Меншік құқығының пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 09:45, реферат

Краткое описание

Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория дептүсінукерек. Меншік дегеніміздің өзі матералдық игіліктерді-табиғаттың өнімдері мен еңбекті-меншіктену әрі иеленуді білдіреді.Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.Сонымен,меншік затты иелену,меншіктену екен,оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады,демек,оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып,оған билік етіледі.Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп,меншік құқығына айналады

Прикрепленные файлы: 1 файл

Меншік құқығының пайда болуы.doc

— 294.50 Кб (Скачать документ)

     Жекешелендіру  туралы заңының одан әрі дамуы  Қазақстан Республикасының Президенті 1995 жылғы 23-желтоқсандағы заң  күші бар «Жекешелендіру туралы» жарлығы аясында жүзеге асты.Айта кетелік, бұл жарлық 1996 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне еніп, Қазақстан Республикасындағы жекешелендірудің шын мәніндегі үшінші кезеңін бастады. Жарлық нормаларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 жылы 7-ақпанда қаулы қабылдап, Мемелекеттік меншікті жекешелендірудің 1996-1998 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті, ал қазір Үкіметтің 1999жылы 1 мамырда қабылданған қаулысымен 1999-2000 жылдары жекешелендірудің жаңа бағдарламасы жүріп жатыр.Жекешелендіру туралы заң нормаларын жекешелендіру кезінде оның ерекшеліктеріне орай арнайы заңмен реттеледі, мәселен, оған жекешелендіру объектілерін алу, тәртібі мен меншік құқығын тоқтату жағдайын жатқызуға болады. Мемелекеттік орган сатушы рөлінде жекешелендіруді жүзеге асыратын өкілетті орган болып табылады.Мемелекеттік мүлік оны мемелекеттік органмен жекешелендіру туралы шешім шығарған күннен бастап жекешелендіру объектісі қатарына қосылады.Сатушы жекешелендіру процессі кезінде оны ұйымдастыру үшін делдалды тарта алады.» Жекешелендіру туралы» Жарлықтың 15 және 16 баптарына сәйкес алдын ала жүргізілетін сатыларына мыналар жатады оларға, мемелекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға айналдыру, кейіннен сатып алу құқығымен сенім білдіріген басқаруға немесе жалға берілуі. Кәсіп орынды сенім білдірілген басқаруға немесе жалға беру ісі Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілдік берген органның сенім білдірілген басқарушымен немесе жалгермен жасасқан тиісті шартымен рәсімделеді.Шартты кәсіпорынның қандай мерзімде және қандай шарттар орындаған кезде сенім білдірілген басқарушының немесе жалға алушының меншігіне көшетіне көзделуге тиіс.Жалға алушы немесе сенім білдірілген басқарушыға жекешелендіру объектілерін оларға тиісті шартты ойдағыдай орындаған жағдайда ғана сатуға жол беріледі.Мемелекеттік меншіктің объектісі сенім білдірілген басқаруға тендер негізінде меншік иесі немесе өкілетті тұлға арқылы беріледі.Егер мемелекеттік меншіктің объектісі жалға алушыға кейін сатылмайтын болып берілсе, онда бұл қатынас азаматтық кодекстің нормаларымен реттеледі, жалға алушы мен жалға беруші өзара қаулылары бойынша келіседі.Мемелекеттік меншіктің объектісі жалға дейін сатылатындай болып берілсе,объект жалға берілерде оған конкурс жариялайды. Мемелекеттік меншігіндегі барлық мемелекеттік мүлік жекешелендіру объектісі бола береді, ал жекешелендіруге жатпайтын мүліктердің Үкімет бекіткен тізбесі болады.Жекешелендіру объектілері болып табылатындарға, мүліктік кешен ретіндегі  мекемелер, жекешелендіру тұйық технологиялық тізбекті бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның өндірістік және өндірістік емес бөлімшелері мен құрлымдық бірліктері, кәсіпорынның мүлкі, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорындағы мемелекеттік акциялар мен үлестері жатады. Жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартын соттың жарамсыз деп тануына мыналар негіз болып келеді олар, объектіні сатып алуға құқығы жоқ тұлғаға сату, сонымен қатар сатып алушыға заңсыз жеңілдіктер мен басымдықтар беру, және де сауда саттық жүргізу тәртібін елеулі түрде бұзу, және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздері болып табылады.

     Сатып алу-  сату шарты заңсыз деп танылғанға  дейін сатып алушыға берілген  жекешелендіру объектісін кейін  азаматтық кодекстің 260-262баптары  негізінде талап етуге құқық  беріледі.Сонымен қатар мемелекеттік меншік иесінің құқығы дегеніміз- мемелекеттік мүліктің біртұтас меншік иесі болып табылады. Оның иелену, пайдалану және билік ету тәрізді құқықтық өкілеттіктеріне ешкім де ешқашан шек қоя алмайды. Яғни мемелекет өзі үшін заң шығарып, мемелекеттік мүлікті пайдалану тәртібін айқындап отырады, мемелекет  қоғам мүддесі үшін пайданың бәрін алуға байланысты мемелекеттің өзіне тән мүмкіндігі болып табылады.

 

 

                                  Мемелекеттік меншік құқығының субъектілері

 

     Мемелекеттік  меншік құқығының субъектісі  мемелекет болып табылады. Мемелекеттік  меншікті басқару және меншік  иесінің құқықтық өкілеттілігін  жүзеге асыру мемелекеттік билік  органдары арқылы жүзеге асады.  Заңда көрсетілген немесе Қазақстан  Республикасы тапсырмасы болған ретте оның атынан басқа мемелекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар әрекет етеді.Кониституцияның 66-бабы, 4-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметіне мемелекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру жүктелген.Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар 1995жылы 18-желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлығының 9-бабы 8-тармағына сәйкес Үкімет мемелекттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды жасап әрі жүзеге асырады,Қазақстан Республикасы аумағында мемелекеттік меншіктің құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.Сөйтіп,Қазақстан Республикасы Үкіметіне мемелекеттік меншік құқығының субъектісі ретіндегі міндеті жүктелген.Демек, Үкімет мемелекеттік мүлікке қатысты кез келген әрекетті жасай алады.Қазақстан Республикасы Үкіметіне конституциялық бекітілген өкілеттілігіне орай өзіне мемелекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру тапсырылғандықтан, оны өзі немесе өкілетті органдары арқылы жүзеге асырылады, яғни осыған орай мемелекеттік меншікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелерін шешеді.

      Мемелекеттік  кәсіпорындар туралы Жарлықтың  1-бабы негізінде мемелекеттік  кәсіпорындар мынадай түрге бөлінеді  олар, республикалық меншіктегі- республикалық  мемелекеттік кәсіпорындар және  коммуналдық меншіктегі –коммуналдық мемелекеттік

кәсіпорындар. Республикалық  мемелекеттік кәсіпорындарға байланысты мемелекеттік меншік субъектісі министрліктер, мемелекеттік комитеттер, ведомстволар,министрліктердің бірқатар департаменттері және басқа өкілетті органдар, оған өкілдік ете алатын әкімдер болып есептеледі.1996 жылы 25 маусымда Үкімет қаулысымен бекітілген республикалық Мемелекеттік кәсіпорындарының тізбесі бекітілген еді, ал коммуналдық мемелекеттік кәсіпорындардың тізбесін « Мемелекеттік кәсіпорындар туралы» Жарлықтың 2-бабына сәйкес жергілікті әкімдер бекітеді.Жоғарыда айтып өткеніміздей, заңда көзделген немесе мемелекеттің арнайы тапсырмасымен мемелекет атынан басқа мемелекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар әрекет ете алады.Мысалы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы «Банкроттық туралы» Заңының 105-бабы 8-тармағында: «Мемелекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемелекеттің үлесі 50 пайыздан астам болатын шаруашылық серіктестіктерінің төлем қабілетсіздігін оңалтуды жүргізуге уәкілдік берілген органдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі мемелекеттік мүлік иесінің құқықтарын беруі мүмкін деп көрсетілген. Субъектілердің құқықтары мен міндеттері бойынша пайда болу сәтіне байланысты күрделі болып келеді.Мемелекеттік меншік құқығының субъектісі жеке тұлға болып табылады.Бірақ, ол жалданған жұмысшы, жеке кәсіпкер, заңды тұлғаның кәсіпкер-құрылтайшысы қатысушы түрінде, яғни әрқилы рөлдерде көріне береді. Азамат өзінің үлесін қосу арқылы мемелекеттік емес заңды тұлғаны қалыптастырады. Мемелекет меншік иесі ретінде көбіне көп жеке кәсіпкердің рөлінде болады.

 

 

 

 

 

 

 

                     

 

                                Мемелекеттік меншік құқығының объектілері

 

       Мемелекеттік меншік объектілеріне  мыналар жатады:қозғалмалы және қозғалмайтын заттар; ақша,шетелдік валюта; бағалы қағаздар, міндеттемелік және басқалай заттық құқықтар мен міндеттер. Қазіргі заң мемелекеттік заңды тұлғалардың мүлкін айыруда қор жөніндегі бұрынғы дәрежелеуді сақтаған,қоғамдық өнім экономикалық түрде бөлінеді,ол қоғамдық өнімнің құрамындағы қажетті бөліну мен мақсатты бөлінуге негізделеді.Бүгінгі  таңда мүліктік қоры бойынша дәрежелеу экономикалық жағынан құнды әрі кәсіпорынның бухгалтерлік есебін, мүлік есептеуге жүргізуге оңтайлы келеді. Әрине,мүліктерді негізгі қорға,айналым қаржысы, шикізат, дайын өнім тәрізді қорларға бөлу белгілі бір практикалық мәнге ие, өйткені олардың әрқайсысының өзіне тән құқылық тәртібі бар, бірақ та ендігі жерде жалпы азаматтық заңда заңды тұлғаның қай қорды,қандай көлемде және қандай мақсатта құратынын оның тек өзі шешетіндігі айқындалады,қазіргі қолданылып жүрген заңдар нормаларында мүлікті мақсатты пайдаланудан бас тарту принципі бекітілген,демек,қорлар бойынша мүлікті шектеу енді жоқ болып табылады.Мемелекеттік меншік республикалық мемелекеттік меншік және коммуналдық мемелекеттік меншік болып бөлінеді.Азаматтық кодекстің 192-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық мемелекеттік меншіктің объектісіне жататындар: республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемелекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.Азаматтық кодексте болмаған «қазына» деген ұғым пайда болды. Қазақстан Республикасының мемелекеттік қазынасына республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры және алмас қоры,мемелекеттік меншіктің 193-бабында аталған объектілері жер оның қойнауы,су, жануарлар дүниесі, басқада табиғи ресурстар және мемелекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемелекеттік мүлік жатады.»Бюджет жүйесі туралы» 1999-жылғы 1-сәуірдегі заңына сәйкес республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген түсімдермен бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасы,Конституция мен заң актілері арқылы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін Республикалық бюджет бағдармаларын қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша –қоры Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және республикалық бюджеттен қаржыландыратын жалпы мемелекеттік маңызы бар бағдарламалардан тұрады, бюджет тиісті қаржы жылына арналған Үкімет қабылданған Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық дамуының индикативтік жоспарының негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ескере отырып қалыптастырылады. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер олар: республикалық бюджеттің кірістері арнайы экономикалық аймақтардың қаржы қорларына немесе бюджеттеріне есептелетін сомадан басқа, олар мыналардан тұрады: салықтардан, адамдардан және басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдер; салықтық емес түсімдер; капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістері жатады. Азаматтық кодекстің 192-бабы 2-тармағына сәйкес мемелекеттік қазынаны алтын-валюта қоры және алмас қоры құрайды. Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 30-наурызында қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және 1995 жылғы 20 шілдедегі «Бағалы металдармен бағалы тастарға байланысты мемелекеттік қатынастарды реттеу туралы» Жарлықтары өзгерістер енгізілгеннен кейін оны алтын –валюта қоры және бағалы металдар мен бағалы тастардың Үкіметтік резерві деп атайды, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің алтын- валюта қоры қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылып пайдаланылады. Және де ол шетелде сақталатын алтын, шетелдік валюта, мәнет, банк қаржысынан және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінде сақталатын валюталық құндылықтардан тұрады. Сондай-ақ халықаралық танылған кез келген актив қорлары; аударылатын вексельдер, жай және қазыналық вексельдер және шет мемелекеттер мен халықаралық қаржы мекемелері арқылы шығарылы,кепілдендірілген, басқа да сыртқы активтер немесе кірістер, қорлардың сатып алу құнын сақтау да алтын- валюта қорына жатады.Алтын-валюта қорын несие ретінде беруге болмайды,Қазақстан Республикасының Президенті шешімдерінде қаралған реттерден басқа жағдайда Қазақстан Республикасы резидентіболсын, болмасын кепілдік және басқа міндеттелікті ұсынуға да жол берілмейді.Алтын-валюта қорын толықтыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі жүргізіледі, бағалы металдар мен бағалы тастардың үкіметтік қоры бағалы металл, оның ішінде алтыннан және бағалы тастардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджетте қаралған қаржыға сатып алған зергерлік бұйымдарынан, тәркіленген немесе қараусыз қалған кейін мемелекет меншігіне өткізілген мүліктерден, табылған көмбеден,тарихи және мәдени ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізген кезде табылған бағалы металдар мен бағалы тастардан, бұйымдардан құралады. Мемелекеттік бюджеттік қор мемелекеттік күзетте сақталады, бұл қорға тапсырылған құндылықтарды беру, есептеу, сату және оған өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жүзеге асады.Қазынаға сондай-ақ мынадай мемелекеттік меншік объектілері де жатады олар;жер, оның қорлары,су,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және басқа да табиғи ресурстар жатады.Заңда тек мемелекет қана меншік иесі болатын мүліктердің тізбесі толық қамтылған.Табиғи ресурстарға меншік құқығын жүзеге асыру ерекшеліктері былайша ерекшеленеді; табиғи ресурстарды пайдалану өзге мүліктерді пайдаланудан айтарлықтай ерекшеліктерге ие; сондықтанда ол белгілі бір мақсатпен қолданылады, бұл орайда табиғатқа залалы тимеуі тиіс; аталған ресурстарды үнемі бақылап отыру, сол үшін арнайы жүйе-моноторинг қарастырылған;табиғат объектілеріне жасалған залал белгілі бір уақыт өткен соң көрінеді; арнайы өкілеттігі бар бақылаудың тұтастай жүйелері болады; тиісті мемелекеттік органдардың табиғат объектілерін пайдаланушылар қызметіне араласу құқығы ескерілген.Қазіргі заң республикалық кәсіпорындарға мүлікке шаруашылық жүргізу құқығын,ал қазыналық кәсіпорындарға, мемелекеттік мекемелерге оралымды басқару құқығын бекіткен. Азаматтық кодекстің 192-бабы 3-тармағына сәйкес коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджет қаражаты мемелекеттік заңды тұлғаларғабекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды. Конституцияның 87-бабында жергілікті атқарушы органдардың қарауына коммуналдық меншікті басқару да енеді делінген, бұл меншіктің жаңа түрі пайда болды деген сөз емес. Коммуналдық меншіктің ерекшелігі оның қызметінің жергілікті мәселерге арналып, белгілі мақсатқа жұмылдырылатындығымен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасында мемелекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру  көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемелекет меншігінде болады. Жер сондай- ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл мәселелер Б.Ф. Ерофеевтің еңбегінде егжей-тегжейлі қамтылған.»Экологическое право России». М.,Юрист,1996г.

                                         Ортақ меншік құқығының мазмұны

 

     Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда меншік құқығы бірнеше меншік иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды өйткені, ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды.Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады.Ортақ меншіктің құқық қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие болады, меншіктің құқықтық қатынасында ортақ меншік құқығы субъектілерінің бір біріне деген өзара қарым- қатынасы туындайды, яғни ортақ меншіктің басқа иелері мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынас пайда болады. Сондықтан да ортақ меншік жалпы меншік қатысушылары арасындағы қатынас емес, салыстырмалы құқықтық қатынас болып табылады, яғни бұл жерде олардың қатынастары нақтылы және де құқықтық қатынасқа қатысушыларының аясы белгіленген, мысалы, оған бір мүліктің бәріне ортақ болуы дәлел,демек әрбір қатысушы бірдей мөлшерде немесе үлесіне қарай ие болуы мүмкін. Бұл жерде бір біріне қарсы тұрған жақтар жоқ, қатысушыларды несие беруші не борышқор деп те айта алмайсың, ал олардың арасындағы келісім тек ортақ мақсатқа бағытталған, мәселен, мұрагерлік мүлікке бірнеше адам ие.Бірлескен меншік иелерінің арасындағы бір біріне деген қарым-қатынасының сипаты меншік түрінің сипатымен ерекшеленеді,оның өзі меншік құқығының құрылымына сәйкес болуы мүмкін, былайша айтқанда, бір затты иеленетін меншік иелері меншік құқығының әртүрлі субъектілері бола алады, сондықтан да мемелекет, бір немесе бірнеше жеке тұлғалар сол мүліктің ортақ меншігіне қатысушылар рөлін атқаратын жағдай аз кездеспейді.Ортақ меншіктің субъектілері жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шетел азаматтары, сондай –ақ Қазақстан Республикасы мен әкімшілік- аумақтық бірлігі бола алады, ортақ меншік құқығы әртүрлі заңдық фактілер, атап айтқанда, шарттар,келсімдер,заңда көзделген өзге де реттер негізінде де жүзеге асады. Ортақ меншік ерлі-зайыпты адамдардың сатып алған ортақ мүлкінен де туындайды.Азаматтық кодекстің 230-бабына сәйкес жай серіктестік қызметінің негізгі ақшалай немесе өзге де жарналары,сондай-ақ олардың бірлескен қызметі нәтежесінде жасалған немесе сатып алынған мүлік олардың ортақ үлесті меншігі болып табылады. Ортақ меншік құқығы дегеніміз бірнеше тұлғалардың мүлікті бір объект ретінде иеленіп,пайдалану мен билік етуін бекітетін реттейтін және қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.Ортақ меншік құқығы институтының маңызы мен мағынасы ең алдымен бірнеше тұлғалардың өздерінің тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру үшін белгілі бір объектіні жария түрде құрып, немесе иеленіп, бірлесіп пайдалануынанкөрінеді.Ортақ меншік шаруашылық жүргізу тәжірибесінде, сондай –ақ өмірде мүлікті мейілінше тиімді пайдалануына жәрдемдеседі.Ортақ меншік құқығын субъективті мағынада екі немесе одан да көп тұлғалардың өздерінің қалауы бойынша қармағындағы ортақ мүлікті белгіленген тәртіп пен заң шегінде иелену,пайдалану және билік ету мүмкіндігін заңмен немесе ортақ меншіктің басқа иелері өзара жасалған шарттарымен  қамтамасыз ету деп түсіну керек.

 

 

 

 

 

 

 

--------------------Сборник постановлений Пленума Верховного суда РК Алматы, Санат 1997г

                           

 

                                       Ортақ меншіктің түрі мен үлестік меншік

 

    Ортақ меншік бірлескен және үлестік меншігі болып келеді.Азаматтық кодекс бойынша әрбір меншік иесіне ортақ меншіктің үлесі тиесілі, мұндай үлес тең және тең емес дәрежеде бөлінеді, бірақ та үлестің көлемі мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге байланысты мәселелердің шешіміне әсер етпейді, сондықтанда олар ортақ келісім негізінде бірлесіп шешіледі.Мүлікке ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке ортақ меншік құру заңда көзделген реттер қосылмайды.Ортақ бірлескен меншік: ерлі –зайыптылардың ортақ меншігі, шаруа қожалығының ортақ меншігі; жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады. Заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін, бірлескен ортақ меншікте оған қатысушылардың үлесі болады, бірақ олардың жалпы мүліктігі көлемі алдын ала айқындалмауына байланысты оны да тең деп есептейд, мұндай тәртіп ерлі- зайыптылардың некеде тұрған кезінде бірлесіп тапқан мүліктеріне де қатысты, сонымен бірге «Неке және отбасы туралы» заңы некеде тұрған кездерінде бірлесіп тапқан дүние-мүліктерін жұбайлардың келсімі арқылы бөлу мүмкіндігін де жоққа шығармайды.Демек, неке шартында олар мүлікті бірлесіп немесе жекелей пайдалануына  болады, келсімге келе алмаған жағдайда әрбір меншік иесі сотқа жүгінуіне құқылы.

      Меншіктің  үлестік түрі деп мүлік объектісін  қатысушылар арасында нақты үлеске  бөлуді айтады. Үлестік меншіктің  ерекшелігі оның пайда болу  кезінде ортақ мүліктегі меншік иелерінің үлесі болатындығымен айқындалады,бөлудің мұндай сипаты меншік иелерініңкелсімдері және заң құжаттарымен тағайындалады, осы келсім арқылы қатысушылардың үлес мөлшері айқындалып, өзгеріске ұшырайды, мұның өзі олардың ортаға салған үлестеріне байланысты болады, егер қатысушылардың үлес көлемі келісім шартта немесе заң құжаттарында көрсетілмесе, онда олардың үлестері тең дәрежеде бөлінеді. Заңда меншік иелерінің бірінің күшімен мүлікті жақсарту мәселесі айқындалған, мүліктегі үлес көлемін айқындауда ортақ мүлікті пайдалану тәртібін сақтай отырып, оны жақсарту мәселесінің аражігін ашып алу керек, ортақ мүлікті пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтай отырып, оны жақсартуды өз есебінен жүзеге асырған үлесті меншікке қатысушының ортақ мүліктегі өз үлесін ұлғайтуға құқығы бар. Ортақ мүлікті бөліп алып жақсарту, егер үлесті меншікке қатысушылардың келсімінде өзгеше көзделмесе, оны жасаған қатысушының меншігіне түседі. Ортақ мүлікті иелену, пайдалану,және билік ету барлық қатысушылардың келсімімен жүзеге асырылады. Үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану оның барлық қатысушыларының келісуімен, ал келсімге келмеген жағдайда-сот белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады деп айтылған азаматтық кодекстің 213-бабының 1-тармағында. Ортақ меншік құқығын жүзеге асыру кезінде иелену, пайдалану және билік ету салдарына аса мән беру керек, егер меншік иелері ортақ мүлікті иелену және пайдалану жөнінде ортақ бір пікірге келе алмаса, онда сотқа жүгіне алады, егер көзқарас қайшылығын сот шешпейтін болса, оны тараптардың өздері шешеді. Ортақ үлестік меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүліктен  өзінің үлесін заттай күйінде бөліп беруге талап етуге құқылы, егер үлесті заттай бөліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтірілуіне байланысты мүмкін болмаса, бөлініп шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын төлетіп алуға құқылы.Үлес меншігіндегі мүліктерді бөлудің мүмкін еместігі және де азаматтық кодекстің 218- бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларға қарап, қатысушы бұл мүлікті пайдалану құқығынан айырылады деуге болмайды, мұндай жағдайда мүлікті пайдаланудың қалыптасқан наұты тәртібі ескеріледі, әрі бұл ортақ меншік құқығындағы үлеске сай келмеуі мүмкін. Азаматтық кодекстің 214-бабына сәйкес үлесті меншіктегі мүлікті пайдаланудан алынатын жемістер, өнімдер мен табыстар ортақ мүліктің құрамында болады.Үлесті меншіктің қатысушылары арасында жемістің, өнім мен табыстың одан кейінгі бөлінуі,өзгеше көзделмесе, олардың үлестеріне сәйкес жүргізіледі.Үлесті меншіктегі мүліктердің мазмұны бойынша шығынды қатысушылардың бәрі сәйкестендіріле теңдей көтереді, дәл осындай тәртіппен меншік иелері салық, басқа да төлемдер төлеуге қатысады, сондай-ақ ортақ мүлікті күтіп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға да міндетті болып келеді. Заң үлестік меншіктің әрбір қатысушысы өзіне тиесілі үлесті өзінің қалауы бойынша сатуға, сыйға беруге, мұрагерлікке қалдыруға, өз үлесіне билік ететіндігіде қарастырылған. Ортақ меншіктің әрбір қатысушысы өз үлесін сатуға құқылы, заң осы мүмкіндікті ескере отырып, басқа меншік иелерінің мүддесіне назар аударады, олар үшін ортақ меншікке бөтен тұлғалардың кіруіне әрқашан қолдау көрсете бермейді. Азаматтық кодекстің 216-бабында ортақ меншік қатысушыларына сатып алудың артықшылық құқығын береді, үлесті меншік құқығындағы үлесті бөгде адамдарға сату кезінде сатылатын үлесті оның сатылатын бағасы бойынша және жария саудаға салу реттерінен басқа тең жағдайларда үлесті меншіктің қалған қатысушыларының сатып алуға басым құқығы болады.Үлесін сатушы оның бағасын жәнеоны сатудың басқа да шарттарын ескере отырып, үлесті меншіктің басқа қатысушыларына өз үлесін бөгде адамға сату ниеті туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті, егер үлесті меншіктің басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлікке меншік құқығындағы сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал басқа мүлік жөнінен- хабар алған күннен бастап он күн ішінде сатып алмаса, сатушы өз үлесін кез келген адамға сатуға құқығы бар, үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып, сатылған жағдайда, үлесті меншіктің кез келген қатысушысы үш айдың ішінде сотта өзіне сатып алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы. Азаматтық кодекстің 216- бабында үлесті жария саудамен сату жайы қарастырылған, меншік үлесі құқығындағы үлесті жария сату меншік үлестерінің басқа қатысушыларының келсімінсіз тек азаматтық кодекстің 222-бабының 2-тармағы мен басқа да заң құжаттарында көрсетілген ретте жүргізіледі. Азаматтық кодексте үлесті айырбас шарты бойынша басқа біреуге беру кезінде де үлесті сатудың басым құқығы нормасы жаналық болып енді, бұл жағдайда ортақ меншікке қатысушы тең бағалы мүлікті ұсыну жөніндегі  айырбас шартында көрсетілген барлық міндеттемені өзіне алады.

Информация о работе Меншік құқығының пайда болуы