Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 09:45, реферат
Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория дептүсінукерек. Меншік дегеніміздің өзі матералдық игіліктерді-табиғаттың өнімдері мен еңбекті-меншіктену әрі иеленуді білдіреді.Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.Сонымен,меншік затты иелену,меншіктену екен,оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады,демек,оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып,оған билік етіледі.Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп,меншік құқығына айналады
-------------------------
Ресей Федерациясының Жоғарғы
Төрелік Соты Пленумының 1996жылғы 1-шілдедегі
«Ресей Федерациясы Азаматтық
Ортақ бірлескен
меншік ортақ меншіктің бір
түрі болып табылады,оған
Ортақ
бірлескен меншікте үлес
Жұбайлардың бірлескен меншігі деп олардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерін айтамыз. Ерлі-зайыптыларың бірінің міндеттемелері бойынша жаза өз меншігіндегі мүлікке ғана,сондай-ақ бұл мүлікті бөлісу кезінде ерлі-зайыптылардың біріне тиесілі болатын ортақ мүлкіндегі өз үлесіне ғана қолданылуы мүмкін.Жұбайлардың бірлескен меншігіне жұбайлардың әрқайсысының еңбекпен немесе кәсіпкерлік қызметпен тапқан табыстары, сатып алған заттары, бағалы қағаздары, зейнетақылары жатады.Жұбайлардың бірлескен меншігіне екеуі бірге тұрған кезде біреуі бала бағып, не басқалай дәлелді себеппен табыс таба алмаса, ол екіншісінің табысына ортақтасады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың әрқайсысының меншігі болып табылады.Қымбат бағалы және басқа әсемдік заттарын қоспағанда жеке пайдаланудағы заттар, некеде тұрған кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған жұбайдың меншігі деп танылады. Жұбайлар ортақ бірлескен меншікке иелену,пайдалану және билік ету құқықтарын тең дәрежеде иеленеді, бұл құқықтарды жүзеге асыру үшін біріншісінің екіншісінен арнайы рұқсат сұрауы міндетті емес,қатысушылардың бірі өз мүлкіне келісім жасау үшін мүлкіне билік ете береді, бірақ та қозғалмайтын мүлік және басқа мүліктерге байланысты біріншісі екіншісінен алдын ала келсімін алу керек.Балалар ата-анасының мүлкіне иелік жасай алмайды,алайда олар ата-аналарымен бірлесіп ортақ меншікті иелене алады, мұның өзі ортақ қаржы және еңбек жұмсау нәтежесінде және заңда көрсетілген ретте жүзеге асады, мұндай жағдайда бұл ортақ бірлескен меншік болып табылады.Шаруа қожалығының ортақ меншігінің құқықтық ерекшеліктері. Шаруа қожалығы дегеніміз бір шаңырақта бірлесіп еңбек етіп, ауыл шаруашылығына арналған жерді игеріп, одан өнім алуға, өндеуге, пайдалануға байланысты іс-қимыл әрекеті болып табылады. Заңда бірлескен шаруашылық меншігі құқықтарының объектілері де анықталған, оған өндіріс құрал-жабдықтары, егін шаруашылық және басқа құрылыстар оның бәрі де шаруа қожалығы мүшелерінің шаруашылық жүргізу үшін жалпы қаржы есебінен құралады. Шаруа қожалығы мүшелерінің жалпы мүлкіне өнім мен табысты жатқызуға болады, шаруашылық жүргізудің нәтежесінен алынған шаруа қожалығының ортақ бірлескен немесе ортақ үлесті мүлкі болып табылады, бұл мүліктерді иелену, пайдалану шаруашылық мүшелері арасындағы келісім бойынша жүзеге асады, бірақ оның жұбайлардың бірлескен меншігінен айырмашылығы,шаруа қожалығында шаруашылықты жүргізетін басшысы сайланады, ол жасы 18-ге толған кез келген азамат болуы керек. Шаруа қожалығының басшысы ұйымдармен, азаматтармен мемелекетпен байланысты қожалықтың мүддесін бүлдіреді және заң тыйым салмайтын азаматтық- құқықтық келсімдерді жүзеге асырады, шаруа қожалықтарының мүшелерінде ортақ бірлескен меншіктен басқа жұбайлардың бірлескен меншігі және шаруашылық мүшелерінің өзінің құқықтық тәртібіне бағынатын бөлек меншігі бола алады. Азаматтық кодекстің 227-бабына сәйкес ортақ бірлескен меншіктің тұрғын үйдің жекешелендірілген тұрғын үйге байланысты жаңа түрі пайда болды, тұрғын үй және тұрғын үй кооперативтерінде жұбайлардың, отбасы мүшелерінің ортаға салған қаржы есебінен алған пәтерге ортақ меншік болады. Ортақ бірлескен меншіктің мұндай түрі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй туралы» және басқа құжаттармен реттеледі. Үй иесінің отбасы мүшесі айрықша жағдайларда басқа адам да бола алады,бірақ ол меншік иесімен бірге тұрып, ортақ шаруашылықты бірлесе жүргізуі тиіс. Еңбекке жарамсыз азаматтар меншік иесімен тұрақты бірге тұрса, онда ол меншік иесі отбасының мүшесі болып есептеледі.
Жай серіктестіктіктің
ортақ меншігі кәсіпкерлік
Меншік құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа ортақ меншік құқығын тоқтату да бар, бұл жеке қатысушы үшін оның үлесін ортақ меншіктен бөлу арқылы жүзеге асады. Ортақ меншікті бөлу және қатысушылардың талабы бойынша одан үлестерін бөліп шығару қатысушылардың келісімі арқылы жүргізіледі, ал ол мүмкін болмаған жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі, ортақ үлесті меншікті бөлу және қатысушылардың талабы бойынша одан үлесті бөліп шығару шарттың тұжырымдамаларына сәйкес болып табылады.Ортақ меншікті бөлу кезінде барлық қатысушылардың құқығы тоқтатылады, ал әлдекімге үлесті бөліп шығару үшін ортақ меншіктен оның үлесі ғана бөлінеді, әрбір қатысушы өзінің үлесін ортақ мүліктен бөліп беруді талап ете алады, мүліктегі үлесті бөліп беру, барлық меншік иелерінің келсімімен шешіледі. Үлесті меншікке қатысушылар ортақ мүлікті бөлу немесе біреуінің үлесін шығарудың әдістері мен шарттары жөнінде келісімге келе алмаған жағдайда үлесті меншікке қатысушы ортақ мүліктен өз үлесін заттай бөліп беруді талап етуге құқылы. Егер үлесті заттай бөліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтірмейінше мүмкін болмаса, бөлініп шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын төлетуге құқылы.Ортақ меншікті бөлу немесе одан үлесті бөліп шығару үшін әрбір қатысушының мүлікті ортақ пайдалану құқығындағы үлесін алдын ала анықтап алу керек, ал бөлудің негізі мен тәртібі бірлескен қызметтің жекелеген түріне әртүрлі келеді. Жұбайлардың бірлескен қызметі нәтежесінде ортақ меншікке айналған мүлік неке бұзылған кезде бөлінеді,жұбайлардың бірінің міндеттемелігі бойынша немесе жасалған қылмысқа байланысты залалдың орнын толтыру керек болғанда жұбайлардың бірі екіншісіне неке бұзылғанына қарамастан өз үлесін алуға талап қоя алады,ортақ меншіктеріндегі мүлікті бөлу үшін жұбайлар сотқа жүгінеді, сот өз кезегінде қандай мүлік кімге тиесіліекендігін шешеді.Егер жұбайлардың біріне бөлінетін заттың құны оған тиесілі үлестен асып түссе, онда екіншісі одан өтем алады, ерлі-зайыптылар біреуінің атынан несие беретін немесе басқа ұйымдарға ақша салып, ол екеуінің меншігі болып табылса, онда салынған ақшаны, капиталдағы үлесін алуды талап ете алады, балаларға алынған заттар балалар бірге қалатын жұбайдың біріне ешқандай өтем ақысыз беріледі,мұндай ереже жұбайлардың ортақ бірлескен меншігіндегі олардың бірінің мүлікке міндеттемілігі бойынша тиесілі үлесін алып қалуға деген әрекетіне де қолданылады, алайда жұбайлардың жалпы міндеттемелігі мен қарызы бойынша бірдей жауапты болады. Егер қылмыстық іс бойынша сот шешімімен олардың ортақ меншігіндегі мүліктер қылмыстық жолмен табылса, оны олар бірігіп пайдаланса, екеуі де жауап береді. Пленумының 1990 жылғы 19 наурыздағы «Республика соттарының орындалуының барысы туралы» қаулысы; КСРО Жоғарғы Сотының Пленумының 1979 жылғы 23 наурыздағы «Қылмыстың салдарынан болған материалдық залалды қалпына келтіру туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірбиесі туралы» 1қаулысы, аталған құжатқа 1984 жылы 26 сәуірде Пленум қаулысымен толықтырулар енгізілді.Шаруа қожалығының барлық мүшелерінің шығып кетуіне байланысты немесе өзге де негіздер бойынша шаруа қожалығы тоқтатылған жағдайда ортақ мүлік азаматтық кодекстің 218-225 баптарында көзделген ережелер бойынша бөлінуге тиіс болып табылады.
Қазақстан Республикасында өндірістік коорперативтерге кең жол ашылды, әсіресе ол ауыл шаруашылығында қарқынмен дамуда, бұл заңмен – тәртіптелген, ұйымдастыру жағынан бірлескен кәсіпкерлік қызметтің коммерциялық ұйымдарының бір түрі болып табылады. 1996-жылы 15-қазанда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Өндірістік коорперативтер туралы» Жарлығының 1-бабы мен азаматтық кодекстің 96-бабына сәйкес өндірістік коорператив дегеніміз- азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін мүшелік негізінде олардың өз еңбегімен және қатысуына және өндірістік коорператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі болып табылады. Өндірістік коорперативтердің негізгі белгілері мынадай болып келеді олар; жасы 16-ға толған тұлға өндірістік коорперативтің мүшесі бола алады. Корператив мүшелері екеуден кем болмауы тиіс; өндірістік коорперативтің қызметіне міндетті түрде жеке еңбек үлесін қосу сонымен қатар төменгі көлемі бекітілмейтін мүліктік салым салу және де өндірістік коорператив міндеттемелері бойынша корператив мүшесінің өзінің жеке мүлкі мен қосымша жауапкершілік міндеттілігі; өндірістік коорператив тарап кеткенде пайда мен басқа да мүліктер оның мүшелері арасында еңбекке қатысуына сәйкес бөлінеді; және де өндірістік коорперативтен шыққан мүшесі коорперативтің мүлкінен өз жарнасына қарай өз үлесін алуға құқылы болып табылады. Өндірістік коорперативтің жеке кәсіпкелік үшін заңмен тыйым салынбайтын кез келген кәсіпкелік қызметті жүзеге асыруға хақысы бар, коорператив лицензиялау қызмет көрсету үшін тек лицензия алғаннан соң ғана жүргізіледі, тұтастай алғанда,өндірістік коорперативтің қызметі мен мақсаты коорператив мүшелерінің өзімен айқындалады. Коорператив меншік құқығының субъектісі заңды тұлға деп танылатын өндірістік коорператив өзі болып табылады.Бұл орайда оның қандай өндірістік кооператив түрі екендігі есепке алынбайды. Өндірістік коорператив құрылтайшы – жеке тұлғалардың жалпы жиналысының шешімімен құрылады, егер оның құрылтайшысы шетелдік азамат болса, ондай коорперативке 1994 жылы 27-желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Шетелдік инвестициялар туралы» заңында қаралған ерекшеліктер ескеріле отырып, өндірістік коорператив жөніндегі заң қолданылады. Меншік құқығының пайда болу негіздері коорперативті құрушы коорператив мүшелерінің біріктірілген қаржысы есебінен жүзеге асады, кейін ол біртіндеп жинақтала береді, мүшелік жарна ақша, бағалы қағаз, зат, мүліктік құқық, оның ішінде жер пайдалану, интеллектуалдық меншік нәтежесіне құқық және басқа мүліктер түрінде кездеседі.Мүліктік жарна бастапқы және қосымша болып екіге бөлінеді. Бастапқы мүліктік жарна міндетті түрде төленуі тиіс және ол коорперативті құру мен ұйымдастыруға жұмсалған шығынды жабуға жұмсалады. Қосымша мүліктік жарналар коорперативтің қандай да бір арнайы мәселерін шешу үшін жалпы жиналыстың шешімімен айқындалады.Меншік құқығының пайда болуының басты көздері болып олардың өздерінің өндірістік немесе басқалай қызметі, сондай-ақ мүлікті сатып алудағы, иеленудегі әртүрлі азаматтық – құқықтық келсімдер мен мәмілелер болып табылады.Мысалы, оған банкте өз қаржысын орналастырудан түскен кірістері жатады.Өндірістік коорперативтердің меншік құқығының объектілері. Біз жоғарыда айтып кеткендей , кооператив өзіне берілген мүліктік жарналардан, сондай-ақ өз қызметі кезінде өндірілген және иеленген мүліктер арқылы меншік иесі дедік, сондықтан да өндірістік коорперативтің мүлкін қалыптастыру көздері мыналар болып табылады: коорперативтің мүшелерінің мүліктік жарнасы; оның қызметіне түскен кірістер; заң тыйым салмайтын өзге де көздер «Өндірістік коорператив туралы» Жарлықтың 20-бабының 2-тармағы мен азаматтық кодекстің 98-бабына сәйкес, егер коорператив жарғысында өзгеше көзделмесе, өндірістік коорператив меншігіндегі мүліктер олардың мүшелеріне салынған жарналарына сәйкес үлес ретінде тең бөлінеді. Коорператив жарғысында әрбір коорператив мүшесінің тең мөлшері анықталады, өндірістік коорператив мүшелерінің үлесі коорператив мүлкінде пайыздық шамамен есептеледі, бұл коорператив мүшесінің міндеттемелік құқығын емес заттық құқықты иеленетінін көрсетеді. Мысалы, коорператив мүшесі коорператив мүлкіндегі өзінің үлесін алуға құқылы, сондай-ақ коорператив таратылғанда өзінің үлесін тең дәрежеде алуға хақысы бар. Коорперативке жататын барлық мүліктер әртүрлі қорға енгізіледі. Қор- коорператив мүлкінің елеулі, айырықша бөлігі, ол арнайы мақсатқа арналады, әрбір қор ерекше құқықтық тәртіпке бағынады, әрбір қорды құру, орындау және жұмсау коорператив жарғысымен жүзеге асады, сонымен, коорператив жыл сайынғы пайданың белгілі бір бөлігін жинау арқылы артық қорын жасақтайды. Ол несие беруші алдындағы міндеттемені орындау және кездейсоқ болатын шығындарды жабуға арналады, оның көлемі мен жұмсау реті коорператив жарғысымен реттеледі. Егер коорператив белгіленген заңға сәйкес өз қызметін атқарса, онда ол басы артық қорды заң құжаттарында белгіленген тәртіппен пайдаланып, рәсімдеуге міндетті, әрі оны белгілі бір көлемде ғана жүзеге асырады. Коорператив меншік құқығының мазмұны, әрбір коорперативтің меншік құқығы субъективтік құқық ретінде өзіне тиесілі мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге өзінің қалауынша және жарғысы заң құжаттары арқылы белгіленген шеңберінде мүмкіндік береді. Өндірістік коорператив таратылған жағдайда немесе одан коорператив мүшесі шыққан ретте соңғысы өндірістік коорперативтің оның негізгі мүшелерінің капиталға және шаруашылық қызметке қатысуынан көрінеді. Өндірістік коорператив таратылған немесе коорператив мүшесі одан шыққан жағдайда коорператив мүшесінің өз пайызын бөліп алуға құқығы бар.Өндірістік коорператив мүліктің меншік иесі болғандықтан, нарықтық қатынастарға дербес қатысады, сонымен қатар, өндірістік коорператив мемелекеттік емес заңды тұлға ретінде өзінің міндеттемелері бойынша қармағындағы барлық мүлік шеңберінде жауап береді. Өндірістік коорператив өз мүшелерінің бірауызды шешімі бойынша шаруашылық серіктестігі болып қайта құрылуы әбден мүмкін болып табылады. Өндірістік коорператив мүліктің меншік иесі болғандықтан, нарықтық қатынастарға дербес қатысады. Мүлікке билік ету құқығы тек коорперативтің өзіне ғана тиесілі болады және де ол оның атқару органдары арқылы жалпы жиналыстың шешімімен жүзеге асады. Өндірістік кооперативтің тапқан кірісі мүшелері арасында теңдей бөлінеді, әрине, бұл заңмен өзгеше көзделмеген ретте жүзеге асады. Коорператив мүшелерінің бірінен тапқан табысты жасыруға немесе оны жасырын бөлуге рұқсат етілмейді. Сонымен, өндірістік коорперативтің негізгі мүшелерінің капиталға және шаруашылық қызметке қатысуынан көрінеді. Өндірістік коорператив таратылған жағдайда немесе одан коорператив мүшесі шыққан ретте соңғысы өндірістік коорперативтің оның негізгі мүшелерінің капиталға және шаруашылық қызметке қатысуынан көрінеді.