъектінің заң құжаттары
Меншік
құқығы дегеніміз субъектінің
заң құжаттары арқылы
-----------------------
Иелену көнелігі қазақтардың әдет-ғұрып құқықтары бойынша 50 жыл мерзімімен шектеледі; «Елу жылда». ел жаңа
Меншік құқығының нысандары мен түрлері
« Қазақстан Республикасында мемелекеттік
меншік пен жеке меншік танылады және
бірдей қорғалады,» -деп жазылған.Меншік
екі нысаннан тұрады олар: жеке және мемелекеттік
болып бөлінеді. Кониституцияда меншікті
екі нысанға бөліп қарау олардың мемелекетке
меншік құқығының субъектісі ретіндегі
қатынасының белгісіне орайластырылған.Осыған
орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік
болып саналады.Егер меншік құқығының
субъектісі мемелекет болса онда әңгіме
мемелекеттік меншік жөнінде болады.Ал
субъект мемелекеттік емес заңды тұлға
немесе азаматтар деп танылса,онда жеке
меншік деп есептелінеді.Меншік субъектілер:мемелекет.
Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады.Кондоминиум ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да біздің Азаматтық кодексте ұжымдық меншік ұғымы жоқ. Үй-жайдың әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесі оған тиселі үй-жайға бөлек меншікке бөлінбейді.Үлестің мөлшері,егер меншік иелерінің келсімінде өзгеше көзделмесе,бөлек меншіктегі тұрғын үй-жайлардың немесе тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы аланының бүкіл үйдің жалпы алаңына қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды.
Кондомениумның әр алуан түрінің құқылық тәртібінің ерекшеліктері сан құжаттарымен айқындалады, ал тұрғын үй қатынастары туралы заңда тұрғын үй кодомениум жайында айтылған. Азаматтық кодекстың 209- бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиселі болады. Меншік құқығының түрлеріне сипаттама берген кезде мүліктің құқықтық тәртібінің мазмұнымен ерекшешелігі мүліктің қайсы бір түріне жататындығына байланысты келеді.Қазақстан Республикасының ұлттық меншігі құқығының қалыптасуы айтарлықтай қиын жағдайда өтті.1990-жылғы 6-науырыз КСРО –дағы « Меншік туралы Занының » 4-бабы 1-тармағының негіздерінде меншік мынадай түрлерге бөлінеді:» азаматтардың меншігі,ұжымдық және мемелекеттік» Егер меншік субъектісі экономикалық мағынада-халық десек,оның бір бөлігі өз бетінше меншік иесі болып танылмайды.КСРО –дағы меншік туралы заңда бұрынғы « өзіндік меншік»ұғымының орнына «азаматтардың меншігі» деген жаңа ұғым пайда болды.Қазақ КСР-нің 1990-жылғы 15-желтоқсанында қабылданған Меншік туралы заңында тұңғыш рет меншік құқығының принциптері мен ұғымы бекітіліп, Қазақ КСР-нің жері мен басқа табиғат ресурстарына айрықша меншік жарияланды.Меншіктің қалған басқа түрлеріде республиканың меншігі болып танылды.1994-жылы 27-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің қабылдануы меншік құқығының жағдайын түбірімен өзгертті.Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық ғылымының нәтежелерін және меншік құқығына байланысты заңдардың қол жеткен жетістіктерінің ең таңдаулысын заңды түрде тұжырымдады да, нарық талаптарына сәйкестендірілді.Меншік құқығын азаматтық құқықтың субъектілері әртүрлі негіздерде ала алады.Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне бір жағдайда еркіндік өлшемі,ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық сай келеді. Бастапқысына жататын талап зат бұрын болса, меншік құқығы оған бұрынғы меншік иесінің құқығына тәуелсіз жүзеге асады. Содықтанда азаматтық кодекстің бастапқы негіздеріне мыналар қатысты: жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы, өңдеу иелену мерзімі, қараусыз жануарлар, меншік иесінен алынған мүлікті иелену. Туынды негіздер меншік иесі құқығын алуда бұрынғы меншік иесінің құқығына тәуелді болуымен сипаталады. Жаңа меншік иесі пайда болуына байланысты одан бұрынғысының құқығы бір мезгілде тоқтатылады. Меншік құқығының туынды негіздерінің пайда болуы шартқа сондайақ мұрагерлікке байланысты, ол заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықты мирас қорлық тәртібімен жүзеге асады. Жаңа меншік иесіне тек заттың ғана меншік құқығы емес, осы затқа байланысты құқықтар мен міндеттердің барлығы ауысады. Мәселең, үй сатып алған адамға сол үймен байланысты жасалған жалдау немесе кепіл шарттары көшеді тағы бір мысал: мұраны қабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының борыштарына өзіне ауысқан мұралық мүліктің нақты құны шектерінде жауап береді. Сондықтан да меншік құқығына ие болудың туынды негізіне әр қашан мирасқорлық қастиет тән. Азаматтық кодекстің 235- бабының 1- тармағы меншік құқығына алудың бастапқы негіздерінің біріне дайындалған немесе жасалған затқа құқықты жатқызады. Меншік құқығы бұрын болмаған затқа да пайда болады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, затты дайындап не оны жасаған адам соның меншік иесі атанады. Жаңадан дайындалып, жасалған заттар қозғалатын не қозғалмайтын болуы мүнкүн. Азаматтық кодекстің 235- бабына сәйкес салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзгеде мүлік кешендеріне, сондай-ақ өзгеде жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады. Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал тиісті жағдайларда – оны мемелекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік жасалатын маериялдармен басқап мүлікке меншік құқығы туралы ережелер қолданылады. Меншік құқығын алудың бастапқы негізіне өңдеуде жатады бір тұлға материялды өңдеп, одан екінші бір зат жасайды. Азаматтық кодекстің 237- бабына сәйкес шартта өзгеше көзделмегендіктен, адам өзіне тиселі емес материялдарды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік құқығын материялдардың меншік иесі алады. Меншік құқығының пайда болуына бастапқы негіздеріне өнімді жинауға, балық, аң аулауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айландыруда жатады. Азаматтар мен заңды тұлғалар өз әрекеттері кезінде белгіленген ережені сақтау талап етіледі аң аулау,балық аулау және тағы басқа.Мұндай ережені бұзған тұлға тиісті жауапкерщілікке тартылады.
Меншік құқығын алудың бастапқы негіздеріне азаматтық кодекс тұңғыш рет иелену мерзімінде еңгізді.Иелену мерзімі деп қозғалатың мулікке азамат немесе заңды тұлғаның адал,ашық және ұдайы иеленген құқығын айтамыз.Ал оның мерзімі-15 жыл,ал қозғалмалы мулікке тере 5 жыл.Қозғалмайтын немесе басқада муліктерге меншік құқығы бұл мулікті иелену көнелігіне сәйкес алған тұлғада тіркеу кезінен бастап пайда болады.Иеленумерзімінің қажетті шартты оны адалдықпен иелену,яғни мулікті иеленуші өз иелігінің заңдық негізін естен шығармайды.Иелену мерзімінің тағы бір маңызды шартты ашық және үздіксіз пайдалану болып табылады.Ашық дегенді иелену ешқандай бүкпесіз,әділ жузеге асыру деп тусіну керек,сондықтанда ол басқа тұлғалар тарапынан не заңдық,не әлде кімнің қолдан жасалған кедергілеріне ұшырамайды.Міне,сол себепті де азаматтық кодексінің 240-бабының 4-тармағында тұлғада болып,оның иеленуіне орай талап етілуі мүмкін мүліктер жөніндегі иелену көнелігінің өту тиісті талаптар бойынша талап кою мерзімі бітуінен ерте басталмайды делінеді.Уздіксіз пайдалануы иелену мерзімінің шарты ретінде иелену мерзімінің уақыты бітпейінше мулікті басқа бәреуге беруді білдіреді.Демек мундай құқық іс жузңнде де,заң жузінде де тоқтатылуы керек.
Иелену мерзімі меншік құқығына айналуы үшін қозғалмайтын мүліктер үшін-15жыл, ал қозғалатына – 5жыл мерзім керек. Иелену мерзіміне жүгінетін азамат немесе заңды тұлға өздері құқықты мирасқорлары болып табылатын тұлғаның осы затқа иелік еткен уақытының бәрін өз иелігіне қосып алуына болады. Мысалы, мұрагерлер мүлікке заң және өсиет арқылы ие болып, оған иелік етуді жалғастырады.Азматтық кодексте иесіз заттарға меншік құқығын алу тәртібі мен негізі корсетілген. Меншік иесі жок немесе меншік құқығына бас тартылған зат иесіз болвп есептеледі. Азаматтық кодекстін 240-бабына сәйкес иесіз қозғамалы затқа меншік құқығы иелену мерзімін алады. Иелену құқығы меншік иесі бас тартқан қозғамалы мүлік жөніндегі ережені жокка шыгармайды.
Меншік құқығынан бас тарту мақсатымен меншік иесі тастап кеткен немесе қалдырып кетткен жылжымалы заттар азаматтық кодекстін 243-бабы 2- тармағына сәйкес басқа тұлғанын меншігіне отуі мүмкін. Тұлға өзінің иелігіндегі не пайдалануындағы жер учаскісінде жатқан заттарды, тіпті оның құны 20айлық есептік көрсеткішінен кем бола тұрсада, ол тасталған метелл сынықтары болсын, жарамсыз өнім болсын, оны озінің меншігіне айландыра алады. Сөйтіп, бұл заттарды меншік қатынастарына қарай керегіне жаратады. Ал басқа тасталған заттар сол тұлғанын отініші бойыншасотта қаралып, шынымен иесіз болып табылатын болса, иеленушінің меншігіне кіреді. Азаматтық кодекс меншік иесі затынан бас тарту нормаларын қарастырады. Азамат немесе заңды тұлға өзіне тиісілі мүлікке меншік қықығынан бас тарта алады. Бұл жөнінде ол жарйалайды, не бұл мүлікке қандайда болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуде пайдаланудан және оған билік етуден шеттейтін айқын дәлелдейтін басқада әрекеттер жасайды. Бұл тұжырым азаматтық кодекстің 250-бабында бекітілген. Бірақта бас тартқан бұрынғы иесі затты басқа тұлғанын өз меншігіне алуына дейін тиісті құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеп соқтырмайды, демек затты бұрынғы иесіне қайтару мүмкіндігі бола береді.
Олжа деп бүреудін меншігіндегі, иелігіндегі жоғалған заттың екінші бір адамның тауып алуын айтады. Табылған олжаны меншіктену үшін мынадай жағыдайлар болуы тиіс: алдымен әнгіме жоғалған зат жөнінде болуы керек. Зат жоғалды деп оны ешкім жоғалды деп иеленбегенін, бірак қожайынсыз да қалмағанын айтады. Мысалы, автобуста біреу портфелін ұмытып кетті, және де жогалған зат табылуы тиіс, егер оны біреу тауып алса, ол тауып алушы болып есептеледі. Затты тауып алушы мен оның окілетті иесі арасында құқықтық қатынас болады, сол арұылы құқықтармен міндеттер туындайды.
Зат меншік иесінің щарушылығында жатып оны иесі қайда екеніндігін білмесе, ол олжа болып есептелмейді. Егер меншік иесі затынан саналы түрде бас тартса, онда ол иесіз мүлікке айналады, бірақта оны олжа деуге келмейді. Жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адамға немесе заттың меншік иесіне немесе оны алуға құқығы бар өзіне белгілі басқа адамдардын бірене дереу хабарлап, табылған затты оған қайтаруға
міндетті. Егер зат үй-жайдың ішінде немесе көлікте табылған болса, ол сол үй-жайдың немесе коліктін иесі болып табылатын адамға тапсыруға тиіс. Мұндай ретте осы иеленуші затты тапқан адамның құқықтарын иеленіп, оның міндеттерін мойнына алады.Егер табылған заттың алуға құқығы бар адамның озіне тұрған жері белгісіз болса, затты тауып алушы олжа туралы полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуіне міндетті.
Азаматтық кодекстің 245-бабы 3-тармағында тауып алушының міндеті айқындалған. Сонымен затты тауып алушы оны өзінде сақтауға не полицияның, жергілікті атқарушы органның немесе олар корсеткен адамның сақтауына тапсыруға құқылы. Тез бұзылатын затты немесе сақтауға кететін шығындары оның құнына сәйкес келмейтін затты тауып алушы түсім соммасын растайтын жазбаша дәлелдер сатып ала алады. Табылған затты сатудан түскен ақша сақталуға және затты алуға заңды құқығы бар адамға қайтарылуы немесе бұл заттың өзі үшін белгіленген тәртіп пен жағдайладан басқа адамдардың меншігіне берілеі тиіс. Затты тауып алушы оны жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін озінің жасыру ниеті болған немесе өрескел абайсыздық жасаған ретте ғана және сол заттың құны шегінде жауапты болады.
Егер олжа туралы полицияға немесе жергілікті отғару органына мәлімдеген кезден бастап 6 ай өткенше жоғалған затты алуға заңды құқығы бар адам анықталмаса және затқа өзінің құқығы туралы оны тапқан адамға не полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімделмесе, затты тауып алушы оған меншік құқығын алады егер затты тауып алушы тапқан заттың меншігіне алудан бас тарттса комуналдық меншікке өтеді. Затты тауып алушы және алуға заңды құқығы бар адамға қайтарып беруші ол адамнан затты сақтауға, өткізуге, сатуға байланысты қажетті шығындарды және затты алға заңды құқығы бар адамды табуға кеткен шығындарды отеп алуға құқылы. Затты тауып алушы затты алуға құқығы бар адамнан зат құнының 30% мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Егер табылған зат оны алуға заңды құқығы бар адам үшін ғана құнды болса, сыйақының мөлшері тараптар есептеп шығарған баға бойынша белгіленеді. Егер затты тауып алушы өзінің олжа туралы мәлімдеу міндетін орындамаса немесе олжаны жасырып қалуға өзге де әрекеттер жасаса,сыйақы алу құқығынан айырылады.Қараусыз жануарларға меншік құқығын алуды азаматтық кодекстегі олжа туралы ережелерге өте ұқсас келеді. Қараусыз немесе қанғып жүрген немесе қожайынының меншігінен әлде бір мебептермен адасып қалған мал, қолға үйретілген үй жануарлары қараусыз жануарлар деп аталады. Қараусыз немесе қанғып жүрген малды және басқада үй жануарларын немесе қолға үйретілген тжануарларды ұстап алған адам оларды меншік иесіне қайтаруға, ал егер оның өзі немесе тұрған жері белгісіз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен бастап үш күннен кешіктірілмей қайтарылған малдар жануарлар туралы полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті, олар өз кезегінде меншік иесін іздестіру шараларын қолға алады.