Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 11:38, дипломная работа

Краткое описание

Бұл бағыттағы жұмыс Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың қатаң бақылауына алынған, ол сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіруді талап етіп отыр.
Елбасының сыбайлас жетқорлықпен күресінің 2006 – 2010 жылдарға арналған және Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену бағдарламасын ұсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жалпы ұлттық бағдарламаларын дәйекті түрде жүзеге асыру керектігіне баса назар аударды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
Негізгі бөлім

І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі.
1.1.Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіне қарсы қылмыстарының мәселелері жалпы сипаттамасы және белгілері.................................................7
1.2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі.........................................9
1.3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы ...............................11

ІІ – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері.
2.1. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіндегі қылмыс құрамдары...........................16
2.2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекелеген құрамдары.............28
2.3. Мемлекеттік қымет мүддесіндегі өзгеде қылмыстар..............................37

ІІІ- тарау. Мемлекеттік қызмет мүддесіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын – алу мәселелері
3.1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын – алу шаралары.................43
3.2. Қазақстан Ресубликасында халықаралық сыбайлас жемқорлықтағы ішкі – сыртқы жағдайы........................................................................................44

Қорытынды ........................................................................................................49
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................53

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Мемлекеттік-қызмет-сыбайлас-жемқорлық-қылмыстары.doc

— 307.00 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық ниеттің  іс-әрекетті саралау үшін ешқандай әсері болмайды.

Қылмыстын субъектісі болып өкімет өкілі немесе басқадай лауазымды адамдар танылады. Олардың  түсінігі Қылмыстық кодекстің 307-бабының  ескертуінде берілген. Талданып отырған баптың 2-тармағында бұрынғы занда болмаған осы қылмыстың ауырлататын түрі — жауапты мемлекеттік лауазымда істейтін адам жасаған билікті кемесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланган әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың да түсінігі қылмыстық кодекстің 307 -бабының 2-есі ертуінде көрсетілген.

Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену (309-бап)

Мемлекет мемлекеттік  аппараттың өздерінің қызметтік  өкілетін теріс пайдаланатын лауазымды  тұлғаларымен қалай күрессе, лауазымды тұлғаның атағын өз бетінше иемденуге тырысатын өзге қызметкерлермен де солай күреседі. Шындығында осындай әрекеттер мемлекеттік апараттың қалыпты дұрыс жұмысын бұзады және сонымен азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің мүддесіне елеулі түрде зиян келтіреді. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 309-бабы лауазымды тұлға болып табылмайтын мемлекеттік қызметшіге лауазымды тұлғаның өкілетін иемденгені үшін жауапкершілік белгілейді.

Мемлекеттік аппараттың жекелеген буындарының қалыпты дұрыс қызметі түсілдіріліп отырған құрамның объектісі болып табылады.

Аталған құрамның объективтік жағы лауазымды тұлға  болып табылмайтын мемлекеттік  қызметші өздігінен, алдау жо лымен лауазымды тұлғаның өкілетін иемденеді және оны азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзатын қоғамға кауіпті әрекеттер жасау үшін пайдаланады 


Қылмыс белсенді әрекеттер жолымен жасалады. Қылмыс-жасаушы  кінәлы адам мемлекеттік қызметші —  өзі белгілі бір лауазымды тұлға ретінде көрсетеді және іс жүзінде елгі тұлғаның  өкілетін заңсыз орындайды. Лауазымды тұлғаны иемдену нысандары заңда көрсетілмеген, бірақ олар барынша әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: қатардан қызметкер — аудандық өкімнің референті келушілерді қабылдайды да солардың арыздары бойынша шешім қабылдайды; қандай да болмасын құжаттарға өз бастығының атынан қол кояды немесе қатардағы полиция өзін аудандық ішкі істер басқармасының (АІІБ) жедел қызметінің қызметкері ретінде таныстырады және азаматтарды тұтқынға алу қаупін төндіріп, өзіне керекті заттарды алады және т.б.

Талданып отырған  құрам өзінің құрылымы бойынша материалдық  құрамға жатқызылатындықтан, осы  құрамның объективтік жағының тағы бір міндетті белгісі болып — кінәлының заңсыз әрекеттері мен орын алған зардаптар арасындағы себептік байланыстың болуы болып табылады. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері елеулі түрде бұзылған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп есептеледі.

Лауазымды тұлғаның өкілетін иемденудің субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қаралып отырған  қылмыс субъектісі лауазымды тұлға  болып табылмайтын мемлекеттік  қызметші болады. Егер осындай әрекеттерді  мемлекеттік қызметші болып табылмайтын  басқа жат тұлғалар жасаған болса, онда олар бұл бап бойынша жауапкершілік атқармайды, бірақ олардың әрекеті істің нақты жағдайына байланысты ҚК-тің басқа баптары бойынша саралануы мүмкін, мысалы: тұрғын-жайдың қол сұғылмаушылығы бұзу, денеге жарақат салу, денеге жарақат беруге мәжбүр ету, қорқытып талап етушілік немесе  алаяқтық және т.б. Осы қылмыс қызметтік өкілетті теріс пайдалану құрамынан мынадай  адамдар бойынша ажыратылады.

 

Кәсіпкерлік кызметке заңсыз қатысу (310-бап)

"Казақ КСР-інде  шаруашылық қызметтің бостандығы  және кәсіпкерлікті дамыту туралы" 1990 жылғы 11 желтоқсаңдағы Қазақ КСР Заңына сәйкес кәсіпкерлік қызмет деп өзара тиімді нәтижелер мен табыс алу мақсатындағы кез келген қызмет түсініледі (1-бап), мұңда кез келген меншік түріндегі кәсіпорын және солар құрған бірлестіктер құрыла алады және жұмыс істей алады. Кәсіпкерлік қызметтің саласында, егер оған заңмен тыйым салынбаған болса, шектеу қойылмайды.

Түсіндіріліп  отырған қылмыстың объективті жағы — субъектінің әрекеті осы  ұйымға жеңілдік және артықшылық берумен  немесе оған басқа нысанда қамқоршы болумен байланысты жағдайда, не лауазымды тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйым құруымен, не осыған қатысты тыйым салынғандығына қарамастан осындай ұйымды басқаруға қатысуымен түйінделеді.

Кінәлы лауазымды  тұлға өзінің атқарып отырған қызметтік өкілеттігінің арқасында оны өз мүддесіне теріс пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құрады, не осындай ұйымға өзі немесе өз адамы арқылы басшылық етуге қатысады. Әрекеттің кайсы нысаны болмасын, кінәлы адамның оған заңмен берілген лауазымдық өкілетті пайдалануы арқылы жасалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметшіге басқа қызметпен, соның ішіңде педагогтік, ғылыми және жеке творчестволық қызметті қоспағанда, кәсіпкерлікпен айналысуға тікелей тыйым салынатындықтан, кінәли адамдардың аталған ирекет кысандары заңсыз болып табылады. Осы қылмыс үшін қылмыстың жауапкершілікті қажетті шарты болып кінәлы адамның іс-әрекетінің ұйымын құру немесе оны басқаруға қатысу (осы кәсіпкерлік ұйымға жеңілдіктер мен артықшылықтар берумен), мысалы, салықтық, сараптамалық, кезектен тыс тіркеу және құжат беру, тауарларды, шикізаттарды немесе өзге де материалдарды кезектен тыс алу, аукциондарға қатысу (немесе өзге де қамқорлықтар жасаумен), тексерулерден, ревизиядан босату, олардың қызметі үшін, қолайлы жағдайлар жасау және т.б.) арадағы тікелей байланыстар болып табылады.


Осы құрамның ауырлататын  түріне — мемлекеттік органдардың  лауазымды адамдарының лицензия беру жөніндегі өкілеттіктерді мемлекеттік емес ұйымдарға, соның ішінде қоғамдық бірлестіктерге беруге әкеп соқтырған әрекеттер жасағаны жатады. (Қылмыстық кодекстің 310-бабының 2-тармағы) яғни лицензия туралы заң шартын бұза отырып мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары лицензияға байланысты өздері жүзеге асыратын өкілдікті мемлекеттік емес, қоғамдық бірлестіктердің жүзеге асыруына жол береді.

Бұл құрам формальдық санатқа жатқызылады, сол себепті 310-бапта көрсетілген әрекеттер  жасалған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп саналады.

Түсіндіріліп  отырған қылмыстың субъективтік жағы тек тікелей қасақаналықпен ғана сипатталады.

Қылмыстың осы  құрамының субъектісі қызмет жағдайы  бойынша Қылмыстық кодекстің 310-бабында (1,2 тармақтарда: көзделген әрекеттерді (лауазымды тұлға туралы түсінікті  ҚК-тің 307-бабына түсіндірмеден қараңыз) жасауға мүмкіндігі   бар лауазымды  тұлғалар болуы мүмкін. 

 

 

2.2.Сыбайлас   жемқорлық  қылмыстарының   жекелеген   құрамдары

Пара  алу  (311 – бап).

Қоғамымызға парақорлық қандай зиян келтіріп отырғаны белгілі. Бұл лауазымды қылмыстардың өте  қауіпті түрі болып табылады. Оның қауіптілігі пайдақорлық ниетпен жасалынатын қылмыстармен араласып, қосылып жасалуында (көбіне ұрлықпен). Парақорлық мемлекеттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне бөгет жайды және олардын беделін кетіруге, өкімет және атқару, органдарының қызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеліп соқтырады.

Парақор көптеген лауазымды тұлғалардың адал екеніне күмән туғызып, масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы мемлекетке, конституциядағы азаматтардың мүдделері мен құқықтарын шектеуге, заңдылық қағидаларының бұрмалануы және Қазақстан Республикасының нарықтық реформаларының дұрыс жүргізілуін тежейді.

Паракорлықтың ұғымы үш қылмыс құрамымен түсіндіріледі. Пара алу (311-бап); пара беру (312-бап); парақорлыққа делдал болу.

Лауазымды адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін акша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сондай-ақ жалпы қамкоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе — ол Заңға сәйкес пара алу деп танылады. Пара алудың объектісі мемлекеттік ақпараттың дұрыс қызметі, беделі болып табылады.

Қылмыстың кажетті  белгілерінің бірі параның заты болып  табылады.

Пара заты болып  табылатындар: ақша, бағалы қағаз, материалдық игіліктер, өтеусіз төлемдер, төленетін қызметті тегін көрсету, қымбат заттар мен техника, антикварлық, жеке коллекциялық заттар және де мүлікке құқық беретін жеңілдіктер (құрылыс жүргізу, қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары, жол жүру билеті, жеңілдік арқылы қарыз алу және т.б.).

Қазіргі кезенде  нарықтық экономика жағдайында парақорлықтың жаңа түрлері туындаған: паралар біріншіден ғимарат; офис, жер алу үшін, қолда жоқ ақша қаражатын нақты ақшаға аудару, пайдалы банктік несие алу үшін алынады. Екіншіден параның өзі жаңа мәнге ие болды. Лауазымды тұлғаға аталған не басқада қызметтері үшін банктен есеп шоттары ашылып, оларды меншікке ие жасап, оларды әр түрлі сылтаулармен шетелге белгілі бір маман, консультант  ретінде  шығуын жол -  жүруін   төлеп және   де   бірталай  көп    ақша   қаражатын СКВ – мен   берілуін   ұйымдастырады.


Пара  ретінде   автомобильдер, ақша,    мал,    кәсіптік  тауарлар, азық – түліктер, бағалы   заттар   және  де  басқадай    материалдық   мәндегі   игіліктер беріледі.

  Тәсіліне  қарап   параны    алу    екі    түрге    бөлінеді  екі    түрге   ашық   және    көмекскі   түрлер.    

а) Ашық пара беруде пара заты лауазым адамның  өзіне  тапсырылады немесе оның  келісімі    бойынша    жақындарына   тапсырылады, пара үшін істелетін іс-әрекеттер  жөнінде келісіледі.

б) Көмескі түрде  пара беруде пара затын беру сырттай  қарағанда заңды сияқты болып көрініп, бүркемелеу жолымен кінәлыға тапсырылады.

Тапсырылу уақытына қарай пара алудың екі түрі болады: оның біріншісі параға сатып алу, яғни лауазым адамының параны мүдделі  жақтың өзіне тиімді іс-әрекеттерді  істегенге дейінгі мерзімде тапсыруы.

Екіншісі пара — сыйлау, мұндай пара лауазым адамына  келісілген іс-әрекеттерді істегеннен кейін "алғыс" ретінде тапсырылады.

Пара үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттің мәніне қарай бұл қылмыс тағы да екі түрге бөлінеді: 1) пара-сыйлық (мздоимство) — пара лауазым адамына заңға сәйкес жүзеге асырған әрекеттері үшін тапсырылады. Мысалы іс-әрекетінде қылмыстың құрамы жоқ адам жөнінде тергеушінің істі қысқартып пара алуы.

2. Пара —  ақы (лихоимство). Лауазым адамына  заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін тапсырылады. Мысалы, көрінеу ұрлық жасаған адамды қылмыстық жауапка тартпау арқылы тергеушінің немесе прокурордың пара алуы.

Объективтік жағынан  алғанда пара алу лауазымды адамның  пара берушінің немесе оның өкілі  болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті арқылы сипатталады. Пара алу кінәлының кызмет жағдайын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс өте лауазымды адамның қызмет бабын пайдалануы арқылы пара алуы мыңадай тұрғыда сипатталған: іс-әрекет лауазымды адамның қызметтік өкіліне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты   осындай іс – әрекетке мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесс қызметі бойынша жол берсе.

Кінәлының пара алуының бірінші нысаны лауазымды адамның қызметтік өкіліне кіретін іс-әрекеттерді жасауы арқылы пара алуы (басшылық жұмысқа аламын немесе жұмыстан шығарамын деп пара алуы; қызметін жоғарылату немесе басқадай көтермелеу жасағаны үшін қол астындағы бағынышты адамнан пара алуы; немесе ревизия, материалдық игіліктерге тексеру жүргізбегені, жетпейтін заттарды тексеру қорытындысында көрсетпегені үшін) пара алуы. Қызметіне байланысты пара алу пара алудың екінші бір нысаны болып табылады. Бұл жерде лауазым адамы өз құзыретіне жатпайтын іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін өзінің беделін, қызметтік байланысын пайдалану арқылы басқа бір лауазым адамына ықпал ету арқылы пара алады.

Мысалы: прокурордың  тергеуші тергеп жатқан іс бойынша  пара алып, өз лауазымын пайдаланып, тергеуді заңсыз қысқарттыруға ыкпал етуі т.б.

Кызмет бабын  пайдаланудың үшінші бір нысаны қамқорлык жасау немесе қызметі бойынша жол беру болып табылады.

Камқорлық жасауға  — тамыр-таныстық бойынша қызметке орналастырып пара алу, негізсіз сыйлықтар  беру, көтермелеулер көрсету немесе өте құнды заттарды босату арқылы пара алулар сияқты әрекеттер жатады.

Қызмет бойынша жол беруге — қол астындағы бағынышты адамдардың заңсыз, қылмысты әрекеттеріне тыйым салмау, жұмысқа мас болып немесе келмей қойғанын елемеу, басқа да заңсыздықтарға жол бергенін көре тұра, жоғарыда көрсетілген адамдардан пара алу арқылы шара қолданбау әрекеттері жатады. Пара лауазымды тұлғаға пара берушінің мүддесі үшін қызметін пайдаланып белгілі бір әрекетті істеуге немесе істемеу үшін беріледі.

Пара берушінің  мүддесіне тек оның жеке мүддесі  емес, сондай-ақ оның қорғап отырған үшінші жақтың — жақын туыс тарының, өзі кызмет істейтін занды ұйымның мүдделері де жатады.


Пара алу  — формальдық қылмыс құрамға жатады. Ол лауазым адамының келісілген параның бір бөлігін алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Егер кінәлы адам өз ырқына байланысты емес себептермен параны ала алмаса, онда оның әрекеті пара алуға оқталғандық деп танылады.

Пара алудың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен, пайда табу мақсатымен сипатталады. Кінәлы адам  қызмет жағдайын пайдалану арқылы іс-әрекет ететінін және соны тілей отырып, пара алып отырғанын сезеді. Пара алуда жанама қасақаналылық пен абайсыздық болу мүмкін емес. Пара алушының қасақаналығы, қызмет жағдайына байланысты пара берушінің мүддесіне байланысты әрекетті істеу немесе істемеу арқылы, заңсыз сыйақы алуымен керінеді. Және де лауазымды тұлғаның ниеті пайда табу мақсатында болады.

Занда пара алудың ауырлататын, аса ауырлататын бірнеше  түрлері көрсетілген.

Информация о работе Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері