Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 11:38, дипломная работа
Бұл бағыттағы жұмыс Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың қатаң бақылауына алынған, ол сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіруді талап етіп отыр.
Елбасының сыбайлас жетқорлықпен күресінің 2006 – 2010 жылдарға арналған және Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену бағдарламасын ұсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жалпы ұлттық бағдарламаларын дәйекті түрде жүзеге асыру керектігіне баса назар аударды.
Кіріспе......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі.
1.1.Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіне қарсы қылмыстарының мәселелері жалпы сипаттамасы және белгілері.................................................7
1.2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі.........................................9
1.3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы ...............................11
ІІ – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері.
2.1. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіндегі қылмыс құрамдары...........................16
2.2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекелеген құрамдары.............28
2.3. Мемлекеттік қымет мүддесіндегі өзгеде қылмыстар..............................37
ІІІ- тарау. Мемлекеттік қызмет мүддесіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын – алу мәселелері
3.1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын – алу шаралары.................43
3.2. Қазақстан Ресубликасында халықаралық сыбайлас жемқорлықтағы ішкі – сыртқы жағдайы........................................................................................44
Қорытынды ........................................................................................................49
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................53
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары дүние жүзін алаңдатуда 1989 жылы БҰҰ – ның басшылығымен мемлекеттік қару саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша Гаагада (Нидерланд) халықаралық семинар боып онда сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне оны тежеуге сәйкес келетін қылмыстық заңдардың санкциясын жетілдіру, сыбайлас жемқорлықты және өкілетті қызмет жасауды сақтандыруды реттейтін механизмдерді дайындау, сыбайлас жемқорлықпен құныққан лауазымды тұлғаларды анықтаудың, тергеудің және соттаудың тетіктер қабылдау. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы – «Коррупция» терминін этимологиясы латынның «corruptio» (паралап сатып алу) ұғымын білдіреді. Бірақ, 1978 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ – ның Бас ассамблеясында қабылдаған кодексте коррупция ұғымы, лауазым иелерінің құқықтық мінез –құлқы, лауазым иелері құқықтық мінез – құлқы, лауазым иелерінің істеген немесе істеуге мүмкін іс – әрекеттері үшін заңсыз алу, уәде беру ұлттық құқық нормалары анықталуы қажет делінген. Әлемде сыбайлас жемқорлықтан ада бірде – бір ел жоқ. Зерттеушілер Азиялық, Африкалық, Латын Америкалық және Европалық сыбайластық үлгілері бар екенін алға тартады. «Азия елдерінде жең ұшынан жалғасқан сыбайластық мәдениет, мораль, ел басқару жүйесінен тығыз қабысып кеткен» дейді екен. Сыбайластықтың ең сорақысы Африка құрлығында екен. 60 жылдары тәуелсіздік алған Африка елдері отаршылдықтан емес, сыбайластықтан көз ашпай келеді. Сомали, Руанда, Замбия, Ботсвана сыбайластықтан ең соңында жүр. Латын Америка елдері криминалды экономиканы уысында ұстайтын күші мафиялық топ ырық бермей келеді. Әрине, Латын Америкалық сыбайластық азиялық үлгіден қатаңдау, Ал Африкалық үлгіден тәуірлеу, сыбайлас жемқорлықтың Европалық үлгісі тиімдірек деп танылады. Өйткен онда демократиялық институттар, еркін БАҚ, бюджеттік түсімдердің жариялылығы, заңның үстемдігі талай ғасырдың сынынан сыбайластықтан кең көлемде жайылуына мүмкіндік бермейді. Транспаренси Интернешл ұйымының «Сыбайлас жемқорлық индексі -2007» жылдық есебі бойынша Дания, Финландия,Жаңа Зелендия, Снгапур, Швеция, Исландия, Нидерланды алдыңғы шектен орын алды. Соның ішінде Сингапурлық үлгіні жиі ауызға алады. Сингапур 1965 жылы тәуелсіздік алған кезде жемқорлық жариялаған ел болатын. Ең алдымен шенеунік атаулыны тәртіпке келтірді, бюрократиялық сенді бұзды, этикалық нормаларды қатал сақтауды енгізді. Соттың тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, жалақысын ең жоғары деңгейге көтерді. Сыбайлас жемқорлық фактырлерін шенеуніктердің үстінен түскен арыз – шағымдар бойынша қатаң шаралар қолданады.
Жемқорлық күрестің Шведтік үлгісі де тегін емес, мемлекеттік құжаттар ашықтығын қамтамасыз етті. Тәуелсіз сот жүйесін құрды. Қоғамда аброй, тазалық әлеуметтік норма саналады. Шенеуніктердің жалақысын 12 – 15 есе көтеріп тастады. Нидерлендыда жемқорлық әрекеттері тұрақты түрде талқыланып, кінәлілер тиісті жазаға тартылып отырды.
АҚШ заңдар жинағы (USE Code) , 201 бабынан бірнеше тармақтарына сәйкес азамат пара беру мен алу, уағдаласу жәйіттары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Пара беруші үш еселеген айып төлеуді міндетті немесе 15 жыл бас бостандығынан айырылады. АҚШ – та кез – келген шенеулік секілді Президентте қылмыстық жауапкершіліктен құтылмайды. Мәселен, АҚШ вице-президенті Спиро Агню парақорлықен айыпталып, қызметінен босатылғаны былай тұрсын, ендігі саяси мансабына есік жабылды. XVIII ғасырда өмір сүрген Алексис де Токвиль Американдықтардың бойында өзін – өзі түзеу мен өзін – өзі дамытуға деген сүйіспеншілік бар екенін айтады. Бұл сүйіспеншілік сыбайлас жемқорлық қарсы күресте заңнаманы үнемі жетілдіріп отыруға себін тигізді.
БҰҰ – ның
2003 жылы қабылдаған «сыбайлас жемқорлықпен
күрес» конвенциясына сәйкес
заңсыз байлыққа ие болған шенеуніктің
қылмысы заң алдында дәлелденуі
тиіс. Мемлекет басшысы Қазақстан
жақында БҰҰ - ның
сыбайлас жемқорлықпен күрес
туралы конвенциясының ротификациялайтынын
айтты, 140 мемлекет қосылған
Конвенция елімізге осынау қоғамдық
індетпен күресте жаңа
індеттер жүктейді. Бұл бойынша
мемлекеттік қызметке келген азамат
артықшылықтарға емес, шектеулерге
ұшырайды. Сондықтан конвенцияға
қосылып отырып, салық кодексіне
салық органын салық төлеушіден
ірі сомадағы сатып алу немесе
сату, дүние мүлкі туралы сұрау
салуға құқық беру туралы арнайы
баптар енгізу қажет.
Қорытынды
Елдегі бүгінгі таңда қалыптасқан жағдайға орай мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмысын қорытындылай келе сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі сол – мұндай қоғамды қауіпті іс - әрекет орын алған кезде мемлекеттің жергілікті өзін – өзі басқару органдарының беделіне зор нұқсан келтіру, нәтижесінде олардың әлсіреуіне әкеп соғады. Сыбайлас жемқорлық қылмысы әлемнің барлық елдерінде орын алып отырған әлеуметтік және экономикалық, саяси халықаралық проблемаға айналды. Қазақстан Респуликасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ел экономикасы өсіп өркендеуде өмірді жаңа реформаға көшу жолында хылқымыздың әл – ауқаты артып, табысты саяси реформалар жүргізілді. Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтарымен бостандықтарын қорғауда, зорлық – зомбылық қылмыспен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тиімілігін арттыруында бірнеше нормативтік заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 1998 жылы 1 қаңтарда, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі заңы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданды, Қазақстан Республикасының 2005 жылы 23 желтоқандағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2006 – 2010 жылдың бағдарламасы қабылданды. Бұл, әрине, дауасыз дертпен күресте дәрменсіз болып қалмақ. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді түрде коррупциогенді нормалар қабылдау қажет.
Бүгінде сыбайлас жемқорлық қылмысы мемлекетке кері әсерін тигізіп отырған бірнеше себептер бар. Олар:
Біріншіден, қолдағы билікті бас пайда үшін пайдалану, ондай қылмыстың әшкереленуі билік беделін түсіреді, демократияға нұқсан келтіреді, тіптен диктатураға алып келуі мүмкін.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлық өзінің ресурстардың бөлінуіне тигізетін теріс әсерінің нәтижесінде жалпы экономиканың дамып, нығаюына кедергі жасайды.
Үшіншіден, сыбайлас жемқорлық, басқа да келеңсіз әлеуметтік құбылыстар сияқты, өзіне-өзі жағдай тудыра отырып, келешек әлеуметтік-экономикалық және саяси тәртіпті шайқалтады, ол неғұрлым тамырын жайған сайын онымен күресу қиындай береді.
Төртіншіден, елде етек алған сыбайлас жемқорлық шеттен келетін жәрдемнің, инвестициялардың жолына тосқауыл болады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің көптеген әдістері бар. Біріншіден, заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту. Екіншіден, лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу. Үшіншіден, нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданының көлемін азайту. Соңғысына мемлекеттік қызмет көрсетудегі бәсекелестік, яғни бір мемлекеттік органдардың басқа оргаңдардың функцияларын орындауы да жатады.
Жоғары айтылғандарды есепке ала отрып, осы тұрғыдағы қылмысқа қарсы бағытталған заңдылықты жетілдірудің негізгі ұсыныстары мынандай боуы керек:
1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның және лауазым адамының өз қызмет бабы бойынша берілген мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасаған кезде қылмысы оны жасаудың жеңілдетеді және оның қоғамдық қауіптілігін арттыратынын есепке ала отырып "лауазым иесінің, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің қызмет өкілеттілігін пайдалана отырып қылмыс жасауын" жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырған дұрыс болар еді (ҚРҚК- 54бабы).
2. Қызмет бабын пайдалана отырып қылмыс жасағандарға соттар белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқығынан айыру сияқты жаза түрін өте сирек қолданады. Жазаның осындай түрін негізсіз сирек қолдану сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс жасағандардың қызметіне өзінің негізгі жазасын өтеп келгеннен соң тағы да орналасуына мүмкіндік береді. Осын дай мүмкіндікті, әрине олар"6ұрынғы 6айланыстарын және сонымен қатар оларға "қарыз" адамдарды пайдалана отырып іске асырады. Осының бәрі халықтың әлеуметтік әділеттілікке деген сенімін қалпына келтіре алмайды, сонымен қатар жазаның өз мақсаттарына жетуіне көмегін тигізбейді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, өз қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасаған адамдарға міндетті түрде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен айналысу құқығынан айыру сияқты жазаны қолданған өте дұрыс болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 41 бабын осыған байланысты тиісті мазмұнда толықтыру ұсынылады.
3. Заң шығарушы әділ түрде келтеген қылмыстарды тұлғаның өз қызмет бабын пайдалану арқылы жасайтынын көрсетеді. Осының өзі бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігін арттырады.
Бірақ та біздің пікірімізше, заң шығарушының бүл мәселеде белгілі бір дайектілік ұстанымы жоқ, Кейбір қылмыс құрамын белгілеген кезде - қызмет бабын пайдалану іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін арттыратын белгі ретінде көрсетілмеген. Адамның қызмет бабын пайдаланып қылмыс жасауы белгілі бір іс-әрекеттің қоғамға дәрежесін арттырады сондықтан бұл белгі заңда тиісінше көрініс табуы қажет. Мысалы мұндай құрамдарға ҚК-тің 181 бабы 3 бөлігі, 180 бап 2 бөлігі, 196 бап 3бөлігі, 206 бап 3 бөлігі, 207 бап 3 бөлігі, 251 бап 4 бөлігі, 259 бап 4 бөлігі және т.б. жатады. Осындай құрамдардың ауырлататын түріне қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануды жатқызу өте орынды болар еді.
4. Сыбайлас жемқорлық көлемінің
өсуі билік органдарын
бұл құбылысқа қарсы күреске бағытталған
көптеген нормативті-құқықтық актілерді
қабылдауға мәжбүр етеді. Бірақ мұндай
шаралардың тиімділігі, оны бірінші болып
міндетті түрде орындауға тиісті лауазым
иелерінің оны
елемеуіне байланысты өте төмен. Бұны
соңғы кездері
жүргізілген келтеген зерттеулер дәлелдеп
отыр.
5. Сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан қылмыс бөлінбейтін, бөлшектенбейтін криминалды одақты құрады. Ұйымдасқан қылмыстың қанатының кең жайылуына сыбайлас жемқорлық себепші. Осы тұрғыдан қарағанда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық дегеніміз ұйымдасқан қылмыстың негізі.
Осылайша мемлекеттік билік органдарында сенімді және ең сыбайлас жемқорлық байланысы болмаса, ұйымдасқан қылмыс өмір сүре алмайды.
Мемлекеттік аппарат қызметін жетілдіру үшін олардың қызметкерлерінің жалақысын көтеру және әлеуметтік қамсыздандыру, мемлекеттік апараттың ашықтығы, сыбайластыққа қарсы заңнаманы жетілдіру мемлекеттік қызметке қатаң түрде іріктеу, шенеуніктердің табыс шығыстарын бақылау механизімін енгізу сайланбалы шенеуніктер санын арттыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін арнайы орган құрып, оның қызметін дурыс жүргізу оңай шаруа емес, ол ұзақ мерзімге бағытталған мемлекеттік шара екені рас. Ең бастысы осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейде жауаптылықпен іске асырылуы және онымен күрес барлық қазақстандықтардың ісі болуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер