Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 11:38, дипломная работа

Краткое описание

Бұл бағыттағы жұмыс Елбасы Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың қатаң бақылауына алынған, ол сыбайлас жемқорлықпен күресті жетілдіруді талап етіп отыр.
Елбасының сыбайлас жетқорлықпен күресінің 2006 – 2010 жылдарға арналған және Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену бағдарламасын ұсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жалпы ұлттық бағдарламаларын дәйекті түрде жүзеге асыру керектігіне баса назар аударды.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
Негізгі бөлім

І – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түсінігі.
1.1.Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіне қарсы қылмыстарының мәселелері жалпы сипаттамасы және белгілері.................................................7
1.2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі.........................................9
1.3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы ...............................11

ІІ – тарау. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері.
2.1. Мемлекеттік қызмет пен басқару мүддесіндегі қылмыс құрамдары...........................16
2.2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жекелеген құрамдары.............28
2.3. Мемлекеттік қымет мүддесіндегі өзгеде қылмыстар..............................37

ІІІ- тарау. Мемлекеттік қызмет мүддесіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын – алу мәселелері
3.1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын – алу шаралары.................43
3.2. Қазақстан Ресубликасында халықаралық сыбайлас жемқорлықтағы ішкі – сыртқы жағдайы........................................................................................44

Қорытынды ........................................................................................................49
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................53

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Мемлекеттік-қызмет-сыбайлас-жемқорлық-қылмыстары.doc

— 307.00 Кб (Скачать документ)

Пара алудың ауырлататын екінші бір түрі —  жауапты мемлекеттік лауазымды  атқарушы адамның пара алуы болып табылады (311-баптың 3-тармағы).

Жауапты мемлекеттік  қызмет атқаратын адамның түсінігі ҚК-тің 307-бабының ескертуінің 2-тармағында берілген.

Пара алудың аса ауырлататын түрлеріне мыналар  жатады:

а) қорқытып алу жолымен;

б) адамдар тобы аддын ала сөз байласып немесе ұйымдастқан топ;

в) ірі мөлшерде жасалса;

г) әлденеше рет жасалса, — (Қылмыстық кодекстің 311-бабының 4-тармағы) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды Соттардың қолдану тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы №9 қаулысына сәйкес лауазымы адамның, пара берушінің мүддесіне залал келтіретін әрекеттер істелетінін айтып қорқыту әрекетін жасап пара талап етуі немесе соңғыны өзінің құқықтық мүдделері енетін зиянды болдырмау мақсатында пара беруге мәжбүр болу жағдайына жеткізу параны қорқытып алу болып табылады.

Егер осы  қылмысты бірлесіп жасауға алдын  ала келіскен екі немесе одан да көп лауазымды адам қатысса, онда параны алдын ала келісім бойынша  бір топ адам алды деп есептеледі.

Осыған орай бұл тұрғыдағы құрам болу үшін мына шарттардың болуы қажет:

  1. пара алу туралы екі немесе одан көп лауазым адамының арасында пара алу туралы келісімнің болуы;
  2. бұл келісімге пара алғанға дейін қол жеткізу;
  3. келісімге келген әрбір лауазым адамы өз қызметін пайдалана отырып пара берушінің мүддесіне белгілі бір іс-әрекеттерді жасайды;
  4. келісімге қатысқан әрбір лауазым адамы параның тиісті бәлігінен өз үлесін алады.

 Заңға сәйкес  бес жүз айлық есептік көрсеткіштен  асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны ірі мөлшердегі пара деп танылады (311-баптың ескертуі). 
 Пара алудың аса ауырлататын түріне — әлденеше рет пара алу жатады. (311-бап 4-тармағының "г" тармақшасы). Әлденеше рет жасалатын қылмыс түсінігі Қылмыстық кодекстің 11- бабында берілген.


Бұл жерде алдын ала уағдаласпай  жүзеге асырылған осы әрекеттер үшін лауазымды адамдар тәртіптік жазаға тартылады, ал ондай уағдаластық бар болған ретте олардың іс-әрекеті қылмыс қатарына жатқызылып, кінәлы 311-баптың тиісті тармақтары бойынша жауапқа тартылады.

Пара  алудың субъектісі — лауазымды адам, оның түсінігі Қылмыстық кодекстің 307-бабында берілген.

Қылмыстық кодекстің 311-бабының 3-тармағы бойынша қылмыс субъектісі жауапты мемлекеттік лауазымды адам (307-бап ескертуінің 2-тармағын қараңыз).

Пара беру (312-бап)

Жаңа Қылмыстық кодексте бұл қылмыстың мазмұны ашып көрсетілмеген. Заңда лауазымды адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру деп қана көрсетілген (312-бап).

Объективтік жағынан пара беру:

1) лауазымды  адамға пара затын немесе мүлік  сипатындағы

2) пара  затын адам тікелей өзі немесе делдал арқылы береді;

3) лауазымды  адам өз қызметін пара берушінің мүддесіне белгілі бір әрекетті істеуге немесе істемеуге пайдалануы арқылы сипатталады.

Пара  беру немесе тапсыру әдістері қылмыстың құрамы үшін маңызды емес. Пара оны алушының тура өзіне немесе оның келісімімен жакын туыстарына берілуі мүмкін. Ол істелінбеген жұмысқа почта арқылы айлық түрінде берілуі мүмкін. Пара берудің жасырылған нысандары бар. Олар заңсыз сыйлық беру, алдын ала ойластырылып пара алушыға картадан елеулі ақша соммасын ұмтылу; пара алушыға бағалы, құнды заттарды өте арзан бағаға    сату және тағы басқалар.

Кейбір кезде пара — пара алушыға тегін қызмет түрінде көрсетіледі. Пара алушыға туристік, санаториялық жолдамалар берілуі, кемеге, поезға  ұшаққа басқада көлік құралдарына  жүруіне  билет  беруін  сот    практикасы пара   беру  деп  қарастырады.

Лауазым, тұлғаға материалдық мазмұндағы емес пайда келтіру қарастырылып отырған қылмыс құрамын құрамайды. Мысалы: онымен жыныстық қатынаста болу; лауазымды тұлғаның сұрауы бойынша, ол туралы мадақтау үндеу тарату немесе оның жұмысы туралы баспасөз бетінде жақсы пікірлер жариялау пара беру ретінде сараланбауы керек. Пара беру формальдық қылмыс құрамы болып табылады. Лауазымды тұлға пара алған кезден бастап, яғни берушінің мүддесі үшін белгілі бір әрекет істелгені не істелмегеніне қарамастан қылмыс аяқталды деп саналады. Субъективтік жағынан пара беру тікелей қасақаналық арқылы істеледі. Яғни кінәлының лауазымды адамға пара затын беруге немесе тапсыруға құқы жоқ екенін және оның мүддесі үшін лауазымды тұлға өз қызмет жағдайын пайдаланып, белгілі бір іс-әрекет жасайтының кінәлы тұлға сезеді және соны тілейді.

Ауырлататын жағдайдың бірінші түріне лауазымды адамға заңсыз іс-әрекет жасағаны үшін пара беру жатады. Оның түсінігіне Қылмыстық кодекстің 311-бабының 2-тармағын талдағанда тоқталып өткенбіз.

Әлденеше рет пара беруге — кінәлының  бір лауазым адамына немесе әр түрлі сондай адамға өз мүддесі үшін әр түрлі іс-әрекеттер істегені немесе істемегені үшін екі немесе одан да көп пара беруін айтамыз.


Кінәлының бір  лауазым адамына немесе бірнеше  лауазым адамына өз мүддесі үшін әртүрлі әрекеттер істегені үшін екіден артық пара беруін әлденеше рет пара беру деп білеміз. Егер келісілген сома пара алушы бөлшектеп берілсе, онда ондай әрекет әлденеше рет пара беру болып табылмайды.

Егер   пара   беруші    алдын   ала   сөз   байласқан   немесе    ұйымдасқан   лауазымды  адамдар  тобына   өз  мүдесіне бір   әрекетті    істеу    үшін   ғана   пара берсе,   мұндай  ретте  де  оның   әрекеті   әлденеше  рет   беруге    жатпайды.

Егер лауазымды  адам тарапынан оған катысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық  іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, пара берген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Адам пара бергені  туралы кылмыстық іс қозғауға қүқығы бар органға ауызша немесе жазбаша, қандай ниетті басшылыкка алғанына қарамастан ерікті түрде хабарласа кылмыстық  жауаптылықпен босатылады.

Параны    қорқытып  алу  орын   алған   жағдайда  және    пара    беруші параны   бергенге дейін  ол   туралы   қорғау  органдарына  хабарласа, иесіне қайтарылуға жатады. Айғақ заттар болып пара ретінде алынған ақша мен басқа құнды заттар мемлекет кірісіне жатқызылады.

Парақорлыққа   делдал болу (313 бап)

Бұл қылмыс үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 313-бабында көрсетілген.

Осы қылмыстың  обьективті жағы парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Парақорлықтың делдалы ретінде кінәлы боп табылу үшін пара берушіден немесе алушыдан сыйақы алғанына қарамастан танылады.

Делдалдық пара беру мен алуды жалғастыратын ерекше түрі — жеке қылмыс құрамына белінген. Бұл пара беру мен алудың келісім немесе нақты әрекеттермен жетістікке жету арқылы, делдал өзінің бастамасымен емес, пара  беруші мен алушының сұрауы немесе тапсырмасы арқылы тікелей пара береді. Делдалдықтың ерекшеліп бұл субъектінің екі қылмыс жасалуына, яғни пара беру мен алуға жәрдемдеседі. Делдал — екі негізгі субъектілердің байланыстырушы бөлігі және өзінің ниетімен емес, пара беруші мен алушының ниеттерімен келісімге жетуге және іске асыруға көмектеседі. Пара алу және пара беру — субъектілерінің екі жағымен де байланысы бар болса, субъектіні парақорлықтың делдалы ретінде қарастыру керек. Пара беруге не алуға басқадай көмектесулер парақорлыққа делдал болып қарастырылмайды.

Парақорлыққа  делдал болу қылмысының құрамы формальды және пара нақты берілген көзден бастап аяқталған қылмыс болып табылады.

Егер де пара алушы пара алудан бас тартса, онда делдалдың әрекеттері парақорлыққа делдал болушылыққа оқталғаңдық  болып (ҚК-тің 24, 312-баптар) танылады. Парақорлыққа делдал болуды парақорлыктың қатысушылығынан, яғни пара беру немесе алуды ұйымдастырушылар, айдап салушылар, көмектесушілерден ажырату керек.

Пара алуды  немесе беруді ұйымдастырған немесе оның жүзеге асырылуына басшылық өткен  адам парақорлықтың ұйымдастырушысы деп аталады. Бұл жерде ұйымдастырушы өзі белсенділік өз әрекетімен параны беруді немесе параны алуды жүзеге асырады. Ал делдал  болса пара алушы мен   берушінің ортасындағы   болған   келісімді ғана   жүзеге    асырады. Пара  беруге    немесе    алуға   басқа  адамды  азғыру немесе    басқа   да    жолымен   осындай   қылмысты   жасауға     парақорлықтың  катысушыларын көндірген адам айдап   салушы деп    танылады.  Парақорлыққа делдал ешкімді де азғырмайды, көндірмейді, ол өзара келіскен екі субъектінің -тапсырмасын орындайды, пара беруші мен алушыны өз еріктермен кездестіреді.


Субъективті жағынан  делдалдық тікелей қасақаналықпен жасалады. Делдал пара берушінің немесе алушының тапсырмаларымен пара бергенін сезеді және соны тілейді. Егер де пара беріп отырғанын сезбесе, онда қылмыс құрамы болмайды.

Делдалдық ниет алуан түрлі болуы мүмкін. Бірақ оның мәні қылмысты саралауына әсер етпейді және сот жаза тағайындағанда міндетті түрде ескеріледі.

Делдалдықты жалған делдалдық жағдайынан ажырату керек. Егер делдал адам пара берушінің паралық нәрсені ұрлап алатынын алдын ала білсе және оны пара алушыға апарып беруге келіссе, онда әрекеттері парақорлыққа делдал болу және ұрлыққа қатысқан деп сараланады.

Параға делдалдықтың субъектісі - 16-ға толған, кез келген есі дұрыс жай немесе лауазымды адамдар.

Қылмыстық кодекстің 313-бабының 2-тармағында парақорлыққа делдал болудың ауырлататын түрі — әлденеше рет немесе ұйымдасқан топ, немесе адам өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасаған да сол әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

Әлденеше   реттік   және    ұйымдасқан   топтың   түсініктері: Қылмыстық  кодекстің   11,34 – бабы  3 тармағында   берілген.

Адам    өзінің   қызмет  жағдайын пайдалана    отырып   жасаған  әрекетке    лауазым   адамның    парақорлыққа    делдал  болуы  жатады. 

 

2.3. Мемлекеттік   қызмет   мүддесіндегі   өзгеде    қылмыстар.

Қызметтік  жалғандық   жасау (314 – бап)

Бұл қылмыстың  мәні  түпнұсқа кұжаттың мазмұнын өзгертуге не жалған  жасанды ресми құжатты түгелдей жасау немесе беру болып табылалы. 

Жаңа Қылмыстық  кодекс бойынша қылмыстың негізіне — ресми құжаттар жатады. Ресми  құжаттар деп мемлекеттік өкімет органдары берген жәке белгілі бір  құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын, заңдық мәні бар белгілі  бір фактілерді, оқиғаларды, өзге де жағдайларды куәландыратын жазбаша актілер түсініледі. Оларға мыналар жатқызылады  еңбек  кітапшасы, оқу орнының дипломы, паспорт, әскери билет, зейнетақы, қызметтік куәлік, көліктің техникалық төлкұжаты, орындау қағаздары, үкімнің көшірмесі, сактандыру полисі, азаматтық хал актілерін тіркеу кітабы. Мемлекеттік өкімет органдарынан шықпаған құжаттар аталған құрамға негіз болып табылмайды.

Қызметтік жалған құжат жасау — белсенді іс-әрекет жасау жолымен ғана істелуі мүмкін. Әрекет тәсілдеріне қарай жалған құжат жасау 2 түрге бөлінеді: материалдық және интеллектуалдық. Материалдық жалған құжат жасаудың мәні — ресми құжаттың шын қалпы құжаттың сол нысанына қол сұғушылық жолымен, бұзумен жасалады (қол қою, көшірмелеу, мөр, штамп және т.б.) немесе оның мәтінін қайта жазу, бұлар қолдан жасаудың материалдық ізін құрайды. Түгелдей жалған құжат жасау кезінде де материалдық жалғандық орын алады, өйткені мұнда құжат мазмұны және нысаны бойынша жалған болып табылады.

Интеллектуалдық жалғандык кезінде құжаттың түпнұсқасы оның мазмұнына қол сүғушылық нәтижесінде бұзылады. Бұл жағдайда кінәлы адам ресми құжатқа формальдық тұрғыдан алғанда жалған екендігінің белгілері болмайтын (құжаттың нысаны емес, мазмұны ғана бұрмаланған) жалған мәліметтер енгізеді.

Материалдық түрге  құжаттың ресми түпнұсқасын қолдан жасау немесе өшіріп жазу жолымен  өзгеріске ұшыраған жағ дайлар ғана жатады. Ресми құжаттарды қолдан жасау мыналардан тұрады толықтай жалған құжат жасау (мысалы төлем чегін  жасау) не құжаттың тұпнұсқасына бұрмалау еңгізу (мысалы, ресми құжаттың мазмұнына қосып жазу сан және әріпті өзгерту, фотосурет, маркіні ауыстырып  жапсыру жолымен, жаңа мәліметтер енумен өзгертіледі) Жалғандықтың бұл түрінің әдістерінің көптігі соншалық олардың толық тізбесін келтіру мүмкін емес. Барлық жағдайларда жалған құжат түпнұсқаны қолдан өзгерту немесе жалған  ресми құжат дайындау немесе беру түрінде болады.


Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексі  бойынша қызметтік жалған құжат жасау егер оны өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып лауазымды адам немесе мемлекеттік қызметші жасаған жағдайда ғана болады. Егер ол қызметтік жағдайды пайдаланбай жасалса не жалған құжат жасау мемлекеттік өкімет органдарынан емес, өзге ұйымдардан, мекемелерден, жеке тұлғалардан (қолхат, шарттар, міндеттемелер және т.б.) шыққан болса, басқа қылмыстар құрамын құрайды.

Информация о работе Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері